БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 762 Бұйрыққа қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 71 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10401 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша жобаны техникалық, авторлық қадағалауды және басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген) "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларына сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерде тіркеледі және атқарушылық құжаттаманы жүргізеді.".
2. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған ақпараттық жүйелер (бұдан әрі – АЖ) – құрылыс құжаттамасын жүргізуге және салынып жатқан объектілерді электрондық нысанда бақылауға байланысты операцияларды автоматтандыруға арналған порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе;
2) жоба – жеке және заңды тұлғалардың түпкі ойының мәнін және оны практикада іске асыру мүмкіндігін ашып көрсететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы (сызбалар, графикалық және мәтіндік материалдар, инженерлік және сметалық есеп-қисаптар), оның ішінде құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамасы нысанында ұсынған, адамның мекендеуі мен тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі түпкі ойы;
3) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы – жобалауға арналған тапсырмаға және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес орындалған сәулет, көлемдік-жоспарлау, функционалдық, конструктивтік, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, энергия үнемдеу, экономикалық және өзге де шешімдердің, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізу, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру үшін сметалық есептердің жиынтығы;
4) жобаны басқару – берілген бюджет және мерзім шеңберінде инвестициялық жобаның мақсатына қол жеткізу үшін тапсырыс берушімен не инвестормен жасалған шартқа сәйкес объектілердің жобалануын, салынуын және пайдалануға берілуін ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, бақылау бойынша қызмет;
5) инвестор – өзiнiң, заемдық немесе тартылған қаражатын инвестициялар нысанында салуды жүзеге асыратын мемлекет, заңды немесе жеке тұлға;
6) мердігер – қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс саласында тапсырыс берушімен немесе жобаны басқару бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді (бұдан әрі – жобаны басқару бойынша инжинирингтік қызметтер) жүзеге асыратын тұлғамен жасалатын мердігерлік шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс саласында мердігерлік жұмыстарды орындайтын жеке немесе заңды тұлға;
7) тапсырыс беруші – өзінің немесе мемлекеттің мұқтажы үшін не коммерциялық мақсатта кәсіпорын, ғимарат, құрылыс салу бойынша жобаны іске асыруға инвестор (не өзі инвестор болып табылатын) уәкілеттік берген жеке немесе заңды тұлға.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығымен бекітілген "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерде техникалық және авторлық қадағалаулардың, сондай-ақ мердігердің (мердігерлердің) атқарушылық құжаттаманы электрондық нысанда жүргізуін және толтырылуын қамтамасыз етеді;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қағидаларға сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде мердігерден (бас мердігерден) объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығы туралы жазбаша хабарлама және қағаз жеткізгіште және (немесе) АЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық құжаттама жиынтығын алған тапсырыс беруші Заңның 11-тарауына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдауды жүзеге асырады:
1) объектінің дайындығын кешенді тексеруді ұйымдастырады;
2) сынақтан өткізу және қабылдау кезінде объектінің пайдалану режимін анықтайды;
3) қажет болған жағдайда объектіде іске қосу-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етеді;
4) мердігерден, техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардан қол қойылған, "Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15150 болып тіркелген) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындыны, орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындыны және сәйкестік туралы декларацияны сұратады;
5) сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды негізінде Қағидаларға сәйкес мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру кезінде мердігермен, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдармен бірге қағаз жеткізгіште және (немесе) АЖ-да электрондық нысанда орындалған атқарушылық техникалық құжаттаманы болуы және жинақтылығы (оның ішінде инженерлік-геодезиялық іздестірулер (атқарушылық түсірілім)) мәніне тексереді, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша объектіні тексереді және пайдалануға қабылдайды.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар негізінде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.
Салынған объектiнi пайдалануға қабылдауды Заңның 74-бабында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанында көзделген жағдайларда меншiк иесi (тапсырыс беруші, инвестор, құрылыс салушы) өздігінен жүргiзедi.
6) бекiтiлген жобалық шешiмдердi және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтердi бұзушылықтар анықталған жағдайда, сондай-ақ терiс қорытындылар болған кезде тапсырыс берушi объектiнi мердiгер (бас мердiгер) бұзушылықтарды жойғаннан кейiн пайдалануға қабылдайды.
Объектiнiң пайдалануға жарамсыздығы немесе құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасыз орындалғаны туралы авторлық және (немесе) техникалық қадағалау қорытындысын алған кезде тапсырыс беруші тиісті мемлекеттік органдарға бұзушылықтарға жол берген құрылысқа қатысушыларды жауапқа тарту үшін жүгінеді, сондай-ақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды;
7) объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекітеді.
Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.
Объектіні пайдалануға берген күннен бастап объектіні күтіп-ұстауға байланысты шығыстарды тапсырыс беруші көтереді;
8) объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін бір күн ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" акционерлік қоғамына объектінің техникалық сипаттамаларын және осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.".
3. "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталды және ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 465 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21224 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталды және ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
"1) ақпараттық жүйе операторы (бұдан әрі – АЖ операторы) – "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін порталмен интеграцияланған "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйені жүргізуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе құрылыс құжаттамасын жүргізуге және салынып жатқан объектілерді электрондық нысанда бақылауға байланысты операцияларды автоматтандыруға арналған;
3) "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал (бұдан әрі – Портал) – құрылыс қызметі процесінде туындайтын ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған ақпараттық жүйе;
4) жеке кабинет – "бір терезе" қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталдың және (немесе) ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі, ол "бір терезе" және (немесе) ақпараттық жүйе қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыруға арналған порталды пайдаланушыға ақпаратты жүктеуге, құрылыстың жай-күйі мен статистикалық ақпараты туралы деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді;
5) Портал операторы – порталды жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) Порталды пайдаланушы (бұдан әрі – Пайдаланушы) – Порталда тіркелген, оның ресурстары мен компоненттерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
7) электрондық құжат – ақпарат электрондық–цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭҚА) арқылы куәландырылған құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Порталға жүктелген және (немесе) толтырылған электрондық құжаттар және (немесе) құжаттардың электрондық көшірмелері осы құжатты куәландыруға өкілеттігі бар тұлғаның ЭҚА-сымен куәландырылуға жатады.";
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Құрылысты жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат, оның ішінде Порталға немесе оның Пайдаланушылары АЖ ұсынған тиісті электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелері объектіні пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде сақталады.
14. Жеке немесе заңды тұлға әзірлеген АЖ Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Порталдың техникалық талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Ақпараттық жүйелерді Порталмен интеграциялау үшін Портал операторымен келісім жасасу қажет.
АЖ операторы Порталды пайдалану тәртібі туралы келісімдердің талаптарына сәйкес Порталмен интеграциялауға техникалық қолдау бойынша көрсетілетін қызметтер үшін Портал операторына ақы төлейді.".