"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 қаңтарда № 31687 болып тіркелді

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есеп нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес "Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. "Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 161 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25924 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
1 қосымша

"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебі

1-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер

Атауы

Жол коды

Есептік кезеңде қылмыстық істері іс жүргізуде болған қылмыстардың саны

Есептік кезеңде
Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстар саны

Есептік кезеңде іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істер бойынша қылмыстардың саны

Есептік кезеңде қылмыстық істері сотқа жіберілген қылмыстардың саны

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 35-бабының 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтары және 36-бабы бойынша қылмыстардың саны қылмыстық істері қысқартылған

ҚПК-нің 35-бабы 1- бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша қылмыстар саны тармақтар бойынша қысқартылған қылмыстық істер

А

Б

1

2

3

4

5

6

Экстремистік және террористік қылмыстар








      кестенің жалғасы:

есептік кезеңде ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстардың саны

Барлығы

1) тармақ

2) тармақ

3) тармақ

4) тармақ

5) тармақ

6) тармақ

7) тармақ

8) тармақ

9) тармақ

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

Экстремистік және террористік қылмыстар










      кестенің жалғасы

есептік кезеңде қылмыстық істері іс жүргізумен аяқталған қылмыстар

Кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен

Адамдар тобы

Қылмыстық топ

Қылмыстық қоғамдастық

Қылмыстық ұйым

17

18

19

20

21

"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТесебі

2-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстарды жасаған адамдар туралы мәліметтер

Атауы

Жол коды

Барлығы

оның ішінде

сотқа жолданды

бұрын жасаған адамдар

кәмелетке толмағандар

әйелдер

Қазақстан
Республикасының азаматтары

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының азаматтары (бұдан әрі-ТМД)

шетел азаматтары

азаматтығы жоқ адамдар

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Экстремистік және террористік қылмыстар











      кестенің жалғасы:

оның ішінде

кәсібінің түрі

Білімі

мемлекеттік функцияларды орындайтын адамдар

жұмыссыз

оқушылар

қатысушылар

студенттер

жеке кәсіпкерлер

дін қызметшілері

әскери қызметкерлер

мәдениет және өнер қызметкерлері

фермерлер

жоғары

орта және арнайы орта

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебі

3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер

А-кестесі. Экстремистік материалдарды алу туралы мәліметтер

Атауы

Жол коды

Экстремистік материалдар тәркіленді

А

Б

1

Материалдардың барлығы

1


олардың ішінде

парақшалар

2


кітаптар

3


басқа тасымалдаушылар

4


"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебі

3-бөлім. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер

Б-кестесі. Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер

Атауы

Жол коды

Қозғалған қылмыстық істер бойынша қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар тәркіленді

А

Б

1

Қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың барлығы

1


олардың ішінде

қару

2


оқ-дәрілер

3


жарылғыш заттар

4


"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебі

4-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер

Атауы

Жол коды

Барлығы

оның ішінде:

кәмелетке толмағандар

әйелдер

Қазақстан Республикасының
азаматтары

ТМД азаматтары

шетел азаматтары

азаматтығы жоқ адамдар

а

б

1

2

3

4

5

6

7

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды (бұдан әрі - ӘҚБтК)

1








Олардың ішінде қолданумен:

айыппұлдар

2








қызметті тоқтата тұру, оған тыйым салу

3








салынған айыппұл сомасы

4








өндіріп алынған айыппұл сомасы

5








ӘҚБтК-нің 149-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды

6








"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебі

5-бөлім. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл салаларда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер

Атауы

жол коды

барлығы

А

Б

1

Заңдылықтың сақталуына тексерулер жүргізілді

1


Заңдылықтың жай-күйі заңдылығының бұзушылықтары анықталды

2


Заңдылықтың сақталуына талдаулар жүргізілді

3


Енгізілген наразылықтар

4


оның ішінде наразылықтар қанағаттандырылды

5


оның ішінде наразылықтар қабылданбады

6


Қаралған ұсыныстар

7


"Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 39 бабы тәртібінде қанағаттандырылды

8


Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 376-бабы тәртібімен енгізілген сот қанағаттандырған арыздардың саны (47 тарау)

9


9-жолдан

экстремистік және террористік деп танылған ұйымдардың саны

10


"Терроризмге қарсы іс – қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ) 21-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны

11


"Экстремизмге қарсы іс – қимыл туралы" Заңның (бұдан әрі – "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ) 8-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны

12


"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 10-4-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны

13


"Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 12-бабы тәртібімен прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны

14


Заң түсіндірмелері берілді

15


Ден қою шаралары бойынша заңсыз актілердің күші жойылды және өзгертілді

16


Тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдардың саны

17


Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны

18


Материалдық жауапкершілікке тартылған адамдардың саны

19


Заңдылықтың сақталуына тексеру және заңдылықтың жай-күйіне талдау нәтижесінде ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі-АЕК) тіркелген фактілердің саны

20


Тергеу аяқталған (заңды күшіне енген сот үкімі не іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды) АЕК-те тіркелген фактілер саны (20-бағаннан)

21


Заңдылықтың сақталуына тексеру және заңдылықтың жай-күйіне талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны

22


Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер саны (заңды күшіне енген немесе іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған сот үкімі) (22-бағаннан)

23


Ақпараттық-профилактикалық (түсіндіру) жұмысы (барлығы):

24


24-жолдан

оның ішінде конференциялар, баспасөз конференциялары, семинарлар, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді

25


оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында (баспасөзде, радио, теледидар, ақпараттық агенттіктерде, веб-сайттарда) жарияланған барлық материалдар)

26


"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебі

6-бөлім. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер

Атауы

Жол коды

өздеріне қатысты сотпен қылмыстық істері тоқтатылған адамдардың саны

медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған есі дұрыс емес адамдардың саны

ақталғандар саны

сотталғандар саны

оның ішінде бас бостандығынан айыруға

бас бостандығын шектеуы

тұтқындау

Қосымша жазалау шарасы: мүлікті тәркілеу

А

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

Экстремистік және террористік қылмыстар










  Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
2 қосымша

"Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы" № 1-ЭТ есебін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы есепті (бұдан әрі - есеп) қалыптастыруды нақтылайды.

      2. Есептің субъектілері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі және прокуратура органдары (бұдан әрі – құқықтық статистика субъектілері) болып табылады.

      3. Есепті қалыптастыру негіздері:

      1) "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) (1, 2, 3, 6-бөлімдері) бекітілген Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – СДТБТ) электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі – нысан);

      2) "Қадағалау" бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде (5-бөлім) "Әлеуметтік-экономикалық саладағы тексерістерді және заңдылықты прокурорлық қадағалау актілерін есепке алу жөніндегі электрондық ақпараттық есепке алу құжаты" № 1 нысанның;

      3) "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) (4-бөлім) бекітілген "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы" 1-ӘЖ және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалу, қаралу барысы және әкімшілік жазаны орындау тәртібі туралы" 1-ӘҚ нысандарындағы ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтері болып табылады.

      4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚР ҚПК) сәйкес прокурордың келісуі немесе бекітуіне жататын процестік шешімдерді есепке алу, прокурор шешімді немесе нысанды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылғаннан кейін жүргізіледі.

      5. Есеп республика бойынша, өңірлер бойынша, әрбір құқықтық статистика субъектісі бойынша жиынтық есептен тұрады.

      6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының бастықтары Комитеттің ақпараттық жүйелеріне келіп түсетін мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Есепті қалыптастыру мерзімдері

      7. Есеп тоқсан сайын үдемелі қорытындымен Комитеттің орталық аппаратында автоматтандырылған режимде қалыптастырылады.

      Нысандарды Комитеттің ақпараттық жүйелеріне соңғы рет есепті кезеңнің соңғы күнінде 00:00 сағатқа дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүктегеннен кейін белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім) есепті есептеу жүргізіледі.

      Белгілі бір уақыт аралығында қалыптастырылған (статистикалық кесім), бекітілген есепке кез-келген түзетулер енгізуге тыйым салынады.

      8. Комитет есепті электрондық форматта құқықтық статистика субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің ресми электрондық мекенжайларына есепті кезеңнен кейінгі айдың 6-күніне орай жібереді.

      Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе (демалыс, мереке), онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің соңғы күні болып есептеледі.

3-тарау. Есептің құрылымы және қалыптастыру тәртібі

      9. Есеп мынадай 6 бөлімнен тұрады:

      1) "Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер" 1-бөлім;

      2) "Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтер" 2-бөлім;

      3) "Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер" 3-бөлім;

      4) "Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер" 4-бөлім;

      5) "Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылда заңдылықты сақтау прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер" 5-бөлім;

      6) "Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер".

1-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер (есептің 1-бөлімі)

      10. Есептің 1-бөлімі есептік кезеңде істері іс жүргізуде болған (сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған, сотқа жолдаумен аяқталған, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері тоқтатылған, үзілген) қылмыстар туралы мәліметтерді қамтиды.

      Жолдарда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар туралы мәліметтер көрсетіледі (бұдан әрі – ҚР ҚК).

      11. 1-бөлімнің 1-бағанында қылмыстық істері есептік кезеңде іс жүргізуде болған қылмыстардың саны көрсетіледі.

      Көрсетілген бағанда сондай-ақ есептік кезеңдегі қылмыстық құқық бұзушылықтар саны көрсетіледі.

      Оларға есептік кезеңде тіркелген қылмыстар, сондай-ақ есептік кезеңде қылмыстық істі сотқа жіберу, мерзімін үзу немесе іс жүргізуді тоқтату (есепке алудан шығарып тоқтатылғандардан басқа) туралы процестік шешім қабылданған немесе жоғарыда аталған шешімдердің бірде біреуі қабылданбаған өткен жылдардағы қылмыстар жатады.

      12. 2-бағанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді кімнің: анықтау органының, тергеушінің, прокурордың бастағанына қарамастан, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде есептік кезеңде тіркелген қылмыстардың саны көрсетіледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бір құқықтық статистика субъектісі бастаған және кейіннен тергеулігі бойынша басқа құқықтық статистика субъектісіне берген жағдайда, 2-бағанда құқық бұзушылық сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған құқықтық статистика субъектісінің есебінде көрсетіледі. Бұл жағдайда, 2-баған көрсеткіштерінің 1-баған көрсеткіштерінен асып кетуіне жол беріледі.

      13. 3-бағанда тіркеу уақытына қарамастан аяқталған қылмыстық істер бойынша (ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен сотқа жіберілген және ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілген не ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтарына және 36-бабына сәйкес тоқтатылған) қылмыстардың саны көрсетіледі.

      4-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 305, 528-баптары тәртібімен және құқық бұзушылықты тіркеу уақытына қарамастан, ҚР ҚПК-нің 518-бабы тәртібімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберілген қылмыстардың саны көрсетіледі.

      14. 5-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12) тармақтары және 36-бабы бойынша тоқтатылған қылмыстар (есепке алудан шығарусыз) көрсетіледі.

      6-бағанда қылмыстық істері ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақтары бойынша тоқтатылған қылмыстардың саны (құқық бұзушылықты есепке алудан шығарумен) көрсетіледі.

      7-бағанда есептік кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстардың жалпы саны көрсетіледі.

      7-бағанның 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-бағандарында ағымдағы есептік кезеңде ашылмағаны ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істері бойынша қылмыстардың саны көрсетіледі (ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1), 2, 3), 5), 6), 7), 8), 9) тармақтары бойынша).

      15. 17-бағанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстар көрсетіледі.

      18-бағанда адамдар тобы жасаған қылмыстар көрсетіледі.

      19-бағанда қылмыстық топ жасаған; 20-бағанда қылмыстық қоғамдастық жасаған; 21-бағанда қылмыстық ұйым жасаған мәліметтер көрсетіледі.

2-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтер (есептің 2-бөлімі)

      16. Есептің 2-бөлімі экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар жасаған адамдар туралы мәліметтерді қамтиды.

      Бөлімнің жолдарында бөлімнің "А" бағанында көрсетілген ҚР ҚК-нің баптары мен тарауларына сәйкес қылмыстар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      17. 1-бағанда экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыс жасаған анықталған адамдардың жалпы саны көрсетіледі.

      1-бағанның 2-бағанында қылмыстық істері сотқа жіберілген адамдардың саны көрсетіледі.

      18. 1-бағанның 3-21-бағандарында қылмыс жасаған адамдардың жекелеген санаттарының саны бөлінеді: бұрын қылмыс жасаған адамдар, әйелдер, Қазақстан Республикасының, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі – ТМД) азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ олардың жас топтары, кәсібі, білімі.

3-параграф. Экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер (есептің 3-бөлімі)

      19. Осы бөлімде қылмыстық істер бойынша экстремистік материалдарды, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Есептің бөлімі "Экстремистік материалдарды алып қою туралы мәліметтер" А және "Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды алып қою туралы мәліметтер" Б -кестелерінен тұрады.

      А-кестесінің жолдарында алынған экстремистік материалдардың атаулары туралы мәліметтер көрсетіледі

      20. 1-бағанда алып қойылған экстремистік материалдардың жалпы саны көрсетіледі.

      Б-кестесінің жолдарында алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың атауы туралы мәліметтер көрсетіледі

      1-бағанда қылмыстық істер бойынша алынған қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың жалпы саны көрсетіледі.

4-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер (есептің 4-бөлімі)

      21. Осы бөлім әкімшілік практика субъектісінің экстремизмге және терроризмге байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды.

      Кестелердің жолдары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтардың тізбесін қамтиды.

      22. 1-бағанда әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың жалпы саны көрсетіледі.

      2-7-бағандарда 1-бағаннан кәмелетке толмағандардың, әйелдердің, Қазақстан Республикасы, ТМД азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың саны көрсетіледі.

5-параграф. Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл салаларда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтер (есептің 5-бөлімі)

      23. Есептің 5-бөлімі экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл салаларда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы мәліметтерді қамтиды.

      24. 1-жолда көрсетілген салаларда заннаманы қолдану бойынша заңдылықтың сақталуына ағымдағы есептік кезеңде прокурор аяқтаған тексерістердің жалпы саны көрсетіледі.

      Заңдылықтың сақталуына тексерісті көрсетудің қажетті шарты оның нәтижелері туралы анықтаманың не осы тексерістің қорытындылары бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актісінің болуы болып табылады.

      25. 2-жолда анықталған заңдылықтың бұзушылықтарының саны көрсетіледі, көрсеткіштерді есепке алу үшін заңдылықтың сақталуына тексеріс нәтижелері туралы анықтамалар негіз болады.

      26. 3-жолда ағымдағы есептік кезеңде прокурор аяқтаған көрсетілген салаларда заннаманы қолдану бойынша заңдылықтың сақталуына талдаулардың жалпы саны көрсетіледі.

      27. 4-жолда енгізілген наразылықтардың саны көрсетіледі.

      28. 5-жолда прокурордың заңсыз актінің күшін жою не оны Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз іс-әрекетін тоқтату және бұзылған құқықты қалпына келтіру туралы талаптарының орындалуы туралы жазбаша хабарлама негізінде ескерілетін қанағаттандырылған наразылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі.

      29. 6-жолда қабылданбаған наразылықтар туралы мәліметтер көрсетіледі

      30. 7-жолда бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдай отырып, есепті кезеңде қаралған ұсынымдардың саны (оларды енгізу уақытына қарамастан) ескеріледі.

      Прокурордың ұсынымдарын қарау нәтижелері және заңдылықты бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы лауазымды адамдардың немесе органдардың жазбаша хабарламалары осы бағанда есепке алу үшін негіз болып табылады.

      31. 8-жолда "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 39 бабы тәртібінде қанағаттандырылған өтініштер саны ескеріледі.

      32. 9-жолда сот қанағаттандырған арыздардың саны көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 376-бабы тәртібінде прокурормен енгізілген, оның ішінде келесі жолдарда: 10 жолда - экстремистік және террористік деп танылған ұйымдардың саны; 11 жолда – "Терроризмге қарсы іс- қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырған арыздарының саны; 12 жолда – "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 8-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны (бұдан әрі – "Экстремизмге қарсы іс- қимыл туралы" ҚРЗ); 13 жолда – "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 10-4-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны; 14 жолда – "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ 12-бабы тәртібімен енгізілген прокурордың қанағаттандырылған арыздарының саны ескерілген.

      33. 15-жолда "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 41-бабының тәртібімен берілген және прокурорлар органға немесе лауазымды адамға не азаматқа жіберген заңға жол бермеу туралы түсіндірмелері ескеріледі. 16-жолда прокуратураның құқықтық актілерінің негізінде жойылған және өзгертілген заңсыз актілердің жалпы саны көрсетіледі.

      34. 17, 18 және 19-жолдарда прокуратураның қаулылары мен ұсыныстары бойынша тәртіптік, әкімшілік және материалдық жауаптылыққа тартылған адамдардың саны көрсетіледі.

      35. 20-жолда заңдылықтың сақталуына тексеру және заңдылықтың жай-күйіне талдау нәтижесінде ақпаратты есепке алу кітабында (бұдан әрі – АЕК) тіркелген фактілер саны, оның ішінде 21-жолда көрсетілетін тергеу аяқталған (заңды күшіне енген сот үкімі не іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылды) АЕК-те тіркелген фактілер саны көрсетіледі.

      36. 22-жолда заңдылықтың сақталуына тексеру және заңдылықтың жай-күйіне талдау нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны, оның ішінде 22-жолда аяқталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің саны (заңды күшіне енген немесе іс ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған сот үкімі) көрсетіледі.

      37. 24, 25, 26-тармақтарда ақпараттық-профилактикалық (түсіндіру) жұмыс туралы мәліметтер көрсетіледі.

6-параграф. Экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдар туралы мәліметтер (есептің 6-бөлімі)

      38. 6-бөлім соттар оларға қатысты сот актілерін шығарған адамдар туралы ҚР ҚК-нің баптары көрсетілген жолдардан және көрсететін бағандардан тұрады:

      қылмыстық істері (қылмыстық қудалауы) тоқтатылған, оның ішінде есі кіресілі-шығасылы адамдар саны бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдар саны (1 және 2-бағандар);

      ақталғандардың (3-баған) және сотталғандардың (5-баған) саны;

      қылмыстық жазалау шаралары: бас бостандығынан айыру мерзімдері (6, 7, 8-бағандар) және қосымша жазалау шарасы (мүлікті тәркілеу) 8-бағанда көрсетіледі.