Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толыктырулыр ен

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 21/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 15 мамырда № 5-4-173 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2021 жылғы 4 наурыздағы № 3/6-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 04.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің,мөлшерлерін белгілеудің жәнемұқтаж азаматтардың жекелегенсанаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3341 тіркелген, 2014 жылғы 06 маусымда "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 26/9-V шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      7-тармақ келесі мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "2-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;";

      7-тармақтың 10) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "10) пробация қызметі есебінде болғандар;";

      11- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан - басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:

      "Алтын алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға; "Күміс алқа" алқасымен марапатталған көп балалы аналарға; кәмелетке толмаған төрт немесе оданда аса балалармен бірге тұратын көп балалы отбасыларға 5 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын халықаралық Еске алу күні - 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Қазақстан халқының бірлік күні – 1 мамыр – көру бойынша 1, 2 топ мүгедектері – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      5) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 айлық есептік көрсеткіш;

      қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелді қалаларда болған Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу – көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу – көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен марапатталған азаматтарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерімен марапатталғандарға – 25 айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға:

      Чернобыль АЭС апат салдарынан және басқа радиациалық апаттардан және азаматтық немесе әскери белгіленген объектілердегі апаттардан, ядерлік қару сынағынан мүгедек болған тұлғаларға және әке-шешесінің біреуінің радиациалық сәулесімен генетикалық байланысты мүгедектігі бар балаларына - 25 айлық есептік көрсеткіш;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      жеңілдіктер және кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына: Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға – 0,84 айлық есептік көрсеткіш;

      6) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз:

      16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға – 2,08 айлық есептік көрсеткіш.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Сессия төрағасы В. Стребков
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко