"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21102 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы |
К. Акатов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 164 бұйрығымен бекітілген |
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұсынатын заңды тұлғалардың білім беру қызметімен айналысуына лицензияны беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) кадрлар даярлау бағыттары және оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтінішті және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құрылымдық бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:
жауапты қызметкер 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11716 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) бекітілген оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушыға бару мүмкіндігімен сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қарауына ұсынады.
Комиссия туралы ереже мен құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптамалық қорытынды түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссия шешімі шығарылған күннен бастап жауапты қызметкер екі жұмыс күні ішінде электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және оған бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжайы көрсетілген жағдайда);
3) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
4) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған;
6) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 3-1-тармағының төртінші бөлігінде белгіленген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттардың қайта ресімдеу талаптары мен негіздеріне сәйкестігін қарайды.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерге, электрондық үкiметтiң ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сонымен қатар бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру". | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру; |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру – электрондық үкіметтің www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы; |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған): |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу не осы Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
10. | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымша Нысан |
Педагог және оқытушы кадрлармен, жасақталуы туралы мәліметтер ___________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін–тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер (ұйымның, өндірістің атауы, оқу, тағылымдама кезеңі), маман сертификаты | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы, лауазымы, еңбек өтілі) | Қосымша жұмыс орны (қоса атқару) | Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет | Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер | Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы) | "Магистр" дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
"Философия докторы (РhD)"немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Философия докторы (РhD)"немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)"немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы,берілген жылы | "Қауымдастырылған профессор (доцент)"немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы | Тану/ нострификациялау туралы куәліктің болуы туралы мәлімет | Оқытатын пәні |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Оқу, көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер __________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі | Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы) | Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) | Оқу-әдістемелік, көркем, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) | Саны кемінде 1 дана |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: |
Білім беру ұйымының басшысы ________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер ______________________________________________________________ (білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 |
* Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
Білім беру ұйымының басшысы _______________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 4-қосымша |
|
Нысан |
Санитариялық қағидалар сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер ____________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтану объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар сәйкестігі туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтану объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 5-қосымша |
|
Нысан |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер _____________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет | Үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәріс аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, зертханалар, нақты біліктілік, мамандықтар бойынша шеберханалар, акт және дене шынықтыру залдары), әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мақсаттағы (өткізу пункттері, санитарлық тораптар (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар үшін жағдайлардың болуы, тұру үшін жағдайлардың болуы). | Жалпы алаңы (м2)* |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
*Ескертпе*: жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары лицензия алған немесе олардың қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде оқу үй-жайларының ауданы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, жоғары оқу орындарының түрлері бойынша білім алушылардың ең аз контингентіне белгіленген нормаларға сүйене отырып айқындалады.
*Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың |
|
Тізбесіне 6-қосымша |
|
Нысан |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер | |||||||||
Атауы мен ауданы көрсетілген аудиториялар, пән кабинеттері* | Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары* | Атауы көрсетілген оқу зертханалары (м2), виртуалды зертханалары, толықтырылған шындық, интерактивті тренажерлары) | Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі | Мәжіліс залы, спорт залы (м2), кітапхана | Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, бейнекамералар | Онлайн-оқыту бойынша жарақтандырудың болуы туралы мәліметтер |
Симуляциялық кабинеттер (орталықтар) медициналық бағыты бойынша кадрлар даярлау үшін. |
Контингент туралы өзекті деректер базасымен білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, ЖЖОКББҰ басқару жүйесін ҰБДҚ базасымен интеграциялау туралы мәліметтер аймақтағы үшінші деңгейлі домендік атау edu.kz. | Онлайн-оқыту бойынша негізгі мәліметтер | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 7-қосымша |
|
Нысан |
Тиісті оқу жылына арналған бір білім алушыға кететін ең төменгі шығындарға сәйкестік туралы мәліметтер * ___________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Атауы | Шығындар сомасы * | |
4 айға | 8 айға | |
1 | 2 | 3 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * магистратура кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет.
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 8-қосымша |
|
Нысан |
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер __________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с | Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні | Атауы, жасалған жылы | Авторлары | Халықаралық, ұлттық дерекқорларға жазылу туралы мәлімет | Сілтемелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Білім беру ұйымының басшысы ________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдай (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу | |
орнынан кейінгі білім беру | |
саласында білім беру қызметімен | |
айналысуға лицензия беру" | |
мемлекеттік қызмет көрсетуге | |
қойылатын негізгі талаптардың | |
тізбесіне 9-қосымша | |
Нысан |
Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы Мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тақырыптың атауы | Оқыған орны мен кезеңі | Оқыған ұйымның атауы | Сағаттар саны және жұмыс өтілі | Аяқталу нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 10-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
Р/с № | Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесінің және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)"дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер) | Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық) | Жарияланымдар тізбесі | Оқулықтың не оқу құралының атауы | ||
отандық мерзімді басылымдарда | шетелдік мерзімді басылымдарда | халықаралық конференция еңбектерінде | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 11-қосымша |
|
Нысан |
Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер*
Ғылыми-зерттеу институтының, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-практикалық базалар (клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар, резидентура базалары), клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау) | Орналасқан мекенжайы | Меншік құқығында немесе шарт негізінде | Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.