"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына өзге

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27310 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бекітілсін:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері Жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;";

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары бекітілсін.;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      осы Қағидалардың 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімдеуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізеді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";

      осы Қағидалардың 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттар Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді, қабылданған құжаттар Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік корпорацияның тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімдеуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізеді; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияның беру бөліміне береді.";

      6-қосымшадағы:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген

  ",

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін:
қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша:
заңды тұлғаны, филиалды (өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы өтініш; өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш; өндірістік кооперативті мемлекеттік тіркеу туралы өтініш, өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініш және банк шотын ашу және жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына кірмей жүзеге асыратын (жүзеге асыратын) жағдайларды қоспағанда) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) қоса беріледі.
Мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілім ұстаушының белгісі бар өтінішті ұсынады.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері жоқ тұлғаларды қоспағанда, шетел қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша ұсынылуға тиіс: - құрылтайшы-шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндінің көшірмесі немесе басқа заңдастырылған құжат, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен; -қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік құрылтайшының төлқұжатының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграциясы арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік паролді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Акционерлік қоғам:
өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғы; құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жалғыз қатысушының шешімі; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады.
Сенім серіктестігі:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Толық серіктестік:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Өндірістік кооператив:
Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелерінің тізімі; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Тұтыну кооперативі:
жарғы; құрылтай шарты; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат; тұтыну кооперативі азаматтар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН және тұрғылықты жері және заңды тұлғалар үшін - орналасқан жері, банктік деректемелері және БСН көрсетілген осы кооперативтер мүшелерінің тізімін ұсынады;
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Мемлекеттік кәсіпорын:
жарғы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорынды құру туралы шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Мемлекеттік мекемесі:
мемлекеттік мекемені құру туралы шешім; ереже (жарғы); заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі:
жарғы; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері сондай-ақ осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері мен ЖСН көрсетілген тізімін ұсынады.
Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі:
кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнама қорытындысы бойынша дауыс беру парақтары бар хаттама; жарғы; заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат; кондоминиум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы Мемлекеттік акт не тіркеуші органның мөртабаны бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді растайтын құжат; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Мүлік иелерінің бірлестігі:
жиналыс хаттамасы; мүлік иелері бірлестігінің Жарғысы;- мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Адвокаттар алқасы:
адвокаттар алқасы мүшелерінің Құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғы; жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Нотариаттық палата:
нотариаттық палатаның жоғарғы басқару органы бекіткен жарғы; жарғыны бекіту туралы жоғарғы басқару органының шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Қор:
жарғы; құрылтай шарты (құрылтайшылардың саны біреуден артық болған жағдайда); жарғыны бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Бірлестік:
қабылданған жарғы, құрылтай съезінде (конференциясында, жиналысында); съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысы қол қойған Жарғыны қабылдаған құрылтай съезінің (конференциясының, жиналысының) хаттамасы; Тегі, Аты, Әкесінің аты ( бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері, үй және қызмет телефондары, жеке қолы көрсетілген қоғамдық бірлестіктің бастамашы-азаматтарының тізімі; қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Саяси партияларды тіркеу кезінде қосымша:
партия бағдарламасы; мүшелерінің тізімдері құрамында жиырма мың партия мүшелерін құрайтын барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада партияның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін, әрқайсысының құрамында кемінде алты жүз партия мүшесі бар, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетілген партия мүшелерінің тізімі ұсынылады; Саяси партияны құру үшін саяси партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті тіркеуші органға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, сондай-ақ "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес саяси партияны құру ниеті туралы хабарлама береді:
1) Осы Қағидаларға 13-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша саяси партияны құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының электрондық (EXCEL форматында) және қағаз жеткізгіштерде тізімі және Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық және қағаз жеткізгіштерде ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер;
2) ұйымдастыру комитетінің құрылу мақсаты, саяси партияның болжамды атауы, орналасқан жері, ұйымдастыру комитетінің ақшасы мен өзге де мүлкін қалыптастырудың мен пайдаланудың болжамды көздері, сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің қаражатын қалыптастыру үшін есеп айырысу шотын ашуға және оның қызметін қамтамасыз ету үшін азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға уәкілеттік берілген ұйымдастыру комитетінің мүшелері туралы мәліметтер көрсетілетін ұйымдастыру комитеті жиналысының хаттамасы.
Тіркеуші орган осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген хабарлама мен құжаттарды алған күні ұйымдастыру комитетінің уәкілетті тұлғасына осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың тапсырылғанын растайтын құжаттардың тапсырылғаны туралы растама береді. Саяси партияларды тіркеу кезінде қосымша ұсынылады: партия бағдарламасы; құрамында жиырма мың партия мүшелерін құрайтын барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалада және астанада партияның құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін, Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық (EXCEL форматында) және қағаз жеткізгіштерде партияның кемінде алты жүз мүшесі бар партия мүшелерінің тізімдері.
Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігі, жеке кәсіпкерлер бірлестігі:
жарғы; бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шарты; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Аудиторлар палатасы:
жарғы; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Діни бірлестік:
діни бірлестіктің басшысы қол қойған діни бірлестіктің жарғысы; Құрылтай жиналысының (съездің, конференцияның) хаттамасы); осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылатын діни бірлестіктің бастамашы азаматтарының электрондық және қағаз жеткізгіштердегі тізімі; діни бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжат; діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашатын және оған сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтерді қамтитын баспа діни материалдары;
мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат; діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не басшыны шетелдік діни орталық тағайындаған жағдайда уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат.
Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасайтын жергілікті діни бірлестіктердің әрқайсысына қатысушылардың тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариалды куәландырылған көшірмелері қосымша ұсынылады; республикадан тыс жерлерде басшылық орталығы бар діни бірлестік қосымша:
шетел орталығы Жарғысының қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмесі;
діни орталық өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар тізілімнен үзінді немесе басқа құжат. Діни басқармалар (орталықтар) құрған діни оқу орындарының, мешіттердің, монастырлардың және өзге де діни бірлестіктердің жарғыларын (ережелерін) осы діни басқармалар (орталықтар) бекітеді.); тіркеу үшін Діни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының оларды құру туралы шешімі ұсынылады;
Мемлекеттік мекемесі:
меншік иесінің мекемені құру туралы шешімі; ереже (жарғы); құрылтай шарты немесе ұқсас келісім (меншік иелерінің (құрылтайшылардың) саны біреуден артық болған жағдайда); мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Бағалаушылар палатасы:
жарғы; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Заң консультанттары палатасы:
жарғы; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі; мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат.
Адвокаттық кеңсе:
жарғы; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті органның шешімі; заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат. филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін): қазақстандық заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі): осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі-өтініш);
Өтінішке коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорациясына төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен қазақ және орыс тілдерінде екі данада филиал (өкілдік) туралы ереже, Жарғының (Ереженің) көшірмелері және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады. Егер заңды тұлғаның басшысы филиалдың (өкілдіктің) басшысы болып табылса, тіркеуші органға сенімхат беру талап етілмейді.
Филиал (өкілдік) құрған кезде мемлекеттік кәсіпорын филиал (өкілдік) құруға Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) келісімін растайтын құжатты қосымша ұсынады); шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі)
осы Ережеге 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік тіркеу туралы өтініш (бұдан әрі-өтініш); заңды тұлға органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереже; заңды тұлға органы филиал немесе өкілдік басшысына берген, қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар сенімхат; заңды тұлғаның филиал (өкілдік) құру туралы қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар шешімі;сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат, қазақ және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен; қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмесі; шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге құжат немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін мемлекеттік корпорацияға төлегенін растайтын құжат. Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін:
осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4–қосымшаларға сәйкес өтініш (бұдан әрі-өтініш); заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі немесе Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімі; бірігу, қосылу, қайта құру кезінде-өткізу актісі, бөлу, бөліп шығару кезінде-заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелер көрсетілген бөлу балансы және заңды тұлғаның уәкілетті органының өткізу актісі мен бөлу балансын бекіту туралы шешімі; кредиторлардың заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжат; коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат немесе емлекеттік корпорацияға коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін алым төленгенін растайтын құжат.
Порталда:
шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк шотын ашумен және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына кірмей жүзеге асыратын (жүзеге асыратын) жағдайларды қоспағанда) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді; орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу және банк шотын ашу туралы және қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынасына кірмей жүзеге асыратын (жүзеге асыратын) жағдайларды қоспағанда) өтініш береді.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (Саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу үшін) жарғының (ереженің) электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі; қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі.
Акционерлік қоғам үшін:
өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамды қоспағанда, жарғының (ереженің) электрондық көшірмесі; құрылтай жиналысы хаттамасының электрондық көшірмесі не жалғыз қатысушының шешімі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі; заңнамада көзделген жағдайларда монополияға қарсы орган келісімінің электрондық көшірмесі.
Өндірістік кооператив үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жері көрсетілген өндірістік кооператив мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Тұтыну кооперативі үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; құрылтай шартының электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі; азаматтар үшін – олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН және тұрғылықты жері және заңды тұлғалар үшін - орналасқан жері, банктік деректемелері және БСН туралы мәліметтер көрсетілген осы кооперативтер мүшелері тізімінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның кәсіпорын құру туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Мемлекеттік мекеме үшін:
мемлекеттік мекемені құру туралы шешімнің электрондық көшірмесі; Ереженің электрондық көшірмесі (жарғы); "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі; осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және ЖСН көрсетілген тізімінің электрондық көшірмесі.
Үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі үшін:
кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің құрылтай жиналысы хаттамасының немесе жазбаша сауалнама қорытындылары бойынша дауыс беру парақтары бар хаттаманың электрондық көшірмесі; жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі; кондоминиум объектісін тіркеу немесе қайта тіркеу туралы Мемлекеттік актінің не тіркеуші органның мөртабаны бар кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Адвокаттар алқасы үшін:
адвокаттар алқасы мүшелерінің құрылтай жиналысы (конференциясы) бекіткен жарғының электрондық көшірмесі; жарғыны бекіту туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Нотариаттық палата үшін:
нотариаттық палатаның жоғары басқару органы бекіткен жарғының электрондық көшірмесі; жарғыны бекіту туралы жоғары басқару органы шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Қор үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; құрылтай шартының электрондық көшірмесі (құрылтайшылар саны біреуден артық болған кезде); жарғыны бекіту туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; алқалы органның (қамқоршылық кеңестің) атқарушы органды тағайындау туралы шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі;
Бірлестік үшін:
құрылтай съезінде (конференцияда, жиналыста) қабылданған жарғының электрондық көшірмесі; жарғыны қабылдаған құрылтай съезі (конференциясы, жиналысы) хаттамасының съездің (конференцияның, жиналыстың) төрағасы мен хатшысының қолы қойылған электрондық көшірмесі; тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), ЖСН, тұрғылықты жерін, үй және қызметтік телефондарын, жеке қолын көрсете отырып, қоғамдық бірлестіктің бастамашы азаматтары тізімінің электрондық көшірмесі; қоғамдық бірлестіктің орналасқан жерін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі; Мүліктің меншік иелерін біріктіру мақсатындағы тіркеу ақпараттандыру объектілерін және "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқорын электрондық түрде интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестіктері, дара кәсіпкерлер бірлестіктері үшін: жарғының электрондық көшірмесі; бірлестіктің барлық құрылтайшылары қол қойған құрылтай шартының электрондық көшірмесі; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі.
Аудиторлар палатасы үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі.
Бағалаушылар палатасы үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі.
Заң консультанттары палатасы үшін:
жарғының электрондық көшірмесі;заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі.
Адвокаттық кеңсе үшін:
жарғының электрондық көшірмесі; заңды тұлғаны құру туралы уәкілетті орган шешімінің электрондық көшірмесі; "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымының төлемі; филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу үшін.
Қазақстандық заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі):
есептік тіркеу туралы өтінім беріледі; коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың филиалдары (өкілдіктері) үшін заңды тұлға бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесі, жарғының (ереженің) көшірмелері және филиалдың (өкілдіктің) басшысына берілген заңды тұлғаның (қоғамдық және діни бірлестіктерді қоспағанда) сенімхаты қосымша ұсынылады.
Мемлекеттік кәсіпорын филиалды (өкілдікті) құрған кезде филиалды (өкілдікті) құруға Ұлттық банктің не мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады; шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі):
есептік тіркеу туралы хабарлама; заңды тұлғаның органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы ереженің электрондық көшірмесі; заңды тұлғаның органы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар электрондық көшірмесі; заңды тұлғаның филиалды (өкілдікті) құру туралы шешімінің нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар электрондық көшірмесі; сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің немесе Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашатын осы субъектінің өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып саналатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжаттың қазақ және орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар электрондық көшірмесі; заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы бар электрондық көшірмесі; шетелдік коммерциялық емес ұйымның филиалын (өкілдігін) есептік тіркегені үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе шетелдік коммерциялық ұйымның филиалы (өкілдігі) үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.
Қайта ұйымдастыру арқылы құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін беріледі:
хабарлама; Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 231-бабында және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе меншік иесі уәкілеттік берген орган, құрылтайшылар (қатысушылар) шешімінің, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімінің немесе соттың шешімінің электрондық көшірмесі; заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелер көрсетілген бөлу балансының электрондық көшірмесі және заңды тұлғаның уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөлу балансын бекіту туралы шешімі бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде – тапсыру актісінің электрондық көшірмесі, бөліну, бөлініп шығу кезінде – қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы; кредиторлардың заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы жазбаша хабарламасын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; коммерциялық емес ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлеу немесе коммерциялық ұйымға жататын қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның қызметін тоқтатқаны үшін Мемлекеттік корпорацияға төлемді растайтын құжат.шығу кезінде – қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар жалдау шарты және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болып табылады.
Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болып табылған жағдайда, онда заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде үй-жайды беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі ұсынылады.
Акционерлік қоғамдар мен Мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын қоспағанда, коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылмайды. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде заңда көзделген жағдайларда бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатының болуы туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы алады.

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      осы Қағидалардың 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізеді, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік корпорацияға береді немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";

      осы Қағидалардың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тексереді және қабылданған құжаттар заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы Мемлекеттік корпорацияның тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оны орындауға береді.

      Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізеді; заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтама немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияның беру бөліміне береді.";

      5-қосымшадағы:

      "Заңды тұлғаларды қайта мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі стандарты өзгермейді;

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасына (бөліміне) жолдайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізеді, заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы, бизнес–сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік (қайта) тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік (қайта) тіркеу туралы анықтама немесе заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік корпорацияға береді немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құжаттар Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды және қабылданған құжаттарды қабылдайды, тексереді және қабылданған құжаттар заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы Мемлекеттік корпорацияның тиісті бөлімшесіне жіберіледі.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының (бөлімінің) басшысы 15 минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды және оған орындауға береді.

      Жауапты орындаушы: ұсынылған құжаттардың дұрыс толтырылуын (ресімделуін) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда заңды тұлғаны құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықты ресімдейді, Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне мәліметтерді енгізеді; заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген филиалды (өкілдікті) есептік (қайта) тіркеу туралы анықтаманы ресімдейді, іс ресімделгеннен кейін (БСН берілгенін растайтын тиісті мөртабандар қойылғаннан кейін) құрылтай және басқа құжаттардың бір-бір данасынан тұратын істі ресімдейді.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы, филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркеу туралы анықтама немесе заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі. Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияның беру бөліміне береді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлға (филиал және өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі.

      Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік корпорацияға береді немесе портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес құжаттар келіп түскен кезде қызметкер құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және Мемлекеттік корпорацияның заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы тиісті бөлімшесіне тізілім бойынша табыстайды.

      Заңды тұлғаларды тіркеу басшысы 15 минуттың ішінде жауапты атқарушыны анықтайды және оған орындауға табыстайды.

      Жауапты орындаушы: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тарату тәртібінің сақталуын тексереді және бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда Ұлттық тізілімге заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтерді енгізеді; заңды тұлғаның (филиалдың және өкілдіктің) қызметін тоқтатуды тіркеу, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) күшін жою және оны Ұлттық тізілімнен шығару туралы бұйрық шығарады.

      Жауапты орындаушы қарағаннан кейін заңды тұлға (филиал және өкілдік) қызметінің тоқтатылуын тіркеу туралы бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді бұйрық басшылыққа қол қоюға жіберіледі.

      Басшылық қол қойған құжаттарды жауапты орындаушы Мемлекеттік корпорацияның табыстау бөліміне береді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      6-қосымшада тақырыпқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі тақырып өзгермейді;

      1-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі тармақ өзгермейді;

      4-қосымшада тақырыпқа орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі тақырып өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      4-қосымшадағы:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсің.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі