"Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 желтоқсанда № 31174 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Музей қорын қалыптастыру";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларымен және басқа да мемлекеттермен берілген материалдарды және олжаларды қабылдау.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.";

      3-тараудың тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Музей қорын ұстау";

      11-тармақ орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
Н. Дауешов