"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен м

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы № 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 желтоқсанда № 25958 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз нысанында көрсетіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері жүгінгенде, жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жақын арадағы жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде қағаз тасығыштағы өтініштің көшірмесінде күні, уақыты (сағаты, минуты), өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, лауазымы көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрамның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетінқызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қабылдаған күні тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысын (бұдан әрі – инженер-инспектор) анықтайды.

      Инженер-инспектор өтініш қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын және өтініштің Заңның 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Инженер-инспектор өтініштегі мәліметтерді осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша машиналар кепілінің тізіліміне енгізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – машиналардың кепілін тіркеу туралы куәлікті немесе машиналардың кепілін тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе кепілді тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу), тіркелген кепілдің қолданысын тоқтатуды тіркеу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты ресімдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға не Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанда жіберіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған тіркеуші органға (көрсетілетін қызметті берушіге) және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Тіркеуші орган (көрсетілетін қызметті беруші) шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын, қолайлы акт қабылданған, әкімшілік әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:

      жергілікті атқарушы орган тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Тіркеуші органның (көрсетілетін қызметті берушінің), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабы 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 3, 4 және 7-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 384 бұйрығына
1-қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерін, жүріп өту
мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
3-қосымша

"Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру немесе кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу, тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы алым төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553-бабына сәйкес:
1) жеке тұлғалардан – 1 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК));
2) заңды тұлғалардан – 5 АЕК-ні;
3) кепілдің тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін – 0,5 АЕК-ні құрайды.
Тіркеу алымын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысында екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз нысында "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияның – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мейрам күндері жүгінгенде жолданымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
3) Мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz интернет-ресурсында;
4) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті берушіге және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының, не өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (бірдейлендіру үшін);
Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кепілді тіркеу үшін бюджетке Салық кодексіне сәйкес алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайды қоспағанда).
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) кепілді тіркеу туралы өтініштің "Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) кепілді тіркеу туралы өтінішпен тиісті емес адамның жүгінуі;
4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжаттың болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизацияландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.gov.kz мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасындағы интернет-ресурста көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 384 бұйрығына
2-қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерін, жүріп өту
мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, тіркеуші орган _________ және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ____________________ мекенжайы бойынша орналасқан №_______ филиалының бөлімі Сіздің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11708 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      1) _________________________________________;

      2) _________________________________________;

      3) _________________________________________

      ұсынбауыңызға байланысты "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бір данадан 2 данада жасалды.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Орындаушы: _________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Телефоны ________________

      Алдым: ___________________________________________________________

                  (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__ жылғы "___" _________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 384 бұйрығына
3-қосымша
  Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнаулы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелерін, өздігінен
жүретін ауылшаруашылық,
мелиорациялық және жол-
құрылыс машиналары мен
механизмдерін, жүріп өту
мүмкіндігі жоғары арнайы
машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы және мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тіркеуші орган

      _________________________________________________________________

      (атауы мен мекенжайы көрсетіледі)

      _________________________________________________________________

                  (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі)

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      Бас тарту үшін негіздер: _______________________________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (тіркеуші орган басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/

      электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      20__ жылғы "___" _________