"Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 496 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 15663 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында:

      7-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерiне нысаналы даму трансферттері, оның ішінде облыстық, аудандық бюджеттерге бөлiнетiн және одан әрi аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерiне бөлуге жататын республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері бөлiнген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдердiң жобаларын;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іске асырылған, іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық жобалары бойынша ақпарат;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде, Бағдарлама бағыттары және өңірлер бойынша, оның ішінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаржыландыру лимиттерін және қаражат бөлу (қайта бөлу) бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қорытындысын;";

      41-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өкілдік шығындарға шығыстарды жоспарлау кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14926 болып тіркелген "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-2/66 бұйрығымен бекітілген өкілдік шығындар нормаларын басшылыққа алған жөн.";

      41-1-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) дербес кластерлік қорға нысаналы аудару бойынша: дербес кластерлік қордың басқарушы комитетімен келісілген негізгі техникалық, технологиялық және басқа шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ негізгі техникалық-қаржы өлшемшарттарын айқындай отырып, пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырымдылығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;";

      61-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдi ол қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына пысықталған бюджеттік бағдарламалар жобалары мен бюджеттік өтінімдерді ол қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет комиссиялары қарайтын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары арасындағы келіспеушіліктерді қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.

      Тиісті бюджет комиссиясы Қағидалардың 69, 70, 71 және 73-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.";

      75-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов