"Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білді

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 85 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қарашада № 30446 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7568 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерін, Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді сату және кепілге салынған мүлікті және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді өндіріп алу құқығымен) қағидаларын бекіту туралы;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді сату және кепілге салынған мүлікті және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді өндіріп алу құқығымен) қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарда және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдерінде:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 қаулысына
1-қосымша";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заң) сәйкес әзірленді және облигацияларды ұстаушылар өкілінің (бұдан әрі – өкіл) қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды (бұдан әрі – облигациялар) шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу кезінде өз функциялары мен міндеттерін, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды орындау тәртібін, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпарат беру мерзімдерін айқындайды.";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Өкіл уәкілетті органды және облигациялар ұстаушыларды Заңның 20-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 3-1), 4) және 4-1) тармақшаларына сәйкес өз әрекеттері туралы және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы:

      1) бағалы қағаздары шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түспейтін эмитенттерге қатысты – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей;

      2) бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түсетін эмитенттерге қатысты – өкіл эмитенттен Қағидалардың 10-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацында көзделген ақпаратты алған айдан кейінгі айдың соңғы күнтізбелік күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      Уәкілетті органға және облигациялар ұстаушыларға бағалы қағаздары қор биржасында айналысқа түспейтін эмитентке қатысты өкілдің өз функциялары мен міндеттерін орындауы туралы ұсынылатын ақпаратта эмитенттің есепті тоқсандағы қаржылық есептілігі қамтылады.

      Еншілес ұйымы бар эмитент шоғырландырылған қаржылық есептілік болмаған жағдайда өкілге шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті ұсынады.

      Екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент өкілге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған баланстық және баланстан тыс шоттардағы қалдықтар туралы есепті ұсынады.

      Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының тізіміне енгізілген және шет мемлекеттің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түсетін эмитент эмитенттің бағалы қағаздары тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде өкілге есепті тоқсандағы қаржылық есептілікті (осы эмитенттің еншілес ұйымы болған жағдайда – шоғырландырылған қаржылық есептілікті) ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2 тармақтарымен толықтырылсын:

      "6-1. Өкіл арнайы қаржы компаниясының банкроттық басқарушысынан осы қаулының Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді сату және кепілге салынған мүлікті және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді өндіріп алу құқығымен) қағидаларының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттардың тізбесін қабылдап алғаннан кейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей арнайы қаржы компаниясына қызмет көрсететін, Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңның 6-бабының 4-тармағында атап көрсетілген ұйымдармен шарттар жасайды.

      6-2. Өкіл бөлінген активтер құрамына кіретін және (немесе) бөлінген активтерді сатудан түсетін ақшаның есебінен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында іс-шараларды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 2-қосымшамен толықтырылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 қаулысына
2-қосымша

Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді сату және кепілге салынған мүлікті және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді өндіріп алу құқығымен) қағидалары

      Осы Банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді сату және кепілге салынған мүлікті және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді өндіріп алу құқығымен) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банкроттықты басқарушының бөлінген активтерді арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға беру (бөлінген активтерді сату және кепілге салынған мүлікті және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуді өндіріп алу құқығымен) тәртібін айқындайды.

      1. Арнайы қаржы компаниясының банкроттықты басқарушысы тағайындалған күнінен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей:

      1) жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілесінің шеңберінде арнайы қаржы компаниясы жасаған шарттардың тізбесін жасайды;

      2) арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтердің құрамына кіретін мүлікті түгендеуден өткізеді;

      3) арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін кастодианмен және басқаруында арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері бар инвестициялық портфельді басқарушымен салыстырып тексеруді жүзеге асырады және салыстырып тексеру нәтижелері бойынша акт жасайды.".

      2. Банкроттықты басқарушы, Қағидалардың 1-тармағында белгіленген мерзімдерде, қабылдау-өткізу актісі бойынша арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне:

      1) Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шарттардың тізбесін;

      2) түгендеу нәтижесінде анықталған мүлікті;

      3) бөлінген активтерді салыстыру актісін өткізеді.".

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі