Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықт

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 64 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29610 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкi

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігінің

      Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 64 Қаулыға
қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату ережесін және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидаларын және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидалары және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату ережесінде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидалары және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидалары және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Акционерлік қоғамдар туралы", "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ең төмен баға – бұдан төмен болғанда лот сатылмайтын баға;

      2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, бағалаушы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес айқындаған лоттың (мүліктің) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға;

      3) болжанбаған шығыстар – тарату комиссиясы жоспарламаған, мөлшері 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, шұғыл қажеттіліктерге арналған шығындар;

      4) кредиторлар комитеті – кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары қатарынан құрылатын орган;

      5) кредиторлар санаты – талаптары біртектес сипатта болатын және Сақтандыру туралы заңның 72-бабында көзделген белгілі бір кезек шегінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

      6) кредиторлар талаптарының тізілімі – Сақтандыру қызметі туралы заңның 70-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, тарату комиссиясы таныған кредиторлар талаптарын, Сақтандыру қызметі туралы заңның 54-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген "Сақтандыру портфелін беру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысына көзделген тәртіппен және талаптармен басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына берілетін мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар бойынша сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның (бұдан әрі – Қор) талаптары көрсетілетін құжат;

      7) құндылықтар – Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар және қатаң есепті бланктер, қымбат металлдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шыққан, қымбат металлдардан жасалған монеталар және бағалы заттар;

      8) лот – аукционға шығарылатын, сату үшін бөлінбейтін бірліктерге бөлінген мүлік;

      9) мерзімді баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелерден туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      11) өткізу бағасы – лоттың сауда-саттық нәтижесінде белгіленген соңғы бағасы, ал мүлік сауда-саттықты өткізусіз өткізілген жағдайда – кредиторлар комитеті не Ережеге сәйкес тарату комиссиясының төрағасы белгілеген, мүліктің соңғы бағасы;

      12) өткізу объектісі – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сауда-саттыққа жеке (дербес) бірлік ретінде шығарылатын мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырландырылған өзге мүлкі;

      13) сатушы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы;

      14) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасасқан сауда-саттық жеңімпазы;

      15) сауда-саттық жеңімпазы – сауда-саттықта лот үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы;

      16) сауда-саттыққа қатысушы – сауда-саттықты ұйымдастырушы белгілеген тәртіппен сауда-саттыққа қатысу туралы өтініш берген және сауда-саттықты ұйымдастырушы оны қатысушы ретінде тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      17) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттықты өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқан және сауда-саттықтың нәтижелеріне мүдделі емес жеке не заңды тұлға;

      18) сауда-саттықтың ағылшын әдісі – лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша лот үшін барынша жоғары баға ұсынған қатысушылардың бірі қалған сәтке дейін көтеріле беретін сауда-саттық әдісі;

      19) сауда-саттықтың голланд әдісі – лоттың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадам бойынша қатысушылардың бірі лотты жарияланған бағамен сатып алуға келіскен сәтке дейін төмендетіле беретін сауда-саттық әдісі;

      20) тарату комиссиясы – сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсімдерін жүргізу барысында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы төрағасының тікелей басшылығымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыратын орган;

      21) тарату комиссиясының шығыстары – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп таратылу процесіндегі тауарлардың, жұмыстың және қызметтің тұтынылуына байланысты шығындар (бұдан әрі –тарату шығыстары);

      22) тарату, конкурстық масса – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері;

      23) тарату массасын мақсатсыз жұмсау – уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстарының сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

      24) тарату шығыстарының бекітілген сметасы – тарату комиссиясының төрағасы уәкілетті органмен немесе кредиторлар комитетімен келісе отырып бекіткен, тиісті уақыт кезеңіне арналған смета;

      25) тарату шығыстарының сметасы – тарату комиссиясының белгілі бір уақыт кезеңіне болжанған шығындарын көрсететін, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған кезде – уәкілетті органмен келісу бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бекітетін құжат;

      26) тарату өндірісі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

      27) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы – сот шешімінің заңды күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату барысында тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;

      28) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі – құндық бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енгізілген мүліктік қажеттілік пен құқықтар жиынтығы;

      29) уақытша әкімшілік (уақытша әкімші) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру күнінен бастап уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган;

      30) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот деп танылған жағдайда оны тарату Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратуды жүргiзу тәртібі";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне ену күнi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату өндірісінің басы болып саналады.

      5. Соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енген күнінен бастап:

      1) Сақтандыру қызметі туралы заңның 69-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген салдарлар туындайды;

      2) Сақтандыру қызметі туралы заңның 69-бабының 3-1 және 3-3-тармақтарында көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады;

      3) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан немесе соның есебінен жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің егер оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы не тарату комиссиясының төрағасы осы іс-әрекеттерді жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты берген тұлға жасаған жағдайда ғана заң күші болады;

      4) Сақтандыру қызметі туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық борыштық міндеттемелерінің мерзімдері аяқталған болып саналады;

      5) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлық берешегінің барлық түрлері бойынша айыпақы және сыйақыны есептеу тоқтатылады;

      6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өндіріп алуға заңнамамен белгіленген барлық шектеулер алып тасталады;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сотта қаралатын мүліктік сипаттағы талаптармен даулар, егер олар бойынша қабылданған шешімдер заңды күшіне енбеген болса, тоқтатылады;

      8) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүліктік талаптарына қатысты соттың атқарушы құжаттарын тарату комиссиясы Сақтандыру қызметі туралы заңда белгіленген кезектілік тәртіпте орындауға береді.";

      5-1, 5-2, 6 және 6-1-тармақтар алып тасталсын;

      7-1-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап оған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер ауысады.

      Тарату комиссиясы бір айдан аспайтын мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не уақытша әкімшіліктің (уақытша басқарушының) басшылығынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкін қабылдау-өткізу актісі бойынша қабылдайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияларының түпнұсқалары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.

      Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерін аяқтау үшін, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары және акционерлерімен есеп айырысуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тарату комиссиясының төрағасы оның қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады, бөлімшелердің және олардың басшыларының қызметін бақылайды.

      Тарату комиссиясының төрағасы кредитордың өтінішін қарау нәтижелері туралы шешімдерді және Қағидалардың 107 және 107-1-тармақтарына сәйкес таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетінің өкілеттігіне кіретін мәселелерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісінің міндеттері бойынша шешімдерді дербес қабылдайды, сондай-ақ шарттарға, сенімхаттарға, бұйрықтарға, өкімдерге және тарату өндірісі барысында туындайтын мәселелерді шешуге байланысты басқа да құжаттарға қол қояды.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тарату комиссиясы мынадай іс-шаралар жүргізеді:

      1) тағайындалған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініштер беру тәртібін, мерзімдерін және филиал желісі болған кезде – олар (мекенжайлар) бойынша кредиторлар өз талаптарын қоятын филиалдың мекенжайларын міндетті түрде көрсетумен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды;

      2) тағайындалған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына 4-қосымшға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар құжаттарды ұсынады;

      3) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мүлікті және онымен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, сондай-ақ "Қазақстанның қор биржасы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамдарын (бұдан әрі - орталық депозитарий) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді және тарату комиссиясы жасамайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін иеліктен шығару бойынша мәмілені тіркеуге тыйым салу, сондай-ақ таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кепіл ұстаушы болып табылатын мүліктен ауыртпалықты алуға тыйым салуды белгілейді;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын (бұдан әрі – Корпорация) мемлекеттік кірістер органдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп таратылғаны туралы хабардар етеді;

      5) орталық депозитарийден сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнгі жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімін сұратады;

      6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығын және (немесе) уақытша әкімшілігін тарату комиссиясына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тарату өндірісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып таныстырады;

      7) қабылдау-өткізу туралы актілерді жасай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығынан не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтылымды, бланкілер және барлық басқа да құжаттарды дереу талап етеді;

      8) қабылдау-өткізу актілері бойынша активтерді, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін қабылдайды;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кассасына дереу түгендеу жүргізеді, Қағидалардың 53-тармағында көзделген кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимитін қоспағанда, ақша қалдығын таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына есепке жазады;

      10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарын салыстырып тексеру жүргізеді, оларды жабады және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының теңгемен және қажет болған жағдайда шетел валютасында ағымдағы шоттарын ашады;

      11) тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес номиналды ұстауға берілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарын, сондай-ақ номиналды ұстаушының клиенттік шоттарындағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына тиесілі ақшаны салыстырып тексеру жүргізеді.

      Тарату комиссиясы тарату өндірісі кезеңінде бағалы қағаздарды (ақшаны) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бір ұйымда жинақтайды және (немесе) ақшаны таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазады;

      12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны және тарату комиссиясының тағайындалғаны туралы хабарландыруды көру үшін қолжетімді жерге орналастырады;

      13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелерін түгендеуді жүзеге асырады;

      14) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарады;

      15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін анықтайды;

      16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтеріне Қағидаларда көзделген тәртіпте иелік етеді;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағдарламалық қамтылымының және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

      19) толық материалдық жауапты адамдардың, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық және өзге де есептілігін өңдеудің электрондық жүйесіне кіруге рұқсаты бар адамдар тобын айқындайды;

      20) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен құжаттарын заңнамада белгіленген тәртіпте қабылдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттарын сақтауды ұйымдастыруға жауапты адамды тағайындайды;

      21) автоматтандырылған есепке алу жүйесінің деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа (резервтік көшірмелер) көшіре отырып, тарату комиссиясы құрылған күні қолда бар электрондық түрдегі бас бухгалтерлік кітапты басып шығарады. Бұл ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      22) кредиторлардың тізімін жасайды, қолда бар құжаттар бойынша олардың мекенжайларын анықтайды және талдамалық есептің деректерімен салыстырып тексереді;

      23) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлары талаптарының заңдылығын айқындайды және оларды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бекітілген аралық тарату балансына және кредиторлар талаптарының тізіліміне сәйкес қанағаттандырады;

      24) өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін еңбек шарттары, сондай-ақ өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша адамдарды жұмысқа қабылдайды;

      25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың барлық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі мен құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату ісінің барысы туралы жылдың қорытындысы бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші ақпанынан кешіктірмейтін мерзімде жариялайды;

      27) уәкілетті органның талабы бойынша тарату өндірісіне қатысты мәліметтер береді;

      28) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздары шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;

      29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есепті, тарату балансын жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;

      30) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталғаннан кейін Қағидалардың 10-тарауында белгіленген тәртіпте құжаттарды архивке сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоттары тарату комиссиясының және оның бөлімшелерінің тұрған жері бойынша екінші деңгейдегі банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарында теңгемен және қажет болған кезде шетел валютасында ашылады.

      Қағидалардың 53-тармағында көзделген касса лимитін қоспағанда, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның ішінде оның филиалдарының не өкілдіктерінің ақшасы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шотына есепке жазылады.

      Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шоттарындағы ақшаны және (немесе) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес номиналды ұстауға берілген ақшаны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақ-мерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелерін (МЕҰЖҚАМ) қоспағанда, нысанасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында болатын, қор биржасының сауда жүйесінде автоматты түрде жасалатын кері репо операцияларында күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде пайдаланады.

      Тарату комиссиясы таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының алдында берешегі жоқ заңды немесе жеке тұлғалардың жазбаша талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шоттарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айырылғаннан кейін келіп түскен, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін келіп түсетін ақшаны дереу (талапты алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде) қайтаруды жүзеге асырады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тарату комиссиясы тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру кезінде есептеулерді таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қандай да бір кәсіби қызметпен айналысатын-айналыспайтынына қарай жүргізеді және тарату комиссиясының негізгі міндеті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істерінің аяқталуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторларымен және акционерлерімен есеп айырысу жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Кассадағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы лимиті мынадай шектерде анықталады:

      1) тарату комиссиясының бас офисінде – 200 000 (екі жүз мың) теңге;

      2) тарату комиссиясының бөлімшесінде – 100 000 (жүз мың) теңге.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті мүлкі, құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа да талаптары кіреді және тарату, конкурстық массаны қалыптастыруға негіз құрайды.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының түгендеу жолымен белгіленген барлық активі тарату массасына кіруге тиіс.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратудың басында оның балансына енгізілмеген және түгендеу барысында анықталған активтер таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансында көрсетіледі.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылдануы нәтижесінде мүліктік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған заңды тұлғалар, заңды тұлғаны құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен дауды тікелей реттеу мақсатында жазбаша өтінішпен оның тарату комиссиясына жүгінеді.

      Кредиторлар-жеке тұлғалар растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясына өтініш жасайды.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Аралық тарату балансын және оған қосымшаларды, оның ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін тарату комиссиясы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 болып тіркелген, "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысымен (бұдан әрі - №65 қаулы) белгіленген нысандар бойынша жасайды.";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша есеп айырысулар Сақтандыру қызметі туралы заңның 72-бабының 2-тармағында көзделген шығыстарды қоспағанда, аралық тарату балансын және оның қосымшаларын уәкілетті орган бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторларының талаптарын, оның ішінде оның банкрот болуына байланысты талаптарын қанағаттандыруды тарату комиссиясы Сақтандыру қызметі туралы заңның 72-бабында белгіленген тәртіппен және кезектілікпен, аралық тарату балансы бекітілген күннен бастап соған сәйкес жүргізеді.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Кредиторлардың шағымдар берудің тарату комиссиясы белгілеген мерзімі өткеннен кейінгі, мәлімденген талаптары Қордың талаптарын (өтініштерін) қоспағанда, кредиторлардың белгіленген мерзімде мәлімденген талаптарын қанағаттандырудан кейін қалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкінен қанағаттандырылады.

      Талап-шағым жасау үшін тарату комиссиясы белгілеген мерзім өткеннен кейін Қордың жасаған талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі және осы талаптар үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген кезектілік тәртібімен қанағаттандырылады.";

      115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Тарату комиссиясы кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан не оларды қараудан жалтарған жағдайда, кредитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансы бекітілгенге дейін тарату комиссиясына талап-арызбен сотқа жүгінеді.";

      116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкі жеткіліксіз болуынан қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейінгі мәлімденбеген шағымдары (өтініштері) өтелген болып саналады.

      Кредиторлардың тарату комиссиясы танымаған, егер кредитор сотқа шағым-талап бермеген болса және сот шешімі бойынша кредитордың талабын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайдағы талаптары өтелген болып есептеледі.";

      117-1-тармақ алып тасталсын;

      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Тарату комиссиясы кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін қалған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен акционерлер арасында бөледі.";

      172-1 тармақ алып тасталсын;

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату балансын және тарату туралы есебін бекітілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Корпорацияға, ал көрсетілген құжаттардың көшірмелерін – уәкілетті органға ұсынады.";

      174-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "174-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің тоқтатылуын тіркелгеннен кейін тарату комиссиясы 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынады.";

      1-қосымша Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің Тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктерінің қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) банк және өзге де операцияларды жүргізуге, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан (бұдан әрі – лицензия) айыруға байланысты банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (бұдан әрі – ұйым) уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау тәртібін, ұйымның жұмыс тәртібін және ұйымның уақытша әкімшілігінің өкілеттіктерін айқындайды.

      Қағидалардың уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырылуына байланысты тағайындалған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындауы үшін көзделген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыс тәртібі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің өкілеттіктері, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) – уәкілетті орган мүліктің сақталуын қамтамасыз ету және ұйымды басқару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін тағайындайтын орган (бұдан әрі – уақытша әкімшілік);

      2) уақытша әкімшіліктің басшысы – уәкілетті орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;

      3) уақытша әкімшіліктің мүшесі – уәкілетті орган өз қызметкерлерінің ішінен не өзінің қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың ішінен тағайындайтын адам;

      4) уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын адамдар – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымы (бұдан әрі - сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым) қызметкерлері.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уақытша әкiмшiлiк уәкiлеттi органның шешiмiмен тағайындалады.

      Уақытша әкiмшiлiк ұйымның лицензиядан айырылған күнінен бастап және уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңге тағайындалады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясынан айырылған кезде уәкілетті орган тағайындайтын уақытша әкімшілік сақтандыру портфелі берілгеннен кейін өз өкілеттігін тоқтатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уақытша әкімшіліктің құрамын уәкілетті орган ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің болуына, сондай-ақ алдағы жұмыс сипатына және көлеміне қарай айқындайды.

      Уақытша әкімшіліктің құрамына кіретін, уәкілетті органның, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымының қызметкерлері болып табылатын адамдар уақытша әкімшіліктегі қызметінің барлық кезеңіне негізгі жұмыс орны бойынша лауазымдық міндеттерді орындаудан босатылады.

      Көрсетілген кезеңде олардың жалақысы және негізгі жұмыс орны бойынша белгіленген өзге де төлемдері сақталады.

      Уақытша әкімшілік басшысы болып жоғарғы экономикалық не заңгерлік білімі бар адам тағайындалады.

      Басшылықтың жазбаша тапсырмасы бойынша уақытша әкімшілікке оған жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруға, сондай-ақ уақытша әкімшілік қызметін бақылауды жүзеге асыруға көмек көрсететін уәкілетті орган қызметкерлерінің ұйымның үй-жайларына кіру және уақытша әкімшіліктің иелігіндегі құжаттарға қолжеткізу рұқсаты болады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын жеке тұлғалардың депозиттері бойынша міндеттемелері бар банктің уақытша әкімшілігінің құрамына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өкілдері кіреді.

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің құрамына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымының қызметкерлері кіреді.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Лицензиядан айырылған және уақытша әкімшілік тағайындалған күннен бастап "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 48-1-бабында, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сақтандыру туралы заң) 69-бабында және 72-1-баптың 6-тармағымен көзделген салдар басталады.

      8. Уақытша әкімшілік уәкілетті орган оны тағайындаған күні өз міндеттерін орындауға кіріседі. Уәкілетті органның Банктер туралы заңның 48-бабына және Сақтандыру туралы заңның 55-бабына сәйкес қабылданған ұйымды лицензиясынан айыру және уақытша әкiмшiлiктi тағайындау туралы шешімдерінің көшірмелерін уақытша әкімшілік дереу ұйымның басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жібереді. Уақытша әкімшілік тағайындалған күні ұйымда Банктер туралы заңның 62-бабына сәйкес тағайындалған ұйымды басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жұмыс істеген жағдайда, уәкілетті органның лицензиядан айыруға байланысты тағайындалған уақытша әкімшілік тағайындау туралы бұйрығы уақытша әкімшіліктің басшысына (оның орнындағы адамға) қол қойдырып тапсырылады және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберіледі. уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешімдерін қол қойдырып тапсыруға және (немесе) ұйымға электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкіндігі болмаған кезде уақытша әкімшілік бұл туралы акт жасайды және ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      Ұйым басшысының (оның орнындағы адамның) болмауы немесе оның уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешімдерімен танысып шығудан бас тартуы, оның ішінде уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешімін электрондық, факсимильді немесе өзге байланыс құралдары арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда, уақытша әкімшілікке ұйымның үй-жайына кіруге, мүлкі мен құжаттамасын көруге кедергі жасамаса, уақытша әкімшілік уәкілетті органның оны тағайындау туралы шешімінде көрсетілген күні өз міндеттерін орындауға кіріседі.

      Ұйымның басшысы (оның орнындағы адам) немесе өзге де адамдар уақытша әкімшілік жұмысына кедергі жасайтын болса, Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көзделген іс-қимылдар жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уақытша әкімшілік шығыстарды барынша азайту мақсатында уәкілетті органды хабардар ете отырып, ұйымның мүлкін жалға береді.

      Мүлікті жалға бергеннен түскен ақша ұйымның банктік шотына аударылады.

      Уақытша әкімшіліктің жалға беру шартын жасауы уақытша әкімшіліктің алғашқы талап етуі бойынша мүлікті босатуға (қайтаруға) және жалданған мүлікті қосымша жалға беру (қосалқы жалдау) мүмкін еместігіне шектеулер қоюға жалға алушының келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Уақытша әкімшілік жалға алушыны таңдауды тендер өткізу арқылы жүзеге асырады, оның нәтижесінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155-тармақтарына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату қағидалардың және оның тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптардың 82-2, 82-3, 82-4 және 82-5-тармақтарына сәйкес шарт жасалады.

      Ұйымның бұрынғы қызметкерлері, ұйымның кредиторлары болып табылатын тұлғалар, сондай-ақ ұйымның уақытша әкімшілігінің төрағасы, мүшелері және жұмысқа тартылған қызметкерлері тендерге қатысуға жіберілмейді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгi мынадай іс-әрекеттер жасайды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Қор туралы заң) сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;

      2) Сақтандыру туралы заңның 54-1-бабында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17885 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 262 қаулысымен бекітілген Сақтандыру портфелін беру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күнінен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиядан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерінде көзделген мерзімдерде және тәртіппен Қор туралы заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) береді;

      3) Қор туралы заңға сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша Қордың кепілдік төлемдерді жүзеге асыратыны туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, полистерінің бланкілерін және сақтандыру агенттеріндегі қолма-қол ақша қалдығын алады. Қолма-қол ақша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банк шотына тапсырылады;

      5) орналастырылған сақтандыру резервтері мен кiрiстерiнiң қайтарылуын, оның ішінде сақтандыру сыйлықақылары мен өзге де кірістерде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аванстық төлемдерін, дебиторлық берешегін, тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына келіп түсетін барлық қолма-қол емес және қолма-қол ақшаның есепке жазылуын бақылайды.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым Қор туралы заңның 7-бабының 1-тармағына сәйкес міндеттеме қабылдайды.

      Қор туралы заңның 15-бабының 1-тармағында айқындалған кредиторлардың кепілдік төлемін алуға құқығы бар.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Еңбекақы төлеу шығыстары ұйымның бар филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығындарын көздейді.

      Еңбекақы төлеу бөлігіндегі шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған еңбек шарттарына, ақылы қызмет көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарға негізделеді.

      Қызметкерлерге еңбекақы төлеу талаптарын өзгертуді уақытша әкімшілік Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Уақытша әкімшіліктің қызметі уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындаған сәттен немесе сақтандыру портфелін берген және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезден бастап тоқтатылады.".

      3. "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20820 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларын және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары";

      1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сондай-ақ қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (бұдан әрі – мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы) тарату комиссияларының төрағасын және мүшелерін тағайындау және босату тәртібін айқындайды.

      2. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган:

      1) мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына немесе мүшесіне тағайындау үшін құжаттар ұсынған және осы қаулымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес келетін, тестілеуден оң нәтижелер алған, Қағидаларға сәйкес әңгімелесуден өткен кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат);

      2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерінің (мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы және мүшелері тағайындалған кезде);

      3) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым қызметкерлерінің;

      4) уәкілетті орган қызметкерлерінің арасынан тағайындайды.

      Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін уәкілетті орган "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңының 69-бабының 1-1-тармағында айқындалған тұлғалар арасынан тағайындайды.

      Уәкілетті органның қызметкерлері болып табылмайтын, мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері Талаптарға мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы қызметінің бүкіл кезеңі ішінде сәйкес келеді.

      3. Сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі – кепілдік беру ұйымы) кепілдік беру ұйымның қолдаухаты негізінде таратылған жағдайда:

      1) бос жұмыс орнына кандидаттар болмаған немесе кандидаттар Талаптарға сәйкес келмеген (мәжбүрлеп таратылатын банктің, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерін тағайындау кезінде);

      2) уәкілетті органның қызметкері және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкері Қағидалардың 24-тармағында көзделген негіздер бойынша жұмыстан босатылған және (немесе) уәкілетті органның қызметкерін және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкерін уәкілетті органның басқа қызметкеріне және (немесе) кепілдік беру ұйымының қызметкеріне ауыстыру арқылы босату қажет болған жағдайда,

      мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелері уәкілетті органның қызметкерлері және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкерлері қатарынан тағайындалады.

      Кепілдік беру ұйымының өтінішхатына Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген құжат қоса беріледі.

      4. Уәкілетті орган мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің бос жұмыс орнына орналасу туралы хабарландыруды уәкілетті орган қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.

      Тарату комиссиясын құру қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап жүзеге асырылады.

      Қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату барысында бос жұмыс орны болған кезде, бос жұмыс орнына орналасу туралы хабарландыру да уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінің ережелері тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесін тағайындаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қағидаларда белгіленген құжаттарды ұсынбастан, тестілеуден және әңгімелесуден өтпестен:

      1) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының (тарату комиссиясы төрағасының орынбасары болмаған жағдайда) міндеттерін - мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының мүшесіне немесе жұмысқа тартылған қызметкерге;

      2) өңірдегі мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы мүшесінің (аумақтық бөлімше басшысының) міндеттерін - мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясының басқа мүшесіне не жұмысқа тартылған қызметкерге 3 (үш) айға дейінгі мерзімге уақытша жүктеуге жол беріледі.

      Уәкілетті органның мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшесінің міндеттерін уақытша жүктеу туралы бұйрығы жауапты бөлімше дайындаған және біліктілік комиссиясының төрағасы мақұлдаған қорытынды негізінде шығарылады.

      Уәкілетті органның біліктілік комиссиясының тарату комиссиясы төрағасының немесе мүшесінің міндеттерін уақытша жүктеу мәселесі жөніндегі отырысы өткізілмейді.

      Осы тармақтың ережелері тарату комиссиясының төрағасы мен мүшесін тағайындаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.";

      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мәжбүрлеп таратылатын
банктердің, сақтандыру
(қайта сақтандыру)
ұйымдарының, қызметі
мәжбүрлеп тоқтатылатын
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының тарату
комиссияларын тағайындау
және босату қағидаларына
қосымша";

      Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптары Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын тарату,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының қызметін тоқтату
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Мәжбүрлеп таратылатын
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын тарату қағидаларына
және оның тарату
комиссиясының жұмысына
қойылатын талаптарға
1-қосымша
  Нысан

__________________________________________________ (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) ________________ жылғы ______тоқсандағы тарату шығыстарының сметасы

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен

ай

ай

ай

тоқсандағы барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Еңбекақы төлеу шығыстары





1.1

тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне сыйақы, оның ішінде:





1.1.1

сыйақы





1.1.2

жеке табыс салығы





1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.1.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.2

еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясына тартылған қызметкерлерге ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.2.1

лауазымдық жалақы





1.2.2

жеке табыс салығы





1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.2.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.3

өтелмелі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсетеуге тартылған адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар, оның ішінде:





1.3.1

көрсетілген қызметтерге ақы төлеу





1.3.2

жеке табыс салығы





1.3.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.3.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар





2.1

әлеуметтік салық





2.2

әлеуметтік аударымдар





2.3

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2.4

мүлікке салынатын салық





2.5

көлік құралдарына салынатын салық





2.6

жер салығы





2.7

қосымша құн салығы





2.8

жер телімдерін пайдалану үшін төлем, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем





2.9

өзге салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер





3

Әкімшілік шығыстар





3.1

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау жөніндегі қызмет





3.2

байланыс қызметі





3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализация жөніндегі қызмет





3.4

көлікті күзету жөніндегі қызмет





3.5

көлік тұрағын ұсыну жөніндегі қызмет





3.6

көлікті тіркеу жөніндегі қызмет





3.7

көлікті техникалық қарау жөніндегі қызмет





3.8

көлікті сақтандыру жөніндегі қызмет





3.9

қызметкерді жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері





3.10

коммуналдық қызметтер





3.11

негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жұмыстары





3.12

үй-жайды жалдау





3.13

жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу қызметтері





3.14

мүлікті бағалау қызметтері





3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері





3.16

жылыту жүйесін қосуға дайындық жөніндегі қызметтер





3.17

сантехникалық жұмыстар





3.18

мүлікті сақтау қызметтері





3.19

мемлекеттік бажды төлеу





3.20

нотариалдық куәландыру қызметтері





3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері





3.22

терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстар





3.23

аукциондар өткізу қызметтері





3.24

инкассация қызметтері





3.25

сараптама жүргізу қызметтері





3.26

аудит жүргізу қызметтері





3.27

құжаттарды аудару қызметтері





3.28

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату





3.29

орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу қызметі





3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері бойынша қызметтер





3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру жөніндегі қызметтер





3.32

таратуды тіркеу үшін алым төлеу





3.33

коллекторлық қызметтер





4

Тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары





4.1

офис жабдықтарын жұмыс бабында ұстау





4.2

көлік құралдарын ұстау





4.3

үй-жайларды ұстау





4.4

қағаз және бланк өнімдерін сатып алу





4.5

кеңсе тауарларын сатып алу





4.6

жанар-жағар май материалдарын сатып алу





5

Іссапар шығыстар





6

Болжанбаған шығыстар





7

Басқа да шығыстар





Жиынтығы





      Тарату комиссиясының төрағасы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын тарату,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының қызметін тоқтату
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Мәжбүрлеп таратылатын
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын тарату қағидаларына
және оның тарату
комиссиясының жұмысына
қойылатын талаптарға
2-қосымша
  Нысан

_______________________________________________________________ (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      Басталды _______________________________________________

      Аяқталды_______________________________________________

      Кітаптағы жазба оны толық пайдаланғанға дейін жүргізіледі

Кіріс

Келіп түскен күні

Кімнен қабылданды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Кіріс құжаттарының саны (данамен)

Сомасы санмен (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазбаша

Нысаналы мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының) қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

қалдығы









қалдығы









Бір күн үшін жиынтығы









Шығыс

Берілген күні

Кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Шығыс құжаттардың саны (данамен)

Сомасы санмен (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазбаша

Нысаналы мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының) қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

қалдығы









қалдығы









Бір күн үшін жиынтығы









Бір күн үшін жиынтығы









      Растау жазбасы

      20__ жылғы "___" _______ жазбаға арналған осы кітаптың жиынтығы (күні) (айы)

      ______________________________________ ______________нөмірден бастап

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      ______нөмірді қосқандағы нөмірленген, тігілген және мөрмен жабылған

      _____________________________________парақтар бар.

      20 ___ жылғы "____" ____________

      Тарату комиссиясының төрағасы _________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Кассир _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын тарату,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының қызметін тоқтату
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
  Мәжбүрлеп таратылатын
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын тарату қағидаларына
және оның тарату
комиссиясының жұмысына
қойылатын талаптарға
3-қосымша
  нысан
  БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Төрағасының орынбасары
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
_____ жылғы "____" ______

__________________________________________________________________ (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы) кредиторлар комитетінің құрамы

№ п/п

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы

Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілген таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4









      Тарату комиссиясының төрағасы

      ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер

      ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы __________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефон)

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын тарату,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы
филиалының қызметін тоқтату
мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтыру енгізілетін
Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 25 мамырдағы
№57 қаулысына
2-қосымша

Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар

      1. Осы Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мәжбүрлеп таратылатын екінші деңгейдегі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының (бұдан әрі – мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы) тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалатын кандидатқа (бұдан әрі – кандидат), депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметкеріне мынадай талаптар қойылады:

      1) жоғары экономикалық немесе заң білімінің немесе бухгалтерлік есеп пен аудит саласында жоғары білімінің болуы;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік, еңбек заңнамаларын, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы, міндетті сақтандыру туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасын, қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату тәртібін реттеу бөлігінде білуі;

      3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 12), 13), 15), 16), 17), 18) және 21) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу фактілерінің болмауы;

      4) өзге қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі талаптарын бұзу фактілерінің болмауы;

      5) өзге қаржы ұйымдарын және заңды тұлғаларды тарату рәсімдерін жүргізу кезінде міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактілерінің болмауы;

      6) жекелеген кредиторлардың мүдделеріне қысым жасайтын не жекелеген кредиторларға артықшылық беретін әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілерінің болмауы (бұрын өзге қаржы ұйымдарының және заңды тұлғалардың тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болған адам үшін);

      7) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның немесе сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның лауазымды адамын қоспағанда, борышкердің немесе мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымы кредиторының құрылтайшысы (қатысушысы, акционері) не лауазымды адамы болып табылмауы;

      8) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының құрылтайшысы (акционері) болып табылмауы;

      9) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымының дебиторы не кредиторы болып табылмауы;

      10) мәжбүрлеп таратылатын қаржы ұйымына қатысты үлестес тұлға болып табылмауы;

      11) өзге лауазымды (қызметті) атқаруға байланысты шектеулері жоқ;

      12) өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданғанға дейін (оның ішінде банкроттық негізі бойынша) 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде бұрын өзге қаржы ұйымының немесе заңды тұлғаның атқарушы органның немесе басқару органының бірінші басшысы (басқарма төрағасы), атқарушы органның немесе басқару органының бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болмауы. Көрсетілген талап өзге қаржы ұйымын немесе заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған күннен кейін 5 (бес) жыл бойы қолданылады (оның ішінде банкроттық негізі бойынша).

      Талаптардың 2-тармағының 7), 8), 9), 10) және 12) тармақшаларында көрсетілген талаптар мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тарату комиссиясының төрағасы немесе мүшесі болып тағайындалған кезде таратылмайды.