"Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығына өзгерістер мен

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25689 болып тіркелді

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасында сот билігі туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы" 1998 жылғы 14 мамырдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 8, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 2 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) нормативтік қаулының бүкіл мәтіні бойынша "өндірісін", "өндірісіндегі", "өндірісінде", "мәжілісінде", "мәжілісінің", "мәжілісі", "мәжіліс", "мәжілісінен" деген сөздер тиісінше "жүргізуін", "жүргізуіндегі", "ісін жүргізуінде", "отырысында", "отырысының", "отырысы", "отырыс", "отырысынан" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 11-тармақтағы "дөрекі" деген сөз "өрескел" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2. "Қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың адамның жеке бас бостандығын сақтау және қадір-қасиетіне қол сұқпау, қинауға, зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы мәселелер жөніндегі нормаларын қолдану туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1, 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3, 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 2, 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) мынадай мазмұндағы 15-2, 15-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "15-2. Конвенцияның 16-бабының ережелерін іске асыру мақсатында қатыгез немесе адамның ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің әрбір фактісіне құқықтық баға берілуге тиіс. Мұндай әрекеттер ҚК-нің 146-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін емес, өзге де уәждермен жасалған және азаптаудың анықтамасына жатпайтын жағдайларда, онда кінәлі адам негіздер болған кезде ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті баптары бойынша жауаптылыққа тартылады.

      15-3. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық процеске тартылған адамның адамгершілік қадір-қасиетін қорлайтын және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрамайтын заңсыз әрекеттерді қылмыстық қудалау органының жасау фактісі анықталған кезде соттар прокурордың тиісті шаралар қабылдауы туралы жекеше қаулы шығаруға міндетті.";

      2) 16-тармақта:

      "жеңіл," деген сөз алып тасталсын;

      ",108" деген цифрлар алып тасталсын;

      3) 21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Қылмыстық процесті жүргізуші орган жәбірленушіге азаптауға байланысты қылмыстар бойынша ҚПК-нің 71-бабы алтыншы бөлігінің 23) тармағына және "Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 131-VI Заңының (бұдан әрі – Қор туралы заң) 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтемақы алу құқығын түсіндіруге міндетті.

      Қор туралы заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары жәбірленушілерге өтемақы ретінде төленген ақшаны кінәлі адамдардан өтетіп алу жөніндегі регрестік талаптарды қояды.";

      3. "Адамды саудаға салғаны үшін жауапкершілік анықтайтын заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3, 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) осы нормативтік қаулының бүкіл мәтіні бойынша "оны пайдалану", "сондай-ақ пайдалану", "пайдаланудың арнайы", "көзделген пайдаланудың", "пайдаланудың басқа да нысандары", "адамды пайдалану", "пайдалану мақсатынсыз", "сексуалдық пайдалану", "пайдалану нысандарының", "Адамды пайдалану", "еңбегін пайдалану", "одан әрі пайдалану", "пайдалану барысында", "Пайдалану", "саудаға салу кезінде пайдалану", "оны пайдалануды", "пайдаланатын", "жәбірленушіні пайдалануға", "пайдалануға келісімі", "оны пайдалануға" деген сөздер тиісінше "оны қанау", "сондай-ақ қанау", "қанаудың арнайы", "көзделген қанаудың", "қанаудың басқа да нысандары", "адамды қанау", "қанау мақсатынсыз", "сексуалдық қанау", "қанау нысандарының", "Адамды қанау", "еңбегін қанау", "одан әрі қанау", "қанау барысында", "Қанау", "саудаға салу кезінде қанау", "оны қанауды", "қанайтын", "жәбірленушіні қанауға", "қанауға келісімі", "оны қанауға" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2) 1-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;

      3) 2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "ҚК" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жәбірленушіні азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сонымен қатар ҚК-нің 128, 135-баптарында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасау кезінде адамды қанау мақсаты міндетті белгі болып табылады. Адам саудасының құрамы формальды болып табылады және адамға қатысты нақты сатып алу-сату, өзге де мәмілелердің жасалған кезден бастап аяқталды деп есептеледі.";

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамды азғырып көндіру, тасымалдау, беру, жасыру, алу және ҚК-нің 128, 135-баптарында көзделген өзге де іс-әрекеттерді жасау кезінде қылмыстың субъективті жағы тікелей пиғылмен сипатталады, ал қылмыстың мақсаты адамды қанау болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қылмыстарды жасау тәсілдері – күш қолдану, оны қолдану қатерін төндіру, ұрлау, нұқсан келтіретін мәліметтерді, фото-, бейнематериалдарды тарату қатерін төндіру, бопсалау, параға сатып алу, алдау, билікті теріс пайдалану, материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану, жеке басы, отбасы жағдайларын қасақана ауырлату және тағы сол сияқты болуы мүмкін.";

      4) 5-тармақтың екінші абзацындағы "тарту оны" деген сөз "тарту осы адамды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Адамды кейін қанау мақсатымен жасыру деп жәбірленушіні тасымалдау, беру, сатып алу-сату, басқа да мәмілелер жасасу үшін қолайлы сәт басталғанға дейін құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыруды (мысалы, арнайы үй-жайларда жасыру, еркін жүруіне кедергі келтіру, дәрі-дәрмекпен физикалық немесе психикалық белсенділігін төмендету) түсінген жөн. Жасыру жәбірленушінің өзін жасырумен қатар оны табуды қиындататын өзге де іс-әрекеттерден (құжаттарын, сыртқы бейнесін өзгерту және тағы басқалар) байқалуы мүмкін.";

      6) 9-тармақта:

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Адам саудасына байланысты істерді қарау кезінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2000 жылғы 15 қарашада қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттама Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 маусымдағы № 37-IV Заңымен ратификацияланғанын ескеру қажет.";

      екінші және үшінші абзацтар тиісінше үшінші және төртінші абзацтар болып есептелсін;

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 135-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін жоспарланған қанауға кәмелетке толмаған жәбірленушінің келісімі назарға алынбайды.";

      7) мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Клиенттер іздестіруді, сатып алу-сату, айырбас шарттарын және басқа да мәмілелерді жасасу үшін сауда-саттық ұйымдастыруды, оның ішінде телекоммуникация желілерін және тағы сол сияқтыны пайдалана отырып ұйымдастыруды адамды қанау мақсатындағы өзге де іс-әрекеттер деп түсінген жөн.

      9-2. Адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарағанда, ҚК-нің 152, 153, 156, 395-баптарында көзделген әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық жұмыс беруші мен қызметкердің арасында еңбек құқық қатынастары орын алған және адамды қанау мақсаты болмаған кезде туындайды.";

      8) 10-тармақта:

      екінші абзацтағы "ҚК-нің 12-бабының" деген сөздер "ҚК-нің 13-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жеңгетайлық жезөкшелікке жәрдемдесу арқылы пайда түсіріп, жыныстық қызмет көрсететін адаммен келісімге келу негізінде жүзеге асырылады.";

      9) 11-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Соттар" деген сөз "Қылмыстық процесті жүргізуші органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "олар" деген сөз "қылмыстық процесті жүргізуші органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жәбірленушілер адам саудасы объектілері ретінде болған жағдайда немесе соның салдарынан қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды құрайтын әрекеттерді жасағаны үшін ҚК-нің 23, 32, 33, 34, 36, 37-баптарында және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 741-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде (мысалы, заңсыз көші-қон, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана кесіп өткені, елден шығарып жіберу туралы шешімді орындамағаны, елде болу ережесін бұзғаны, жалған құжаттарды пайдаланғаны, еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны және тағы сол сияқты үшін) жауаптылыққа тартуға жатпайды.";

      10) мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Адам саудасын ҚК-нің 394-бабында көзделген заңсыз көші-қонды ұйымдастыру құрамынан ажырату керек.

      Заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың мақсаты адамдарды немесе жеке адамды заңсыз өткізу, ал адам саудасының мақсаты адамды қанау болып табылады.

      Адам саудасы мемлекеттік шекарадан өтумен міндетті түрде байланысты бола бермейді. Ол бір мемлекеттің шегінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру кезінде басқа адамдарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізуді жүзеге асыратын адам мен өткізілетін жеке тұлғаның арасындағы мәміле өз мақсатына жеткеннен кейін тоқтатылады. Ал адам саудасы сауда құрбанын жеке басының бостандығынан айырумен, оны бағындырумен байланысты. Мұндай мәміле адам саудасы басталатын межелі жерге келгеннен кейін де тоқтатылмайды.";

      4. "Қылмыстық жаза тағайындаудың кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 25 маусымдағы № 4 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 13, 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 4-тармақтағы үшінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Сонымен қатар, егер адам қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы деп танылса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы ерекше белсенді рөл ауырлататын мән-жай деп танылуы мүмкін емес.";

      2) 6-тармақтағы екінші абзац мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған жағдайда жазаны ауыстыру туралы мәселені шешкен кезде де адамға тыйым салынған жазаны қолдануға жол берілмейді.";

      3) 7-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "Үкімді орындау тәртібімен, оның ішінде төленбеген айыппұлды бас бостандығынан айырумен ауыстыру кезінде ҚК-нің 55-бабы төртінші бөлігінің қағидаларын қолдануға жол берілмейді.";

      алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар тиісінше жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар болып есептелсін;

      4) 9-1-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адам ҚК-нің 63-бабы қолданылып, шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған кезде үкім заңды күшіне енгенге дейін оны қамауда, үйқамақта ұстау уақыты ҚК-нің 62-бабы үшінші және төртінші бөліктерінің қағидалары бойынша ол нақты бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда жазасын өтеуге жататын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің түрі ескеріле отырып, жазаны өтеу мерзіміне есептеледі.";

      5) 10-тармақтың үшінші абзацындағы "күзетке" деген сөзден кейін ", үйқамаққа" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. ҚК-нің 44-бабының мағынасы бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жаза пробациялық бақылауды белгілеуден және жүзеге асырудан тұрады. Осыған байланысты пробациялық бақылау мерзімі тағайындалатын жазаның мерзіміне сәйкес келуі тиіс.

      Сонымен қатар ҚК-нің 44-бабы мәжбүрлі еңбекке тартудың - жыл сайын жүз сағат мерзімін белгілейді. Осы мерзімді ұлғайтуға немесе төмендетуге жол берілмейді.

      Бас бостандығын шектеуді бір жылдан кем немесе жылдары толмаған мерзімге тағайындаған кезде мәжбүрлі еңбек уақыты еңбекке тартудың жыл сайынғы мерзіміне (жүз сағат) қатысты жаза мерзіміне пропорционалды есептеледі.";

      7) 12-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, егер адам негізгі жазадан ғана босатылып, қосымша жазадан босатылмаса, осы қылмысты жасау бұрынғы сотталғандығын өтейтін мерзімнің өтуін үзеді. Сотталғандықты өтеу мерзімі соңғы қылмысты жасағаны үшін қосымша жазаны өтегеннен кейін жаңадан есептеледі. Рақымшылық актісінің негізінде қылмыстық қудалау тоқтатылған қылмысты жасау бұрынғы сотталғандықты өтеу мерзімінің өтуін үзбейді.";

      төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтар тиісінше бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар болып есептелсін;

      8) 16-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бас бостандығын шектеуге, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартылуға не айыппұл салуға сотталған кезде, егер жаңадан жасалған қылмыс үшін бұлтартпау шарасы таңдалмаса не бас бостандығын шектеумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалса – өтелмеген жаза үкім шығарылған күні анықталады. Алдыңғы үкім бойынша жазаны толық өтеген жағдайда ҚК-нің 60-бабының қағидалары қолданылмайды. Жаңадан жасалған қылмыс үшін күзетпен ұстау не үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған кезде бұлтартпау шарасын таңдау сәтінде қалған мерзімді жазаның өтелмеген бөлігі деп есептеу керек.";

      9) 17-тармақта:

      үшінші абзацтағы "айыруға" деген сөзден кейін "немесе бас бостандығын шектеуге" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 58-бабы алтыншы бөлігінің қағидаларымен қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша жазаны тағайындау кезінде рақымшылық жасау актісі қабылданғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға аталған актіні қолдану мәселесін талқылаған жөн. Бұл ретте рақымшылық жасау актісінің ережелері ол қолданылғаннан кейін қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға, егер бұл туралы актінің өзінде көрсетілсе, қолданылмайтынын ескеру қажет.";

      10) 22-тармақта:

      екінші абзац мынадай мазмұндағы төртінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасаған адамдарға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру тағайындалмайды.";

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 50-тармағында көзделген экстремистік қылмыстар жасағаны үшін қосымша жаза тағайындау кезінде сотталған адам айналысу құқығынан айырылатын қызмет түрі нақты көрсетілуі тиіс (мысалы, саяси партиялардың, саяси қоғамдық бірлестіктер мен қозғалыстардың құрылуына, мүшелігіне, жұмысына қатысуға байланысты қызмет).";

      бесінші және алтыншы абзацтар тиісінше алтыншы және жетінші абзацтар болып есептелсін.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы
Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова