БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5628 тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қызметкер:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстерін, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |