Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысы.

      2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берiлiп отырған шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 21 шілдедегі
№ 441 қаулысымен
бекітілген

Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.04.2022 № 193 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с № Тауардың/субпозицияның атауы СЭҚ ТН коды
1 2 3

"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 202-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қауіпсіздікті тексеруге байланысты Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салулар мен шектеулерді сақтау көзделген тауарлар

1

Арматураланбаған немесе басқа материалдармен құрамдастырылмаған, фитингтерсіз өзге де құбырлар, түтіктер және шлангілер

391732

2

Арматураланбаған немесе басқа материалдармен, фитингтермен құрамдастырылмаған өзге де құбырлар, түтіктер және шлангілер

391733

3

Асбокартон

681299

4

Асбоцементтен, целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе құрамында асбест жоқ ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар: гофрленген табақтар

681181

5

Асбоцементтен, целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе құрамында асбест жоқ ұқсас материалдардан жасалған өзге де бұйымдар, өзгелері

681189

6

Асбоцементтен, целлюлоза талшықтары бар цементтен немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар

681140

7

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған блузкалар, блузалар және блузондар

6206

8

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа)

6204

9

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған майкалар және өзге де ішкі фуфайкалар, комбинациялар, ішкі белдемшелер, трусилер, панталондар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас бұйымдар

6208

10

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған комбинациялар, ішкі белдемшелер, трусилер, панталондар, түнгі жейделер, пижамалар, пеньюарлар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас трикотаж бұйымдар

6108

11

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж блузкалар, блузалар және блузондар

6106

12

Әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, жакеттер, блайзерлер, көйлектер, белдемшелер, белдемше-шалбарлар, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа)

6104

13

Балалар киімі және балалар киіміне керек-жарақтар

6209

14

Боялған немесе боялмаған, құрамында аздаған мөлшерде үдеткіштер немесе баяулатқыштар бар немесе жоқ гипсті байланыстырғыш (кальциленген гипс немесе кальций сульфаты болып табылатын)

252020

15

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе клинкер нысанында портландцемент, қож цементі, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер

2523

16

Винилхлорид полимерлерінен жасалған кеуекті плиталар, табақтар, пленкалар, фольга және жолақ

392112

17

Винилхлорид полимерлерінен жасалған қатты құбырлар, түтіктер және шлангілер

391723

18

Галстуктер, мойынтақтар және мойын орамалдар

6215

19

Гипстен жасалған ою-өрнегі жоқ, тек қағазбен немесе картонмен қапталған немесе арматураланған тақталар, табақтар, панельдер, тақтайшалар және ұқсас бұйымдар

680911

20

Гипстен немесе оның негізіндегі қоспалардан жасалған өзге де бұйымдар

680990

21

Дайын немесе консервіленген балық; бекіре уылдырығы және балық уылдырығынан дайындалған оны алмастырғыштар

1604

22

Еденге арналған өзге де блоктар, тірек немесе қаптайтын тақтайшалар және қыштан жасалған ұқсас бұйымдар

690490

23

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған жейделер

6205

24

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және машинамен немесе қолмен тоқылған ұқсас трикотаж бұйымдар

6107

25

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және бауы бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетіндерден басқа)

6203

26

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған майкалар және өзге де ішкі фуфайкалар, кальсондар, трусилер, түнгі жейделер, пижамалар, суға түскенде киетін халаттар, үй халаттары және ұқсас бұйымдар

6207

27

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж жейделер

6105

28

Ерлерге немесе ұл балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж костюмдер, комплектілер, пиджактар, блайзерлер, шалбарлар, көкірекшесі және баулары бар комбинезондар, бриджилер және шолақ шалбарлар (суға түсетін киімдерден басқа)

6103

29

Ершікті тартқыштар

8701

30

Ескерткіштер немесе құрылыс үшін өңделген тас (сланецтен басқа) және 6801-тауар позициясының тауарларынан басқа, одан жасалған бұйымдар; мозаикаға арналған кубиктер және табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған, негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; жасанды боялған табиғи тастан (сланецті қоса алғанда) жасалған түйіршіктер, үгінділер және ұнтақ:

6802

31

Етті субөнімнен немесе қаннан жасалған өзге де дайын немесе консервіленген өнімдер

1602

32

Жеміс шырындары (жүзім ашытқысын қоса алғанда) және ашытылмаған және құрамында спирт қоспалары жоқ, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған көкөніс шырындары

2009

33

Жол көрпелері мен жамылғылар

6301

34

Жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

8704

35

Жүк-жолаушы автомобиль-фургондарын және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (8702-тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)

8703

36

Жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

8702

37

Кереуетке айналатын немесе айналмайтын отыруға арналған жиһаз (9402-тауар позициясында көрсетілгеннен басқа)

940131000
9401410000
9401610000
9401690000
9401710009
9401800009

38

Киімге өзге де дайын керек-жарақтар; 6212-тауар позициясына енгізілгендерден басқа киім бөліктері немесе киімге керек-жарақтар

6217

39

Кремнеземдік тас ұнынан (мысалы, кизельгурдан, триполиттен немесе диатомиттен) немесе ұқсас кремнеземдік жыныстардан жасалған кірпіштер, блоктар, тақтайшалар және басқа да қыш бұйымдар

690100

40

Кремнеземдік тас ұнынан немесе осыған ұқсас бұйымдардан басқа, өзге де отқа төзімді кірпіштер, блоктар, тақтайшалар және осыған ұқсас отқа төзімді қыш құрылыс материалдары

690290

41

Қолғаптар, биялайлар және митенкалар

6216000000

42

Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей

0401

43

Қоюлатылған немесе қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған сүт және кілегей

0402

44

Қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүт сарысуы; басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған сүттің табиғи компоненттерінен жасалған өнімдер

0404

45

Құрамында асбест жоқ өзге де табақтар, панельдер, тақтайшалар және ұқсас бұйымдар

681182

46

Құрамында 50 мас. % астам глинозем (Аl2О3), ремнезем (SiО2) немесе осы жыныстардың қоспалары немесе қосылыстары бар отқа төзімді кірпіштер, блоктар, тақтайшалар және осыған ұқсас отқа төзімді қыш құрылыс материалдары

690220

47

Құрамында какаосы бар немесе жоқ нан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, тәтті тоқаштар, печенье және өзге де нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер; вафельді пластиналар, фармацевтикалық мақсаттарда пайдалануға жарамды бос капсулалар, мөрлеуге арналған вафельді қабаттар, күріш қағазы және ұқсас өнімдер

1905

48

Құрамында какао бар шоколад және өзге де дайын тамақ өнімдері

1806

49

Құрамында какао жоқ қанттан жасалған кондитерлік өнімдер (ақ шоколадты қоса алғанда)

1704

50

Қыштан жасалған өзге де құрылыс кірпіші

690410

51

Машинамен немесе қолмен тоқылған балалар киімі және балалар киіміне трикотаж керек-жарақтар

6111

52

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж қолғаптар, биялайлар және митенкалар

6116

53

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж майкалар, жеңдері бар фуфайкалар және өзге де ішкі фуфайкалар

6109

54

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж немесе трикотаж емес бюстгальтерлер, белдіктер, корсеттер, иықбаулар, байламдар және ұқсас бұйымдар мен олардың бөліктері

6212

55

Машинамен немесе қолмен тоқылған өзге де трикотаж киім заттары

6114

56

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж свитерлер, пуловерлер, кардигандар, кеудешелер және ұқсас бұйымдар

6110

57

Машинамен немесе қолмен тоқылған спорттық, шаңғы тебуге арналған және суға түсетін трикотаж костюмдер

6112

58

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж колготкалар, ұзын шұлықтар, гольфтар, шұлықтар және подследниктер мен басқа да шұлық-ұйық бұйымдары, қысымды бөліп тарататын компрессиялық шұлық-ұйық бұйымдарын (мысалы, тамырлардың түйнеліп кеңеюімен ауыратын адамдарға арналған шұлықтар) қоса алғанда және табаны жоқ аяқкиім

6115

59

Машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киімге дайын өзге де керек-жарақтар; машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж киімнің бөліктері немесе киімге керек-жарақтар

6117

60

Медициналық гипсті бинттер

3005903100

61

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кәбілдер (коаксиалды кәбілдерді қоса алғанда) және жалғағыш тетіктері бар немесе оларсыз басқа да оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабықшалары бар талшықтардан жасалған талшықты-оптикалық кәбілдер:

8544

62

Орамалдар

6213

63

Отқа төзімді емес құрылыс ерітінділері және бетондар

382450

64

Өзге де жиһаз

940310
9403202009
9403208009
940330
940340
940350000
940360

65

Өзге де пластмассадан жасалған қатты құбырлар, түтіктер және шлангілер

391729

66

Өзге де пластмассадан жасалған тақталар, табақтар, пленка және жолақтар немесе таспалар

392119

67

Өңделген сланец және сланецтен немесе агломерацияланған сланецтен жасалған бұйымдар

680300

68

Пахта, іріген сүт және кілегей, йогурт, айран және өзге де ферменттелген немесе ашытылған сүт және кілегей, қоюлатылған немесе қоюлатылмаған, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылған немесе қосылмаған, дәмді хош иісті қоспалары бар немесе оларсыз, жемістер, жаңғақтар немесе какао қосылған немесе қосылмаған

0403

69

Пластмассадан жасалған есіктер мен табалдырықтар, терезелер мен олардың рамалары

392520

70

Резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе композициялық былғарыдан жасалған табаны бар және үсті табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім

6403

71

Сары май және сүттен жасалған майлар мен өзге де тоң майлар; сүт пасталары

0405

72

Спорттық, шаңғы және суға түсетін костюмдер; өзге де киім заттары

6211

73

Стирол полимерлерінен жасалған кеуекті плиталар, табақтар, пленкалар, фольга және жолақ

392111

74

Табиғи асфальт, табиғи битум, мұнай битумы, минералды шайырлар немесе минералды шайырлар дестесі негізіндегі битум қоспалары (мысалы, битум мастикасы, жол төсемдеріне арналған асфальт қоспалары)

271500

75

Төсек жаймалары, асхана, туалет және асүй жаулықтары

6302

76

Төсеуге арналған тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қыш қабырғаларға арналған қаптауыш тақтайшалар; мозаикалық жұмыстарға арналған қыш кубиктер және негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; әрлеу қыш бұйымдары: мозаикалық жұмыстарға арналған қыш кубиктер және 6907 40-субпозициясына енгізілгендерден басқа, ұқсас бұйымдар

690730

77

Төсеуге арналған тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қыш қабырғаларға арналған қаптауыш тақтайшалар; мозаикалық жұмыстарға арналған қыш кубиктер және негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; өңдеуге арналған қыш бұйымдар: өңдеуге арналған қыш бұйымдар

690740

78

Үш дөңгелекті велосипедтер, самокаттар, педальді автомобильдер және дөңгелектері бар осыған ұқсас ойыншықтар; қуыршақтарға арналған арбалар; қуыршақтар, басқа да ойыншықтар; кішірейтілген өлшемдегі ("масштабтағы") модельдер және қолданыстағы немесе қолданыстағы емес ойын-сауыққа арналған ұқсас модельдер; барлық түрдегі басқатырғыштар

950300

79

Фитингтер

391740

80

Шәлілер, шарфтар, мойын орамалдар, мантильялар, бетперделер және ұқсас бұйымдар

6214

81

Шұжықтар және еттен, етті субөнімнен немесе қаннан жасалған ұқсас өнімдер; солардың негізінде дайындалған дайын тамақ өнімдері

160100

82

Ірімшік және сүзбе

0406

83

Этилен полимерлерінен жасалған қатты құбырлар, түтіктер және шлангілер

391721

84

2825-тауар позициясында көрсетілген кальций оксиді мен гидроксидінен басқа, сөндірілмеген, сөндірілген және гидравликалық әк

2522

85

3801-тауар позициясының тауарларынан басқа, отқа төзімді цементтер, құрылыс ерітінділері, бетондар және ұқсас құрамдар

381600

86

5602, 5603, 5903, 5906 немесе 5907-тауар позицияларының материалдарынан жасалған киім заттары

6210

87

5903, 5906 немесе 5907-тауар позицияларының машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж матадан жасалған киім заттары

611300

88

6103-тауар позициясының бұйымдарынан басқа, ерлерге немесе ұл балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар

6101

89

6104-тауар позициясының бұйымдарынан басқа, әйелдерге немесе қыз балаларға арналған, машинамен немесе қолмен тоқылған трикотаж пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар

6102

90

6203-тауар позициясының бұйымдарынан басқа ерлерге немесе ұл балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар

6201

91

6204-тауар позициясының бұйымдарынан басқа әйелдерге немесе қыз балаларға арналған пальто, қысқа пальто, желбегей, плащтар, күртелер (шаңғы тебетін киімді қоса алғанда), жадағайлар, шекпендер және ұқсас бұйымдар

6202

92

6907 30 және 6907 40-субпозицияларына енгізілгендерден басқа, төсеуге арналған тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қыш қабырғаларға арналған қаптауыш тақтайшалар; мозаикалық жұмыстарға арналған қыш кубиктер және негізіндегі немесе онсыз ұқсас бұйымдар; 6907 30 және 6907 40-субпозицияларына енгізілгендерден басқа, әрлеу қыш бұйымдары, төсеуге арналған тақталар, едендерге, пештерге, каминдерге немесе қабырғаларға арналған қаптауыш тақтайшалар: суды сіңіру коэффициенті 0,5 мас. %-дан аспайды

690721