Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 19804 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 56 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) жауапты құрылымдық бөлімшелері тиісті ақпараттарды ашық деректердің интернет-порталында орналастыра отырып, ашық деректер тізбесінде көзделген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

      3. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14763 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Агенттіктің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты одан әрі орындау үшін Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын онымен таныстыруды;

      3) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
А. Жаилғанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 226 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректер интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 08.07.2020 № 118 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ашық деректер жиынының атауы Өзекті ету кезеңі Ұсыну мерзімі Ашық деректер интернет-порталының дереккөзі (автоматтандырылған жұмыс орны арқылы (бұдан әрі – АЖО) немесе мемлекеттік органның API жүйесі арқылы) Жауапты бөлімше

1.

ҚР МҚІА құрылымы туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Персоналды басқару қызметі

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

жыл сайын

15 қаңтарға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті

3.

ҚР МҚІА аумақтық органдары,
ведомстволық бағынысты ұйымдары туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Персоналды басқару қызметі

4.

ҚР МҚІА бос орындар туралы ақпарат

тоқсан сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Персоналды басқару қызметі

5.

ҚР МҚІА басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

тоқсан сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Әкімшілік департаменті

6.

ҚР МҚІА Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат

жыл сайын

20 қаңтарға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Әкімшілік департаменті

7.

Мемлекеттік қызмет кадрларының гендерлік құрамы туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

8.

Мемлекеттік қызмет кадрларының жас құрамы туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

9.

Мемлекеттік қызметшілердің білімі туралы статистикалық ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті ҚР Президенті жанындағы МБА

10.

Мемлекеттік қызметшілердің өтілі туралы статистикалық ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

11.

Мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

12.

Мемлекеттік органдарда конкурстар өткізу нәтижелері туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

13.

Мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы білуі бойынша тестілеу нәтижелері және жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері туралы статистикалық ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

"Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы

14.

ҚР МҚІА Әдеп жөніндегі кеңестерінің жұмыс нәтижелері туралы ақпарат

тоқсан сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

15.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері туралы ақпарат

тоқсан сайын

есептік кезеңінен кейінгі айдың 20-күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті

16.

Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша халықаралық шарттар тізбесі

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

17.

ҚР МҚІА желісі бойынша жүргізілетін халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

18.

ҚР МҚІА стратегиялық жоспары

бекіту қорытындысы бойынша

оны бекіткен күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

19.

ҚР МҚІА операциялық жоспары

жыл сайын

ҚР МҚІА стратегиялық жоспарына қол қойылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

20.

ҚР МҚІА Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есеп

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Стратегиялық әзірлемелер мен халықаралық бағдарламалар департаменті

21.

ҚР МҚІА ұсынылатын мемлекеттік қызметтер тізбесі

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

22.

Персоналды басқару бойынша жұмыс тиімділігін бағалау нәтижелері

жыл сайын

1 қыркүйекке

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

23.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте ғылыми-зерттеу, оқу, баспа қызметіне қатысу

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті
ҚР Президенті жанындағы МБА

24.

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін, оның ішінде шетелде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қызметі туралы ақпарат

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

25.

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау нәтижелері

тоқсан сайын

есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Әкімшілік департаменті

26.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау нәтижелері туралы ақпарат

жарты жылда бір рет

есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті

27.

Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі

жыл сайын

20 ақпанға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

28

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түскен мемлекеттік қызметшілер туралы статистикалық деректер

жыл сайын

30 қыркүйекке дейін

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

ҚР Президентінің жанындағы МБА, ҚР МҚІА Мемлекеттік қызмет департаменті

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚР МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      ҚР Президенті жанындағы МБА – "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      AЖО – ашық деректердің жиынын орналастыру үшін интернет-порталда мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны;

      API – (application programming interface) – сыртқы бағдарламалық өнімдерде пайдалану үшін қосымшамен (кітіапхана, сервис) ұсынылатын қосымшаларды бағдарламалау интерфейсі, дайын бағдарламалар жиыны.