БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында:
5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
11 және 12-тармақтар алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Пошта жөнелтілімдерінде, ілеспе бланкілерде және пошталық ақша аударымы бланкілерінің нысандарында жөнелтуші мен адресаттың мекенжайын көрсетуді жөнелтуші мен алушының Қазақстан Республикасының елді мекендерінің мекенжайы болып табылатын мекенжайын көрсету арқылы жөнелтуші жүзеге асырады.
Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жөнелтуші Қазақстан Республикасының елді мекенінің мекенжайы болып табылатын жөнелтушінің мекенжайы көрсетіледі, ал алушының мекенжайы жөнелтушіге белгілі межелі елдің елді мекенінің мекенжайы көрсетіледі.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Тіркелмейтін халықаралық бандерольдерде мүгедектігі бойынша растайтын құжаттарды ұсына отырып, мүгедектігі бар адамдардың (ресми түрде соқыр немесе көру қабілеті нашар деп танылған) атынан заңды өкілдер немесе сенім білдірілген өкілдер (сенімхат негізінде), сондай-ақ заңды тұлғалар жөнелтетін мүгедектігі бар адамдарға (ресми түрде соқыр немесе көру қабілеті нашар деп танылған) жөнелтілімдер (секограммалар) өтеусіз негізде жіберіледі, мүгедектігі бар адамдарға ресми қызмет көрсету немесе олардың мүдделерін білдіру құқығы берілген (ресми түрде соқыр немесе нашар көретін деп танылған) заңды тұлғаға қатысты растайтын құжаттарды ұсына отырып, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетушілер немесе өкілдік етушілер (ресми түрде соқыр немесе нашар көретін деп танылған).";
59 және 60-тармақтар алып тасталсын;
84 және 85-тармақтар алып тасталсын;
88 және 89-тармақтар алып тасталсын;
94-тармақ алып тасталсын;
103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері, пошталық ақша аударымдары адресатқа, оның заңды өкіліне және сенім білдірген адамына, адресаттың немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын мына құжаттардың бірін көрсеткенде ғана беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) шетелдік паспорт;
6) туу туралы куәлік.
Жеке басын куәландыратын құжатты пошта операторының қызметтерін пайдаланушы қағаз жеткізгіште не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық түрде ұсынады.
Сенім білдірілген адам тиісті өкілеттіктерді растау үшін пошта операторына сенімхаттың түпнұсқасын және (немесе) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-1-бабына сәйкес электрондық нысанда қосымша көрсетеді.
Пошта операторының қызметтерін пайдаланушы пошта жөнелтілімін алу кезінде ұсынған құжаттың деректерін көрсетеді.
Пошталық ақша аударымдары Бланк толтырыла отырып беріледі.";
170-тармақ алып тасталсын;
181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"181. "Үкіметтік" - "Правительственное" қосымша жазбасы (белгісі) бар пошта жөнелтілімдері Қазақстан Республикасының мына лауазымды тұлғаларынан қабылданады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы және төрағасының орынбасары;
4) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы және төрағасының орынбасары;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;
6) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы және төрағасының орынбасары;
8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы және төрағасының орынбасары;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы;
10) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;
11) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары;
12) Қазақстан Республикасы Бас прокуроры және Бас прокурорының орынбасары;
13) Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші органдардың басшылары;
14) Қазақстан Республикасының министрлері, орталық атқарушы органдардың ведомство басшылары;
15) Қазақстан Республикасы Парламенті Комитеттерінің төрағалары;
16) Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Қазақстан Республикасы облыстарының әкімдері.
"Үкіметтік" - "Правительственное" разрядындағы пошта жөнелтілімдері бірінші кезекте өңделеді және жеткізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі