"Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 ақпанда № 31846 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 38) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, сондай-ақ "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жеке нөмірді беру ауыл шаруашылығы жануарларының түріне қарай келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

      1) сырғалау (ірі қара мал, ұсақ мал, түйелер, маралдар, шошқалар және тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын, өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар үшін);

      2) таңба басу (төрт айлық жасқа толғаннан бастап) немесе чип салу (туғаннан бастап жеті күн өткеннен кейін) (жылқылар және тақ тұяқты жануарлар үшін);

      3) татуировка (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін кейіннен сою үшін бордақылауға арналған торайлар үшін);

      4) электрондық бірдейлендіру тәсілі (маралдар үшін).";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сырғалау ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ортасына аспалы сырғалықты көктамырларға тигізбей бекіту жолымен жүзеге асырылады.

      Аспалы сырғаның алдыңғы бөлігі ауыл шаруашылығы жануарының құлағының ішкі жағына бекітіледі.

      Ірі қара және ұсақ мал, түйелер мен шошқалардың оң құлақтарына бір аспалы сырғадан бекітіледі. Осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес ірі қара және ұсақ малды, түйелерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін радиожиілік белгісі бар сырғаны пайдалануға жол беріледі, ол ауыл шаруашылығы жануарының сол құлағына бекітіледі.

      Сырғалар ауыл шаруашылығы жануарынан өмір бойы алынбайды.";

      18-тармақ алынып тасталсын;

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бүлінген немесе жоғалған кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін айқындау мүмкін болмаған жағдайда) жануар иесі басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және дерекқормен салыстырып тексергенге дейін жануарды оқшаулайды.

      Егер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) бірнеше ауыл шаруашылығы жануарларынан жоғалған жағдайда, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін анықтау ветеринариялық паспортта (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, қосымша белгілері) көрсетілетін қосымша деректер бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін белгілеу ауыл шаруашылығы жануарларының иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Осы тармақта көрсетілген себептер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру жануар иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір бере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір беру кезінде дерекқорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себептерін көрсете отырып және осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген шараларды қабылдай отырып, ауыл шаруашылығы жануарының алдыңғы жеке нөміріне байланыстыра отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.

      30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

      Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруа және фермер шаруашылықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті бөлімшесіне (бұдан әрі – ЖАО бөлімшесі) және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) графигіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Осы Қағидалардың 2 және 30-тармақтарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізілмеген жағдайлар анықталған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЖАО бөлімшелерінің, ветеринариялық ұйымның, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өкілдері қатарынан комиссия құрады. Комиссия кемінде үш мүшеден тұрады.

      Комиссия құрылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының шығу тегін, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерін анықтайды, осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерінің анықталғаны туралы акт жасай отырып, осы Қағидалардың 29-тармағында көрсетілген жағдайларды болдырмайды.

      Комиссия ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерінің анықталғаны туралы акт жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерінің анықталғаны туралы актіні ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру және жүргізу үшін ЖАО бөлімшесіне және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жібереді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорға тиісті мәліметтерді енгізе отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүргізіледі;

      2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринария саласындағы уәкілетті органы ведомстосының аумақтық бөлімшесінің басшысына береді.";

      31, 31-1, 31-2, 31-3 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік қызметті ветеринариялық ұйымдар көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім ұсынады.

      "Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 6-1-қосымшада жазылған.

      Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастау туралы мәліметтерді ветеринариялық ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы порталда өтініштің электрондық нысанын толтырады. Көрсетілетін қызметті алушы дерекқорға сұрау салу арқылы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі, жынысы, түсі, аты, бірдейлендіру тәсілі туралы мәліметтерді дерекқордан алады. Сұрау келіп түскеннен кейін дерекқор көрсетілетін қызметті алушының дерекқорында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының тізімін автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушы ауыл шаруашылығы жануарларының қалыптастырылған тізімінен ветеринариялық паспорт алу үшін ауыл шаруашылығы жануар(лар)ын таңдайды. Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің электрондық нысанын толтырғаннан кейін өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қояды және ветеринариялық паспортты алу үшін портал арқылы ветеринариялық ұйымға жібереді.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеде көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, ветеринариялық ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      31-1. Ветеринариялық ұйымның жұмыскері келіп түскен күні өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкерін тағайындайтын ветеринариялық ұйымның басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ветеринариялық ұйымда қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      31-2. Ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері өтінішті тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді, сондай-ақ дерекқордағы ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық емес мәліметтерді көрсете отырып не Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша өтініш ұсынған жағдайда, ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды рәсімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      31-3. Көрсетілетін қызметті алушы толық мәліметтерді көрсете отырып өтініш берген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспортты ресімдейді.

      Ветеринариялық паспортты және ондағы мәліметтерді ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері дерекқорда электрондық түрде қалыптастырады және ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда, ветеринариялық паспорт дерекқордан басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ветеринариялық паспорт немесе ветеринариялық ұйымның уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.

      32. Ауыл шаруашылығы жануарларына ветеринариялық паспорт жеке беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша ветеринариялық паспортты ұсақ мал мен шошқалар тобына (отарына) беруге жол беріледі.

      Ветеринариялық паспорттың нөмірі осы Қағидалардың 3, 4, 5 және 5-1-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөміріне сәйкес келеді.

      Ұсақ мал мен шошқалар тобына (отарына) ветеринариялық паспорт беру кезінде ветеринариялық паспорттың нөмірінде осы Қағидалардың 3 және 5-тармақтарында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті түрінің жеке нөмірінің алғашқы төрт символы және топтағы (отардағы) ауыл шаруашылығы жануарларының саны көрсетіледі. Ветеринариялық паспортқа әрбір ауыл шаруашылығы жануарлары тобының (отарының) жеке нөмірлері енгізіледі.";

      33-тармақ алынып тасталсын;

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Ауыл шаруашылығы жануарлары шығарылған кезде ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарының жаңа иесіне беріледі. Ауыл шаруашылығы жануары межелі пунктке келгеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарының бар жеке нөмірі өзгертілмей, ветеринариялық паспорт ресімделеді.

      Ұсақ мал мен шошқа тобының (отарының) бір бөлігі шығарылған кезде ұсақ мал мен шошқа тобына (отарына) қағаз нысанда ресімделген ветеринариялық паспорт болған жағдайда, жаңа иесіне ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беріледі. Ұсақ мал мен шошқа межелі пунктке келгеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарының бар жеке нөмірі өзгертілмей, ветеринариялық паспорт ресімделеді.

      Тиісті мәліметтер дерекқорға енгізіледі.";

      37-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қағаз нысанда ресімделген ветеринариялық паспорт жоғалған немесе бүлінген кезде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ветеринариялық паспорт беріледі. Қағаз нысанда ресімделген жоғалған, бүлінген ветеринариялық паспорттар ауыл шаруашылығы жануарларының иелері осы Қағидалар 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Берілген ветеринариялық паспортта көрсетілген деректер (мәліметтер) өзгерген кезде көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа ветеринариялық паспорт беріледі.";

      40, 40-1 және 40-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Қажет болған жағдайда ұсақ мал, шошқа тобына (отарына) ресімделген ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық ұйымға не портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Ветеринариялық ұйымның жауапты қызметкері үш жұмыс сағаты ішінде өтінішті қарайды және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірмені не осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды береді.

      40-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      40-2. Ветеринариялық ұйым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Министрлік осы Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" көрсетілетін қызмет берушіге, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ветеринариялық ұйымның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ветеринариялық ұйымның, жергілікті атқарушы орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, ветеринариялық ұйым оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Ветеринариялық ұйым шағымды қарайтын органға шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды жібермейді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 6 және 6-1-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
1-қосымша
  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың литерлік және сандық кодтары

Р/с №

Литерлік код

Штрих-кодқа арналған сандық код

Атауы

1.

KZ

398

Қазақстан Республикасы

2.

С

01

Ақмола облысы

3.

B

02

Алматы облысы

4.

D

03

Ақтөбе облысы

5.

E

04

Атырау облысы

6.

F

05

Шығыс Қазақстан облысы

7.

H

06

Жамбыл облысы

8.

L

07

Батыс Қазақстан облысы

9.

P

08

Қостанай облысы

10.

M

09

Қарағанды облысы

11.

N

10

Қызылорда облысы

12.

R

11

Маңғыстау облысы

13.

S

12

Павлодар облысы

14.

T

13

Солтүстік Қазақстан облысы

15.

Х

14

Түркістан облысы

16.

Q

18

Абай облысы

17.

J

19

Жетісу облысы

18.

U

20

Ұлытау облысы

19.

A

15

Алматы қаласы

20.

Z

16

Астана қаласы

21.

Ү

17

Шымкент қаласы

      Ауыл шаруашылығы жануарларының сандық коды

      1 – ірі қара мал

      2 – ұсақ мал

      3 – шошқалар

      4 – жылқылар

      5 – түйелер

      6 – тақ тұяқты жануарлар

      7 – маралдар.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
2-қосымша
  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Ветеринариялық паспорт Ветеринарный паспорт

  Берді/Выдан _________________________
(облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы құрған
ветеринариялық ұйымның атауы,/
наименование ветеринарной
организации, созданной местным
исполнительным органом области,
города республиканского
значения, столицы)

      Ветеринариялық паспорттың нөмipi/Номер ветеринарного паспорта: ________*

      Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе атауы,

      жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя, отчество

      (при наличии) или наименование владельца сельскохозяйственного животного, индивидуальный

      идентификационный номер или бизнес-идентификационный номер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң мекенжайы/Адрес владельца сельскохозяйственного животного

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарының түрі/Вид сельскохозяйственного животного

      ____________________________________________________________________

      Ветеринариялық паспорт берілген топтағы (отардағы) жануарлар саны (ұсақ мал мен шошқалар

      тобына (отарына) ветеринариялық паспорт берілген кезде)/ Количество животных в группе (отаре),

      на которых выдан ветеринарный паспорт (при выдаче ветеринарного паспорта на группу (отару)

      мелкого рогатого скота и свиней)

      _____________________________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном животном:

Р/с№

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі/Индивидуальный номер сельскохозяйственного животного

Жынысы /Пол

Түci /Масть

Аты /Кличка

Жасы (туған күні) /Возраст (дата рождения)

Бiрдейлендiру әдici/Способ идентификации

Малдың тегi туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)** /Данные о родителях (для племенного животного)**

















      Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ года

      Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ "электрондық үкімет"

      веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством

      мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".



      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном

      документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.

      Ескертпе/ Примечание:

      * Ветеринариялық паспорттың нөмipi ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмiрiне сәйкес

      келедi. Ұсақ малдың, шошқалардың тобына (отарына) ветеринариялық паспорт бергенде

      ветеринариялық паспорттың нөмірінде ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрінің жеке

      нөмірінің алғашқы төрт символы көрсетіледі/Номер ветеринарного паспорта соответствует

      индивидуальному номеру сельскохозяйственного животного. При выдаче ветеринарного паспорта

      на группу (отару) мелкого рогатого скота, свиней в номере ветеринарного паспорта

      указываются первые четыре символа индивидуального номера соответствующего вида

      сельскохозяйственного животного;

      ** асыл тұқымды жануардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенного животного.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
3-қосымша
  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
5-1-қосымша

      Нысан

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерін белгілеу туралы акт

      Мынадай құрамдағы:___________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (комиссия мүшесінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      комиссия ауыл шаруашылығы жануары иесінің не оның өкілінің қатысуымен

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/

      заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептерін

      белгілеу туралы осы актіні жасады.

      Ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің мекенжайы ____________________

      __________________________________________________________________

      Жануар туралы мәліметтер:

      Түрі ______________________________________________________________

      Жынысы __________________________________________________________

      Тұқымы (асыл тұқымды жануар ұшін) _________________________________

      Ата-аналары туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)_______________

      __________________________________________________________________

      Түсі ______________________________________________________________

      Жасы (туған күні) ___________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарларының саны _____________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілмеу себептері,

      мән-жайлары, ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша басқа да мәліметтер

      (бұрын бірдейлендіру жүргізілді ме, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді

      жүргізуге арналған бұйымдардың (құралдардың) жоғалу жағдайларын болдырмау

      мақсатында, бірдейлендірілмеген жануарлардың шығу тегі):

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      1. ___________________________________________________ ______________

      2. ___________________________________________________ ______________

      3. ___________________________________________________ ______________

      (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) (қолы)

      Иесі/Өкілі __________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ) (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
4-қосымша
  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

  Кімге _____________________________
(облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы құрған
ветеринариялық ұйымның атауы)
Кімнен ______________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
( бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру
нөмірі/заңды тұлғаның атауы,
бизнес- сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы ______________________

Өтініш

      _________________________________________________________________________________

      _________________ байланысты ветеринариялық паспорт беруіңізді сұраймын. (ауыл шаруашылығы

      жануарларын бірдейлендіруді жүргізу нәтижелері немесе ветеринариялық паспорттың жоғалғаны

      немесе бүлінгені немесе берілген ветеринариялық паспортта көрсетілген деректердің (мәліметтердің)

      өзгергені бойынша көрсету)

      Ауыл шаруашылығы жануарының түрі _______________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануар(лар)ының жеке нөмір(лер)і ________________________________

      ______________________________________________________________________________________

      Ветеринариялық паспортты беру тәсілі _______________________________________________

      ______________________________________________________________________________________

      (ұсақ жануарлар үшін – жануарға жеке немесе жануарлар тобына (отарына) жеке көрсету)

      Байланыс телефондары ________________ Электрондық мекенжайы (болған жағдайда)

      ______________________________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға,

      өңдеуге келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы

      _______________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні___________________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
5-қосымша
  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
6-1-қосымша

"Ветеринариялық паспорт беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары құрған ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

1) ветеринариялық паспорт бергенде – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме бергенде – 30 (отыз) минут ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ветеринариялық паспорт, ветеринариялық паспорттан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту беру.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жұмыс уақытының кестесіне сәйкес белгілейді; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы ветеринариялық паспорт алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық паспорт алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 701 998, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
6-қосымша
  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

  Кімге______________________________
(облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы құрған
ветеринариялық ұйымның атауы)
кімнен_______________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты( бар болса),
тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі/
заңды тұлғаның атауы, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы_______________________

Өтініш

      20 __ жылғы "____" _______ № _____ ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беруіңізді сұраймын.

      Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі ___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Байланыс телефондары ______________ Электрондық мекенжайы (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын, заңмен

      қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға,

      өңдеуге келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушының немесе оның өкілінің қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы

      __________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Күні___________________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 2 ақпандағы
№ 48 бұйрығына
7-қосымша
  Ауыл шаруашылығы жануарларын
бірдейлендіру қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

  Берді/Выдан _________________________
(облыстың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті
атқарушы органы құрған
ветеринариялық ұйымның атауы /
наименование ветеринарной
организации, созданной местным
исполнительным органом области,
города республиканского
значения, столицы)

Ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме Выписка из ветеринарного паспорта

      20 __ жылғы "____" _______ № _____ / №______ от "__" _____ 20 _ года.

      Ауыл шаруашылығы жануары иесiнiң аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе атауы, жеке сәйкестендіру

      нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі /Фамилия, имя, отчество (при наличии) или

      наименование владельца сельскохозяйственного животного, индивидуальный идентификационный

      номер или бизнес-идентификационный номер ____________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануары иесінің мекенжайы/Адрес владельца сельскохозяйственного животного

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануарының түpi/Вид сельскохозяйственного животного

      ____________________________________________________________________

      Ауыл шаруашылығы жануары туралы деректер/Данные о сельскохозяйственном животном:

Р/с №

Ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі/Индивидуальный номер сельскохозяйственного животного

Жынысы /Пол

Түci /Масть

Аты /Кличка

Жасы (туған күні) /Возраст (дата рождения)

Бiрдейлендiру әдici/Способ идентификации

Малдың тегi туралы деректер (асыл тұқымды жануар үшін)* /Данные о родителях (для племенного животного)*

















      Берiлген күнi 20 __ жылғы __ _______/Дата выдачи __ _____ 20 _ год

      Электрондық құжаттың түпнұсқалығын Сіз egov.kz сайтында, сондай-ақ "электрондық үкімет"

      веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз.

      Проверить подлинность электронного документа Вы можете на egov.kz, а также посредством

      мобильного приложения веб-портала "электронного правительства".



      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном

      документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.

      Ескертпе/ Примечание:

      * асыл тұқымды жануарлардың жеке нөмірі/индивидуальный номер племенных животных.