Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27203 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2022 жылғы 11 наурыздағы
№ 56 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір бұрықтардың тізбесі

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14534 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 282 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18018 болып тіркелген).

      3."Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19804 болып тіркелген).

      4. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 8 шiлдедегi № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20948 болып тіркелген).