"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 31770 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларында:

      2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;

      2) аккредиттеу субъектісі – аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің сондай-ақ, балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – қауымдастық);

      3) аңшылық минимумы – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;

      4) уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.

      5) уәкілетті орган ведомствосы – уәкілетті органның мамандандырылған бөлімшесі.

      3. Аккредиттеуді Заңның 33-1-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын растау үшін уәкілетті орган ведомствосы аккредиттеу субъектісіне жүргізеді.

      4. Аккредиттеуді жүргізу рәсімдері:

      1) аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) қауымдастықтардың уәкілетті орган ведомствосына осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі;

      3) аккредиттеу материалдарын қарауы;

      4) аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе оны беруден дәлелді бас тарту.

      5. Аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру аккредиттеу жүргізілгенге дейін он жұмыс күн бұрын уәкілетті орган ведомствосының ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.";

      6-тармақ алынып тасталсын;

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.

      Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады.

      Жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімдерін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 7-қосымшада баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      9-тармақ алынып тасталсын;

      10,11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Уәкілетті орган ведомствосы өтінім түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту жібереді.

      11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік, балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      12. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.

      Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жыл мерзімге беріледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын:

      1) оның қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) қауымдастықтың қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      3) қауымдастық куәліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген;

      4) уәкілетті орган ведомствосы Заңның 33-1-бабында көзделген қызметтің тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады.".

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,

      инновациялар жəне аэроғарыш

      өнеркəсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 23 қаңтардағы
№ 14 Бұйрыққа
1- қосымша
  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мәліметтер нысаны (балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін) Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер

      1) Мекенжайы: ______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2) Атауы ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      3) Заңды тұлғаларға филиалдар және (немесе) өкілдіктердің тіркелуі туралы анықтама

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

Веб-сайт және басқа да ақпараттық порталдардың болуы туралы мәліметтер

      4) Атауы: ___________________________________________________________

      5) Өлшем бірлігі _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6) Саны _____________________________________________________________

      7) Ескертпе _________________________________________________________

Балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіби білімі және кемінде іш жыл жұмыс тәжірибесі бар қызметкердің штаты туралы мәліметтер

      8) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________

      9) Лауазымы ________________________________________________________

      10) Осы ұйымда жұмыс істейді_________________________________________

      (тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)

      11) Жұмыс өтілі______________________________________________________

      (мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)

      12) Оқу орнының атауы_______________________________________________

      13) Оқу жылдары_____________________________________________________

      14) Диплом бойынша біліктілігі_________________________________________

      15) Диплом бойынша мамандығы_______________________________________

Қауымдастық құрамында әуесқой балықшылар мен спорттық балық аулау қоғамдық бірлестіктерінің болуы туралы мәліметтер

      16) Қоғамдық бірлестіктердің атауы_____________________________________

      17) Саны ____________________________________________________________

      18) Мекенжайы _____________________________________________________

Қауымдастықта тіркелген меншік құқығындағы және (немесе) өзге де заңды негіздегі барлық филиалдарда және (немесе) өкілдіктерде қызметтік орынжайлардың бар-жоғы туралы мәліметтер

      19) Мекенжайы _____________________________________________________

      20) Ауданы _________________________________________________________

      21) Құқық белгілейтін құжаттар ________________________________________ ____________________________________________________________________

      Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Өтініш берілген күн 20___ жылғы "__" ___________.

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 23 қаңтардағы
№ 14 Бұйрыққа
2-қосымша
  Аңшылардың және аңшылық
шаруашылығы субъектілерінің
қоғамдық бірлестіктерінің,
сондай-ақ балық аулаушылар
мен балық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктерінің республикалық
қауымдастықтарын аккредиттеу,
оларды аккредиттеуден өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу
2. Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу

1.

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Барлық кіші түрлері бойынша:
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі-Портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік; Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мыналардың:
меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде аңшылық минимум бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлардың;
веб-сайттың;
филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің (бар болса);
жануарлар дүниесін молайту мен пайдалануды қорғау саласындағы арнайы әдебиеттерді, аңшылық минимумы жөніндегі әдістемелік материалдардың, құралдар мен экспонаттардың;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіптік білімі бар тиісті қызметкерлер штатының;
қауымдастық құрамындағы әуесқой аңшылардың қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін мәліметтер нысаның.
балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының аккредиттеуден өтуі кезінде:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) мыналардың: Қазақстан Республикасының барлық облыстарының аумағында филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің;
қауымдастықтың немесе жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпаратты орналастыруға және алуға арналған веб-сайт және басқада ақпараттық порталдардың;
әрбір филиалдың немесе өкілдіктің штатында балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында кәсіби білімі және кемінде іш жыл жұмыс тәжірибесі бар қызметкердің;
қауымдастықтың құрамында әуесқой балық аулаушылар мен спорттық балық аулау қоғамдық бірлестіктерінің болуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін;
қауымдастықта тіркелген меншік құқығындағы және (немесе) өзге де заңды негіздегі барлық филиалдарда және (немесе) өкілдіктерде балық шаруашылығы субъектілерімен және қауымдастық мүшелерімен жұмыс кездесулерін және консультациялар өткізу, сондай-ақ балық шаруашылығы мәселелері бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау үшін қызметтік үй-жайлардың;
тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналын;
3) қайта аккредиттеу рәсімінен өткен жағдайда аккредиттеудің алдындағы кезеңінде "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту туралы" ҚР Заңы 33-1 бабының 3-тармағына бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп ұсынылады.
4) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтердің тиісті нысанын береді.
Заңды тұлғанының мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10.

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген, өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы – www.gov.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігі "деген бөлімде" қызметтер "деген кіші бөлімде:"; Порталда;
2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар;
4) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді болады;
5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілген – www.gov.kz, "Экология және табиғи ресурстар министрлігі" деген бөлімде "қызметтер" деген кіші бөлімде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.