"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V Риддер қалалық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу т

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы N 32/8-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 сәуірде N 3864 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/6-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жығы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3341 тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
       11 тармақтың 5 тармақшасының жетінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға – 90000 (тоқсан мың) теңге";
      11 тармақтың 5 тармақшасының сегізінші азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 90000 (тоқсан мың) теңге";
      11 тармақтың 5 тармақшасының тоғызыншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына - 90000 (тоқсан мың) теңге";
      11 тармақтың 5 тармақшасының оныншы азат жолы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерімен наградталғандарға - 25000 (жиырма бес мың) теңге";
       11 тармақтың 5 тармақшасы келесі мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "жеңілдіктер және кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына: Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 60000 (алпыс мың) теңге;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. БЕЛЯЕВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО