БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Конкурс комиссиясы әрбір жарияланған бос лауазым үшін тиісті "Б" корпусының бос немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттіліктерін ескере отырып, он бағыттан аспайтын конкурс сұрақтарының тізімін, сондай-ақ А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 лауазымдары үшін тиісті мемлекеттік органның қызметі саласында эссенің тақырыптар тізімін қалыптастырады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі. Бұл ретте осы Қағидалармен көзделмеген кандидаттарды іріктеудің құралдарын қолдану туралы ақпарат конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.";
41-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және 7-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағиданың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.";
73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам құжаттарды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 3-тармағына сәйкес бекітілген мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген мемлекеттік органның жұмыс уақытында қабылдайды.";
75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"75. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.";
78-тармақ алып тасталсын;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.";
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"80. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының хатшысы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және 7-қосымшаға сәйкес үлгіде оны өткізудің кестесін қалыптастырады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адаммен шешімді қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.";
92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"92. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.";
97-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Талқылау барысы мен конкурстық комиссияның шешімі еркін нысандағы хаттама түрінде қағаз және (немесе) электрондық түрде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.
Шешім электронды түрде әзірленген жағдайда конкурс комиссиясының мүшелері шешімге электронды түрде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.";
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"102. Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) амбулаториялық-емханалық ұйымдарында қолданылатын медициналық есеп құжаттамасының нысандарына сәйкес құжатты тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесі);
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығы) бекітілген "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;
4) № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрықпен бекітілген "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі нысаны бойынша құжат тапсырғанға дейін он күнтізбелік күннен аспайтын уақытта берілген мәлімет;
5) Қағиданың 75-тармағына сәйкес құжаттың электрондық көшірмесін тапсырған жағдайда білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам осы Қағиданың 76-тармағы 3) тармақшасына сәйкес білімі туралы құжаттарға қоса берілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.";
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 103-1 тармақпен толықтырылсын:
"103-1. Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.
Әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібермеуге құқылы.";
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"104. Конкурс комиссиясының әкімшілік актісіне қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей шағым беру немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне шағым беру уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің Қағиданың 103-1 тармағына сәйкес келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін әкімшілік актінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.";
1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілетін қызметті берушісі "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Көрсетілетін қызметті беруші "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымына үміткерлер) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.";
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында келтірілген.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1-қосымшасында келтірілген.
13. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі.
Портал арқылы өтініш берілген кезде, құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы нысанындағы тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады.
Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен кеңесті Көрсетілетін қызметті берушіден ала алады.";
14-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14-1. Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидаларға 5 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы электрондық сертификат (бұдан әрі-сертификат) жолданады.
Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген Сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген Сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде Сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат сол Сертификат жарамды болып табылатын тестілеу бағдарламалары бойынша қайта тестілеуден өтпейді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке кабинетіне портал арқылы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеу өту мәндерінен төмен нәтижелермен тестілеуден өткені туралы анықтама жолданады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қайта тестілеуге жіберуге тестілеу өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн өткен соң жол беріледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер Сертификаттың телнұсқасын оның қолданылу мерзімі ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ала алады.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды портал арқылы "жеке кабинетіне" жолданды.
"Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде қорытындының жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы кандидаттың "жеке кабинетіне" 20 (жиырма) минут ішінде жолданады.";
37-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37-1 Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";
37-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37-2 Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган "Мемлекеттер көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын Орталыққа жібереді.";
7-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";
1-қосымша алып тасталсын;
2-қосымша осы тізбеге 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазыкбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Байқаушыға жадынама
Құрметті байқаушы, Сізді конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін шақырды.
Осыған орай, байқаушының толық жұмысы үшін Сізді осы жадынамамен танысуыңызды сұраймыз.
Жадынама Сіздің қалауыңыз бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Сіздің байқаушы ретінде:
конкурсқа қатысушылардың құжаттарымен танысуға;
конкурсанттармен әңгімелесу кезінде қатысуға;
әңгімелесуді өткізу барысына баға беруге;
конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікіріңізді жазбаша түрде мемлекеттік органның басшылығына немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне және оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынуға мүмкіндігіңіз бар.
Бұл ретте, байқаушы:
кандидаттарға сұрақ қоя алмайды;
конкурсқа қатысушылардың жеке мәліметтерін жария ете алмайды;
әңгімелесуді өткізу рәсіміне араласып, конкурс комиссиясының отырысы барысына кедергі жасай алмайды;
конкурсқа қатысушыларға қандай да бір қолдау көрсете алмайды;
конкурс комиссиясының мүшелері шешім қабылдаған кезде оларға әсер ете алмайды;
нақты конкурсқа қатысушылар туралы, олардың жеке қасиеттері туралы өз пікірін ашық білдіруге болмайды;
техникалық жазба құралдарын қолдана алмайды.
Әңгімелесу барысында конкурс комиссиясының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын сақтауына назар аударыңызды сұраймыз.
Жоғарыда аталған қағидаларға сәйкес:
әңгімелесуге конкурс комиссиясының кемінде үш мүшесі қатысады;
конкурс комиссиясының хатшысы кандидаттарды конкурс комиссиясының құрамымен, байқаушылармен және сарапшылармен таныстыру тиіс;
конкурс комиссиясы конкурсанттарға әңгімелесуден мемлекеттік немесе орыс тілінде өту мүмкіндігін беру тиіс;
әңгімелесу барысында конкурс комиссиясы мүшелерінің кандидаттарға деген әдепсіз немесе құрметсіз тәртібіне жол берілмейді;
әңгімелесу тілектес жағдайында өту тиіс;
әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы бейнежазба көмегімен тіркеледі.
Әңгімелесу кезінде кандидат конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Егер "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары бұзылған жағдайда ол туралы Агенттікке немесе оның аумақтық департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз.
Таныстым:
__________ _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20 __ ж. "___" ___________________
2-қосымша | |
Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы |
Нысан
__________________________ (мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
3-қосымша | |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы ________________________ тел.____________________ эл. мекенжайы __________ |
Өтініш
Мені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекенжайы: ___________
Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.
Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.
20 __ ж. "___" ___________________
4-қосымша | |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-1-қосымша |
"Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | Тестілеу өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік бір күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. |
4 | Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесі |
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық сертификат, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Б" корпусының лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі жөніндегі қорытынды немесе осы Қағидаларға |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері, және оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша тестілеу залдарының жұмыс уақытын 23.00-ге дейін ұзартуға жол беріледі; |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік қызметті алу үшін кандидат портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге кандидаттың ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін кандидаттың абоненттік нөмірі тіркелген қосылған жағдайда порталдың есептік жазбасына бір реттік пароль куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным жолдайды. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздері |
1) кандидаттың соңғы күнтізбелік он бес күн ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар |
Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |
5-қосымша | |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
СЕРТИФИКАТ
________________________________________________ "Б" корпусының (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___"______________ 20 __ ж. өткенін растайды. | |||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады.
Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің:
____________________________________________________________________санаттарына жарамды.
ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______
20 __ ж. "____" _______________
6-қосымша | |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
______________________________________________________ | |||
Тест атауы | Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны | Тестілеуді өту мәні | Дұрыс жауаптардың саны |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады.
ekyzmet.kz сайтында тексеру коды ____
20 __ ж. "____" _______________
7-қосымша | |
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда): | ||
Тестілеу күні мен уақыты: | ||
ЖСН: | ||
№ | Құзыреттің атауы | Қысқашы мінездеме |
1 | Стресске орнықтылық | |
2 | Ынтымақтастық және әрекеттестік | |
3 | Стратегиялық ойлану | |
4 | Қызметті басқару | |
5 | Жеделділік | |
6 | Адалдық | |
7 | Қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану | |
8 | Бастамашылдық | |
9 | Шешім қабылдау | |
10 | Өздігінен даму | |
11 | Көшбасшылық | |
12 | Жауапкершілік | |
13 | Өзгерістерді басқару |
ekyzmet.kz сайтында тексеру коды _______
20 __ ж. "____" _______________