"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қырк

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 сәуірде № 27703 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21222 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамалары:

      1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Басшылар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары

      1-параграф. Бөлім бастығы-дәрігер-облыстық, республикалық маңызы бар қаланың Полиция департаменті әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы

      1. Лауазымдық міндеттері:

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың Полиция департаменті әскери-дәрігерлік комиссиясының (бұдан әрі – ӘДК) қызметіне басшылық жасайды, саясатын, стратегиясын және қызметін жүзеге асыру тетігін анықтайды, ӘДК заңдылықтың сақталуын, әскери-дәрігерлік сараптама өткізудің толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етеді;

      ӘДК мамандарының барлығына міндетті өкімдер шығарады, қабылданатын шешімдерге жауап береді;

      құқық қорғау органдарындағы медициналық куәландыру тиімділігін, ұйымдастыру және өткізу сапасын жоғарылатуға бағытталған жаңа ұйымдастыру формаларын енгізуді және қолданыстағы жұмыс әдістерін жетілдіруді, олардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      ӘДК мамандарының өзара іс-қимылдарының тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың іс-әрекеттерін құқық қорғау органдарында медициналық куәландыру өткізуді ұйымдастыруды және дамытуды жетілдіруге бағыттайды;

      қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және оны алқалы өткізуді қамтамасыз етеді;

      құқық қорғау органдарының қызметкерлері зақымдарының (жаралануының, контузиясының, жарақаттануының), ауруларының себепті байланысын анықтайды;

      ӘДК қызметін талдауды іске асырады және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде бөліністің жұмыс нысандарын және әдістерін жақсарту бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды, есептерді дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;

      ішкі істер органдарының басқа да қызметтерінің, бөліністерінің және басқа да мемлекеттік органдардың мамандарымен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ӘДК мүддесін қорғайды;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      ӘДК -ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану, мамандардың біліктілігін жоғарылату, олардың кәсіптік білімін дамыту бойынша іс-шаралар қабылдайды;

      ішкі еңбек тәртібі талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық принципін сақтайды және мамандардың сақтауын қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің еңбек уәждемесін, ықпалын және белсенділігін дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераның қалыптасуына, адам өміріне және денсаулығына қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын, мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін (бұдан әрі - "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс);

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі);

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын (бұдан әрі - "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң);

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң);

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңын (бұдан әрі - "Құқықтық актілер туралы" Заң);

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін;

      қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Жалпы медицина", "Медициналық-профилактикалық іс", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандықтары бойынша), магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы және (немесе) денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") немесе клиникалық мамандықтар (терапия, хирургия, неврология, психиатрия, отоларингология, офтальмология) дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (тәжірибесі) кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл."

      2-тарауда:

      1-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Сырттай сараптама жөніндегі бас сарапшы-дәрігер

      4. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы медициналық куәландыру көлеміне және сапасына, аурулардың және физикалық жай-күйдің сараптамалық анықталуына сараптама жүргізеді;

      әскери қызметке, құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық санаты туралы қабылданған сараптамалық қорытындылардың негізділігіне және зақымдардың, аурулардың қызмет өткерумен (қызмет міндеттерін орындаумен) себепті байланысының тұжырымдарына бақылау жүргізеді;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметіне бағалау және талдау жүргізеді, оларға әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша кеңестік, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      төменгі тұрған әскери-дәрігерлік комиссиялардың құрамын келісуді қамтамасыз етеді;

      төменгі тұрған әскери-дәрігерлік комиссиялар мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін жоғарылатуға бақылау жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеруден, емдеуден және куәландырудан өтетін ведомстволық емдеу мекемелеріндегі (бөліністеріндегі) және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріндегі емдеу-диагностикалық жұмысты талдауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша ведомстволық емдеу мекемелерінің (бөліністерінің) және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-диагностикалық жұмысын тексеруге қатысады;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарайды және оларды қабылдауды жүргізеді, осы жұмыстың нәтижелерін талдайды және жинақтайды;

      азаматтардың, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы орган бөліністерінің, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлердің және әскери құрылымдардың, құқық қорғау органдарының, сот және прокуратура кадр қызметтерінің өтініштері негізінде құқық қорғау органдарының кадрлар аппараттары үшін заң күші бар қорытындыларды (қаулыларды) ресімдейді;

      құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сараптамалық-медициналық құжаттары бойынша алқалы түрде сырттай әскери-дәрігерлік сараптама өткізеді, аурулардың және оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің өліміне (қаза табуына) әкеп соқтырған зақымдардың себепті байланысын, қызметкерлер алған зақымдардың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның) ауырлық дәрежесін анықтайды;

      аурулардың және оның ішінде өлімге (қаза табуына) әкеп соқтырған зақымдардың майданда болумен, басқа да әскери іс-қимылдармен, қызмет өткерумен, әскери қызмет міндеттерін орындаумен, бұрынғы қызметкерлердің және әскери қызметшілердің қызмет міндеттерін орындауымен себепті байланысын алқалы түрде анықтайды;

      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен өзара іс-әрекеттерді іске асырады;

      ауру, зақым алу себептері мен жағдайлары көрсетілген құжаттарға, қызметтік және медициналық сипаттамаларға, сараптамалық құжаттарға, әкімшілік және қызметтік тексеру, алдын ала тексеру немесе қылмыстық іс, аттестациялау материалдарына, әскери-медициналық мекемелердің, мұрағат мекемелерінің анықтамаларына сұрау салуды жүргізеді және оларды назарға алады;

      жоғары басшы құрамдағы адамдардың Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясына (бұдан әрі – ІІМ ОӘДК) бекітілуге жататын ауруы туралы куәліктерін қарайды;

      бұдан бұрын құқық қорғау органдарындағы, Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі, Қарулы Күштердегі, қызметтен босатылған, ауруы бойынша мерзімдік қызметтен босатылған және құқық қорғау органдарына қабылдануына (қайта қабылдануына) байланысты төменгі әскери-дәрігерлік комиссияларда куәландырылған адамдардың медициналық сараптамалық құжаттамасын және қорытындыларын қарайды;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарияық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      5. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      6. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Жалпы медицина", "Медициналық-профилактикалық іс", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандықтары бойынша), магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы және (немесе) денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") немесе клиникалық мамандықтар (терапия, хирургия, неврология) дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі (тәжірибесі) кемінде 3 жыл.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-параграфпен толықтырылсын:

      "1-1-параграф. Сырттай сараптама жөніндегі жетекші сарапшы-дәрігер

      6-1. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы медициналық куәландыру көлеміне және сапасына сараптама, ауруларды және физикалық жағдайлардың ерекшеліктерін сараптамалық анықтауды өткізеді;

      ӘДК-ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету және мамандардың біліктілігін жоғарылату бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссиялары қызметінің соңғы нәтижелерінбағалайды;

      ӘДК қызметін талдау материалдары бойынша және көрсеткіштерді бағалау негізінде комиссиялар мамандарының жұмыс формалары мен әдістерін жақсартуға арналған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      аурулардың және зақымдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының және әскери қызметшілерінің өліміне (қаза табуына) әкеп соқтырған аурулар мен зақымдардың (жаралану, жарақаттану, контузия) ауырлық дәрежесінің себепті байланысын анықтауға арналған сырттай әскери-дәрігерлік сараптама материалдарын әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      аурулардың және зақымдардың, оның ішінде өлімге әкеп соқтырған зақымдардың майданда болуымен, басқа да әскери іс-қимылдармен, қызмет өткерумен, әскери қызмет міндеттерін орындаумен, бұрынғы қызметкерлердің және әскери қызметшілердің қызмет міндеттерін орындаумен себепті байланысын анықтауға арналған құжаттарды әзірлеу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      ауру, зақым алу себептері мен жағдайлары көрсетілген құжаттарға, қызметтік және медициналық сипаттамаларға, сараптамалық құжаттарға, әкімшілік және қызметтік тексеру, алдын ала тексеру немесе қылмыстық іс, аттестациялау материалдарына, әскери-медициналық мекемелердің, мұрағат мекемелерінің анықтамаларына сұрау салуды жүргізеді;

      сырттай сараптама материалдары бойынша медициналық құжаттаманы дер кезінде және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведемстволық құқықтық әктілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді, әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Сараптамалық құжаттаманың сақталуын, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың техникалық пайдаланылуын, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын, Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарияық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      6-2. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті,

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын,

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      6-3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Медициналық-профилактикалық іс", "Емдеу ісі", "Педиатрия" "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша), магистрдің дәрежесі/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы дәрежесінің болуы және (немесе) денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") маманының немесе клиникалық мамандықтардың (терапия, хирургия, неврология, психиатрия, отоларингология, офтальмология) бірі бойынша сертификатының (куәлігіңің) болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе сарапшылық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.";

      2-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Бас сарапшы-дәрігер (салалық маман)

      7. Лауазымдық міндеттері:

      қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеруден, емдеуден және куәландырудан өтетін ведомстволық емдеу мекемелеріндегі (бөліністеріндегі) және басқа да денсаулық сақтау мекемелеріндегі емдеу-диагностикалық жұмысты талдауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама материалдары бойынша ведомстволық емдеу мекемелерінің (бөліністерінің) және басқа да денсаулық сақтау мекемелерінің емдеу-диагностикалық жұмысын тексеруге қатысады;

      ішкі істер органдарының төменгі тұрған штаттық және штаттық емес (уақытша жұмыс істейтін) әскери-дәрігерлік комиссияларының қызметіне бағалау және талдау жүргізеді, оларға әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша кеңестік, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

      төменгі тұрған әскери-дәрігерлік комиссиялардың қорытындыларына шағым түскен жағдайда азаматтарды куәландыруды және қайта куәландыруды жүргізеді;

      құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сараптамалық-медициналық құжаттары бойынша алқалы түрде сырттай әскери-дәрігерлік сараптама өткізеді, аурулардың және оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің өліміне (қаза табуына) әкеп соқтырған зақымдардың себепті байланысын, қызметкерлер алған зақымдардың (жараланудың, жарақаттанудың, контузияның) ауырлық дәрежесін анықтайды;

      жоғары басшы құрамдағы адамдардың ІІМ ОӘДК-де бекітілуге жататын ауруы туралы куәліктерін қарайды;

      медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      еңбек тәртібін, этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      8. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін және статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      9. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім, магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы немесе лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық немесе лауазымының атауына сәйкес келетін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін және статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      18. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттық курсты бітіргені туралы куәлігіңің болуы, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді,

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистиканы;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      іс қағаздары жүйесін және мұрағат ісін жүргізу бойынша әдістемелік және нормативтік-техникалық құқықтық актілерді, құжаттарды мұрағатқа қабылдау және тапсыру, оларды сақтау және пайдалану тәртібін, олардың қолданыстағы классификациясын, тұрақты және уақытша сақталатын құжаттардың және құжаттарды жою туралы актілердің тізбесін жасау тәртібін, істерді ресімдеу, оларды сақтауға және пайдалануға әзірлеу тәртібін, есепке алуды және есеп беруді жүргізу тәртібін;

      еңбек заңнамасының негіздерін;

      ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы";

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексті;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын;

      әскери-дәрігерлік сараптама, психофизиологиялық куәландыру мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді, жұмыс тақырыбы, психологиялық тестілеу әдістемесі жөніндегі нормативтік материалдарды;

      статистиканың теориялық негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.";

      3-бөлім. алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының Басқармасы (М.Ш. Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі