"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31546 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 4-3/270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Емтихан пункттері "ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі" мамандығы бойынша теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы жүзеге асырады. Оқыту қорытындылары бойынша емтихан пункттері теориялық және практикалық емтихандар (қорытынды аттестаттау) қабылдайды, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беріледі.

      Барлық санаттағы машиналарды басқару құқығына емтиханды өтініш берілген күні емтихан пункттерінде емтихан комиссиялары қабылдайды.

      Емтихан "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын және оқу бағдарламаларында көзделген машиналарды пайдалану қауіпсіздігі туралы білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі.

      Емтихан тапсыруға рұқсат беру және куәлік беру азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша, ал ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтарына келген жері бойынша жүзеге асырылады.

      Емтихан қабылдау тестілеу арқылы жүргізіледі және он сұрақтан тұрады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін тракторшы-машиниске кандидатқа 30 (отыз) минут беріледі.

      Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең төмен техникалық талаптар осы Қағидаларға 1-1-қосымшада көрсетілген.

      Кем дегенде сегіз сұраққа дұрыс жауап берілген кезде "Тапсырды" деген қорытынды баға қойылады, ал қарсы жағдайда "Тапсырмады" деген баға қойылады.

      "Тапсырмады" деген теріс баға алған жағдайда, қайта емтихан қабылдау алдыңғы емтиханды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кейін жүзеге асырылады.

      Емтихан тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан парағына жазылады.

      Емтихан тапсырған адамдарға емтихан парағының негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде куәлік беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Б" және (немесе) "Д" санаттары "А", "В" және "Г" бағандарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие (көрсетілетін қызметті алушының тиісті машиналардағы жалпы жұмыс өтілі кемінде алты ай) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені көрсетілетін қызметті алушының жұмыс өтілін растайтын құжат болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын және механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті алушы толық құжаттар топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қабылдаған күні жауапты орындаушыны айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін;

      3) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі бойынша оның негізінде көрсетілетін қызметті алушыны көлік құралын басқарудың арнайы құқығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген шешімі туралы мәліметтерді тексереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініштегі мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинистің куәлігін беру кітабына тіркеу жазуын енгізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін – "А", "С", "Г", "В" және "Д" санаттарындағы тракторшы-машинист куәліктерін "қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі" жазбасы бар тракторшы-машинист куәліктерін немесе тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты рәсімдейді.

      Куәліктің телнұсқасын беру үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау кезінде куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабындағы жазба негізінде көрсетілетін қызметті алушының жүгінген жері бойынша куәліктің берілгені туралы мәліметтер болмаған және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша куәліктің телнұсқасы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      Куәлік көрсетілетін қызметті алушыларға жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде, тракторшы-машинист куәліктерін беру кітабында олардың жеке қолы қойылып беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тракторшы-машинист куәлігінің дайын екендігі туралы хабарламаны не көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 615-бабы 9-тармақшасына сәйкес белгіленген мемлекеттік бажды бюджетке төлейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі ‒ Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Министрлік осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      25-тармақ алып тасталсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Куәлікті ауыстыру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі;

      2) пайдалануға жарамсыз болуы;

      3) 10 (он) жыл қолданылу мерзімінің өтуі;

      4) көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша.

      Куәлікті ауыстыру Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізіледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгісі бар жаңа куәлік:

      1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жүгінген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда, куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттары тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазуды нақтылауды куәлікті берген көрсетілетін қызметті берушіге тиісті сұраным жіберу арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.";

      32-тармақ алып тасталсын;

      40, 41, 42, және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-қимыл жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) шағымды жібермейді.

      41. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      42. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      43. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық эконмика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 453 бұйрығына
1-қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналарын, сондай-
ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жүргізу
құқығына емтихандар қабылдау
және куәліктер беру
қағидаларына
1-1-қосымша

Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру бойынша қойылатын ең аз техникалық талаптар

      1. Тестілеу электрондық форматта өткізілген кезде тест тапсырушылар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну не жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы сәйкестендіруден өтеді.

      2. Тестілеуге кіргізу кезінде қолмен іздейтін немесе рама типіндегі металл іздеуші қолданылады. Тестілеуге кіргізу кезінде металл іздеушіні қолдану тестілеу өткізу кезінде тест тапсырушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото-, аудио- және бейне аппараттарды, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтайтын және беретін өзге де құралдарды алып кіруіне жол бермеу аясында жүзеге асырылады. Мұндай құрылғылар тестілеу өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.

      3. Тестілеуді бастау үшін тест тапсырушы биометриялық сәйкестендіру (Digital ID) арқылы жеке басын растауы керек. Бетті экран аймағының ортасына қойып, экранда көрсетілген нұсқауларды орындау қажет.

      4. Тест өтетін залдар жұмыс станцияларымен (Intel Core i3 төмен болмайтын процессор, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайлардың ауасын баптағыш жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталуы тиіс.

      5. Әрбір жұмыс станциясы бейнежазба жүргізу, кандидатты суретке түсіру және фотосуретін электрондық сертификаттарға орналастыру үшін веб-камералармен жабдықталуы тиіс.

      6. Тестілеу залдары цифрлық бейне-аудио бақылаудың заманауи жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      7. Әрбір тестілеу залында басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылуы тиіс.

      8. Әрбір тестілеу залы ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етіле отырып, басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталуы тиіс.

      9. Тестілеу залы ұялы байланысты өшіру құралымен, сондай-ақ тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін техникалық жазба құралдарымен жарақталады.

      10. Тестілеу жүргізу кезінде тестілеу залдарының және бейнебақылау алаңына байланысты рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде мобильді және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын өшіретін құрылғылар пайдаланылады.

      11. Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін тестілеу залдары жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      12. Әрбір отыратын орын кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейнежазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.

      13. Тестілеу залдарында әрбір отыратын орын екі жеке камерамен жарақтандырылады. Бірінші камера тестілеу процесін жазады және таратады, сондай-ақ прокторинг жүйесі үшін қолданылады. Екінші камера тестілеу алдында, тестілеу кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін тест тапсырушының биометриясын қолдана отырып сәйкестендіруді қамтамасыз етуге арналады.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 453 бұйрығына
2-қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналарын, сондай-
ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жүргізу
құқығына емтихандар қабылдау
және куәліктер беру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

___________________________емтихан пунктінің № ___________

Емтихан парағы

      Машиналардың санаты ________________

      Тегі_______________

      Аты_______________

      Әкесінің аты (бар болса)________________

      Туған күні____________

      Теориялық емтихан

Күні_________

Сұрақтардың нөмірлері

Дұрыс/дұрыс емес жауаптар саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Жауаптардың нөмірі











  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 453 бұйрығына
3-қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналарын, сондай-
ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жүргізу
құқығына емтихандар қабылдау
және куәліктер беру
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру".
1. "А", "В", "Г", "Б" және "Д" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін алу.
2. "Қаршаналарды, квадроциклдерді жүргізуге рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу.
3. Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру.
4. Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.
Тракторшы-машинист куәлігін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде – жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні.
Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгімен жаңа куәлік:
1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
2) куәлік берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда – құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

"А", "В", "Г", "Б" және "Д" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін, "қаршаналарды, квадроциклдарды басқаруға рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін, тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы бюджетке мемлекеттік баж төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 615-бабы 9) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Салық кодексі):
тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма қол емес нысанда төленеді.

7

Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) "А", "В" және "Г" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСM-175/2020 бұйрығы) бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
"ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі; Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
2) "Б" және "Д" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
"ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;
Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек жолын растайтын құжат;
3) "қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
нысан бойынша өтінім;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
"А" және "В" немесе "Б" және "В" санаттары рұқсат етілген бар тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе рұқсат етілген "А" немесе "А1" немесе "В1" санаттары бар жүргізуші куәлігі;
Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
4) тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру үшін:
нысан бойынша өтінім;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
тракторшы-машинистің ескі куәлігі;
5) тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу үшін:
нысан бойынша өтініш;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны;
Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет;
порталға жүгінген кезде:
1) "А", "В" және "Г" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін:
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у электрондық нысаны;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
"ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның электрондық көшірмесі;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады).
"Б", "Д" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін қосымша:
"А", "В" немесе "Г" санаттарында рұқсат белгілері бар тракторшы-машинист куәлігінің электрондық көшірмесі және Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады;
2) ескі үлгідегі тракторшы-машинист куәлігін жаңа куәлікке ауыстырған кезде:
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у электрондық нысаны;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады);
тракторшы-машинистің ескі куәлігі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады).
3) тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алған кезде:
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у электрондық нысаны;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады);
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттік баждың төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген кезде), бұрын берілген тракторшы-машинист куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 4-3/270 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11711 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде веб-порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында;
2) порталда;
3) тиісті қызмет берушінің интернет-ресурсында орналасқан.
Үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерді алу шарттары:
Порталдағы "жеке кабинеттен", сондай-ақ субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді жіберу немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған, мәліметтері сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, үшінші тұлғалардың электрондық сұранымы.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 453 бұйрығына
4-қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналарын, сондай-
ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жүргізу
құқығына емтихандар қабылдау
және куәліктер беру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

_________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің атауы мен мекенжайын көрсету)

      көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту үшін негіз: _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап әрбір

      тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Алдым

      ____________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20___ жылғы "___"_______