Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-125 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 желтоқсанда № 25688 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында      көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, иновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2021 жылғы 7 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-125 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе)

      1. "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген ""Фтизиатрия" фтизиопульмонология орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3- тарау жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      11. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада бекітілген "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2. "Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-102/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21216 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті медициналық зерттеп-қараудан өту қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Донорларды қабылдау "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттардың не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттардың немесе мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшін әскери есепке алу құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.".

      3. "Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Журнал қағаз жеткізгіште жүргізіледі, оның беттері тігілуі, нөмірленуі, ұйымның мөрімен бекітілуі немесе дербес деректер туралы заңнаманың талаптары ескеріле отырып және міндетті түрде бетті басып шығарудың мүмкіндігі ескеріле отырып, электрондық жеткізгіште болуы тиіс. Журнал электрондық түрде жүргізілген жағдайда оларға енгізілген мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.";

      4-тарау жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      47. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      48. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      49. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      Міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары мен мерзімділігі және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      4. "Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу номенклатураларын, қағидаларын, сондай-ақ қанды, оның компоненттерін құю қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-140/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген Қанды, оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сапасын бақылау, сақтау, өткізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қанды және оның компоненттерін қан қызметі ұйымында (стационарда) немесе көшпелі жағдайда донациялауды жеке басын куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжаты немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты, дәрігердің рұқсаты бар, қанды және оның компоненттерін донациялаудың түрі мен көлемі көрсетілген донор картасы болған кезде донор жүзеге асырады.

      Донорлық функцияны жүзеге асыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін мыналар дереккөздер болып табылады:

      1) донорлар және қан және оның компоненттерінің донорлығына жатпайтын адамдар туралы электрондық дерекқор;

      2) қан және оның компоненттері донорының сауалнамасы;

      3) алдын ала зертханалық тексеріп-қарау;

      4) дәрігерлік тексеріп-қарау.";

      6-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Донациялау залында, оның түріне қарамастан, донорды донордың картасындағы және жеке басын куәландыратын не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатындағы деректердің сәйкестігіне оған сұрақ қоя отырып, сәйкестендіру және қанды және оның компоненттерін алуға дайындау жүргізіледі.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) донор қайта сәйкестіндіріледі, жеке деректері мен донордың жеке басын куәландыратын не цифрлық құжаттар сервисінен алынған донордың электрондық құжаттағы, сондай-ақ гемакон мен пробиркалардың заттаңбасындағы деректерінің сәйкестігі тексеріледі;".

      5. "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап-тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап-тексеруден өткізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Комиссия құрамын медициналық ұйымның басшысы бекітеді. Комиссияның құрамына: учаскелік дәрігер және (немесе) жалпы дәрігерлік практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог енгізіледі. Медициналық комиссияның штатында көрсетілген мамандар болмаған кезде комиссияның құрамына медициналық ұйымдар басшыларының келісімі бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі.

      Комиссияның төрағасы болып медициналық ұйым басшысының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары тағайындалады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Зерттеу нәтижелері бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған (немесе тұрмаған) адамдарды және организмінде психикаға белсенді әсер ететін заттар алмасу өнімдері бар адамдарды басқаруға жіберу туралы мәселені қайта медициналық қарап-тексеру мерзімін кемінде бір жылдан кейін міндетті түрде көрсете отырып, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиялары шешеді.";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.";

      4-тарау жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      20. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      21. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      6. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21642 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;

      2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      3) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

      4) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) еңбекші көшіп-қонушы – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа мүше мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын адам;

      7) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      8) МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі) – денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізілген және жаңа немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жолымен алғаш рет ашылған МСАК объектісі;

      9) сақтандыру ұйымы – уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      10) сақтандырылған адам – өзіне қатысты ерікті медициналық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

      11) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі – цифрлық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.

      12) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған объектісі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдар аумақтық қызмет көрсету аймағында көрсетілген ұйымдар орналасқан МСАК ұйымдарына облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармасы) шешімінің негізінде көрсетілген ұйымдар орналасқан аумақтық қызмет көрсету аймағында МСАК ұйымдарына бекітіледі (бұдан әрі - бөлу туралы бұйрық).

      Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген тұлғаларды бекіту жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында оларға бекітілген қызмет көрсету аймақтары бар МСАК ұйымдарының тізімін қамтитын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармасының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат болмаған жағдайда тіркеу куәлігінің (ЖСН) көшірмесі қоса беріледі.";

      9-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың ЕМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілуі ЕМС шартының, еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініштің және жеке басын куәландыратын құжаттың (шетелдік паспорт) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.

      "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық ұйымға бекіту талоны Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың ЕМС шеңберінде МСАК ұйымына бекітілгені туралы куәландыратын құжат болып табылады. Бекіту талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.

      МСАК ұйымына бекіту ЕМС шартының қолданылу мерзіміне жүзеге асырылады.

      МСАК ұйымдары бекітуді сақтандырылушының өзі немесе ЕМС шарты жасалған сақтандырушы ұйым жүгінген кезде жүзеге асырады.

      Отбасы мүшелерін бекіту ЕМС шартын және жеке басын куәландыратын құжатты немесе отбасының әрбір мүшесінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты ұсынған кезде еркін нысандағы қазақ немесе орыс тіліндегі өтініш негізінде отбасы мүшелерінің біреуінің жазбаша келісімі болған кезде жүзеге асырылады.

      Он сегіз жасқа толмаған адамдарды бекіту жеке басын куәландыратын құжат не тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат болған кезде жүзеге асырылады.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      19. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларына қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      7. "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада бекітілген еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;

      3) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат;

      4) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;

      5) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      8) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.";

      6-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) денсаулық сақтау субъектісіне (көрсетілетін қызметті беруші) жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып жүгінеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді тікелей жүгінген кезде немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.

      Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - жеке басты куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.";

      8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жағдайларда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және еңбек ететін және білім беру ұйымдарында оқитын шетел азаматтарына оларды өндірістік практика кезеңінде ақы төлетін жұмыс орындарына алынған кезеңдерінде беріледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты өмір сүретін және еңбек ететін қандастардың, шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттар оның бекітілген жеріндегі медициналық ұйымның ДКК қорытындысы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру үшін негіз болып табылады.

      Ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттарды қазақ немесе орыс тіліне аудару және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекіту қажет.";

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      79. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      80. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларына 1-қосымша осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      8. "АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-204/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ) туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкеп соғатын созылмалы инфекциялық ауру;

      2) анонимдік зерттеп-қарау – адамды жеке басын сәйкестендірмей, ерікті түрде медициналық зерттеп-қарау;

      3) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы – АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша міндетті, жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралуды және консультация беруді жүргізетін ұйым;

      4) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі - РМДСҰ) – АИТВ инфекциясына скринингтік, сараптамалық, төрелік зерттеулер және басқа да зертханалық зерттеулер жүргізетін денсаулық сақтау ұйымы;

      5) құпия медициналық зерттеп-қарау – медицина қызметкерінің құпиясын сақтауға және зерттеліп-қаралатын адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

      6) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. АИТВ инфекциясына ерікті түрде медициналық зерттеп-қаралуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, босқындар және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты және уақытша тұратын пана іздеген адамдар олардың таңдауы бойынша зерттеліп-қаралады:

      1) анонимдік (құжаттар талап етілмейді);

      2) құпиялылық (жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), үйінің мекенжайы, телефоны ұсынылады).";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. АИТВ инфекциясының бар-жоғына зерттеп-қарау үшін қан алуды меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты көрсеткен кезде денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді. Қан алу көлемі кемінде 5 (бес) милиллитр (бұдан әрі – мл) бөлгіш гель және ұю активаторы бар вакуумдық пробиркада жүргізіледі. Қан үлгілері + 2℃ - +8℃ температура, АИТВ инфекциясына зерттеу жүргізетін АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының зертханасына жіберіледі және қан алынған сәттен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде серологиялық зерттеулер үшін қолданылалы. Қан үлгісіне "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 097/е нысаны бойынша "зертханалық зерттеу қызметтері/консультациялық қызметтер үшін/басқа ауруханаға жатқызу үшін" қоса беріледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Т1 теріс нәтиже алған кезде, зерттеп-қаралушыға "АИТВ теріс" нәтижесі беріледі. Зерттеп-қаралушы теріс нәтижені жеке басын куәландыратын құжатты немесе сандық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты көрсеткен кезде зертханаға зерттеу үшін қан үлгісі түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қан алу орны бойынша алады. Нәтижені берер алдында тестілеуден кейінгі консультация жүргізіледі.

      9. "Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21859 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына құқық білдірген азаматтардың тіркелімі (бұдан әрі – Тіркелім) – "Бекітілген халық тіркелімі" (бұдан әрі – БХТ) мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль түрінде құрылған, трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс - әрекетке қабілетті адамдардың деректер базасы;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) қайтыс болғаннан кейінгі донор - он сегіз жастағы және одан үлкен, миының біржола семуі расталған, ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіні (тіннің бөлігі) реципиентке трансплантаттау үшін пайдаланылуы мүмкін адам;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      6) мидың біржола семуі – ағзалардың функцияларын қолдау жөніндегі шаралар жүргізілуі мүмкін, мидың бүкіл заттарының семуімен қатар жүретін, ми қызметінің толықтай жоғалуы;

      7) өтініш беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім беру құқығын жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген, кәмелетке толған және іс-әрекетке қабілетті адам;

      8) өңірлік трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау саласындағы медициналық ұйымдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;

      9) республикалық трансплантаттауды үйлестіруші (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттауды үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және трансплантаттау қызметінің мәселелері жөніндегі медициналық ұйымдардың ведомствоаралық тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін дәрігер;

      10) Трансплантаттау жөніндегі үйлестіру орталығы – ағзаларды (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндерді (тін бөлігіннің) трансплантаттауды үйлестіру және сүйемелдеу мәселелерімен айналысатын, ол туралы ережені уәкілетті орган бекітетін денсаулық сақтау ұйымы;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      12) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтініш электрондық түрде берілген кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.";

      3-тарау жаңа редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларының 3-қосымшасы осы Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      10. "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24094 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. МСАК ұйымы халыққа медициналық көмек көрсетеді:

      1) ТМККК шеңберінде;

      2) МӘМС жүйесінде;

      3) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.".

      4-тарау жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіру тәртібі

      71. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      72. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Міндетті медициналық қарап-
тексерулерді жүргізу
қағидалары мен мерзімділігі
және "Алдын ала міндетті
медициналық қарап-
тексерулерден өткізу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
5-қосымша

"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші
2) "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Құжаттарды күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 1 жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075/е нысаны бойынша берілген медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) не осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы негізде, мемлекеттік қызметті көрсету құны Кодекстің 202-бабына сәйкес айқындалады.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (сәйкестендіру үшін) (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын құжат.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік парольді беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші бекіткен дәрігерлердің жұмыс кестесіне сәйкес дәрігерлердің бос уақытын, рентгенологиялық (флюорографиялық) тексеру мен зертханалық зерттеулерді таңдау мүмкіндігі беріледі.
Қызмет көрсетілетін орынның жағдайларын көрсету
Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қағидаларға
қосымша

"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық ұйымдар

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші;
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап-1 жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-5 минутқа дейін;
көрсетілетін қызметті берушіге Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 1 жұмыс күні ішінде;
2) портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлікті басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама не осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Ақылы түрде, мемлекеттік қызмет көрсету құны "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 202-бабына сәйкес айқындалады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі-жұма аралығында түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сенбі күні сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін, демалыс-жексенбі және мереке күндері;
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамдарды медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап тексеру нәтижелері;
- Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын құжат;
2) порталға: электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілген қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Толық пакетті қалыптастыру үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде "көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру" анықтамасын электрондық форматта қалыптастыру/болуы үшін медициналық мекемеде медициналық тексеруден өтуі қажет.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Медициналық-санитариялық
алғашқы көмек көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарына
жеке тұлғаларды бекіту
қағидаларына
қосымша

"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі

1

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) тікелей медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымы арқылы;
2) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) пациент МСАК ұйымының құжаттарын тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ ЭҮП арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) МСАК ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында бекіту туралы хабарлама;
2) дәлелді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін). Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін);
2) ЭҮП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1. MСАК ұйымдарына белгілі бір контингент жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар:
1) жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
2) зейнеткерлер - зейнеақы куәлігі;
3) мүгедектер - зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді;
4) бала кезінен мүгедек баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер), сот шешімі немесе қамқоршылық, қорғаншылық растайтын өзге де құжат;
5) сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша) – өңірлердің "Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған "БХТ" АЖ-ға халықты МСАК-ға бекітуді (бекітуді) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы;
6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме;
7) студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) - жоғары оқу орны ректорының МСАК-дегі ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы;
8) шет мемлекеттерде туған балалар – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат;
9) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалары - қамқорлыққа алынған тұлғалар - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі;
10) бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша ресімдейтіндер.
2. ЭҮП-те: электрондық түрде сұрау салу.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі емханаға бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, қызметті алушының МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) тыс нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу;
3) бекітілген халықтың саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас халық, учаскелік терапевтке 2200 адам, учаскелік педиатрға 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан асуы.
4) балалар бекітілген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Еңбекке уақытша
жарамсыздыққа сараптама
жүргізу, еңбекке уақытша
жарамсыздық парағын немесе
анықтамасын беру қағидаларына
1-қосымша

"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъектілері.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде);
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет;
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
2) порталға: электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімімен "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінде, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығында Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Ағзалардың (ағза бөлігінің) және
(немесе) тіндердің (тін бөлігінің)
қайтыс болғаннан кейінгі
донорлығына адамның тірі
кезінде ерік білдіруін беру және
бұл жөнінде жұбайын (зайыбын)
немесе жақын туыстарының
бірін хабардар ету қағидаларға
3 - қосымша

"Трансплантаттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымы.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар;
2) "электрондық үкімет" веб - порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету мерзімі - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
2) портал арқылы-құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызметке 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тартуды тіркеу туралы анықтама;
Осы мемлекеттік қызметке 2 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына тірі кезінде келісімді тіркеу туралы анықтама.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00 - ден 20.00 - ге дейін, сенбі күні сағат 9.00 - ден 14.00 - ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
2) осы Қағидаларға 1, 2 - қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш.
Порталға:
1) электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда көрсетілген деректердің (мәліметтің) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік қызмет стандартының 8 - тармағымен қарастырылған тізімге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауы;
3) нақты МСАК медициналық ұйымына бекітілмеуі.

10

Оның ішінде, электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері есепке алынған өзге де талаптар