Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/6-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 7 сәуірде № 8537 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 15/2-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 19.05.2022 № 15/2-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 2-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2021 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Сессияның төрағасы А. Афанасьев
      Қалалық мәслихат хатшысы Е. Нужных

  Риддер қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 04 наурыздағы
№ 3/6-VII шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілдеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1 тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Риддер қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органы есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті Риддер қаласы әкімнің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Риддер қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі-Алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      4. Осы Қағидалар Риддер қаласының аумағында тіркелген және тұрақты тұратын тұлғаларға қолданылады.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелерге сәйкес жүргізеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде азаматтарды осы Қағидалармен бекітілген мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Риддер қаласының әкімдігі белгілейді және Риддер қалалық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста Риддер қалалық мәслихатымен белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      8. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      4) туғанынан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;

      5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функциялары тұрақты бұзылған тұлғалар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген тұлғалар;

      7) жасының егде тартуына байланысты ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне – өзі күтім жасай алмайтын тұлғалар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ тұлғалар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан тұлғалар;

      11) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;

      12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған тұлғалар;

      13) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар тұлғалар (отбасылар).

      9. Адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысының шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 342,818 (үш жүз қырық екі бүтін мыңнан сегіз жүз он сегіз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      11. Біржолғы әлеуметтік көмек табысы есепке алынбай келесі санаттағы азаматтарға атаулы күндер мен мереке күндеріне беріледі:

      1) 15 ақпан – Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасы аумағынан шығару күні (негіздердің бірі бойынша):

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлеріне 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне- 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 4,294 (төрт бүтін мыңнан екі жүз тоқсан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (негіздердің бірі бойынша):

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ "Ана даңқы" және I және II-дәрежелі ордендерімен наградталған көп балалы аналарға - 5,0 (бес бүтін оннан нөл) айлық есептік көрсеткіш;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары,оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірумен қатар орта,техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 5,0 (бес бүтін оннан нөл) айлық есептік көрсеткіш;

      3) 26 сәуір – Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні (негіздердің бірі бойынша):

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 33,4 (отыз үш бүтін оннан төрт) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға және олардың ата-аналарының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған балаларына – 23,857 (жиырма үш бүтін мыңнан сегіз жүз елу жеті) айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына– 5,153 (бес бүтін мыңнан жүз елу үш) айлық есептік көрсеткіш;

      4) 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – көру қабілеті бойынша 1, 2 топ мүгедектері – 5,0 (бес бүтін оннан нөл) айлық есептік көрсеткіш;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күні (негіздердің бірі бойынша):

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 342,818 (үш жүз қырық екі бүтін мыңнан сегіз жүз он сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек бол бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қаыіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына-34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық еспетік көрсеткіш;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгіленген жеңілдікті шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған адамдарға - 34,282(отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шет елдердің аумағында партизан отрядтары,астыртын топтар және басқа да фашизимге қарсы құралымдар құрамында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңiнде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 34,282 (отыз төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен екі) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;

      Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына – 4,285 (төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 10,285 (он бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;

      6) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр – саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен тұлғаларға – 4,285 (төрт бүтін мыңнан екі жүз сексен бес) айлық есептік көрсеткіш;

      7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні (негіздердің бірі бойынша):

      16 жасқа дейінгі бала (мүгедек балалар) асыраушы тұлғаға – 4,8 (төрт бүтін оннан сегіз) айлық есептік көрсеткіш;

      кәмелетке толмаған жетім баланы (жетім балаларды), ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы(балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғаға - 4,8 (төрт бүтін оннан сегіз) айлық есептік көрсеткіш.

      12. Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы бар он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек кемінде 23,519 (жиырма үш бүтін мыңнан бес жүз он тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

3 тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Риддер қаласының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.

      14. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалады және көрсетілген санаттағы адамдар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаса көрсетіледі.

      15. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға Үлгілік қағидаларының 13-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін қоса бере отырып, өтініш береді.

      16. Өмірде қиын жағдайда жүрген, оның ішінде табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен тұлғалар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      17. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мешелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      18. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      19. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      20. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

      21. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      22. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      23. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      24. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      25. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың он сегіз және он тоғыз тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      26. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4 тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      29. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      30. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5 тарау. Қорытынды ереже

      31. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Риддер қалалық мәслихатының
2021 жылғы 04 наурыздағы
№ 3/6-VII шешіміне қосымша

Риддер қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 болып тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымда № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған).

      2. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/7-V Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2015 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 13 ақпанда № 7 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3636 болып тіркелді).

      3. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 18 наурыздағы № 32/8-V Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 24 сәуірде № 17 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3864 болып тіркелді).

      4. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 40/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 12 ақпанда № 7 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 4358 болып тіркелді).

      5. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 11 наурыздағы № 43/17-V Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2016 жылғы 20 сәуірде электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 29 сәуірде №18 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4475 болып тіркелді).

      6. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 20 шілдедегі № 4/8-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2016 жылғы 29 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 14 қыркүйекте электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4648 болып тіркелді).

      7. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 19 сәуірдегі № 10/7-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2017 жылғы 11 мамырда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5002 болып тіркелді).

      8. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 21/8-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2018 жылғы 23 мамырда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-4-173 болып тіркелді).

      9. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 28 ақпандағы № 30/11-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2019 жылғы 26 наурызда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5772 болып тіркелді).

      10. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 15 шілдеде № 34/5-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2019 жылғы 29 шілдеде электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6077 болып тіркелді).

      11. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қазандағы № 36/2-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2019 жылғы 27 қарашада электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6288 болып тіркелді).

      12. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 20 наурыздағы № 39/23-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2020 жылғы 17 сәуірде электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6870 болып тіркелді).

      13. "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 41/3-VI Риддер қалалық мәслихатының шешімі (2020 жылғы 28 мамырда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7111 болып тіркелді).