Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 611 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қарашада № 30542 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын анықтау (бұдан әрі – тексеру актісі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      Портал арқылы өтініш берген кезде өтінім берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтінім беруші порталға Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде, уәкілетті ұйым өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары), Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.";

      9-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2. Нұсқаулық материалды пайдалана отырып (сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасына сәйкес) пайдалану құжаттамасын тексеру және әуе кемесін тексеру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеп-қарау бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісін (бұдан әрі – бағалау актісі) жасайды.

      Оң бағалау актісінің негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын не Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде 9-тармағында көрсетілген негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тексерудің оң қорытындысының нәтижелері бойынша Ұшу жарамдылығы сертификаты немесе осы Қағидаларға 9-2-тармақтың екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 9-2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген тәсілмен жіберіледі.

      Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді (бұдан әрі – деректерді АЖ-ға енгізу Қағидалары).

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      21-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-1. Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын (жеке қызмет) алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын алу үшін өтінім жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Шуыл бойынша сертификат беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) баяндалған.";

      21-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-4. Өтінімді қарау мерзімі және әуе кемесінің шуыл бойынша сертификатын беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру" мемлекеттік қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет) көрсетіледі.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;

      шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды;

      "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) сәйкес жеке көрсетіледі.";

      21-6 және 21-7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-6. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әуе кемесінің шуыл бойынша сертификатын не Шуыл бойынша сертификат беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      21-7. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы өтінім және осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      26-2 және 26-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-2. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді не Ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      26-3. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнайы ұшуды орындауға рұқсат алу (ұшуға жарамдылықтың арнайы сертификаты) үшін өтініш беруші портал арқылы уәкілетті ұйымға өтінім жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) баяндалған.

      29. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз арнайы ұшу жарамдылығы сертификатын не Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      30-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      31-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1. Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат (жеке қызмет) алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат алуға өтінімді және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтерді береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) баяндалған.";

      31-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-4. Өтінімді қарау және азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру" мемлекеттік қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша (бұдан әрі – "бір өтініш" қағидаты бойынша қызмет) көрсетіледі.

      "Бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді беру мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;

      радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды;

      "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) сәйкес жеке көрсетіледі.";

      31-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-6. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсатты не Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      32-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы өтінімді және осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      35. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына, Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын не Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді және уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасына сәйкес қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      1-1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9-1-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      11-1-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінімді және осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын ұсынады.

      Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      10-3 және 10-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-3. Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған кезде уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттар топтамасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторы әуе кемесін қарап-тексеруді 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Әуе кемесін қарап-тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын порталға өтініш берушінің "жеке кабинетіне" Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу рәсіміне басталу күні, ықтимал өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы уәкілетті ұйымның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған хабарлама жіберіледі.

      10-4. Әуе кемесін қарап-тексеру нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісі (бұдан әрі – бағалау актісі) жасалады.

      Бағалау актісі оң нәтижелі болған жағдайда, азаматтық әуе кемесі туралы мәліметтер осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес Мемлекеттік тізілімге енгізіледі және 5 (бес) жыл мерзімге немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалдау шартының қолданылу мерзіміне азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізіледі немесе бағалау актісінің нәтижесі теріс болған кезде Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді, ол уәкілетті ұйымның уәкілетті адамның ЭЦҚ қол қойылған порталдағы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Азаматтық әуе кемесінің меншік иесінің, пайдаланушысының, әуе кемесінің жабдықталғаннан кейін мақсатының немесе мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімінің өзгеруіне байланысты өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттарды портал арқылы уәкілетті ұйымға ұсынады.";

      27-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-1. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректерді енгізу Қағидаларына сәйкес қамтамасыз етеді (бұдан әрі – деректерді АЖ-ға енгізу Қағидасы).

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әуе кемесінің меншік құқығының шет мемлекетке (жеке, заңды тұлғаға) өткендігін растайтын құжат немесе әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару жағдайларын қарастырған құжат немесе олардың электрондық көшірмелері;";

      2-1-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 4 қарашадағы
№ 611 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын
беру қағидаларына
1-1-қосымша

"Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы "Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алғаш рет алу;
2. Бұрын ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беру;
3. Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беру;
4. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу не көрсетілетін қызметті алушы оны жойған жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қарау мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін ұзартылады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша:
электронды (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

1. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының бастапқы сертификатын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2. Бұрын ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
3. Бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру;
4. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Алым төлемі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.
Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері санаты және салмағына (ең жоғары сертификатталған ұшу массасы) байланысты мыналарды құрайды:
1) ұшақтың ұшу жарамдылығы үшін:
136 000 килограмнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 450 айлық есептік көрсеткіш;
75 000 килограмнан астам 136 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;
3 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;
4 қозғалтқышы бар 30 000 килограмнан астам 75 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 401 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 10 000 килограмнан астам 30 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 291 айлық есептік көрсеткіш;
3 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, қоса алғанда 30 000 килограмға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;
4 қозғалтқышы бар 10 000 килограмнан астам 30 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;
5 700 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2) тікұшақтың ұшуға жарамдылығы үшін:
10 000 килограмнан астам – алым төленетін күні қолданыстағы 145 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 5 000 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 91 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 5 000 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 127 айлық есептік көрсеткіш;
1 қозғалтқышы бар 3 180 килограмнан астам 5 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 54 айлық есептік көрсеткіш;
2 қозғалтқышы бар 3 180 килограмнан астам 5 000 килограмды қоса алғанға дейін – алым төленетін күні қолданыстағы 72 айлық есептік көрсеткіш;
Алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
1. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алғашқы алу үшін:
1) өтінім;
2) көрсетілетін қызметті берушіде өтінімді тіркеген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
4) үлгі сертификатының немесе оған балама құжаттың шет мемлекеттің, әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын және қызмет беруші деп танылған электронды көшірмесі;
5) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәлімет;
6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электронды көшірмесі;
7) әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттың электронды көшірмесі (қайта жабдықтау кезінде);
8) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын дайындаушы зауыт сертификатының электронды көшірмесі;
9) уәкілетті ұйым бекіткен алдыңғы пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшуі бойынша қосымша жұмыс көлемі туралы құжаттың электронды көшірмесі;
10) орталықтандыру және тиеу деректерін көрсете отырып, қолданыстағы құрастыруда әуе кемесін өлшеу жөніндегі деректердің электронды көшірмесі;
11) үлгі сертификатын ұстаушы жасаған ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің электронды көшірмесі;
12) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электронды көшірмесі;
13) өтінім уәкілетті ұйымда тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұшуға жарамдылығы директивалары, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдері, ресурстары шектеулі агрегаттар, орындалған модификациялар мәртебелерінің электронды көшірмесі;
14) ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндаманың электронды көшірмесі;
15) барлық борттық тұтынушыларды ескере отырып, электрмен жабдықтау жүйесіндегі жүктемелерді талдау материалдарының электронды көшірмесі;
16) RNAV, MNPS және Cat. III бойынша әуе кемесінің рұқсатын растайтын құжаттардың электронды көшірмесі.
2. Бұрын ұшу жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін:
1) өтінім;
2) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәлімет;
5) ұшуға жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың электронды көшірмесі;
3. Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алу үшін:
1) өтінім;
2) техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттардың және қабылдау-тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15663 болып тіркелген) Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдалығы туралы бағалау актісінің электронды көшірмесі;
5) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын мәлімет;
6) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін алым төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
7) модификацияның қолданылуы көрсетілген дана сертификатының электронды көшірмесі;
8) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электронды көшірмесі (бастапқы беру кезінде);
ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқауда (бастапқы беру кезінде) ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің электронды көшірмесі.
4. азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылық сертификатын ұзарту үшін:
1) өтінім;
2) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электронды көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдау тапсыру актісінің электронды көшірмесі;
4) ұшуға жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларының, Заңның немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www. caakz. com
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын
беру қағидаларына
3-2-қосымша

"Шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
1) өтінім;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының, Заңның талаптарына немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www. caakz. com
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру" мемлекеттік қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа
3-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын
беру қағидаларына
5-1-қосымша

"Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, пайдаланушы сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлікті, ұшуды орындау құқығына куәлікті көрсетілетін уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шет мемлекет берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын тану үшін өтінім;
2) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының электрондық көшірмесі;
3) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының, Заңның талаптарына немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www. caakz. com
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын
беру қағидаларына
7-1-қосымша

"Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
1) өтінім;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының, Заңның талаптарына немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www. caakz. com
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа
5-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын
беру қағидаларына
9-1-қосымша

"Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Осы Қағидаларға 8-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат алуға өтінім және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемелерінде орналасқан Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылатын мәліметтер.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының, Заңның талаптарына немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www. caakz. com
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметімен жиынтықта "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа
6-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемесін
сертификаттау және ұшуға
жарамдылық сертификатын
беру қағидаларына
11-1-қосымша

"Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Ұшу жарамдылығының экспорттық сертификатын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00- ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Мынадай құжаттар қоса берілетін өтінім:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығу туралы куәлігінің, шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатының, радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсатының электрондық көшірмесі (болған жағдайда);
2) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатының электрондық көшірмесі (болған жағдайда).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларының, Заңның талаптарына немесе ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www. caakz. com
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Бұйрыққа
7-қосымша
  Қазақстан Республикасының
азаматтық әуе кемелерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-1-қосымша

"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру;
2. Әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару туралы куәлік беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

20 (жиырма) жұмыс күні.
"бір өтініш" қағидаты бойынша қызметті көрсету мерзімі – 25 жұмыс күнін құрайды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару туралы куәлік беру мерзімі – 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;
шуыл бойынша әуе кемесінің сертификатын беру және (немесе) радиомен хабарлау аппаратурасын пайдалануға рұқсат беру мерзімі – 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

1. Электрондық (толық автоматтандырылған) / "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін;
2. Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2. Әуе кемесін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
Сертификаттау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Азаматтық әуе кемесін тіркеу үшін алым мөршерлемелері:
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш;
Азаматтық әуе кемелерін қайта тіркегені үшін – алым төленген күні қолданыстағы 7 айлық есептік көрсеткіш.
Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет әуе кемесін мемлекеттік тізілімнен шығару туралы куәлік беру тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1. Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2. Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат, радиостанцияға сертификат, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді, азаматтық әуе кемесін тіркеуге алымды бюджетке төлегенін растауларды уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
1. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
8) азаматтық әуе кемесін әзірлеуші мемлекет берген үлгі сертификатының немесе оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыратын оған балама құжаттың электрондық көшірмесі.
Болған жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелері тізілімінен шығарылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатының электрондық көшірмесі;
3) әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы дайындаушы зауыт берген уақытша куәліктің электрондық көшірмесі;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін:
Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі және (немесе) оның атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысы және (немесе) оның атауы не Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
әуе кемесінің мақсаты өзгерген кезде, оны қайта жабдықтағаннан кейін:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау құқығына арналған құжаттардың электрондық көшірмесі;
3) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
5) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері қоса беріледі.
2. Әуе кемесін мемлекеттік тізілімнен шығару туралы куәлік беру.
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің электрондық көшірмесі немесе осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен алып тастай отырып, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті "UN" ұлттық тану белгісінен "UP" мемлекеттік және тіркеу тану белгісіне ауыстыруға өтінімнің және "UN" ұлттық тану белгісімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;
2) әуе кемесінің меншік құқығының шет мемлекетке (жеке, заңды тұлғаға) өткендігін растайтын құжат немесе әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару жағдайларын қарастырған құжат немесе олардың электрондық көшірмелері;
3) меншік иесі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда жеке тұлғаның тұлғаны куәландыратын құжаттарының немесе өтініш иесі – Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының (куәлік) электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесі кепілде тұрған жағдайда кепіл ұстаушының оның тізілімнен шығарылуына жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген) Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығарып тастау актісінің электрондық көшірмесі (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
6) әуе кемесін кәдеге жарату туралы құжаттардың электрондық көшірмесі немесе олардың көшірмелері (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
7) әуе кемесінен айырым белгілерді алып тастау туралы актісінің электрондық көшірмесі және оны растайтын фотосуреттер (әуе кемесін есептен шығару жағдайларын қоспаған кезде).

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалардың, ұшуға жарамдылығы нормаларының, Заңның талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар