БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13498 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а. | М. Журебеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Министрдің м.а. 2021 жылғы 29 шілдедегі № 247 бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген |
Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудағы және (немесе) сақтаудағы ядролық материалдармен, табиғи уранмен жұмыс істеу жөніндегі және (немесе) ядролық қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі – ақпаратты қажетті түрде көрсету және (немесе) беру және жүйені тұтас немесе кіші жүйені жеке басқарудың тиімді функциясын алу мақсатында деректерді орталықтандырылған жинауға және талдауға, физикалық қорғаудың кіші жүйелерін бірыңғай интеграцияланған физикалық қорғау жүйесіне біріктіруге арналған жүйе;
2) ақпаратты қорғау жүйесі – физикалық қорғау жүйесі және оның кіші жүйелері туралы ақпараттың әлсіздігін азайтатын, осындай ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге, оның таралып кетуіне немесе жоғалуына кедергі жасайтын ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық және басқа құралдар, әдістер мен шаралар кешені;
3) анықтау құралы – осы құрал әсер ететін аймақта рұқсатсыз әрекет орын алған жағдайда автоматты түрде сигнал беруге арналған техникалық құрал;
4) аса маңызды аймақ – оларға қатысты диверсия тікелей немесе жанама елеулі радиологиялық зардаптарға алып келуі мүмкін жабдық, жүйелер немесе құрылғылар немесе ядролық материалдар сиятын ішкі аймақта орналасқан аймақ. Ішкі аймақта бірнеше аса маңызды аймақтар болуы мүмкін;
5) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) ден қою – тәртіп бұзушының (тәртіп бұзушылардың) әрекетінің алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау;
7) екі (үш) адамның қағидаты – рұқсатсыз әрекет жасау мүмкіндігін азайту үшін кемінде екі (үш) адамның жұмыс орнында немесе бір үй-жайда бір мезгілде болу талабына негізделген (үй-жайларды ашуды және күзетке тапсыруды қоса алғанда) топтық жұмыс қағидаты;
8) жағдайды бағалау – анықтау құралымен дабыл сигнал беру себептерін анықтау;
9) жедел жағдай – тәртіп бұзушылардың рұқсатсыз әрекеттеріне қарсы мән-жайлар мен жағдайлардың жиынтығы;
10) жергілікті жобалық қауіп-қатер – рұқсатсыз алып қоюға немесе диверсияға әрекет жасай алатын, ішкі әлеуетті тәртіп бұзушылардың және (немесе) сыртқы тәртіп бұзушылардың белгілері мен сипаттамаларын жүйелеп баяндайтын пайдаланушы ұйым әзірлеген құжат, оларға қарсы әрекет жасау үшін физикалық қорғау жүйесі құрылады және бағаланады;
11) инженерлік бөгеттер – тәртіп бұзушылардың ілгері жылжуын және маневрін қиындату, күзет және ден қою күштеріне оларды қоршау және ұстау, физикалық қорғау техникалық құралдарының желілік бөлігіне және бақылау-із кесу жолағына жануарлар мен адамдардың әсерін шектеу үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында орналастырылатын қолдан жасалған тосқауылдар мен бөгеттер;
12) күзет және ден қою күштері – мемлекеттік ведомстволардың рұқсатсыз алып қою әрекетіне немесе диверсия актісіне қарсы оқытылған және жабдықталған ядролық объектінің аумағындағы немесе оның сыртындағы бөлімшелері, сондай-ақ бар лицензияларды ескере отырып осындай функцияларды атқаратын ведомстводан тыс күзет бөлімшелері;
13) күзет посты – күзет және ден қою күштерінің персоналы өздерінің функционалдық міндеттерін атқаратын тұрақты орын және (немесе) жер учаскесі;
14) кіру – қорғалатын аймаққа өтуге, онда болуға, жұмыстарды орындауға, белгілі бір құжаттар мен мәліметтерді алуға немесе танысуға рұқсатты іске асыру;
15) кіруді кідірту – күзетілетін аймаққа кіргенде (көлікпен кіргенде) және (немесе) одан шыққанда (көлікпен шыққанда) тәртіп бұзушының немесе тасымал (тасымалдау) құралдарының кіру (жылжу) уақытын арттыруға арналған физикалық қорғау жүйесінің элементі;
16) орталық басқару пункті – дабыл сигнал берудің толық және үздіксіз мониторингін, сигналдарды бағалауды және күзет және ден қою күштерінің персоналымен, объектінің басшылығымен байланысты қамтамасыз ететін физикалық қорғау жүйесі операторының жұмыс орны;
17) осалдықты талдау – қабылданған жобалық қауіп-қатерге сүйене отырып, ядролық объектінің, табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу бойынша кәсіпорынның, ядролық материалдарды пайдалану және сақтау технологиялық процестерінің осал жерлерін анықтау, сондай-ақ қауіп-қатерді жүзеге асырудың ықтимал тәсілдерін анықтау процесі;
18) өзін-өзі қорғау – пайдаланушы ұйым персоналы күзетілетін үй-жайға рұқсатсыз кіруді болдырмау мақсатында жұмыс уақытында өткізетін ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешені;
19) пайдаланушы ұйым - атом энергиясын пайдалану объектілерімен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
20) пайдаланушы ұйымның ядролық объектісі (бұдан әрі – ядролық объект) – ядролық материалдар пайдаланылатын немесе сақталатын және (немесе) ядролық қондырғылар орналастырылатын, күзет және ден қою күштері күзететін аумақ;
21) периферийлік құрылғылар – физикалық қорғаудың қашықтықтан жұмыс істейтін техникалық құралдары;
22) рұқсат беру– белгіленген тәртіппен рәсімделген қорғалатын аймаққа жаяу өтуге (көлікпен өтуге) және болуға, белгілі бір жұмысты жүргізуге, белгілі бір құжаттар мен мәліметтерді алуға не олармен танысуға рұқсат;
23) рұқсат етілмеген әрекет – араласуды, диверсияны жасау немесе жасауға әрекет қылу, ядролық материалды, табиғи уранды рұқсатсыз алып қою, рұқсатсыз кіру, тыйым салынған заттарды өткізу (алып жүру), физикалық қорғау құралдарын қатардан шығару;
24) рұқсатсыз алып қою – ядролық материалды, табиғи уранды ұрлау немесе өзге де заңсыз басып алу;
25) рұқсатсыз қол жеткізу – оған құжатпен ресімделген құқықсыз қол жеткізу;
26) санатталған ғимараттар, құрылыстар және үй-жайлар – өздеріне қатысты рұқсатсыз әрекет радиологиялық зардаптарға алып келуі мүмкін, кіруі шектеулі ғимараттар, құрылыстар және үй-жайлар;
27) табиғи уран – массасы бойынша құрамында 99,28 % уран – 238 изотобы, шамамен 0,71 % уран – 235 изотобы және шамамен 0,01 % уран – 234 изотобы бар уран;
28) тәртіп бұзушы – рұқсат етілмеген әрекет жасаған немесе жасауға тырысқан адам, сондай-ақ оған жәрдем көрсеткен адам;
29) тәртіп бұзушыны бейтараптандыру – тәртіп бұзушыға қатысты физикалық қорғау жүйесі әрекетінің жиынтығын іске асыру, нәтижесінде ол өз мақсатына жету мүмкіндігінен айырылады;
30) телекоммуникациялар жүйесі – физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін жүйелер арасында сенімді ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге арналған кабельден жасалған құралдар мен желілік-кабельдік құрылыстардың жиынтығы;
31) тиімділікті бағалау – жобалық және жергілікті жобалық қауіп- қатерге байланысты нақты физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін талдау процесі;
32) физикалық қорғау – атом энергиясы пайдаланылатын объектіге рұқсатсыз қол жеткізуіне жол бермеу жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың бірыңғай жүйесі;
33) физикалық қорғау персоналы – лауазымдық міндеттеріне физикалық қорғауды қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындау кіретін адамдар;
34) физикалық қорғау режимі – ядролық материалдар мен ядролық қондырғылардың физикалық қорғалуын қамтамасыз етуді регламенттейтін заңнамалық және нормативтік негіздерді; заңнамалық және нормативтік негіздерді іске асыруды қамтамасыз етуге жауапты мекемелер мен ұйымдарды; сондай-ақ ядролық қондырғыларды, ядролық материалдарды физикалық қорғау жүйесін және ядролық материалдарды тасымалдау құралдарын қамтитын режим;
35) физикалық қорғау техникалық құралдарының кешені – физикалық қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ортақ біріктірілген, физикалық қорғау техникалық құралдары мен олардың негізіндегі жүйелердің функциялық жағынан байланысты жиынтық;
36) физикалық қорғаудың техникалық құралдары – физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін конструктивті аяқталған, аппараттық-бағдарламалық функцияларды дербес атқаратын құрылғылар;
37) физикалық тосқауыл – қол жеткізуді кідіртуді қамтамасыз ететін және қол жеткізуді бақылау шараларын толықтыратын, сондай-ақ міндеттерді өз бетінше және басқа да физикалық қорғаудың инженерлік құралдар кешенінің құрамдас бөліктерімен жиынтықта шешетін бөгеуші инженерлік құрылыс және (немесе) құрал;
38) функционалдық сынау – физикалық қорғау шаралары мен физикалық қорғау жүйесі жобаға сәйкес көзделгендігін және жұмыс істейтіндігін, болжалды табиғи жағдайлар, өнеркәсіптік орта және қауіп-қатер кезіндегі жағдайға барабарлығын, және жұмыс істеуге қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау мақсатында тексеру;
39) ішкі тәртіп бұзушы – ядролық материалдарға және (немесе) ядролық қондырғыларға, табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу бойынша кәсіпорынға санкцияланған рұқсаты бар, ядролық материалдарды, табиғи уранды рұқсатсыз алып қою әрекетін немесе диверсия жасайтын немесе ішкі тәртіп бұзушыға осындай әрекеттерді жасауына көмектесетін адам;
40) ядролық материалдарды, металдарды, жарылғыш заттарды алып өтуді (көлікпен алып өтуді) анықтау жүйесі – тыйым салынған бұйымдар мен заттарды рұқсатсыз әкелуді (әкетуді) және (немесе) кіргізуді (шығаруды) анықтауға арналған техникалық құралдар жиынтығы;
41) ядролық материалдың санаты – оның физикалық қорғау шараларын қолдану кезіндегі маңыздылығы тұрғысынан ядролық материалдың сипаттамасы;
42) ядролық физикалық қауіпсіздік жоспары – физикалық қорғау жүйесінің элементтерін, ұйымдастырушылық, техникалық компоненттерін басқару жүйесін және пайдаланушы ұйымның ядролық объектілерін физикалық қорғаудың рәсімдерін белгілейтін және сипаттайтын құжат;
43) ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты оқиға – физикалық қорғау үшін салдары бар ретінде бағаланатын оқиға.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де анықтамалар Заңға және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау тәртібі
3. Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды, табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу бойынша кәсіпорындарды физикалық қорғауды пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді.
4. Жаңа ядролық қондырғыны, табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу бойынша кәсіпорынды салу кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету алаңды таңдау кезінде және жобалау кезеңінде ескеріледі.
5. Пайдаланушы ұйым жұмыс істеуді тексеруді, сондай-ақ физикалық қорғау жүйесінің жұмысқа жарамдылығын қолдауды қоса алғанда, бағалау жүргізу құралдары мен рәсімдерін әзірлейді және қолданады.
6. Пайдаланушы ұйым рұқсатсыз жария етілуі ядролық физикалық қауіпсіздік катеріне алып келетін ақпаратты қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Осы ақпарат өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін қажет адамдарға ғана рұқсат бере отырып, осындай ақпаратқа қол жеткізуді шектеу рәсімдерін жүргізеді.
7. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдарды, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті физикалық қорғауды, есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылатын компьютерлендірілген жүйелерді қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарларды қабылдайды.
1-параграф. Жергілікті жобалық қауіп-қатер
8. Жергілікті жобалық қауіп-қатерді ядролық қондырғыны пайдаланушы ұйым әзірлейді және 5 (бес) жылда кемінде 1 (бір) рет немесе көзделмеген ядролық физикалық қауіпсіздік қатері туындаған кезде дереу қайта қарайды.
9. Пайдаланушы ұйым жергілікті жобалық қауіп-қатерді дайындау кезінде арнайы физикалық қорғау элементтерін немесе қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдері сияқты басқа да көзделген шараларды айналып өту үшін өздерінің қол жеткізу құқығын, сондай-ақ өздерінде бар өкілеттіктер мен білімді пайдалануы мүмкін ішкі тәртіп бұзушыларға ерекше көңіл бөледі.
10. Пайдаланушы ұйым ішкі тәртіп бұзушы ұзақ уақыт бойы жасаған ядролық материалдардың ұрлануын тоқтату және анықтау мақсатында физикалық қорғау жүйесін, сондай-ақ ядролық материалдарды есепке алу және бақылау шараларын қолдауды қамтамасыз етеді.
2-параграф. Тәуекелдерді бағалауға негізделген ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау жүйесі мен шаралары
11. Ядролық материалдардың, ядролық қондырғылардың, табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу бойынша кәсіпорындардың физикалық қорғауын қамтамасыз ету үшін пайдаланушы ұйым тәуекелді басқару, қауіп-қатерді бағалау және қаскүнемдік әрекеттердің ықтимал зардаптары арқылы рұқсатсыз алып қою тәуекелдері мен диверсияны шектеуді және шегеруді қамтамасыз етеді.
12. Тәуекелді басқару:
1) сенімді физикалық қорғау шараларымен және құпия ақпаратты сақтау арқылы қамтамасыз етілетін тоқтату есебінен қауіп-қатерді азайту;
2) физикалық қорғау жүйесінің тиімділігін тереңдетілген эшелондық қорғауды қолдану есебінен арттыру;
3) қаскүнемдік әрекеттердің ықтимал зардаптарын жәрдемдесудің өзіне тән факторларын, ядролық материалдардың саны мен типін және қондырғының конструкциясын өзгерту есебінен азайту арқылы жүзеге асырылады.
13. Физикалық қорғауға қойылатын талаптарды анықтау кезінде қауіп-қатерді бағалау нәтижелері, ядролық материалдардың салыстырмалы тартымдылығы мен сипаты және ядролық материалды рұқсатсыз алып қоюдың немесе ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қатысты диверсияның ықтимал зардаптары ескеріледі.
14. Сараланған тәсіл неғұрлым елеулі зардаптарға алып келуі мүмкін оқиғалардан қорғаудың тым жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
15. Әр қауіп-қатерге тәуекелдің өз деңгейі және әрбір белгілі бір жағдайда қолайлы қорғау деңгейі қолданылады.
16. Рұқсатсыз алудан физикалық қорғау шаралары ядролық материалдың санатына сәйкес анықталады. Диверсиядан қорғау үшін қолданыстағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік шараларын есепке ала отырып физикалық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау үшін тиімсіз радиологиялық зардаптардың шегі белгіленді.
17. Осы Қағидаларда анықталатын қорғау деңгейлері ядролық материалды санаттауға негізделеді. Пайдаланушы ұйым өзінің ядролық материалын санаттауды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізеді.
18. Пайдаланушы ұйым диверсия актісі жасалған жағдайда қолайсыз радиологиялық салдарлардың мүмкіндігін айқындау үшін физикалық қорғау немесе салдарларды жұмсарту шараларының әсерін есепке алмай, әрбір ядролық қондырғыны талдауды орындайды.
19. Диверсиядан қорғау деңгейлері екі шекті мәнді: қатерлі радиологиялық зардаптар болып табылатын қолайсыз радиологиялық зардаптың төменгі шегін және қолайсыз радиологиялық зардаптың жоғарғы шегін айқындауға негізделеді.
20. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдың саны мен сипаттамасын, оның ядролық объектіде тұрған орнын ескере отырып, өзінің барлық ядролық материалдары үшін физикалық қорғау деңгейін белгілейді.
21. Пайдаланушы ұйым осы Қағидалардың талаптарына сәйкес диверсиядан қорғау жөніндегі шараларды енгізеді.
22. Физикалық қорғау жөніндегі талаптар тәртіп бұзушы өз мақсатына қол жеткізу үшін еңсеру немесе айналып өту талап етілетін терең эшелондандырылған қорғау қағидатына және қорғау әдістеріне (конструкциялық, инженерлік-техникалық, кадрлық және ұйымдастырушылық) негізделеді. Физикалық қорғау тұжырымдамасы күзет және ден қою күштері қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруды, олардың өз міндеттерін орындауын қоса алғанда, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар мен рәсімдерді және оларды құрастыруды қоса алғанда, қондырғы конструкциясы элементтерінің үйлесімін көздейді.
23. Физикалық қорғаудың әр функциясы үшін – анықтау, жағдайды бағалау, өтуді (жылжуды) тоқтату, ден қою және тәртіп бұзушыны тоқтату – терең эшелондандырылған қорғау қағидаты пайдаланылады және тиісті қорғауды қамтамасыз ету үшін сараланған тәсіл қолданылады.
24. Терең эшелондалған қорғау қағидатын іске асыру кезінде физикалық қорғау жүйесінің және ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесінің ішкі бұзушылардан және сыртқы қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету қабілеті ескеріледі.
3-параграф. Өткізу және объектішілік режимдер
25. Пайдаланушы ұйым күзет және ден қою күштерінің басшылығымен бірлесіп өткізу және объектішілік режимдерді белгілейді.
26. Ядролық қондырғылардағы өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыру "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптары 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Өткізу режимін ядролық объектінің күзет және ден қою күштері тікелей жүзеге асырады.
28. Санатталған және режимдік үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстарды күзетке қою және күзеттен шығаруға қатысты бөлігінде өткізу режимінің, сондай-ақ объектішілік режим рәсімдерін ұйымдастыру және орындалуын бақылау ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесіне жүктеледі.
29. Ядролық қондырғылардағы объектішілік режимді ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау, сондай-ақ өткізу режимі бойынша бланктерді, рұқсатнамаларды және мөрлерді жасау мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімшеге жүктеледі.
30. Өткізу және объектішілік режимдердің ұйымдастыру пайдаланушы ұйымның және оның аумағында орналасқан басқа ұйымдардың барлық персоналы үшін, сондай-ақ іссапарға жіберілген адамдар, күзет және ден қою күштерінің жеке құрамы және мемлекеттік қадағалау органдарының, қаржы және салық органдарының, ішкі істер органдарының және басқа да құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің, энергия өткізу ұйымдарының және пайдаланушы ұйымға қызмет көрсетуге тікелей байланысты басқа да ұйымдардың арнайы тағайындалған өкілдері үшін міндетті болып табылады.
4-параграф. Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары
31. Пайдаланушы ұйым ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға Атом энергиясын пайдаланатын объектілер әзірлейтін құжаттама тізбесіне сәйкес атом энергиясын пайдаланатын объектілер әзірлеген қажетті құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
32. Ядролық қондырғылардың ядролық физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жобалық қауіп-қатерге негізделеді және физикалық қорғау жүйесін әзірлеу, бағалау, орындау және оның жұмысқа қабілеттілігін қолдау жөніндегі бөлімдерді, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қою жоспарын қамтиды.
33. Пайдаланушы ұйым ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын тұрақты түрде қайта қарайды және ағымдағы жұмыс жағдайларына және қолданыстағы физикалық қорғау жүйесіне сәйкес өзгерістер енгізеді. Өзгерістерді енгізу алдында пайдаланушы ұйым қарау және келісу үшін уәкілетті органға ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарына түзетулер ұсынады.
5-параграф. Ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты оқиғалар туралы хабарлама
34. Осы Қағидалардың талаптары сақталмаған жағдайда пайдаланушы ұйым:
1) сақтамауды немесе бас тартуды жою үшін дереу іс-қимыл қолданады;
2) уәкілетті органға осындай оқиға туралы 12 (он екі) сағат ішінде хабарлайды;
3) 72 (жетпіс екі) сағат ішінде тексеру жүргізеді және себептерді, мән-жайлар мен салдарын анықтайды;
4) 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтамаудың немесе бас тартудың себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қолданған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы есепті ұсынады.
35. Рұқсатсыз алып қою немесе диверсия жасауға әрекеттенумен немесе нақты рұқсатсыз қол жеткізумен байланысты оқиғалар жағдайында пайдаланушы ұйым:
1) жағдайды түзету үшін дереу әрекет қолданады;
2) төтенше жағдайларға ден қою жоспарына сәйкес 1 (бір) сағат ішінде уәкілетті органға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға хабарлайды;
3) 72 (жетпіс екі) сағат ішінде оқиғаға, оның себептеріне, мән-жайлары мен салдарына тексеру жүргізеді;
4) 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оқиғаның себептері, оның мән-жайлары мен салдары туралы, сондай-ақ қолданылған немесе қолданылатын түзету шаралары туралы есепті ұсынады.
6-параграф. Ядролық материалдарды пайдалану және сақтау кезінде оларды рұқсатсыз алып қоюдан физикалық қорғауға қойылатын талаптар
36. Пайдаланушы ұйым күзетілетін аймаққа рұқсатсыз өтуді анықтауды және күзет және (немесе) ден қою күштерінің ядролық физикалық қауіпсіздікпен байланысты оқиғаға жауап ретінде тиісті әрекеттерін қамтамасыз етеді.
37. Қорғалған аймақтың периметрі физикалық тосқауылмен, рұқсатсыз қолжетімділікті анықтау үшін өтуді анықтау және жағдайды бағалау құралдарымен жарақтандырылады. Физикалық қорғау шаралары жұмыстың кез келген жағдайларында дабыл сигналының пайда болу себептерін бағалау үшін уақытты қамтамасыз ететіндей және барабар ден қою үшін жеткілікті тоқтатуды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады. Қорғалған аймаққа персоналдың және басқа адамдардың, сондай-ақ көлік құралдарының кіруін бақылау жүзеге асыратын бақылау-өткізу пункттерінің (бұдан әрі – БӨП) саны қажетті ең аз санға дейін шектеледі.
38. Көлік құралдарының өтуін қиындатуға арналған қоршаулар тәртіп бұзушы қаскүнемдік әрекет жасау үшін қолдануы мүмкін жобалық қауіпте көрсетілген көліктің рұқсатсыз өтуіне жол бермеу үшін қорғалған аймақтан тиісті қашықтықта орнатылады. Сондай-ақ пайдаланушы ұйым үшін жобалық қауіпте айқындалған ауадан келетін кез келген қатерден қорғау шараларын қолдану қарастырылады.
39. Ішкі аймақтың белгіленген шекаралары бар, үй-жайлар мен құрылыстарға орналастырылады, есіктерді, еденді, төбені қоса алғанда, құрылыс конструкцияларының элементтері мен жабдық сенімділігі бірдей физикалық тосқауылды білдіреді. Ішкі аймаққа кіруді тіркеу мен бақылаудың техникалық құралдарын қоса алғанда, кіруді бақылау және тіркеу шаралары қолданылады. Қорғалған аймақпен салыстырғанда, ішкі аймаққа персонал мен басқа адамдарды кіргізудің қосымша рәсімдері қолданылады.
40. Ядролық қондырғының ішкі аймағын техникалық нығайту талаптарына сәйкес жабдықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, периметр қосымша физикалық тосқауылдармен, күзет, бейнебақылау жүйелерімен, кіруді бақылау және басқару жүйелерімен, кіретін қақпалармен және жергілікті басқару пунктімен жабдықталады. Жергілікті басқару орнына қойылатын талаптар орталық басқару пунктіне қойылатын талаптарға ұқсас.
41. Ішкі және аса маңызды аймақтарға кіру (өту) нүктелерінің саны қажетті ең аз санға дейін шектеледі. Кіруге болатын барлық пункттер дабылмен жабдықталады және күзетке қойылады.
42. Аса маңызды аймақ ішкі және қорғалған аймақты анықтау, рұқсатсыз алып қоюға кедергі келтіретін кіруді анықтау, бақылау және енуді (жылжуды) кідірту үшін ішкі және қорғалған аймақты қорғаудың қосымша шептерін қамтамасыз етеді. Аса маңызды аймақтар күзетіледі және онда персонал болмаған жағдайда дабылмен жарақтандырылады.
43. Аса маңызды аймақ рұқсатсыз алып қою жағдайында уақтылы және барабар ден қоюды қамтамасыз ете отырып, рұқсатсыз кіру кезінде тоқтатуды қамтамасыз етеді. Тоқтатуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар болуы мүмкін барлық өту нүктелерін тең қарау кезінде және ішкі және сыртқы тәртіп бұзушылардың ықтимал мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.
44. Пайдаланушы ұйым уәкілетті адамдардың ғана ішкі және аса маңызды аймаққа кіруін қамтамасыз ететін шараларды қолданады. Кіруді бақылау жөніндегі тиімді шаралар рұқсатсыз кіруді анықтау және алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады. Ішкі және аса маңызды аймаққа кіретін уәкілетті адамдардың саны қажетті ең аз санға дейін шектеледі.
45. Ішкі аймаққа кіретін адамдар тексеріледі және қажет болған кезде күзет және ден қою күштері тексеріп қарайды. Ішкі аймақта рұқсатнама немесе сәйкестендіру карточкаларын, олар жақсы көрінетіндей алып жүру керек.
46. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдарға қолжетімділікті бақылайтын компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, кілттерге, карточка-кілттерге және (немесе) басқа жүйелерге рұқсаты бар немесе оларды пайдалануға алған барлық адамдарға тіркеу жүргізеді.
47. Пайдаланушы ұйым техникалық құралдарды және кілттер сияқты және санкцияланған рұқсаты бар адамдардың компьютерлендірілген тізімін қолжетімділікті бақылауға арналған рәсімдерді айла-шарғыдан және бұрмалаудан немесе беделін түсірудің басқа да түрлерінен қорғайды.
48. Пайдаланушы ұйым регламентті анықтайды, оған сәйкес көлік құралдары, адамдар мен орамдар қорғалған және ішкі аймақтарға енуге немесе кіруге, сондай-ақ кетуге/шығуға рұқсатсыз кіруді және тыйым салынған заттарды алып кіруді немесе жеткізуді анықтау және алдын алу үшін тексеріп қарауға тартылады. Ядролық қондырғыдағы көлікті тексеріп қараудың барлық түрлері үшін пайдаланушы ұйым ядролық материалды, металдарды және жарылғыш заттарды анықтауға арналған аспаптарды пайдаланады.
49. Көлік құралдарының қорғалатын аймаққа кіруі минимумға дейін қатаң қысқартылған және арнайы бөлінген тұрақтармен шектеледі. Жасалған шарттарға сәйкес жүкті (жабдықты, құрал-саймандарды) жеткізуге арналған көлік құралдарының кіруін қоспағанда, күзетілетін аймаққа жеке көлік құралдарының кіруіне рұқсат етілмейді.
50. Аса маңызды аймақта персонал болғанда, ішкі тәртіп бұзушының қауіп-қатеріне қарсы іс-қимыл жасау үшін пайдаланушы ұйым тұрақты бақылау, екі (үш) адам қағидатын немесе өтемдік шараларды қолдану арқылы рұқсат етілмеген әрекеттерді анықтауды қамтамасыз етеді.
51. Пайдаланушы ұйым ішкі және аса маңызды аймақтарға қолжетімділігі бар барлық адамдарға және ядролық материалдарға немесе ішкі аймақтарға кіруді бақылайтын компьютерлік жүйелерді қоса алғанда, кілттерге, карточка-кілттерге және (немесе) басқа жүйелерге қолжетімділігі бар, немесе оларды пайдалануға алған барлық адамдарға тіркеу жүргізеді.
52. Пайдаланушы ұйым I санатты ядролық материалдарды анықтауға және ұстауға қосымша шепті қамтамасыз ететін, материалды алып қоюға бөгет жасайтын аса маңызды аймақта күшейтілген (сейфті) үй-жайда немесе бекітілген камерада (конструкцияда) сақтайды. Бұл қауіпсіздік аймағы материалға санцияланған қолжетімділікке берілген уақыт кезеңін қоспағанда, күзет сигнал беруін жандандыра отырып, кілтпен жабылады. Ядролық материал аса маңызды аймақтан тыс персоналдың болуынсыз жұмыс аймағында болса, физикалық қорғаудың баламалы қалпына келтіру шаралары қолданылады.
53. Пайдаланушы ұйым ядролық материалмен жұмыс істейтін адамдардың бақылауына I, II және III санаттағы ядролық материалдарды берудің рәсімдерін белгілейді. Сондай-ақ осы рәсімдерге сәйкес ядролық материалмен жұмыс істейтін адамдар жұмысқа кіріскенде ешқандай бөтен араласудың немесе ядролық материалды рұқсатсыз алып қоюдың болмағандығына көзін жеткізеді.
54. Ядролық материалдардың екі қорғалған аймақ арасында орын ауыстыруына қатысты пайдаланушы ұйым тасымалдау кезінде физикалық қорғаудың бар шараларын ескере отырып, ядролық материалды физикалық қорғауға қойылатын талаптарға тиісті шараларды қолданады.
55. Пайдаланушы ұйымның басшылығымен, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесімен, сондай-ақ ядролық объект сыртында орналасқан ден қою күштерімен дабыл сигналдарын мониторингілеу және бағалау, ден қоюға бастамашылық ету үшін онда тәулік бойы күзет және ден қою күштері болатын орталық басқару пункті құрылады. Орталық басқару пунктіне келіп түсетін ақпарат қауіпсіз сақталуға тиіс. Орталық басқару пункті, қорғалған аймақта орналасады және үй-жайды нығайту жолымен ол қауіп-қатер жағдайында жұмыс істей алатындай түрде басқа құралдармен қорғалады. Орталық басқару пунктінің үй-жайына кіру қатаң бақыланады және қатаң шектелген.
56. Дабыл сигнализациясының жабдығы, сигнализация жүйесінің байланыс арналары және орталық басқару пункті үздіксіз қоректену көздерімен және рұқсатсыз мониторингілеу, манипуляциялау және бұрмалау жолымен қол сұғудан қорғаумен қамтамасыз етіледі.
57. Орталық басқару пункті электрмен қоректендіруді қамтамасыз ету жүйесінде, авариялық жағдайлар кезінде негізгі қоректен дереу басқа бағытқа бұруды қамтамасыз ете алатындай қоректендірудің автоматты резервтік жүйесі көзделеді.
58. Пайдаланушы ұйым орталық басқару пункті мен қорғалатын аймақ периметрі бойынша және жергілікті басқару пункттерінде орналасқан күзет күштері арасында, орталық басқару пункті мен ядролық объектінің сыртында орналасқан ден қою күштері арасында, сондай-ақ орталық және жергілікті басқару пункттері арасында екіжақты қорғалған байланысты жүзеге асыру мақсатында арнайы, резервте сақталған және әртүрлі сигнал беру жүйесімен қамтамасыз етеді.
59. Орталық басқару пунктінің персоналы және күзет және ден қою күштері алаңның сыртында бір бірімен белгіленген арақашықтық арқылы байланысқа шығады.
60. Пайдаланушы ұйым резервке қою шараларын қоса алғанда, орталық басқару пунктінің дабыл сигналдарын мониторингілеу және бағалау, ден қоюды бастамашылық ету және байланысты қолдау жөніндегі функцияларының авариялық жағдайлар кезінде сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды
61. Пайдаланушы ұйым тәртіп бұзушының рұқсатсыз әрекет жасауының алдын алу мақсатында тиісті және уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету үшін тәуліктік күзетті және ден қою күштерінің болуын қамтамасыз етеді.
62. Күзет және ден қою күштері қауіпсіздік аймағына ішінара патрульдеу жүргізеді. Патрульдердің негізгі функциялары:
1) тәртіп бұзушыны тоқтату;
2) енуді анықтау;
3) физикалық қорғаудың құрамдас элементтерін көзбен қарап тексеру;
4) физикалық қорғаудың қолданыстағы шараларын толықтыру;
5) бастапқы ден қоюды орындау болып табылады.
63. Пайдаланушы ұйым функционалдық сынауларды физикалық қорғау шараларын және физикалық қорғау жүйелерін, оның ішінде қауіп-қатерге қарсы іс-қимылдың сенімділігі мен тиімділігін айқындау мақсатында күзет және ден қою күштерінің ден қоюының уақытында болуын қоса алғанда, бағалауды тұрақты жүргізеді. Бұл бағалаулар пайдаланушы ұйым мен күзет және ден қою күштерінің толық ынтымақтастығымен орындалады. Пайдаланушы ұйым бағалау нәтижелері мен қабылданған шараларды есепке қосады.
64. Жылына кемінде бір рет пайдаланушы ұйым ден қою күштерінің ядролық материалды рұқсатсыз алып қоюдың алдын алу және әрекет ету бойынша міндеттерді тиімді және уақтылы орындау қабілетін айқындау мақсатында екіжақты жаттығуды қоса алғанда, жаттығулар жүргізу арқылы ядролық материалдарды физикалық қорғау жүйелеріне функционалдық сынаулар жүргізеді.
65. III-тен төмен санаттағы ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету кезінде пайдаланушы ұйым осы материалдарды рұқсатсыз алып қою және оған қол жеткізу шараларын көздейді.
7-параграф. Ядролық қондырғыларды диверсиядан физикалық қорғауға қойылатын талаптар
66. Пайдаланушы ұйым шындыққа ұқсайтын, соған сәйкес тәртіп бұзушылар ядролық материалға немесе ядролық қондырғыға қатысты диверсия жасауы мүмкін сценарийлерді қамтитын жергілікті жобалық қатерді дайындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылда әзірленген жергілікті жобалық қатер уәкілетті органмен келісіледі.
67. Сценарийлерді айқындау кезінде пайдаланушы ұйым халықтың тығыздығына қатысты ядролық қондырғының орналасу орнын, ядролық материалдың ядролық объектіде бір жерде орналасқан орнын, сондай-ақ диверсия жағдайында радиологиялық әсер етуі мүмкін басқа да факторларды есепке алады.
68. Диверсия сценарийлерінде пайдаланушы ұйым жобалық қауіп-қатерге немесе жергілікті жобалық қауіп-қатерге сәйкес мүмкін болатын қашықтықтан шабуылдарды қоса алғанда, ядролық немесе басқа да радиоактивті материалға, немесе жабдыққа, жүйелерге, конструкцияларға, компоненттерге немесе құрылғыларға қатысты бөгет жасауы немесе зиян келтіруге тырысуы мүмкін сыртқы және (немесе) ішкі тәртіп бұзушыларды есепке алады.
69. Пайдаланушы ұйым диверсияның белгілі бір сценарийлерін жүзеге асыруға тиімді қарсы әрекет ететін және ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды қорғаудың талап етілетін деңгейіне сәйкес келетін физикалық қорғау жүйесін жобалайды.
70. Физикалық қорғау жүйесі қауіпсіздіктің техникалық құралдарының сенімділігін және пайдалану ерекшеліктерін, сондай-ақ өртке қарсы қорғау, радиациялық қорғау шараларын және авариялық әзірлікті ескере отырып, диверсия актілерінің ықтимал зардаптарын болдырмау үшін ықпалдасқан жүйенің құрамдас элементі ретінде жобаланады.
71. Физикалық қорғау жүйесі, ол адамдардың рұқсатсыз кіруін немесе жабдықты мақсатына жеткізуге бөгет болатындай, ішкі тәртіп бұзушылардың мүмкіндігін минимумға дейін жеткізетіндей және мақсаттарды жобалық қауіп-қатерге немесе жергілікті жобалық қауіп-қатерге сәйкес мүмкін болатын қашықтықты шабуылдардан қорғайтындай әзірленеді. Ден қою стратегиясы тәртіп бұзушыларды диверсия мақсаттарына қол жеткізудің жолын кесуге немесе тәртіп бұзушылардың өз міндеттерін диверсия мақсаттары тұрған орында орындауына жол бермеуге негізделеді. Мақсаттарға қол жеткізудің жолын кесу физикалық қорғаудың негізгі функцияларын:
анықтауды;
тоқтатуды;
ден қоюды жүзеге асыру есебінен қол жеткізіледі.
Қашықтықты шабуылдан қорғауға қондырғы жобасының ерекшеліктерімен, шекаралық қашықтықты және бөлу шараларын қамтамасыз ететін тосқауыл дизайнымен қол жеткізіледі.
72. Физикалық қорғау жүйесінің ядролық физикалық қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне сәйкестігін тексеру үшін пайдаланушы ұйым өзіне физикалық қорғау жүйесінің жобасын және оның тиімділігінің бағалауды, физикалық қорғау жүйесінің құрамдық жабдықтарының функционалдық сынауларының нәтижелерін, сондай-ақ күзет және ден қою күштерінің уақтылы әрекет етуін қамтитын ядролық физикалық қауіпсіздікке бағалау жүргізеді.
73. Физикалық қорғау жүйесінің оны бағалау немесе уәкілетті орган инспекциясы тексеруінің нәтижелері бойынша анықталған тиімсіздігі жағдайында пайдаланушы ұйым физикалық қорғау жүйесінің жобасына өзгерістер енгізеді және ядролық физикалық қауіпсіздікке жаңа бағалау жүргізеді.
74. Саны олар таралған жағдайда елеулі радиологиялық салдарға әкелуі мүмкін ядролық материалдарды және елеулі радиологиялық салдардың алдын алу үшін қажет жабдықтың, жүйелердің немесе құрылғылардың барынша аз жинағын пайдаланушы ұйым ішкі аймақтарда орналасқан бір немесе бірнеше аса маңызды аймақтардың ішіне орналастырады.
75. Пайдаланушы ұйым аса маңызды аймақтар шекарасындағы рұқсатсыз кіруге кедергі болатын анықтау, кіруді бақылау және ұстап алу жөніндегі шараларды қабылдайды. Ұстап алу шаралары жобалық қауіп-қатерге сәйкес диверсия актісі жағдайында уақтылы және барабар ден қою мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай шаралар енудің барлық мүмкін болатын нүктелерін тең қарау кезінде ішкі және сыртқы бұзушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.
76. Көлік құралдарының жүруін қиындатуға арналған қоршаулар бұзушының қасақана әрекет жасауы үшін пайдаланылуы мүмкін жергілікті жобалық қауіп-қатерде көрсетілген рұқсат етілмеген жердегі және су көлігінің өтуін болдырмау үшін жеткілікті аса маңызды аймақтардан тиісті қашықтықта орнатылады. Сондай-ақ жергілікті жобалық қауіп-қатерде айқындалған ауадан келетін кез келген қауіп-қатерден қорғау шаралары есепке алынады.
77. Ішкі қауіп-қатерге қарсы әрекет ету үшін пайдаланушы ұйым аса маңызды аймақтардағы адамдардың рұқсатсыз әрекеттерін уақтылы анықтауды қамтамасыз етеді.
78. Аса маңызды аймақ жабдығының, жүйелерінің немесе құрылғыларының жұмысына араласуды немесе функцияларын бұзушылықтарды уақтылы анықтау көзделеді.
79. Ядролық қондырғы жұмысының тоқтауы кезеңінде (жөндеу кезеңінде) аса маңызды аймаққа кіру қатаң бақылауда ұсталады. Реакторды іске қосу алдында ядролық қондырғы жұмысын тоқтатып қою (жөндеу жұмыстары) уақытында жасалуы мүмкін кез келген қол сұғуды анықтау мақсатында қарап тексерулер және тексерулер жүргізіледі.
80. Егер диверсияның әлеуетті радиологиялық салдары радиологиялық салдарға қарағанда ауырлығы аздау болса, пайдаланушы ұйым оларға кіруді бақылау және оларды физикалық қорғауды және күзет күштерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар арқылы құрылғылар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне байланысты қорғауды көздейді.
8-параграф. Физикалық қорғау жүйесінің ұйымдастырушылық іс-шараларына қойылатын талаптар
81. Физикалық қорғау жүйесін ұйымдастырушылық іс-шаралары өзіне физикалық қорғау жүйелерін құрудың (жетілдірудің) және жұмыс істеуінің барлық кезеңдеріндегі шаралар кешенін және шараларды регламенттейтін ведомстволық құжаттарды қамтиды.
82. Физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені мыналарды:
1) физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеуін басқаруды, оның ішінде жұмыстарды жоспарлауды, физикалық қорғау персоналының күзет және ден қою күштерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруды, физикалық қорғау жүйесінің жай-күйін бақылауды;
2) ядролық материалдарға, ядролық қондырғыларға, табиғи уранға, сақтау пункттеріне және физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеуі туралы ақпаратқа адамдардың кіруін және қол жеткізуін ұйымдастыруды;
3) өткізу және объектішілік режимдерді ұйымдастыруды;
4) физикалық қорғау жүйесінің осалдығына талдау жүргізуді және тиімділігін бағалауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар дайындауды көздейді.
83. Пайдаланушы ұйым ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама әзірлейді.
84. Физикалық қорғау персоналын іріктеуге және дайындауға мынадай шарттар қойылады:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 37 бұйрығымен бекітілген Атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13466 болып тіркелген) сәйкестігіне;
2) физикалық қорғау персоналының мынадай кәсіби дайындық түрлері белгіленеді: алғашқы даярлық, біліктілікті арттыру, қайта даярлау.
84-1. Ядролық материалдарға және табиғи уранға қолжетімділігі бар персоналға қатысты пайдаланушы ұйым 3 (үш) жылда кемінде бір рет мемлекеттік органдардың есепке алу базалары жөніндегі тексеру іс-шараларын жүзеге асырады.
85. Мемлекеттік органдардың есепке алу базалары жөніндегі тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша теріс нәтиже алған персонал ядролық материалдарға және табиғи уранмен жұмыс істеуге жіберілмейді.
86. Алғашқы даярлық бос лауазымдарға тағайындау үшін іріктелген және біліктілік шарттарына сәйкес келетін кандидаттармен жүргізіледі.
87. Физикалық қорғау персоналын қайта даярлау және біліктілігін арттыру олардың кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын арттыру мақсатында физикалық қорғау саласындағы басшылық құрам мен мамандар үшін іс-шаралар жүйесі болып табылады.
88. Физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуі ядролық объектіге ядролық материалдарды жеткізу сәтіне дейін қамтамасыз етіледі.
89. Ядролық қондырғыны, сақтау пунктін пайдаланудан шығару кезеңінде ядролық материалдарды ядролық қондырғыдан, сақтау пунктінен алып қойғанға дейін физикалық қорғау жүйелерінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
90. Физикалық қорғау жүйесі міндеттерді штаттық жағдайларда және рұқсатсыз әрекеттер нәтижесінде ядролық объектінің қалыпты жұмыс істеу жағдайлары бұзылатын жағдайларда, персоналдың (халықтың) денсаулығына залал келтірілуі мүмкін, сондай-ақ қоршаған ортаға залал келтірілуі мүмкін жағдайларда орындайды.
91. Физикалық қорғау жүйесі ақпаратты, оның ішінде бұзушылық жалпы немесе оның жекелеген элементтерінде физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін төмендетуге әкелуі мүмкін физикалық қорғау жүйесін ұйымдастыру, құрамы және жұмыс істеуі, оның тұтастығы және санкцияланған қолжетімділігі туралы құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.
92. Ядролық объектіде ядролық қондырғыларға жатпайтын, осалдықты талдау процесінде оларға қатысты рұқсатсыз әрекеттерді болдырмау қажеттігі анықталған жүйелерді, элементтерді және коммуникацияларды қорғау қамтамасыз етіледі.
93. Осы Қағидаларда белгіленген физикалық қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды толық көлемде орындау мүмкін болмаған кезде өтемдік ұйымдастырушылық-техникалық шаралар қолданылады.
9-параграф. Ядролық қондырғылардың техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар
94. Құрылыс конструкцияларын есептеу кезінде мынадай зақымдаушы факторлар есепке алынады:
1) диверсиялық жарылыстардан ауалық соққылық толқын;
2) мүмкін болатын көлік құралдарымен таран.
95. Сыртқы әсер етулер кезінде физикалық қорғау талаптарын орындау шаралар кешенімен және шешімдермен жүзеге асырылады.
96. Ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын есептеу 30 килоПаскаль ( бұдан әрі – кПа) соққы толқыны фронтында есептік қысымда және ғимаратқа (құрылысқа) дейінгі 7 метр (бұдан әрі – м) жақын емес 30 килограммаға (бұдан әрі – кг) дейінгі тротилдің баламалық қуатына немесе ғимаратқа (құрылысқа) дейінгі 30 м жақын емес 3000 кг-ға дейінгі тротилдің баламалық қуатына сәйкес ғимараттың, құрылыстың барлық жағынан 0.10 секундқа (бұдан әрі – с) дейін қысу фазасының ұзаруымен жүзеге асырылады. Бұл шарттар жергілікті аймақтардың өлшемін айқындайды.
97. Ядролық объектінің аумағында ғимараттарды және құрылыстарды орналастырған кезде мынадай жалпы талаптар есепке алынады:
1) реакторлық бөлімшесі бар блоктарды қоса алғанда, ядролық қондырғының қауіпсіздігі үшін маңызды жүйелермен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстар мүмкіндігінше басқа ғимараттармен және құрылыстармен аражабындарды есепке ала отырып, қорғалған аймақтың периметрінен барынша мүмкін болатын қашықтықта орналастырылады;
2) жердің үстіңгі бетіндегі коммуникациялар саны ең төменгі деңгейде.
98. Қорғалған аймақта жекелеген ғимараттардың немесе құрылыстардың жиынтығын білдіретін ішкі аймақ бөлінеді. Ішкі аймақтың шекаралары ғимараттардың қабырғаларымен немесе арнайы жабдықталған қоршаумен айқындалады.
99. Аса маңызды аймақтың шекарасы, ғимараттар мен үй-жайлардың қабырғаларымен айқындалады.
100. Күзетілетін ғимараттарда, олар арқылы ядролық объектінің аумағына ену мүмкін болатын құдықтар, люктер, қуыстар, шахталар, ашық құбырлар, каналдар мен басқа да осындай құрылыстар түрінде кіретін немесе шығатын жері бар жерасты немесе жер бетіндегі коммуникациялар бекітпелі құрылғылары бар тұрақты немесе алмалы торлармен, қақпақтармен, есіктермен жабдықталады. Тұрақты құрылғылар ашуға жатпайтын барлық коммуникацияларға орнатылады.
101. 250 миллиметрден (бұдан әрі – мм) астам диаметрі бар (250х250 мм-ден астам қимамен) барлық ойықтар торлармен жабдықталады.
102. "А, Б және В" санатты үй-жайлары бар ғимараттардан барлық кіретін (шығатын) жерлер, сондай-ақ үй-жайлардың өздері күшейтілген есіктік қораптары бар, екі жағынан металл немесе металлмен қапталған есіктермен жабдықталады.
103. "А, Б және В" санатты үй-жайлардың және аса маңызды аймақ ғимараттарының 1-ші және жертөле қабаттарының терезелік ойықтары болмайды.
104. Екінші қабаттың терезелері, сондай-ақ кез келген қабаттың терезелері, егер олар іргелес санаттандырылмаған үй-жайларға және дәлізге шығатын немесе өрт баспалдақтарына және өзге құрылысқа жақын орналасқан болса, оларды пайдалана отырып санаттандырылған үй-жайларға кіру мүмкін болатын болса, диаметрі кемінде 15 мм және ұяшықтар өлшемі 150х150 мм-ден аспайтын болат шыбықтан жасалған торлармен жабдықталады.
105. Ішкі аймақтың үй-жайлары "В" санатты үй-жайлардың нығайтылуы бойынша баламалы қабырғалармен және аралық қабырғалармен қорғалған аймақ үй-жайларынан бөлектеледі.
106. Ішкі аймақтың үй-жайларынан аса маңызды аймақтың үй-жайлары "Б" санатты үй-жайлардың нығайтылуы бойынша баламалы қабырғалармен және аралық қабырғалармен бөлектеледі.
107. Айрықша маңызды аймақ пен қорғалған аймақтың үй-жайлары арасында "А" санатты үй-жайдың мықтылығы бойынша баламалы қабырғалар немесе аралық қабырғалар көзделеді.
108. "А, Б" санатты үй-жайлардағы кіретін есіктердің мынадай параметрлерге:
1) ағаш, екі жағынан қалыңдығы кемінде 0,6 мм болат табақпен күшейтілген қапсырмасы бар, табақ есіктің ішкі бетіне қарай бүктеліп немесе есіктің бүйір қабырғасында бір біріне бастырыла қапсырылған, жайманың периметрі мен диагоналы бойынша диаметрі 3 мм, ұзындығы 40 мм шегелермен арасы 50 мм артық емес бекітпесі бар есіктерге;
2) есіктік жаймаларды металл төсемелермен қосымша күшейтілген ағаш есіктерге;
3) табағының қалыңдығы кемінде 4 мм металл болат есіктерге;
4) оған кемінде 30-50 соққыда салмағы 2 кг ауыр металл затпен адамның өтуі үшін жеткілікті тесік жасауға төзімді қорғауыш шынылауды пайдалана отырып металл рамалармен немесе оларсыз шыныдан жасалған жаймасы бар есіктерге;
5) ішкі жағынан торланған болат есіктер (айқара ашылатын, жылжымалы немесе жиналмалы) қосымша орнатылған күрделі емес есіктерге баламалы беріктікке ие. Есік қораптары болат істіктерден жасалған қосымша бекітпелермен, ал ілгектері – бүйірлік имектермен жабдықталады. Қорғаныш шынылауы кемінде 30-50 соққыда салмағы 2 кг ауыр металл затпен адамның өтуі үшін тесік жасауға төзімді.
109. Аса маңызды аймақтар үй-жайларының терезе ойықтары диаметрі кемінде 16 мм, 150х150 мм ұяшықтар түзетін болат шыбықтардан жасалатын металл торлармен жабдықталады. Шыбықтар қиылысқан жерлерді дәнекерлеу қажет. Тор шыбықтарының ұштары кемінде 80 мм тереңдікте қабырғаға енгізіледі және цемент ерітінді құйылады немесе металл конструкцияларға дәнекерленеді. Мұны жасау мүмкін болмағанда, тор өлшемі кемінде 30х30х5 мм бұрышпен көмкеріледі және қабырғаға 80 мм тереңдікте мықтап енгізілген диаметрі кемінде 12 мм және ұзындығы кемінде 120 мм болат анкермен периметрі бойынша дәнекерленеді.
110. Барлық терезелер торлармен жабдықталатын үй-жайларда олардың біреуі сындырудан қорғалған аспалы құлып салынып жылжымалы немесе айқара ашылатындай етіп жасалады.
111. "В" санатты үй-жайлардың кіретін есіктерінің беріктігі:
1) қалыңдығы кемінде 40 мм болған кезде жарма тұтас толтырылған ішкі ағаш есіктерге;
2) 3 соққыға шыдамды, 3,5 м және одан жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, саңылаусыз және көп қабатты шынымен шыныланған жармаларды пайдаланумен қалыңдығы кемінде 40 мм болатын сыртқы ағаш есіктерге;
3) бір соққыға шыдамды, 3,5 м және одан жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, қорғаныш шынымен, металл жақтаулы немесе оларсыз шыныдан жасалған жармалары бар есіктерге балама параметрлерде болуы тиіс.
112. Кіретін есік және тамбурдың есігі "В" санатындағы үй-жайлар үшін кемінде 25000 код (кілт) комбинациясы бар, "А және Б" санаттарындағы үй-жайлар үшін кемінде 100000 комбинациясы бар электрлі механикалық және (немесе) механикалық құлыптармен жабдықталады.
113. Есіктерде, терезелерде, люктерде, лифт шахталарында орнатылатын бекіткіш құрылғы ретінде өздігінен бекітілмейтін бұрандалы құлыптар, салмалы, аспалы құлыптар, ішкі ілгектер, ысырмалар, тиектер, сұқпа тиектер қолданылады.
114. Кіреберіс есіктерді, сондай-ақ "А" санатындағы үй-жайлардың ішкі есіктерін жабу үшін жоғары құпиялы, сувальдты екі қырлы кілттер, цилиндрлі штифті екі және одан қарапайым құлыптар пайдаланылуға тиіс. Сувальдты құлыптарда кем дегенде алты сувальд (симметриялы немесе асимметриялы) болуы тиіс.
115. Б санатындағы үй-жайлардың ішкі есіктерін жабу үшін құпиялылығы төмен цилиндрлік пластиналық сияқты және цилиндрлік штифті бірдей құлыптар пайдаланылады.
116. Салмалы құлыптар "В" санатындағы ішкі үй-жайларды жабу үшін қолданылады.
117. Аспалы құлыптар есіктерді, қақпаларды, темір торларды және терезе қақпақтарын қосымша бекіту үшін қолданылады. Құлыптардың суарылған болаттан имегі және салмақты корпусы болады, сондай-ақ жабылатын конструкцияларда оларды орнататын орындарда ұрлаудан қорғайтын және құлыптардың құлақтары мен имектерін кесудің алдын алатын қаптамалар, пластиналар және құрылғылар болады.
118. Құлыптардың тетіктері слесарлық қол құралын пайдаланып, қасақана зақымдаудан қорғайтын былғарымен қапталады және мөрленеді (пломбаланады).
119. Есіктің сыртқы жағынан есік жармасынан шығып тұратын бұранда құлып цилиндрінің бөлігі сындырудан немесе ұрудан сақтандыратын жапсырмамен, розеткамен, қалқанмен қорғалады. Сақтандыратын жапсырма, розетка, қалқан орнатқаннан кейін цилиндрдің шығып тұратын бөлігі 2 мм-ден артық болмауы тиіс.
120. Лифт шахталарының есіктері аспалы құлыптармен, тіректермен, күзет сигнализациясының хабарлағыштарымен оқшауланады.
121. "А және В" санаттарындағы үй-жайлардың бірінші қабаттағы терезе жақтауларының, витриналардың беріктігі:
1) қалыңдығы кемінде 1 мм болат рольставнялармен қосымша қапталған кәдімгі шыны терезелерге;
2) металл торлармен (жылжымалы, айқара ашылатын) немесе тиісінше берік жалюзилермен қосымша қорғалған кәдімгі шыны терезелерге;
3) бір соққыға шыдамды, 9,5 м және одан да жоғары биіктіктен лақтырылған салмағы 4 кг болат шардың 3 соққысына төзімді, арнайы қорғаныш шынымен жасалған конструкциялары бар терезелерге балама параметрлерде болуы тиіс.
122. Жедел жағдайы күрделі аудандардағы терезелер мен витриналар адам кіру үшін жеткілікті, салмағы 2 кг ауыр металл затпен кемінде 30-50 рет ұрғанға дейін тесілмейтін берік оқ өтпейтін қорғаныш шыныдан (қорғаныш үлдірден) жасалады.
10-параграф. Ядролық қондырғыны физикалық қорғаудың инженерлік құралдары кешеніне қойылатын талаптар
123. Ядролық объекті қорғалған аймақ ретінде қарастырылады, оның шекарасы тыйым салынған аймақтың сыртқы қоршауы бойынша өтеді. Негізгі қоршаудың сызығы мүмкіндігінше, тік бұрышты, артық иілімдер мен бұрылыстарсыз.
124. Тыйым салынған аймақтың ені кемінде 15 м құрайды.
125. Тыйым салынған аймақтың, мүмкіндігінше, коммуникациялармен қиылысудың ең аз ықтимал саны бар.
126. Коммуникациялық эстакадалары бар тыйым салынған аймақтың қиылысуы тік бұрышқа жақын бұрышта, биіктігі жердің деңгейінен кемінде 5 м қоршауда жүзеге асырылады.
127. Қоршау күрделі құрылыстар болып табылады және үлгі жоба бойынша салынады. Сыртқы қоршаулардың ең жетілдірілген және ұсынылатын үлгісі қазуға төтеп беру тұрғысынан жерге 200-400 мм қазылған темір бетон цокольмен күшейтілген темір бетон қоршау болып табылады.
128. Ядролық объектінің аумағын сыртқы қоршау кемінде 2,5 м темірбетон тақталарынан немесе қалыңдығы кемінде 2 мм металл қаңылтырдан, ал қар түскендегі тереңдігімен бір метрден көп аудандарда – кемінде 3 м биіктікте жасалады. Ядролық объектінің ерекшеліктерін ескере отырып, оның маңындағы құрылыстардың жалпы кейпіне сай металл конструкциялар (қалыңдығы кемінде 18 мм, арасындағы саңылау 100 мм-ден аспайтын шыбық түрінде жасалған металл торлы дуал) жасауға рұқсат етіледі.
129. Сыртқы қоршаудың жоғарғы жиегіне сымнан қосымша "Егоза" түріндегі "күнқағар" орнатылады.
130. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, кішкене қақпалар, сондай-ақ тесіктер, сыналар және басқа да зақымданулардың болуына жол берілмейді.
131. Сыртқы қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын ғимараттардан басқа қандай да бір құрылыс жапсарлас орналаспайды, бұл ретте күзетілмейтін аумаққа шығатын ғимараттардың бірінші қабаттарының, сондай-ақ кіретін есік күнқағарынан, өрт сатысынан және жапсарлас құрылыстардың төбелерінен кіруге болатын келесі қабаттардың терезелері күзеттің техникалық құралдарымен және қажетті жағдайда жабылатын рольставнялармен, немесе бұралмалы торлармен жабдықталады. Торлар диаметрі 10 мм кем емес, 150х150 мм ұяшықтарды құрайтын болат шыбықтардан дайындалады. Қиылысатын жерлерде шыбықтар дәнекерленеді. Тор өлшемі кемінде 30х30х5 мм бұрыштамамен жиектеледі және периметрі бойынша қабырғаға 80 мм тереңдікке мықтап бекітілген диаметрі кемінде 12 мм және ұзындығы кемінде 120 мм болат анкерлерге дәнекерленеді.
132. Көлік құралдарының тарандық олқылықтарының алдын алу үшін, сондай-ақ ұйым үшін қажетті уақытта бұзушыны ұстап алу және күзет және ден қою күштерінің қарсы шараларын өткізу үшін тыйым салынған аймақтың барынша әлсіз жерлеріне кіреберістер тыйым салынған аймақ шегінде физикалық қорғаудың қосымша физикалық кедергілерімен және техникалық құралдарымен жабдықталады.
133. Негізгі қоршау, сондай-ақ негізгі және ішкі қоршау арасындағы аймақ физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешенін ұсынатын күзет шебімен жабдықталады.
134. Тыйым салынған аймақтың сыртқы қоршауы негізгі қоршаудан кемінде 5 м қашықтықта орналасады.
135. Негізгі қоршаудың периметріне сыртқы және ішкі жағынан орман екпелері, ғимараттар, құрылыстар, жапсарлас құрылыстар, жабдықтарды немесе материалдарды жинауға арналған алаңдар жанаспайды.
136. Тыйым салынған аймақтың сыртқы және негізгі қоршаулары арасында оқшаулау жолағы көзделеді.
137. Оқшаулау жолағы мұқият жоспарланады және тазартылады. Онда физикалық қорғаудың техникалық құралдарын қолдануды қиындататын ешқандай құрылыстар мен заттарға жол берілмейді.
138. Оқшаулау жолағының ені техникалық күзет құралдарының жиынтығын орналастырудың мүмкіндігін ескере отырып таңдалады және кемінде 3 м құрайды.
139. Оқшаулау жолағы күзетте қызметтік иттерді қолдану үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайда сыртқы қоршаумен қатар биіктігі 2,5 м төмен емес болатын ішкі торлы немесе қада қоршау орнатылады.
140. Бақылау-із кесу жолағы негізгі қоршаудың ішкі жағынан жабдықталады.
141. Бақылау-із кесу жолағына мынадай талаптар қойылады:
1) ядролық объектінің барлық периметрі бойынша өтудің үздіксіз болуы;
2) енінің секіріп өтуді болдырмайтындай жеткілікті болуы;
3) із қалдырмай өтуді жеңілдететін заттардың болмауы;
4) барлық өту трассасы бойынша оны өңдеу кезінде механикаландыру құралдарын пайдалану мүмкіндігі.
142. Бақылау-із кесу жолағы жасанды және табиғи болуы мүмкін. Жасанды бақылау-із кесудің ені жалпақтығы 3 м-ден кем орнатылмайды.
143. Табиғи бақылау-із кесу жолағының ені тыйым салынған аймақтардың мөлшеріне және ядролық объектінің орналасу шарттарына қарай одан да үлкен болуы мүмкін. Талап етілетін енін жабдықтау мүмкін болмайтын учаскелер инженерлік бөгеттермен жабылады.
144. Табиғи бақылау-із кесу жолағының құрылғысы оның орналасатын шекарасын белгілеуді және ол орналасатын жергілікті жерді бастапқы дайындауды қамтиды.
145. Жасанды бақылау-із кесу жолағы жыртылады не топырақ төгіледі. Жыртылған жердің тереңдігі (топырақ төгіндісінің биіктігі) – кемінде 15 сантиметрді құрайды.
146. Жыртылған және топырақ төгілген бақылау-із кесу жолақтары тырмаланып және оның үстіне жол төсеушінің көмегімен толқын тәрізді кескін салынып, жұмсақ-үлпілдек күйге келтіріледі.
147. Тыйым салынған аймақтың темір, тас және топырақ жолдарымен қиылысқан жерлері үйілген бақылау-із кесу жолағымен жабдықталады.
148. Тыйым салынған аймақ бұлақтармен, шұңқырлармен, жыралармен қиылысқан жерлерінде, бақылау-із кесу жолағында алшақтау орындарын болдырмау үшін өткелдер (төсеніштер) салынады. Өткелдердің (төсеніштердің) астындағы кеңістік инженерлік бөгеттермен қалқаланады және анықтау құралдарымен жабдықталады.
149. Бақылау-із кесу жолағын жауынның және еріген судың шайып кетуінен қорғау үшін бақылау-із кесу жолағына судың жиналуын болдырмайтын дренаж және кювет (шұңқырлар) орнату, тормен жабылып, анықтау құралдарымен жабдықталған су бұру және су өткізу құбырларын төсеу жолымен жер үсті суларын бұру бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
150. Тыйым салынған аймақтың ішкі қоршауы мен бақылау-із кесу жолағы арасында күзет және әрекет ету күштерінің жүруі үшін ені 0,8-1 м жасақшылардың жолы төселеді. Олардың жүруіне қосымша жол болмаған жағдайда, жасақшылар жолымен персоналдың, физикалық қорғау техникалық жабдықтары кешеніне қызмет көрсетушілердің жүруіне рұқсат беріледі. Жасақшылардың жолдары топырақтан, ағаштан жасалған жабыннан, асфальттан, бетоннан немесе темір бетоннан жасалады.
151. Бұзушыларды бейтараптандыру және бұзушылық тіркелген тыйым салынған аймақ учаскесіне үрейлі топтың келуі үшін қатты жабыны бар ені кемінде 3 м күзеттің техникалық құралдарын қолдану аймағынан тыс күзет жолы жабдықталады.
152. Күзет жолдары әдетте автомобиль көлігінің бір бағытта қозғалуы үшін салынады.
153. Адамдар мен көліктерді өткізу, материалдар мен құжаттарды кіргізу (шығару), әкелу (әкету) БӨП арқылы жүзеге асырылады, олар мыналарға бөлінеді:
1) адамдар өту үшін;
2) автомобиль немесе теміржол көлігінің өтуі үшін.
154. Адамдар өтетін БӨП сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы БӨП қорғалған аймаққа кіру кезінде өткізу режимін жүзеге асыру үшін, ішкі БӨП ішкі және аса маңызды аймақтарға кіру кезінде қол жеткізуді бақылау үшін белгіленеді.
155. БӨП өткізу қабілеттілігі жұмыс ауысымы санының барынша көптігіне сүйене отырып есептеледі.
156. БӨП ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабын) құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді және шолынуы жақсы әрі күзет және ден қою күштерін шабуылдан қорғауды қамтамасыз етеді.
157. Өткізу режиміне байланысты БӨП рұқсат қағаздарын немесе автоматты карточкаларды сақтауға арналған арнайы үй-жайда көзделеді.
158. Адамдар өту үшін БӨП жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттарын сақтайтын сақтау камерасымен, тексеріп-қарау бөлмесімен, күзет және ден қою күштерін орналастыруға арналған қызметтік үй-жаймен, техникалық қауіпсіздік жүйелерімен (концентраторлар, пульттер, күзеттік бейнеқадағалаудың бейнебақылау құрылғылары), өткелді ашуды (өтуді) және күзеттік жарықтандыру тетіктерін басқару құрылғыларымен және санитарлық жүйемен жабдықталады.
159. БӨП автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғыларымен, турникеттермен, кішкене қақпалы есіктермен, ал қажет болған жағдайда қажеттілігіне немесе қызметтік талап етілуіне байланысты тексеріп-қарау жүргізу үшін әртүрлі металл түрлерін анықтауға қабілетті стационарлық, қолда ұстау құрылғыларымен жабдықталады. Сондай-ақ тексеріп-қарау үшін жарылғыш заттарды және альфа-, бета-, гамма – сәулеленуді анықтауды қамтамасыз ететін радиоактивті материалдарды анықтауға арналған детекторлар қолданылады.
160. Көлік құралдарына арналған БӨП электр жетегі және қашықтықтан басқарылатын, сыртқы және ішкі үлгілік жылжымалы немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Қақпалар өздігінен ашылуды (қозғалуын) болдырмайтын шектеуіштермен немесе бекіткіштермен жабдықталады.
161. Бас автокөліктік БӨП персоналдың өтуіне арналған орталық БӨП-ке жақын орналастырылады.
162. Автокөліктік БӨП алып баратын жол учаскелері қақпадан 30 м-ден көп емес қашықтықта 90 градусқа бұрылысы болады; бұл учаскелер олардың үстінен өту мүмкіндігін болдырмайтын бетон конструкциялармен қоршалады. Таранға қарсы құрылғының басқа конструктивті шешімі болуы мүмкін.
163. Автомобиль және теміржол көлігінің өтуі үшін БӨП қатар қолдануға рұқсат етіледі. Көліктік БӨП көлік құралдарын тексеріп-қараудың арнайы алаңдарымен жабдықталады.
164. Автокөлік құралдарына арналған БӨП оларды қарап-тексеруге арналған қарау алаңдарымен немесе эстакадалармен, шлагбаумдармен, ал теміржол көлігіне арналған БӨП жылжымалы теміржол құрамын қарап тексеруге арналған мұнарамен және алаңмен жабдықталады.
165. Кіру және шығу орындары бағдаршамдармен және жол белгілерімен жабдықталады.
Машиналарды тексеріп қарау алаңы ұзындығы кем дегенде 20 м және жүк автомашинасының еніне байланысты әр бүйірінен кемінде 3 м болады. Машиналарды тексеріп қарау алаңы машинаны астынан тексеріп қарау үшін шұңқырмен, машинаны үстінен және жанынан тексеріп қарау үшін мінбемен немесе эстакадамен жабдықталады және негізгі қоршау үлгісі бойынша дуалмен қоршалады.
166. Теміржол БӨП:
1) өтетін қақпалармен және вагондарды тексеріп қарау алаңдарымен;
2) электрмеханикалық жетекпен және қолмен ашатын тетікпен;
3) көліктің ядролық объектіге (объектіден) заңсыз кіруінің және жылжымалы құрамның қақпаға кездейсоқ соғылуының алдын алу үшін көлікті мәжбүрлі тоқтату құрылғыларымен (тығындау бөренелерімен, түсіргіш-стрелкалармен, ұстап қалу тұйықтарымен) жабдықталады.
167. Жасақшылардың теміржол көліктерін қарап тексеру алаңдарымен қатар тексеру үшін қарау мұнаралары, аспалы көпірлер, қарау эстакадалары, жеңіл баспалдақтар, ілме басқыштар қолданылады.
168. Жылжымайтын көлік вагондарының жоғарғы люктері және қақпақтарын тексеру үшін жылжымалы мұнаралар мен жеңіл баспалдақтар пайдаланылады.
169. Бақылаушы жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарау алаңында тұрған көлікті тексеру кезінде қосарланған тежеуіш табандар пайдаланылады.
170. Вагондарды тексеріп қарау алаңының көлемі 3-4 вагонды бір мезгілде тексеріп қарау есебінен ұзындығы бойынша іріктеп алынады. Тексеріп-қарау алаңы вагондарды астынан тексеріп қарау үшін шұңқырмен және жанынан және үстінен тексеріп қарау үшін мінбемен немесе эстакадамен жабдықталады.
171. Алаңның жүру бөлігінде көлікті қарап тексеру үшін екі желімен және ақ бояумен мемлекеттік және орыс тілдерінде "Тоқта" деген жазумен шектелген аялдау орны бөлінеді. "Тоқта" деген тақтайшалар орнатуға жол беріледі.
172. Негізгі және қосымша қақпалардың сыртқы жағынан қарау алаңына кіру алдында оларға 3 м жақын емес жерге көлденең сызық және "Тоқта" деген жазу ілінеді.
173. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қақпадан кемінде 100 м оң жағынан немесе жолдың үстінен "Бір қатармен жүру" деген сілтеуіш белгі, ал 50 м жерге – жылдамдықты 5 километр/сағатқа (бұдан әрі – км/сағ) дейін шектеу белгісі орнатылады.
174. Қақпаны басқару пульті БӨП немесе оның сыртқы қабырғасында орналастырылады, бұл ретте бөгде адамдардың пультке қолжетімділігіне тыйым салынады.
175. БӨП үй-жайы байланыс, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады және орталық басқару пунктіне қосылған дабыл сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.
11-параграф. Табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу жөніндегі кәсіпорындарды физикалық қорғаудың инженерлік құралдары кешеніне қойылатын талаптар
176. Объект шекарасы күзетілетін аумақтың қоршауы бойынша өтетін, қорғалған аймақ ретінде қарастырылады. Қоршау адамдардың (жануарлардың) рұқсатсыз өтуін, көліктің өтуін болдырмауын және бұзушының БӨП-ті айналып өтіп қорғалатын аумаққа кіруін қиындатуы тиіс. Сыртқы қоршау желісі, мүмкіндігінше, тік сызықты, артық бүгілістер мен бұрылыстарсыз болуы қажет.
177. Қорғалған аймақта жеке ғимараттардың, құрылыстардың, ашық алаңдардың жиынтығын білдіретін ішкі аймақтар бөлінеді. Ішкі аймақтың шекаралары ғимараттардың қабырғаларымен немесе арнайы жабдықталған қоршаумен айқындалады.
178. Периметрдің сыртқы қоршауы күрделі құрылыс болып табылады және үлгілік жобалар бойынша салынады. Қоршау биіктігі кемінде 2,5 м мырышталған немесе полимерлі жабындысы бар, 25х25 мм-ден аспайтын ұяшығы бар, қимасы 1,4 мм сымнан жасалған "рабица" металл торынан жасалады. Темір-бетон немесе металл 3D дәнекерленген панельдерден қоршауға жол беріледі. Қоршау жерге 300 мм-ден кем емес тереңдетіліп, диаметрі 15 мм және ұяшықтарының өлшемі 150х150 мм шыбықтан жасалған темір бетон цокольмен немесе металл тормен қазуға қарсы жағынан күшейтіледі.
179. Сыртқы қоршаудың жоғарғы жиегінде Y-тәрізді кронштейндерге диаметрі 500-600 мм, орамдар арасындағы қашықтық 200 мм-ден аспайтын "Егоза" түріндегі арматураланған тікенді лентадан ("күнқағар") жасалған спиральды қауіпсіздік тосқауылы қосымша орнатылады.
180. Периметр қоршауында бекітілмейтін есіктердің, қақпалардың, сондай-ақ тесіктердің, ойықтардың және басқа да зақымданулардың болуына жол берілмейді.
181. Күзетілетін аймақ шекарасының периметрінде коммуникациялармен қиылысудың ең аз ықтимал саны болуы тиіс. Сыртқы қоршаудың коммуникациялық эстакадалармен қиылысуы жер деңгейінен кемінде 5 м биіктікте қоршаудың үстінен тік бұрышқа жақын бұрышта жүзеге асырылады. 5 м-ден төмен коммуникациялардың қиылысу орындары 1 м қашықтықта "рабица" торынан экрандармен немесе диаметрі 500-600 мм, орамдар арасындағы қашықтық 200 мм-ден аспайтын "Егоза" түріндегі арматураланған тікенді лентадан қауіпсіздік тосқауылымен қорғалады.
182. 2,5 м қашықтықта сыртқы жағынан да, ішкі жағынан да қоршауға кірме эстакадалардан және күкірт қышқылын айдауға арналған құрылыстардан, сондай-ақ оның периметрінің бөлігі болып табылатын ғимараттардан басқа қандай да бір ғимараттар, құрылыстар, жапсарлас құрылыстар, жабдықтарды немесе материалдарды жинауға арналған алаңдар, құрылыстар жанаспауы тиіс. Бұл ретте, күзетілмейтін аумаққа шығатын ғимараттардың бірінші қабаттарының, сондай-ақ одан кейінгі қабаттардың кіреберіс күнқағарларынан, өрт сатыларынан және жапсарлас құрылыстардың шатырларынан қолжетімді терезелері диаметрі 8 мм және ұяшықтарының көлемі 150х150 мм шыбықтан жасалған айқара ашылатын металл тормен немесе қажет болған жағдайларда жабылатын металл рольставнялармен немесе бронепленкамен жабдықталады. Периметрдің бір бөлігі болып табылатын бір қабатты ғимараттың төбесіне "Егоза" түріндегі арматураланған тікенекті лентадан жасалған спиральды қауіпсіздік тосқауылы орнатылады (диаметрі 500-600 мм, орамдар арасындағы қашықтық 200 мм-ден аспайды).
183. Агрессивті қышқыл орта буларының әсер етуі мүмкін қышқылдарды сақтау, айдау орындарында бүкіл учаске бойында, сондай-ақ оған дейін 15 м қашықтықта қоршау бағаналары, торлы панельдер және "Егоза" түріндегі спиральды қауіпсіздік тосқауылы арнайы полимерлі жабынмен қолданылады. Автомобиль эстакадаларының жанасу учаскесінде, қышқылдарды аумаққа айдауға арналған кіреберістерде, сондай-ақ оның жағына қарай 1,5 м периметрдің сыртқы қоршауы биіктігі 3 м болып орындалады.
184. Көлік құралдарының тарандық бұзылуын болдырмау үшін, сондай-ақ күзет және ден қою күштерімен қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақытқа тәртіп бұзушыны кідірту үшін қауіп-қатерге сүйене отырып периметрдің неғұрлым осал жерлеріне кіреберістер тыйым салынған аймақтан тыс жерлерде қосымша физикалық тосқауылдармен және физикалық қорғаудың техникалық құралдарымен жабдықталуы мүмкін.
185. Қоршау физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешені болып табылатын күзет шебімен жабдықталады.
186. Периметр қоршауының ішкі жағынан, күкірт қышқылын айдау орнын қоспағанда, мұқият жоспарланатын және тазартылатын физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешенін орналастыру үшін оқшаулау жолағы көзделеді. Оқшаулау жолағының ені – 2,5 м құрайды. Онда техникалық құралдардың жұмысын қиындататын ешқандай құрылыстар мен заттарға жол берілмейді.
187. Ішкі аймақтардың ашық алаңдарының қоршауы биіктігі 2 м-ден кем емес, қимасы 1,4 мм сымнан жасалған, торкөзі 25х25 мм-ден аспайтын, мырышпен қапталған немесе полимермен қапталған "рабица" металл торынан жасалады. Қоршау сызығы, мүмкіндігінше, түзу, қажетсіз иілімдерсіз және бұрылыстарсыз.
188. Ішкі аймақ қоршауының жоғарғы жиегінде Y-тәрізді кронштейндерде "Егоза" түріндегі арматураланған тікенді лентадан ("күнқағар") жасалған спиральды қауіпсіздік тосқауылы қосымша орнатылады (диаметрі 500-600 мм, орамдар арасындағы қашықтық 200 мм-ден аспайды). "Жіп" түріндегі тікенді сымнан күнқағарды кронштейнді сыртқы жағына қарай еңкейте отырып, 3-5 қатарға орнатуға жол беріледі.
189. Ішкі аймақтың қоршауында бекітілмейтін есіктердің, қақпалардың, кіші қақпалардың, сондай-ақ тесіктердің, сыналардың және басқа да зақымданулардың болуына жол берілмейді.
190. Ішкі аймақтың қоршауында коммуникациялармен қиылысудың ең аз ықтимал саны болуы тиіс. Ішкі аймақ қоршауының коммуникациялық эстакадалармен қиылысуы жер деңгейінен кемінде 5 м биіктікте қоршаудың үстінен тік бұрышқа жақын бұрышта жүзеге асырылады. 5 м-ден төмен коммуникациялардың қиылысу орындары, бүкіл шеңбер бойымен 1 м қашықтықта. Рабиц торынан экрандармен немесе арматураланған "Егоза" тікенді лентадан қауіпсіздік тосқауылымен қорғалған.
191. Ішкі аймақтың қоршауы физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешені болып табылатын күзет шебімен жабдықталады.
192. Ішкі аймақ периметрі қоршауының ішкі жағынан мұқият жоспарланатын және тазаланатын физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешенін орналастыру үшін оқшаулау жолағы көзделеді. Оқшаулау жолағының ені кемінде 1 м құрайды. онда техникалық құралдарды қолдануды қиындататын ешқандай құрылыстарға, ағаштарға, бұталарға және заттарға жол берілмейді.
193. Ішкі аймақтың ашық алаңына көлік құралдарының кіруі үлгілік жылжымалы (сырғымалы) немесе айқара ашылатын қақпалармен жабдықталады. Қақпалар өздігінен ашылуды (қозғалысты) болдырмау үшін шектегіштермен немесе тоқтатқыштармен жарақталады. Қақпалар биіктігі кемінде 2 м етіп, қоршаумен ұқсастығы бойынша төсемдерді толтырумен орындалады. Жол жабыны мен қақпаның арасында 150 мм-ден аспайтын саңылауға жол беріледі. Қақпаның үстіне тікенді сымнан жасалған тосқауыл немесе "Егоза" түріндегі тегіс арматураланған тікенді лентадан жасалған спиральды қауіпсіздік тосқауылы орнатылады (диаметрі 500-600 мм және орамдар арасындағы қашықтық 200 мм).
194. Адамдар мен көлікті өткізуді, материалдар мен құжаттарды кіргізуді (шығаруды), әкелуді (әкетуді) ұйымдастыру үшін периметрде БӨП белгіленеді, олар мыналарға бөлінеді:
1) адамдардың өтуі үшін;
2) автомобиль немесе теміржол көлігін өткізу үшін.
БӨП өткізу қабілеті жұмыс ауысымының ең көп санына қарай есептеледі.
195. Бас көліктік БӨП адамдардың өтуіне арналған орталық БӨП-ке жақын орналасуы тиіс.
196. БӨП ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалары мен жабындары) құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, тең беріктік, сыртқы әсерлерге төзімділік талаптарына жауап беруге, жақсы шолуға ие болуға және күзет пен ден қою күштерін шабуылдан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
197. Өткізу режиміне байланысты БӨП-те рұқсаттамаларды, байланыссыз электрондық сәйкестендіргіштерді және механикалық құлыптардың кілттерінің телнұсқаларын сақтауға, тіркеуге арналған арнайы үй-жай көзделеді. Бұл үй-жайға кіру шектеледі және күзет бақылауында болады.
198. Рұқсаттамаларды, байланыссыз электрондық сәйкестендіргіштерді және механикалық құлыптардың кілттерінің телнұсқаларын сақтау үшін БӨП үй-жайында орнатылған сейф-шкафты қолдануға жол беріледі.
199. Адамдардың өтуіне арналған БӨП жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттарын сақтайтын сақтау камерасымен, күзет және ден қою күштерін, қауіпсіздіктің техникалық жүйелерін (концентраторларды, пульттерді, күзеттік бейнебақылаудың бейнебақылау құрылғыларын), өткелді (өтуді) ашу тетіктерін басқару құрылғыларын және күзеттік жарықтандыруды орналастыруға арналған қызметтік үй-жаймен және санитариялық тораппен жабдықталады.
200. Адамдардың БӨП-ке рұқсатсыз өтуін болдырмау үшін қолмен және автоматтандырылған басқару мүмкіндігі бар боймен деңгейлес роторлы турникеттер, кіші қақпалар орнатылады.
201. БӨП металдардың, радиоактивті заттардың әртүрлі типтерін тануға қабілетті тексеруге арналған стационарлық және қол детекторларымен жабдықталады. Көлік құралдарына арналған БӨП қосымша қол шамдарымен және жарығы бар тексеріп-қарау айналарымен жабдықталады.
202. БӨП үй-жайы телефон және радиобайланыс, өрт сөндіру құралдарымен жасақталады және орталық басқару пунктіне қосылған дабыл-шақыру сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.
203. Автокөлік құралдарына арналған БӨП электр жетегі және қашықтықтан басқарылатын сыртқы үлгілік жылжымалы (сырғымалы) немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Қақпалар өздігінен ашылуын (жабылуын) болдырмау үшін шектегіштермен немесе тоқтатқыштармен, сондай-ақ аспалы құлып пен пломбалау құрылғысына арналған құрылғылармен жарақталады.
204. Қақпаның биіктігі кемінде 2,5 м металдан жасалады. Жол жабыны мен қақпаның арасында 150 мм-ден аспайтын саңылауға жол беріледі. Қақпаның үстіне тікенді сымнан жасалған тосқауыл немесе "Егоза" түріндегі арматураланған тікенді лентадан жасалған тегіс спиральды қауіпсіздік тосқауылы орнатылады (диаметрі және орамдар арасындағы қашықтық – негізгі қоршауға ұқсас.).
205. Периметрдің сыртқы қоршауындағы авариялық автомобиль қақпалары негізгі қоршаудан төмен емес биіктікте айқара ашылып орындалады. Қақпалар өздігінен ашылуын (жабылуын) болдырмайтын тоқтатқыш құрылғылармен, сондай-ақ аспалы құлып пен пломбалау құрылғысына арналған құрылғылармен жабдықталады.
206. Авариялық қақпалар жармасының жоғарғы жиегінде кронштейндерге "Егоза" үлгісіндегі арматураланған тікенді лентадан ("күнқағар") жасалған жалпақ спиральды қауіпсіздік тосқауылы қосымша орнатылады (диаметрі және орамдар арасындағы қашықтық - негізгі қоршауға ұқсас).
207. Автокөлік құралдарына арналған БӨП арнайы тексеріп-қарау алаңдарымен, көлік құралдарын тексеріп қарауға арналған эстакадалармен (шұңқырлармен), ішкі жағынан – электр жетегі бар және қашықтықтан басқарылатын шлагбауммен жабдықталады.
208. Машиналарды қарап тексеру алаңы сыртқы қоршаудың периметріне дейін 2,5 м-ден жақын емес орнатылған машиналарды жоғарыдан және бүйірден тексеріп қарау үшін эстакадамен жабдықталады.
209. Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БӨП-ке кіру және шығу жолдары жол белгілерімен жабдықталады.
210. Алаңның жүру бөлігіне екі сызықпен және ақ бояумен мемлекеттік және орыс тілдерінде "Тоқта" деген жазулармен шектелген, тексеріп қарау үшін көліктің тоқтаған жерін білдіретін таңба салынады. "Тоқта" деген тақтайшаларды орнатуға жол беріледі.
211. Тексеріп қарау алаңына кірер алдында БӨП-тің негізгі және қосалқы қақпаларының сыртқы жағынан олардан 3 м-ден жақын емес "Тоқта" деген жазуы бар көлденең белгі салынады немесе "Тоқта" деген тақтайша орнатылады. Қақпадан оң жағынан немесе жолдың үстінен кемінде 100 м қашықтықта – "Бір қатарда қозғалыс" деген көрсеткіш белгі, ал 50 м – жылдамдықты 5 км/сағ дейін шектеу белгісі орнатылады.
212. Теміржол көлігіне арналған БӨП электр жетегі және қашықтықтан басқарылатын сыртқы үлгілік жылжымалы (сырғымалы) немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталады. БӨП-ті пайдалану қарқындылығына қарай қолмен ашылатын айқара ашылатын қақпаларды орнатуға жол беріледі. Қақпалар өздігінен ашылуын (жабылуын) болдырмау үшін шектегіштермен немесе тоқтатқыштармен, сондай-ақ аспалы құлып пен пломбалау құрылғысына арналған құрылғылармен жарақталады.
213. Қақпаның биіктігі кемінде 2,5 м металдан жасалады. Теміржол төсемі мен қақпаның арасында адамдардың (жануарлардың) рұқсатсыз кіруін болдырмайтын саңылауға жол беріледі. Қақпа төсемінің үстіне тікенді сымнан жасалған тосқауыл немесе "Егоза" түріндегі арматураланған тікенді лентадан жасалған жалпақ спиральды қауіпсіздік тосқауылы орнатылады (диаметрі мен орамдар арасындағы қашықтық негізгі қоршауға ұқсас).
214. Теміржол көлігінің рұқсатсыз өтуін болдырмау үшін БӨП көлікті мәжбүрлеп тоқтату құрылғыларымен (салу білеулері, бағыттамалар (табандықтар)-түсіргіштер, тұйықтар-ұстағыштар) жабдықталады.
215. Теміржол көлігіне арналған БӨП арнайы тексеріп қарау алаңдарымен, жылжымалы теміржол құрамын бүйірінен және үстінен қарап тексеруге арналған мұнарамен жабдықталады. Теміржол вагондарын (локомотивтерді) қарап тексеру алаңының өлшемдері: ұзындығы бойынша бір мезгілде 3-4 вагонды тексеріп қарау есебінен және вагонның (локомотивтің) әрбір жағынан 1,5 м кем емес ені бойынша таңдалады. Теміржол көлігі вагондарының жоғарғы люктері мен шатырларын қарап тексеру үшін тексеріп қарау алаңдарымен қатар қарау мұнаралары, лақтыру көпірлері, қарау эстакадалары, басқыштары, аспалы басқыштары қолданылуы мүмкін.
216. Тексеріп қарау алаңында тұрған теміржол көлігін тексеру кезінде бақылаушы жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосарланған тежегіш табандықтары қолданылады.
12-параграф. Физикалық қорғаудың техникалық құралдары кешеніне қойылатын талаптар
217. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешені мынадай міндеттерді шешеді:
1) физикалық қорғау жүйесін жедел, тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету;
2) персоналдың ядролық материалдарға, ядролық қондырғыға, сақтау пунктіне белгіленген кіру режимін қамтамасыз ету;
3) күзетілетін аймақтарға, ғимараттарға, құрылыстарға, үй-жайларға немесе ядролық материалдарды таситын көлік құралдарының жүк бөліктеріне кіру туралы физикалық қорғау жүйесінің басқару пунктіне сигнал беру;
4) күзетілетін аймақтардың периметрлерінде (шекараларында) рұқсатсыз кірудің уақыты мен орнын, ал қорғалған аймақтың периметрінде (шекарасында) тәртіп бұзушылардың қозғалыс бағытын айқындау;
5) тәртіп бұзушылардың кіруін (қозғалысын) тоқтату (бөгеу);
6) қызметтік міндеттерді орындау және тәртіп бұзушыларды ұстау бойынша әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін күзет және ден қою күштеріне қолайлы жағдай жасау;
7) жағдайды бағалау мақсатында күзетілетін аймақтарды, күзетілетін ғимараттарды, құрылыстарды, үй-жайларды шолып қадағалау;
8) физикалық қорғаудың техникалық құралдарынан түсетін сигналдарды, физикалық қорғау жүйесін басқару органдары беретін өкімдер мен командаларды және физикалық қорғау жүйесінің басқару пункттері операторларының баяндамаларын тіркеу (құжаттау).
218. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарының кешені мыналарды жүзеге асырады:
1) барлық алынатын ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және бақылау;
2) уақыттың нақты ауқымында үрейлі жағдайды бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
3) күзет, ден қою күштеріне және физикалық қорғау жүйесін басқару органдарына хабарламаларды (белгіленген сигналдарды) қалыптастыру және беру;
4) орталық және жергілікті басқару пункттері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
5) басқарылатын табиғи кедергілерге басқарушылық әсер етуді және физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу;
6) физикалық қорғаудың техникалық құралдарының жағдайын және жұмысқа қабілеттілігін бақылау;
7) ядролық қондырғылардағы және сақтау пункттеріндегі ядролық материалдармен жұмыс кезінде персоналдың іс-қимылын және орналасқан жерін бақылау;
8) физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуі, оны ядролық объектіге және физикалық қорғаудың техникалық құралдарының өзіне қатысты оларды еңсеру әрекеттері және рұқсат етілмеген іс-қимылдар туралы ақпаратты сақтау және беру;
9) физикалық қорғаудың техникалық құралдар кешенінің ядролық объектінің ядролық, радиациялық, экологиялық, техникалық, өрт қауіпсіздігі жүйелерімен ақпараттық өз-ара іс-қимылдың қажеттілігі және тәртібі физикалық қорғау жүйесін құруға (жетілдіруге) арналған техникалық тапсырмада белгіленеді;
10) негізгі электрмен қоректендіру көздерін ажыратқан жағдайда, физикалық қорғаудың техникалық құралдарының жұмыс қабілеттілігі резервтік электрмен қоректендіру көздерінің болуы және негізгі электрмен қоректендіру көзін резервтік электрмен қоректендіру көзіне автоматты түрде ауыстырып қосу арқылы сақталады. Бұл ретте тиісті жергілікті және орталық басқару пунктіне резервтік электрмен қоректендіру көзіне ауысу туралы ақпарат көрсетіледі және тіркеледі.
219. Физикалық қорғаудың техникалық құралдары мынадай негізгі функционалдық жүйелерден тұрады:
1) күзет сигнал беру жүйесі;
2) кіруді бақылау және басқару жүйесі;
3) бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі;
4) жедел байланыс және хабарлау жүйесі, оның ішінде сымды байланыс және радиобайланыс құралдары;
5) телекоммуникациялар жүйесі;
6) ақпарат қорғау жүйесі;
7) ядролық материалдарды, металдарды, ядролық қондырғының аумағындағы жарылғыш заттарды (детекторларды) алып өтуді (өткізуді) анықтау жүйесі;
8) қамтамасыз етуші жүйелер (электрмен қоректендіру, жарық).
220. Физикалық қорғаудың техникалық құралдары кешенінің қандай да бір элементінің істен шығуы немесе қатардан шығуы физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуін бұзбайды. Осы үшін қалпына келтіру шаралары көзделеді.
221. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын басқаруды орталық немесе жергілікті басқару пунктерінің операторлары жүзеге асырады.
222. Орталық және жергілікті басқару пунктерінің операторлары өз міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде технологиялық процестің ерекшеліктері туралы хабарланады.
223. Физикалық қорғау жүйесінде басқаруды ұйымдастыру мақсатында мыналар:
1) орталық және жергілікті басқару пунктері арасында, сондай-ақ басқару пункттері мен күзет бөлімшелерінің арасында екіжақты байланыс жүйесі;
2) күзет және ден қою күштері және физикалық қорғау бөлімшесі үшін радиобайланыс құралдары қолданылады.
224. Орталық басқару орны және жергілікті басқару пункті тікелей ішкі аймақта орналасады.
225. Күзет сигнал беру жүйесі рұқсат етілмеген әрекет жасау әрекеттері мен фактілерін анықтауға және күзет және ден қою күштерін осы оқиғалар туралы хабарлауға арналады. Күзет сигнал беру жүйесіне кіретін басқа да функционалдық жүйелер тиісті баламалы іс-қимылдарды орындауға, сондай-ақ атқарушылық құрылғыларға және басқарылатын табиғи кедергілерге қажетті басқару командаларды автоматты түрде беруге арналған.
226. Күзет сигнал беру жүйесі:
1) рұқсатсыз кіруді анықтауды;
2) орталық немесе жергілікті басқару пункттерін анықтау құралдарының іске қосылуы туралы сигнал беруді беру және осы оқиғаны хаттамалауды;
3) барлық қажетті мәліметтерді тіркей отырып, оларды кейіннен бірмәнді сәйкестендіру үшін физикалық қорғау жүйесінде болып жатқан барлық оқиғаларға архивті жүргізуді (құрылғының типі және нөмірі, оқиғаның типі және себебі, оның басталған күні және уақыты);
4) бақылаусыз күзеттен алуды және күзетке қою, мүмкіндігін болдырмауды;
5) анықтау құралдарын (анықтау құралдарының тобы) бақылауға (бақылаудан) алу (алып тастау) функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
227. Күзет сигнал беру жүйесінің құрамына:
1) анықтау құралдары;
2) дабыл-шақыру сигнал беру жүйесі;
3) ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі кіреді.
228. Барлық анықтау құралдары сипаты (жұмыс жағдайы) және мақсаты бойынша мынадай:
1) қорғалған аймақтың периметрін қорғауға арналған;
2) ғимараттардың (үй-жайлардың) ішін күзетуге арналған екі топқа бөлінеді.
229. Қорғалған аймақтың периметрін қорғау үшін анықтау құралдарының типін таңдау кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
1) периметр қоршауын типі және өлшемі;
2) жасақшылар сүрлеу жолының болуы;
3) қажетті сигнал беру шебінің саны;
4) белгіленген климаттық аймақтағы табиғат және ауа райы жағдайы;
5) электр беру желілері (кернеу, биіктігі бойынша, көлденеңі бойынша жою, периметрі бар қиылысу бұрышы, коммутациялардың жиілігі);
6) автомобиль және теміржолдардың жақындығы;
7) жер бедері;
8) топырақ типі және қату тереңдігі;
9) аддитивтік кедергі (радиоарналардың, радиохабарлағыштардың, электромагниттік сәулелендірудің әсері);
10) разрядтардың және басқа да атмосфералық құбылыстардың ықпалы.
230 Периметрді анықтау құралдары:
1) іс-қимылдың үздіксіздігін;
2) бұзушылық орнын және қажет болған жағдайда тәртіп бұзушының қозғалыс бағытын анықтауды қамтамасыз етеді.
231. Периметрді анықтау құралдарының сызықтық бөлігі әрбіріне жеке нөмір бере отырып, учаскелерге бөлінеді.
232. Дабыл-шақыру сигнал беру күзет және ден қою күштерін шұғыл шақыруға рұқсат етілмеген әрекет жасалғаны туралы жергілікті және орталық басқару пункттеріне хабарлауға, тәртіп бұзушы тарапынан мәжбүрлеу болғандығы жайлы сигнал беруге, күзет посттарындағы және алдын ала белгеленген маршрутты партульдеу кезіндегі күзет және ден қою күштерінің тұрмыс тіршілігін бақылауға арналған.
233. Дабыл-шақыру сигнал беру:
1) құрылғылардың іске қосылуы туралы күзет және ден қою күштеріне хабарлауды;
2) шақыру орнын айқындауды;
3) қондырғысының тұйықтығы және шақыру құрылғысын пайдаланудың ыңғайлылығын;
4) бақылаудан алудың мүмкін еместігін;
5) іске қосылу туралы сигнал берулердің күзет сигнал беру жүйесі құрылғыларының іске қосылуы туралы сигналдарынан айырмашылығын;
6) жергілікті және орталық басқару пункттері операторларының, күзет посттарындағы және күні бұрын белгіленген маршрут бойынша патрульдеу кезінде күзет және ден қою күштерінің, сондай-ақ ядролық объектіге өткізу режимін жүзеге асыратын бақылаушылардың тұрмыс тіршілігін бақылауды қамтамасыз етеді.
234. Дабыл-шақыру сигнал беру құрылғыларынан басқару пункттеріне келіп түскен ақпараттың басқа сигналдармен салыстырғанда оны операторға ұсынудың басымдығы болады.
235. Дабыл-шақыру сигнал беру құрылғыларын және оларды орнататын жерді таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) күзет және ден қою күштері үшін қолжетімділік және күзет посттарында бөліп жайғастыру;
2) күзет және ден қою күштеріне қауіп-қатер нәтижесінде туындайтын әсер.
236. Дабыл-шақыру сигнал беру құрылғылары әрбір 100-150 м сайын қорғалған аймақтың периметрі бойынша күзет посттарындағы, БӨП, ғимараттардың, құрылыстардың және аса маңызды аймақтар үй-жайларының кіреберістеріне орнатылады.
237. Ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі станциялық аппаратура болып табылады.
238. Физикалық қорғау талаптарын орындау және күзет және ден қою күштерінің іс-қимылының жеделдігін қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинау және өңдеу жүйесі мынадай жағдайларды индикациялауды:
1) әрбір анықтау құралының іске қосылуын;
2) анықтау құралының ақаулықтарын;
3) байланыс желілерінің ақаулықтарын;
4) электрмен қоректендірудің жоғалып кетуін;
5) байланыс желілері параметрлерінің өзгеруін және анықтау құралының бұғаттауды ашу әрекеттерін;
6) электрондық жабдықты ашу әрекеттерін қамтамасыз етеді.
239. Ақпарат ақпараттық тақтаға (дисплейге) шығарылады және әріптік-цифрлық нысанға ие.
240. Ақпаратты жинау және өңдеу жүйесінің жұмыс істеуі мыналарды:
1) байланыс желілерінің дұрыстығын тұрақты автоматты бақылау және анықтау құралдарының кез-келген жағдайында жұмыс қабілеттілігін (қосылған, ажыратылған);
2) анықтау құралдарының қашықтан қосылуын (сөндірілуін);
3) тікелей ядролық объектіде анықтау құралдарының санкцияланған өшірілуі;
4) күзетілетін үй-жайларға рұқсат берілген кіруді;
5) күзет персоналының жұмысын бақылауды (желілік) ұйымдастыруды;
6) жарықтандыруды қашықтан басқаруды;
7) үрейлі жағдайлардың басымдығы;
8) оқиғаларды архивтеу;
9) ақпаратты жинау және өңдеу жүйесінің барынша жоғары сыйымдылығынан кемінде 20% сыйымдылығы бойынша резервті немесе сыйымдылықты тұрақты арттыру мүмкіндігін;
10) переферийлік құрылғыларды басқаруды;
11) анықтау құралдарын электрмен қоректендірумен қашықтан басқаруды қамтамасыз етеді.
241. Кіруді бақылау және басқару жүйесі белгіленген өткізу режиміне сәйкес персоналды, іссапарға жіберілген адамдардың және келушілердің санатталған үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға және күзетілетін аймақтарға кіруін, сондай-ақ көлік құралдарының ядролық объектінің аумағына кіруін (шығуын) бақылауға және қамтамасыз етуге арналады.
242. Кіруді бақылау және басқару жүйесі мыналарды:
1) аумаққа, күзетілетін үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға және аймақтарға рұқсатсыз кіруді болдырмау (немесе барынша жоғары мүмкін кедергіні жасау). Рұқсатсыз кіру әрекеттері анықталған жағдайда, сондай-ақ өткізу құрылғылары мен терминалдарының конструкцияларының элементтеріне күшті әсер ету фактілері анықталған кезде тиісті ақпарат жергілікті және орталық басқару пункттерінің операторларына беріледі;
2) персоналдың, іссапарға жіберілген адамдардың және келіп кетушілердің өтуінің барлық фактілері және өту талаптарын бұзуы туралы ақпаратты сақтауды;
3) рұқсаттамаларды дайындау, дайындалған және берілген рұқсаттамаларды архивтеуді қамтамасыз етеді.
243. Кіруді бақылау және басқару жүйесінің өткізу құрылғысының конструкциялары (адам және көліктік БӨП) оларды авариялық қолмен ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
244. Кіруді бақылау және басқару жүйесінде пайдаланылатын рұқсаттамалар білуі мен қолданылуы рұқсатсыз қол жеткізуге алып келуі мүмкін ақпаратты қамтымайды, (жеке сәйкестендіру нөмірлері, сипаттамалар және биометриялық көрсеткіштер мен белгілердің мәндері басқа эталондық деректер).
245. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі ағымдағы жағдайды бағалау тәртіп бұзушылардың әрекеттері мен жүріп-тұруын қадағалау, күзет және ден қою күштерінің іс-қимылын үйлестіру, сондай-ақ бейнеақпаратты архивтеу мақсатында жағдайды көзбен шолып бақылауды және (немесе) онымен жабдықталған объектідегі бейнелерді автоматты түрде талдауды (адамдарды, мемлекеттік нөмірлерді автоматты түрде айырып тану) қамтамасыз етуге арналады.
246. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі:
1) операторға ядролық объектідегі және ол күзететін аймақтардағы, ғимараттардағы, құрылыстардағы және үй-жайлардағы жағдай туралы қажетті және жеткілікті ақпаратты ұсынуды;
2) рұқсат етілмеген әрекет жасау фактісі және оны бейнелік растау фактісі анықталған жағдайда, жағдайды бағалау үшін ақпарат ұсынуды;
3) туындаған штаттан тыс жағдайды одан әрі талдау үшін қажетті көлемдегі ақпаратты көрсетуді, тіркеуді және мұрағаттауды;
4) нормативтік құжаттарда айқындалған оны пайдаланудың барлық жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігін;
5) ақаулардың бар-жоғын бақылауды (бейне сигнал берудің жоғалуы, жабдықтың ашылуы, байланыс желілеріне қол жеткізуге әрекеттену), бұл туралы басқару пункттерінің операторларына хабарлауды және осы ақпаратты архивтеуді қамтамасыз етеді.
247. Басқару пункттерінің операторларына бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі ұсынатын ақпарат тәртіп бұзушылар мен жануарлардың көру аясындағы айыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
248. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі физикалық қорғаудың техникалық құралдары анықтаған барлық аймақтарды қадағалауды жүзеге асырады.
249. Бейнеақпаратты ұсыну тәсілдері:
1) нақты уақыт ауқымында оқиға орнынан тұрақты жедел бейне шолу;
2) бұрын орнатылған бағдарлама бойынша немесе бір реттік команда бойынша оқиға орнынан бейне шолу;
3) жоспарланған сценарийлік бейне-шолу – архив материалдарын беру;
4) берілетін бейнеақпараты жинау байланыстың кабельдік желілері арқылы немесе құпия ақпаратты беру талаптарына сәйкес басқа арналар арқылы жүргізіледі.
250. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі құралдарының функциясы:
1) қадағалау;
2) бейнеақпаратты жинау және беру;
3) бейнеақпаратты көрсету;
4) бейнеақпаратты өңдеу және құжаттау;
5) бейнеақпаратты архивтеу.
251. Қорғалған аймақтың периметрлерін бейне бақылауды ұйымдастыру кезінде бейне камералар әрбір учаскеде тік көрінетін жерде, олай болмаған жағдайда, көрші учаскедегі бейне-камералардың бірінен көрінетіндей етіп орнатылады. Қабылданатын сәулелену биіктігі, спектрі және бейне камераны орнататын орын жобалау кезінде таңдалады.
252. Бейне камералар оларға рұқсатсыз қол жеткізу қиын болатындай етіп орнатылады.
253. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесінің кезекшілік режимінен жұмыс режиміне ауысу уақыты 2 с аспайды.
254. Жедел байланыс және хабарлау жүйесі штаттық және төтенше жағдайларда ядролық объектіні күзету бойынша үйлестірілген іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында күзет күштері арасында сөйлеу ақпаратымен алмасуды ұйымдастыруға арналады.
255. Жедел байланыс және хабарлау жүйесі:
1) ядролық объектінің барлық аумағында және оған жақын маңда, оның барлық ғимараттарында, құрылыстарында және үй-жайларында, жұмыстың жол берілген барлық режимдерінде, оның ішінде ядролық материалдарды пайдаланушы ұйымда ішкі тасымалдау процесінде сенімді және үздіксіз жұмысты;
2) ядролық объектіде жедел жағдайды ескере отырып айқындалатын уақыт пен оның кезеңділік ұзақтығын көрсете отырып жүргізілетін келіссөздерді есепке алу мен хаттамалауды;
3) басқа абоненттерді рұқсатсыз қосуды болдырмау және мүмкіндігінше осындай фактілерді анықтауды, оқшаулауды және хаттамалауды;
4) пайдаланушы ұйым басшылығы, ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесі, күзет және ден қою күштері, сондай-ақ ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелері арасында байланыс арналарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
256. Жедел байланыс жүйесі мынадай байланыс түрлерінен тұрады:
1) тікелей телефон байланысы;
2) дауыс зорайтқыш байланысы;
3) радио байланысы.
257. Ядролық объектінің күзетілетін аймақтарында, құрылыстарында және үй-жайларында радио байланысты орнату технологиялық ерекшеліктерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда екіжақты байланыстың баламалы құралдары көзделеді.
258. Жедел байланыс және хабарлау жүйесінде сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін, ең болмағанда, абоненттер арасында жалғаудың екі әртүрлі технологиясы қолданылады. Байланысты орнатудың балама тәсілдері ақпаратпен алмасудың негізгі тәсілі істен шыққанда ғана бірден қолжетімді болады.
259. Ядролық қондырғылардың физикалық қорғау жүйесінде тікелей телефон байланысының мынадай түрлері ұйымдастырылады:
1) орталық басқару пункті операторының және қарауыл басшысымен, БӨП, сондай-ақ қажетті құрылымдық бөлімшелермен және пайдаланушы ұйымның әкімшілгімен;
2) қарауыл бастығының (ауысым басшысы) күзет посттарымен.
260. Абоненттермен айналым байланысын, сондай-ақ қалалық автоматтандырылған телефон байланысына қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін автономды орталық басқару пункті операторының тікелей телефон байланысы.
261. Қарауыл бастығының (ауысым басшысының) посттармен тікелей телефон байланысы да автономды болып табылады және күзеттің барлық посттарына өкімдерді (бұйрықтарды) айналымды беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
262. Күзет постын қоса алғанда, барлық посттарда орнатылатын абоненттік аппараттардан басқа, периметрі бойынша байланысты ұйымдастыру үшін жасақшылар жолының бойына әрбір 100-150 м сайын жылжымалы жасақшылармен және дабыл топтарымен келіссөздер жүргізу үшін штепсельді розеткалар орнатылады.
263. Дауыс зорайтқыш байланысы орталық басқару пункті операторының және қарауыл бастығының посттармен жедел байланысы ретінде пайдаланылады.
264. Радио байланыс жүйесі қарауыл бастығының (ауысым басшысының) жылжымалы жасақтармен және дабыл топтарымен олардың жедел міндеттерді орындау жағдайында жедел байланысқа арналған.
265. Ядролық объектіде және оның аумағында хабарлама жүйесі адамдарға дабыл немесе төтенше жағдайларды (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік әрекет) туралы жедел хабарлау олардың әрекеттерін үйлестіру үшін құрылады.
266. Пайдаланушы ұйым хабарлама жоспарын жасайды ол жалпы жағдайда мыналарды қамтиды:
1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделетін жұмыскерлерді шақыру схемасы;
2) штаттан тыс жағдайлар кезінде жұмыскерлердің әрекеттері регламенті;
3) эвакуациялық жоспарлар;
4) хабарлама сигналдарының жүйесі.
267. Хабарлама жүйесі мынадай функционалдық талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын:
1) ғимараттарда, үй-жайларда, адамдардың үнемі немесе уақытша болатын ядролық объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдарды беру;
2) қауіптілік сипаты, эвакуация қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер туралы ауызша ақпарат трансляциясы.
268. Хабарлама жүйесі бойынша адамдарды эвакуациялау мыналармен бірге жүреді:
1) авариялық және күзет жарығын қосу;
2) эвакуациялық үдерісті қиындататын үрейдің және басқа да құбылыстардың алдын алуға бағытталған (өтетін жерде, тамбурда, баспалдақ алаңында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) арнайы әзірленген мәтіндердің берілуі;
3) эвакуациялық бағыттар мен жолдарды жарықпен көрсетуді қосу;
4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін қашықтан ашу (мысалы, жабдықталған электр магниттік құлыптар).
269. Хабарлама жүйесі басқа мақсаттағы сигналдардан ерекшеленеді.
270. Хабарламалардың саны, олардың қуаты адамдардың тұрақты немесе уақытша болу орындарында тиісінше естілуін қамтамасыз етеді.
271. Ядролық қондырғының тыйым салынған аймағының периметрі бойынша дауыс зорайтқыштар қолданылады. Олар жарық беру бағандарында, ғимараттардың қабырғаларында және конструкцияларда орнатылады.
272. Тыйым салынған аймақтың периметрінде дауыс зорайтқыштарды орналастырудың дұрыстығы мен олардың саны берілетін дыбыстық хабарламалардың анықтығын жергілікті жерде эксперимент жасау жолымен анықталады және нақтыланады.
273. Хабарлағыштарда дауыс реттегіш және алынбалы жалғанымдар болмайды.
274. Хабарлама жүйелерінің коммуникациясын жеке жағдайларда ядролық объектінің радиотрансляциялық желісімен біріктіре жобаланады.
275. Телекоммуникация жүйесі физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін жүйелер арасында ақпаратпен сенімді алмасуды қамтамасыз етуге арналады.
276. Телекоммуникациялар жүйесінің жабдығы, егер жұмыс істейтін жүйелер құрамына кіретін штаттық жабдық физикалық қорғау жүйесінде ақпаратты айналым беруге қойылатын талаптарды қанағаттандырмаса, сондай-ақ физикалық қорғау жүйесінің құрамына кіретін әртүрлі жүйелердің түйісуі және келісуі үшін қолданылады.
277. Телекоммуникация жүйесі:
1) дәйекті ақпарат беруді;
2) жұмыс істеудің толассыздығын;
3) хабарламаны тактикалық қолайлы уақытта жеткізуді;
4) жұмыс істеу туралы ақпаратты жүйелеуді, құжаттауды және архивтеуді;
5) әртүрлі қауіпсіздік түрлерінің жүйелік элементтерімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
278. Телекоммуникация жүйесінде кешеннің жұмыс қабілеттілігі үшін функционалдық маңызды ақпарат берудің резервтік және балама арналары көзделген (арналарды резервтеу, маршрутизаторларды қолдану). Резервтік арналар негізгі арналармен физикалық таратылған маршруттар бойынша салынады.
279. Телекоммуникация жүйесі жеке күзетілетін аймақтардың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, ақпаратты берудің тұйық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Физикалық қорғаудың техникалық құралдар кешенінің басқа элементтерімен өзара әрекеттесу үшін тәртіп бұзушы үшін бір немесе бірнеше жақсы қорғалған және қол жетімсіз байланыс арналары қолданылады.
280. Физикалық қорғау жүйесінде ақпаратты қорғау қажеттілігі осы жүйеде ядролық объектінің физикалық қорғау жүйесін ашатын және (немесе) оның жұмыс істеу режимін айқындайтын ақпараттың болуымен байланысты.
281. Ақпаратты қорғау жүйесі – автоматтандырылған физикалық қорғау жүйесінің қажетті құрамдас бөлігі. Физикалық қорғау жүйесінің барлық басқару деңгейлерінде және жұмыс істеу кезеңдерінде (деректерді беру, жинау, өңдеу, талдау, сақтау, басқарушы команда беру) ақпаратты қорғау құралдар кешенін қолданумен және ақпаратты өңдеу, беру және сақтау процесінде оның тұтастығының бұзылуы (жойылуы, бұрмалануы) немесе техникалық құралдардың жұмыс қабілеттілігін бұзуы мақсатында ақпараттың жариялануын алдын алу немесе оған техникалық арналар арқылы әсер етуді болдырмау, кездейсоқ немесе қасақана бағдарламалық-техникалық әсер етудің алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізумен қамтамасыз етіледі.
282. Ақпаратты қорғау жүйесі ақпараттың осалдығын төмендететін және ақпаратқа, оның жариялануына немесе жойылуына рұқсатсыз (заңсыз) қол жеткізуге кедергі келтіретін, ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық құралдар, әдістер мен шаралар кешенін білдіреді.
283. Ядролық объектінің физикалық қорғау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігіне болжанатын қауіп-қатерлер:
1) жүйеге берілетін ақпаратты бұрмалау (ауыстыру), жалған немесе бұрын берілген хабарламаларды дәйекті ақпаратты беруге кедергі жасау мақсатымен күштеп тану;
2) жүйе элементтерінің жұмыс істеу тәртібін бұзуға және жүйеде ақпарат алмасуды бұзуға бағытталған ядролық объекті периметрінің датчикретінен деректерді жинау жүйесінің техникалық құралдарына байланыс арналары арқылы әсер ету;
3) тәртіп бұзушының жүйеде таралатын құпия ақпараттың барлық көлемін алу әрекеті;
4) ақпарат көздерінің сәйкестігін бұзу әрекеті;
5) қол жеткізу кодтарын таңдап алуға талпыныс.
284. Ақпаратты қорғаудың негізгі элементтері:
1) қорғалуға жататын ақпаратты анықтау;
2) құпия ақпаратқа қол жеткізуге ресми рұқсат берілген адамдарды тағайындау;
3) құпия ақпаратты қорғау шаралары.
285. Ақпаратты қорғау шаралары:
1) басқару пункттерін қорғалған орындаудағы жабдықпен жарақтандыру;
2) лицензиялық жүйелік бағдарламалық қамтылымды есептеу техникасы құралдарында пайдалану;
3) қызмет көрсетуші персоналдың, сондай-ақ басқа адамдардың рұқсат берілмеген әрекеттеріне кедергі болу;
4) қолданбалы бағдарламалық қамтылымды ресми мәлімделмеген мүмкіндіктерінің жоқтығына тексеру;
5) ақпаратты оны қорғау құралдарының кешенін сымдар, радио-байланыс арналары арқылы берілу кезінде пайдалану (экранда көрсету, шуылдау, жасыру, қол жеткізуді шектеу бойынша ұйымдастырушылық шаралары, ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қолдану).
286. Тексеріп қараудың техникалық құралдары ядролық объектінің БӨП арқылы персоналдың, келіп-кетушілердің немесе көлік құралдарының өтуі кезінде тыйым салынған бұйымдар мен заттарды анықтау үшін қолданылады.
287. Тексеріп қараудың техникалық құралдарының тізбесіне:
1) металл детекторлары;
2) ядролық қондырғылардағы жарылғыш заттардың детекторлары;
3) радиоактивті сәулелену детекторлары;
4) тексеріп қарау эндоскоптары мен айналар кіреді.
288. Тексеріп қараудың техникалық құралдары стационарлық және ықшам (қолмен) болып бөлінеді.
289. Металл детекторлар өндірістің құрамында металл бар өнімдерінің әртүрлі түрлерін алып өтуге тыйым салынған, суық және оқпен атылатын қаруды, құрамында металл бар жарылғыш құрылғыларды (гранаттарды) анықтауды қамтамасыз етеді.
290. Тексеріп қараудың техникалық құралдары мынадай функционалдық талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын қамтамасыз етеді:
1) стационарлық металл детекторлары:
табудың жоғарғы ықтималдығына, ядролық объектіге алып өтуге рұқсат етілген металл заттарға қатысты селективтікке;
айналадағы жағдайға барынша функционалдық бейімделу қабілеттілігіне (оның ішінде құрамында металл бар);
сыртқы электрмагниттік сәулелену көздерінен үлкен бөгеттік қорғанысқа;
бақыланатын кеңістіктің барлық көлемінде табудың біркелкі сезгіштігіне;
әртүрлі металл массасын табуға қайта баптау қабілетіне;
имплантты электркардио стимуляторлық және магниттік ақпарат тасымалдағышқа әсер етудің рұқсат етілген деңгейіне ие болады;
2) ықшам (қол) металл детекторлары:
қара және түсті металдар мен олардың қорытпасын табуды және қажет болған жағдайда анықтауды;
әртүрлі металл массасын табуға қайта баптау мүмкіндігін;
стационарлық металл детекторлардың бірлескен жұмыс кезінде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
3) тексеріп қарау эндоскоптары мен айналар жетуі қиын жерлерді көзбен шолып, қарап-тексеруді жеңілдету және ондағы жарылғыш құрылғыларды, атыс және суық қаруды, контрабанданы және ақпаратты жасырын түсіретін құралдарды анықтау үшін қолданылады. Техникалық эндоскоптар мен бейнескоптар ену тек салыстырмалы түрде кішкентай саңылау арқылы болатын әртүрлі қуыстарды, арналарды және басқа жерлерді көзбен шолып, қарап-тексеру үшін қолданылады. Олар:
бұрыштық көру кемінде 40 градус иілгіш, әрі жартылай қатты және 90 градус қатты конструкциялар үшін ену арақашықтығы кемінде 1500 мм;
қарап тексеру орнын жарықтандыру мүмкіндігі, жарықтың жайын реттеуді;
тексеріп қарау нәтижелерін бейнеқұжаттандыруды;
экологиялық қауіпсіздікті және электромагниттік үйлесімділікті қамтамасыз етеді;
4) жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура олардың болуын немесе олардың іздерін анықтау үшін қолданылады, және олар:
талдаудың қазіргі заманғы физикалық-химиялық әдістерін қолдануға негізделген заттарды сәйкестендіру;
тротил, гексоген типіндегі штаттық жарылғыш заттардың болуын сенімді тіркеуге мүмкіндік беретін сезімталдықты;
құралдардың үстіндегі жарылғыш заттардың іздерін шұғыл анықтауды (жарылғыш заттардың іздерін талдағыш) қамтамасыз етеді.
291. Тексеріп қарау жүйесін және оларды сынау әдістемесіне функционалдық сипаттамалар (талаптар) пайдалану және ведомстволық құжаттарда белгіленеді.
292. Энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша физикалық қорғау жүйесінің электр қабылдағыштары 1-санатқа жатады. Электр қабылдағыштарды қоректендіру ауыспалы токтың екі тәуелсіз көздерінен, мысалы, өзара резервте сақтай отырып қалыпты пайдаланудың екі секциясынан жүзеге асырылады. Күштік желілер дербес орындалады.
293. Негізгі қоректендіру көзі ретінде ядролық объектіні жеке мұқтажының қоректендіру көзі қолданылады.
294. Резервтік электрмен жабдықтауға ауысу автоматты түрде, электрмен жабдықтаудағы үзіліссіз жүзеге асырылады.
295. Резервтік (авариялық) қоректендіру орталық басқару пункттеріне жақын орналасатын, сондай-ақ күзет күштерінің тұрақты бақылауындағы дизель-генераторлардан және аккумулятор батареяларынан жүзеге асырылады. Резервтік қоректендіруге ауысу автоматты түрде жүргізіледі.
296. Резервтік қоректендіруге ауысу туралы ақпарат қажетті тіркелумен тиісті жергілікті немесе орталық басқару пункттеріне шығарылады.
297. Аккумуляторлық батареялар тартатын желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайларда стеллаждарда және арнайы аккумулятор шкафтарға орнатылады. Күнделікті жағдайларда аккумулятор батареяларын тұрақты қоректендіру және бақылау қамтамасыз етіледі.
298. Тұрақты токтың электрмен қоректендіруді резервте сақтау түзеткіш құрылғылардың өзара резервте сақтайтын комплектілерін орнатумен қамтамасыз етіледі.
299. Кемінде 20% қуат резерві көзделеді. Кабельдердің қиылысуы токты барынша жоғары тұтыну кезінде кернеудің барынша шекті түсуіне байланысты есептеледі. Кернеудің барынша шекті түсуі қоректену кернеуінің 5%-нан аспайды.
300. Электрмен қоректендіру құрылғылары (түзегіштер, зарядтау-разрядтау қалқандары, топтық ток тарату қалқандары) кіру шектелген арнайы жабдықталған үй-жайларға орнатылады.
301. Электрмен қоректендіру құрылғылары және кабель желілері оларды қатардан шығуына бағытталған рұқсат етілмеген әрекеттерден қорғалады.
302. Күзеттік жарық беру тәуліктің түнгі уақытында ядролық объектінің периметрін күзетуді жеңілдететін қосалқы құрал болып табылады.
303. Ядролық қондырғының күзеттік жарық беруі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) Жасақшылардың сүрлеу жолына дейін, сондай-ақ БӨП дейін тыйым салынған аймақтарды қажетті біркелкі жарықтандыруды;
2) күзет посттарын жасыруды;
3) күзет сигнал берулері іске қосылған кезде қоршау периметрінің жекелеген учаскелерінде жарықты автоматты түрде қосуды;
4) периметр учаскелерін және күзетілетін аймақтарды жарықтандыруды қарауыл бөлмесінен қолмен қосуды;
5) ішкі және аса маңызды аймақ ғимараттарына кіреберісті жарықтандыруды.
304. Күзеттік жарық беру аспаптары ретінде жарық беретін прожекторлар, қыздыру шамдары бар шырағдандар қолданылады. Электр энергиясын тұтынуды үнемдеу үшін жарықдиодты шамдар қолданылады.
305. Жарық беру аспаптары күзет посттарындағы және БӨП күзет және ден қою күштерінің көзі шағылыстырмайтындай етіп орналастырылады.
306. Күзет посттары, жасақшылардың сүрлеу жолы, күзет жолдары және посттардың қалқандары жарық беру жолағында тұрмайды.
307. Шырағдандар арасындағы арақашықтық, олардың қуаты және конструкциясы жарықтандыру нормалары бойынша қажетті жарықтың тұтас, біркелкі жолағынан жасау есебінен таңдалады.
308. Периметрді күзеттік жарықтандыру күзеттік сигнал беру периметрлік жүйелерінің және жағдайды бейнебақылау мен бағалау жүйесінің учаскелеріне сәйкес келетін жеке учаскелерге бөлінеді.
309. Күзеттік жарықтандыру желісі дербес болып табылады және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарға сәйкес орындалады. Күзеттік жарықтандырудың магистральдық және тарату (топтық) желісі жерде немесе қорапта салынатын кабельмен орындалады. Күзеттік жарықтандыруды басқару үшін дербес бақылау кабельдері көзделеді. Бақылау кабельдері күзет сигнал беру күштік желілерімен бір трассаға салынады.
310. Қоректендіру қалқандары тыйым салынған аймақта (металл шкафта), жасақтардың сүрлеу жолымен қатар және БӨП үй-жайларында орнатылады.
311. Автомобиль және теміржол БӨП қарап тексеріп қарау алаңдарының жарықтандырылуы – кемінде 150 люкс, адамдар өту үшін – кемінде 200 люкс.
312. Бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесін пайдаланған кезде жарықтандыру орнатылатын бейне-камералардың типтеріне арналған техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келеді.
313. Күзеттің қызметтік үй-жайлары үшін жарықтандыру нормаларын айқындау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
314. Күзет және ден қою күштерінің, БӨП үй-жайлары, ғимараттарға кіретін есіктері, санаттандырылған үй-жайлардың дәліздері авариялық жарықтандырумен қосымша жабдықталады. Жұмыстық жарықтандырудың авариялыққа және кері ауысуы автоматты түрде жүзеге асырылады.
315. Автомобиль және теміржол БӨП жарықтандырылуы көлік пен тасып әкелетін жүктерді қарап тексеріп-қарауды қамтамасыз етеді. Жарық беретін аспаптар тексеріліп қаралатын көлікті біркелкі, оның ішінде астынан жарықтандыру жүзеге асырылатындай етіп орналасады. Қажет болған жағдайларда тасымалды жарықты пайдалану мүмкіндігі көзделеді.
316. Физикалық қорғау жүйесі құралдарын электрмен жабдықтау үшін электр өткізгіштерді монтаждау жеке кабельмен жүргізіледі.
317. Әлсіз токты және күшті токты тізбектерді бір құбырда біріктіруге жол берілмейді.
318. Қоректендіретін электр сымдары ретінде сериялық шығарылатын күштік және сигналдық кабельдер қолданылады, оларды таңдау оларды төсеудің шарттарын ескере отырып жүргізіледі.
319. Тарату желісінің күштік кабельдері талсымдарының қимасы токты барынша тұтынған кезде кернеудің шекті рұқсат етілетін төмендеуіне сүйеніп есептеледі.
320. Физикалық қорғау жүйесінің құралдарын қорғаныстық жерге тұйықтау және "нөлдеу" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) сәйкес орындалады.
13-параграф. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдалануға қойылатын талаптар
321. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану техникалық пайдалануды және мақсаты бойынша қолдануды қамтиды.
322. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын техникалық пайдалану үнемдеуді, дұрыс жағдайда және қолдануға үнемі әзірлікте ұстауды, олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруді және ресурсты қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін білдіреді.
323. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын техникалық пайдалану:
1) физикалық қорғау персоналын физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалануға кәсіби іріктеуді және рұқсат беруді;
2) техникалық пайдалануды жоспарлауды;
3) жұмыс істеуін тексеруді, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді;
4) материалдық-техникалық және метрологиялық қамтамасыз етуді;
5) пайдалану және есепке алу құжаттамасын жүргізуді;
6) есепке алуды, сақтауды, тасымалдауды және консервациялауды;
7) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдары жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығы туралы пайдаланушылық деректерді жинауды, есепке алуды және талдауды;
8) техникалық жағдайын бақылау мен бағалауды және пайдалануды ұйымдастыруды;
9) пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтиды.
324. Ядролық қондырғылардағы физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдалануға:
1) арнайы даярлық пен тағылымдамадан өткен, функционалдық міндеттер көлемінде физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалануда тәжірибелік дағдылары бар;
2) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының материалдық бөлігін, оларды пайдалануды ұйымдастыру регламентін, қауіпсіздік талаптарын білу бойынша біліктілік комиссиясының сынағын тапсырған, қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті біліктілік тобы бар;
3) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану құқығына пайдаланушы ұйыммен берітелін куәлік алған персоналға рұқсат беріледі.
325. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдаланылатын және техникалық қызмет көрсетуді жүргізуші персоналды іріктеп алу олардың медициналық жарамауын, білім деңгейін, кәсіби инженерлік-техникалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын есепке ала отырып жүргізіледі.
326. Физикалық қорғау жүйелерін пайдаланатын персоналды физикалық қорғау жүйесін пайдалану регламентін білетіндігін тексерудің мерзімділігі белгіленеді.
327. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жоспарларында мынадай іс-шаралар көзделеді:
1) техникалық қызмет көрсету бойынша;
2) жөндеу мен сақтауды ұйымдастыру бойынша;
3) пайдалануды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша;
4) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының бөгеуілге беріктігі мен пайдалану сенімділігі туралы деректерді жинауды, есепке алу мен талдауды ұйымдастыру бойынша;
5) қауіпсіздік техникасы бойынша;
6) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық жағдайына және пайдалануды ұйымдастыруға бақылау бойынша;
328. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуі және оларды жөндеу физикалық қорғау жабдықтарын жарамды жағдайда ұстауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін білдіреді.
329. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуі:
1) регламенттік жұмыстарды;
2) жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуді;
3) сақтау кезіндегі техникалық қызмет көрсетуді;
4) өлшеу аспаптарының жұмысқа қабілеттілігін бақылауды және уақтылы тексеруді қамтиды.
Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсету негізін регламенттік жұмыстар құрайды.
330. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуінің негізгі міндеттері:
1) техникалық жағдайды айқындау;
2) қолайсыз климаттық және басқа да жағдайлардың әсері салдарын жою;
3) аппаратураларды, желілік-кабельдік және тарату құрылғыларын аспаптық тексеру және белгіленген электрлік параметрлеріне дейін жеткізу;
4) жарамсыздықты анықтау мен жою, істен шығудың алдын алу;
5) көктемгі-жаздық және күзгі-қысқы пайдалануға дайындық;
6) механизмдердің, аппаратуралардың жасақталуын және құрал-саймандардың бар-жоғын тексеру, қосалқы құрал-саймандармен және құрылғылармен толықтыру болып табылады.
331. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының техникалық қызмет көрсетуі мынадай регламенттік жұмыстардың:
күнделікті;
апта сайынғы;
ай сайынғы;
тоқсан сайынғы;
жартыжылдық;
жылдық техникалық қызмет көрсету мерзімділігін көздейтін жоспарлау-алдын алу жүйесі бойынша жүргізіледі.
332. Техникалық қызмет көрсетуді орындау физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасында белгіленеді.
333. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдаланудың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жүргізіледі.
334. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын пайдалануды материалдық-техникалық қамтамасыз етуді бақылау:
1) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының қоймаларда, бөлімшелерде және шеберханаларда бар-жоғын, сапалық жай-күйін және толымдылығын тексеруді;
2) физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының бар- жоғы туралы деректердің негізгі есепке алуына сәйкес келуін;
3) физикалық қорғаудың техникалық құралдарын есепке алу ұйымдарын тексеруді;
4) физикалық қорғаудың техникалық құралдарының өлшеу техникалық құралдарында тексеру таңбасының бар-жоғын тексеруді;
5) анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтиды.
335. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарына арналған пайдалану құжаттамасын жүргізу физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдаланатын бөлімшелерде жүзеге асырылады. Негізгі пайдалану құжаттамасы нақты жабдықпен бірге жеткізіледі.
336. Физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарын есепке алу, оларды белгіленген орындарда жарамды жағдайда қысқа немесе ұзақ уақыт ұстау, ядролық объектінің шегінде орнын ауыстыру және консервациялау нақты бұйымға арналған пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
337. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын есепке алу олардың нақты бар болуының дұрыс және уақтылы құжаттық ресімдеуді көрсетеді. Есепке алу карточкалар мен кітаптар бойынша жүргізіледі. Жарамсыз деп табылған физикалық қорғаудың техникалық құралдары есептен шығарылады.
338. Ұзақ сақтаудағы (бір жылдан астам) физикалық қорғаудың барлық техникалық құралдары консервацияланады. Консервациялау қолайсыз жағдайларда сақталынып тұрған физикалық қорғаудың техникалық құралдарын сыртқы факторлардың (бірінші кезекте ауаның ылғалдығы мен ластануынан) зиянды әсерінен уақытша қорғау бойынша жұмыстарды жүргізуден тұрады. Концервациялау саңылаусыздандыру, қорғаныштың жабындар салу әдістерімен немесе құрама тәсілмен жүргізіледі.
339. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдаланудың техникалық жағдайын және ұйымдастыруды бақылау мен бағалауды физикалық қорғау жүйесін басқаруға тікелей қатысатын адамдар, сондай-ақ уәкілетті орган техникалық жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігін тексеру жоспарына сәйкес мыналарды:
1) қолданудың тиімділігін;
2) жұмысқа қабілеттілігін;
3) пайдалану регламентінің сақталуын;
4) күзет және ден қою күштерінің физикалық қорғаудың техникалық құралдарын қолдана отырып, міндеттерді орындауға дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.
340. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын пайдаланған кезде қауіпсіздік бойынша талаптарды қамтамасыз ету және сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қатаң түрде пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
341. Физикалық қорғаудың техникалық құралдарын мақсаты бойынша қолдану пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
14-параграф. Физикалық қорғау жүйесі жабдығының элементтерін таңдау және орналастыру бойынша талаптар
342. Күзетілетін аймақтардың периметрлері рұқсат етілмеген әрекеттерді айқындауды, ден қою күштерін шұғыл шақыруды және жағдайды бағалау үшін ақпарат ұсынуды, сондай-ақ тәртіп бұзушылар жүріп тұруын кідіртуді қамтамасыз ететін физикалық қорғаудың техникалық құралдарымен жабдықталады.
343. Бақылау үшін қолжетімсіз күзетілетін аймақтардың шекара учаскелері алынып тасталады. Айқындау құралдары бақыланбайтын учаскелер болмайтындай етіп орналастырылады.
344. Ядролық кондырғының қорғалған аймағының периметрі:
1) тыйым салынған аймақты;
2) адамдардың өтуіне арналған БӨП;
3) автомобиль көлігінің өтуіне арналған БӨП;
4) теміржол көлігінің өтуіне арналған БӨП қамтиды.
345. Табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу бойынша кәсіпорынның қорғалған аймағының периметріне мыналар кіреді:
1) адамдардың өтуіне арналған БӨП;
2) автомобиль көлігінің өтуіне арналған БӨП;
3) теміржол көлігінің өтуіне арналған БӨП.
346. Ядролық қондырғының тыйым салынған аймағы:
1) негізгі қоршаумен;
2) ішкі және сыртқы қоршаумен;
3) жасақтардың сүрлеу жолымен;
4) бақылау-із кесу жолағымен;
5) күзеттік жарықпен;
6) физикалық қорғаудың техникалық құралдарымен;
7) байланыс құралдарымен;
8) қадағалау мұнараларымен;
9) посттық қалқандармен, окоптар мен паналайтын жерлермен жабдықталады.
347. Тыйым салынған аймақтардың шекараларын белгілеу үшін барлық периметрі бойынша әрбір 50 м сайын ішкі және сыртқы қоршауларға қазақ және орыс тілдерінде анық көрінетін жазулармен "ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН АЙМАҚ. КІРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!" деген ескерту белгілері орнатылады.
348. Ядролық қондырғының қорғалған аймағының периметрі кем дегенде екі физикалық тосқауылдармен және оларға орнастырылған әр түрлі физикалық қағидаттарға негізделген анықтау құралдарымен жабдықталады.
349. Табиғи уранды өндіру және (немесе) онымен жұмыс істеу бойынша кәсіпорынның қорғалған аймағының периметрі кем дегенде бір физикалық тосқауылмен және онда орналасқан табу құралдарымен жабдықталады.
350. Тыйым салынған аймақ инженерлік қорғау құралдарымен, сондай-ақ байланыс және хабарлау құралдарымен жабдықталады.
351. Тыйым салынған аймаққа бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесі орнатылады. Орнатылатын жер мен олардың типі міндеттерге (бақылау, анықтау, бағалау) байланысты болады.
352. Ішкі және аса маңызды аймақтардың шекаралары:
1) анықтау құралдарымен;
2) автоматтандырылған кіруді бақылау және басқару, жеке басын сәйкестендіру жүйесімен;
3) бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесімен;
4) ядролық материалдарды, металл бұйымдар мен жарылғыш заттарды кіргізуді (алып өтуді) анықтау құралдарымен;
5) жұмыс және авариялық жарықтандырумен жабдықталады.
353. Қажет болған жағдайда кабина арқылы өтуді бақылауды қамтамасыз ету үшін күзет және ден қою күштері бақылаушысының жұмыс орны мен кенеттен болатын шабуылдан және атыс қаруынан атылған оқтан оны қорғау жүйесі жабдықталады.
354. Ішкі аймақ оқшау бөлінген жағдайда, онда оның периметрі:
1) металл тордан немесе биіктігі кемінде 2,5 м тікенек сымнан жасалған қоршаумен;
2) адамдардың өтуі, автомобиль және теміржол көліктерінің өтуі үшін автоматтандырылған кіруді басқару және бақылау жүйесімен жабдықталады.
355. Санаттандырылған ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың барлық кіретін және олардан шығатын есіктері анықтау құралдарымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен және қажет болған кезде – бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесімен жабдықталады.
356. Авариялық шығатын есіктер төтенше жағдайларда адамдардың кедергісіз шығуын қамтамасыз етеді.
357. Әрбір күзетілетін аймақтағы барлық авариялық шығатын есіктер жабық және:
1) анықтау құралдарымен;
2) қашықтықтан басқару және оларды қолмен бұғаттау мүмкіндігі бар құлыптармен және құлыптық құрылғылармен;
3) ядролық қондырғыларда дабыл-шақыру сигнал беру нүктесімен;
4) жұмыс жарығымен;
5) авариялық жарықпен жабдықталған.
358. Ядролық қондырғылардағы авариялық шығатын есіктер орталық басқару пунктінің операторымен тікелей телефон байланысымен жабдықталады.
359. Шатырға шығатын есіктер жабылады және анықтау құралдарымен және дабыл-шақыру сигнал беру нүктесімен жабдықталады.
360. Өрт сөндіретін баспалдақтың төменгі маршы да анықтау құралдарымен жабдықталады.
361. Ядролық объектіде физикалық қорғау жүйесінде пайдаланылатын құлыптар мен кілттерді есепке алу, сақтау және бақылау регламенті әзірленеді.
362. Құлыптар мен кілттерді есепке алу, сақтау және бақылау регламенті:
1) кілттерге рұқсат алған барлық адамдарды тіркеуді;
2) кілттерді беру мен тапсыруды тіркеуді;
3) кілттердің бар-жоғын тексеруді және оларды рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөніндегі шараларды;
4) құлыптар мен кілттерді рұқсатсыз пайдалануға қатысты факті айқындалған кезде немесе күдік туындаған кезде құлыптар мен кілттерді қысқа мерзімде ауыстыруды көздейді.
363. Әрбір құлып пен кілтке құлыптар мен кілттерді есепке алу журналына сәйкес түгендеу нөмірі беріледі. Әрбір кілтте оның түгендеу нөмірі мөрленеді. Кілттер тиісті күзетілетін аймақтың шегінде қалады.
364. Орталық басқару пунктінің үй-жайы:
1) жұмыс және резервті компьютерлері бар ақпаратты жинау мен өңдеу жүйесінің аппаратурасымен;
2) дыбыс және жарық сигнал берумен жабдықталған, қорғалған ішкі және аса маңызды аймақтардың мнемосхемасымен;
3) бейнебақылау және жағдайды бағалау жүйесінің бейнебақылау құрылғыларымен;
4) тікелей телефон байланысы коммутаторымен;
5) дауыс зорайтқыш байланыс коммутаторымен;
6) моноблоктар мен физикалық қорғау жүйесінің басқа да жекелеген учаскелерін физикалық қорғаудың жергілікті пунктінің периферийлік құрылғыларымен;
7) қарауыл бастығымен (ауысым басшысымен) қайталама байланыс және авариялық сигнал беру құралдарымен;
8) күзеттік жарық беруді автоматты түрде қосу аппаратурасымен;
9) күзеттік жарық беруді қолмен қосу құрылғысымен жабдықталады.
15-параграф. Ядролық материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
365. Ядролық материалдарды көліктің барлық түрлерімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жерүсті, әуе және су жолдарымен тасымалдау олардың физикалық қорғалуын қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асырылады.
366. Ядролық материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қорғау осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген Заңның, "Қазақстан Республикасының Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Конвенция) және "Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға Түзетуді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
367. Ядролық материалдарды тасымалдау кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ядролық материалдар санаттары бойынша ядролық материалдарды халықаралық тасымалдау кезінде қолданылатын физикалық қорғау деңгейлері орнатылады.
368. Ядролық материалдарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғау міндеттері осы Қағидалардың 217-тармағында көрсетілген міндеттеріне сәйкес келеді.
369. Ядролық материалдарды тасымалдау кезінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін:
1) ядролық материалдың санатына сәйкес тасымалдау кезінде және уақытша сақтау кезінде ядролық материалды қорғау;
2) ядролық материалдардың жүру жолында болуының жалпы уақытын барынша шектеу;
3) ядролық материалды берудің (бір тасымалдау құралынан екіншісіне артық тиеу, ядролық материалды уақытша сақтауға беру және сақтаудан кейін ядролық материалды алу, сондай-ақ тасымалдау құралының келуін күту кезіндегі уақытша сақтау операциялары) саны мен ұзақтығын барынша азайту;
4) тасымалдау шарттарын ескере отырып, көлік құралдары қозғалысының графигін, кестесін және маршрутын жасау;
5) ядролық материалды тасымалдауға қатысатын барлық адамдардың сенімділігіне міндетті алдын ала тексеру жүргізу;
6) тасымалдау туралы алдын ала ақпаратты білетін адамдар санын қажетті минимумға жеткізуді қамтамасыз ету;
7) орын алған қатерлерді бағалауға немесе жобалық қатерге сәйкес пассивті және (немесе) активті физикалық қорғау шаралары бар материалдарды тасымалдау жүйелерін пайдалану;
8) дүлей зілзала, жаппай тәртіпсіздіктер аудандарын немесе белгілі қауіп төнген аймақтарды қиып өтпейтін маршруттарды анықтау;
9) персоналдың қатысуынсыз (бақылауынсыз) орамаларды және (немесе) тасымалдау құралдарын белгілі бір уақыттан артық қалдыру мүмкіндігін болдырмау;
10) көлік құралын жүргізетін, ядролық материалдарды алып жүретін және қорғауды жүзеге асыратын адамдардың тиісті рұқсатының болуын қамтамасыз ету;
11) көлік құралдарына белгілер мен жазбалар түсіруді және тасымалдау құжаттарына жүктің сипаты мен көлік құралдарының мақсаты туралы куәландыратын жазбаларды енгізуді болдырмау;
12) ядролық материалдарды жөнелтуді жүк алушыдан ядролық материалдарды қабылдауға дайын екендігі туралы жазбаша растауды алғаннан кейін ғана жіберу, ал ядролық материалдарды жүк алушы тасымалдаған жағдайда – сондай-ақ ядролық материалдарды тасымалдауға арналған лицензияны алғаннан кейін жүзеге асыру;
13) ядролық материалдарды тасымалдау туралы хабарламаларды беру үшін кодтау құралдарын және арнайы байланыс арналарын пайдалану;
14) жүк алушыны жүк жөнелтілгені туралы және жүк жөнелтушіні жүкті алғаны туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;
15) тасымалданатын ядролық материалдардың қорғалуы мен қауіпсіздігін, жүру жолында немесе жүру маршруты бойынша авариялық жағдай туындаған жағдайда көлік құралына ықтимал шабуылға тойтарыс беруді қамтамасыз ететін қосымша шараларды бірлесіп анықтау мақсатында күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының Қазақстан Республикасының тиісті ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
16) ядролық материалдарды тиеу және жөнелту алдында көлік құралдарын істен шығаруға, тасымалданатын ядролық материалдарды зақымдауға және (немесе) ядролық материалдарға қатысты рұқсатсыз іс-әрекеттер жасауға ықпал ететін құрылғылардың болмауы тұрғысынан көлік құралдарын қарап тексеруді қамтамасыз ету қажет.
370. Ядролық материалдардың әрбір жүгін жөнелту алдында жүк жөнелтуші және тасымалдаушы күзет және ден қою күштерімен бірлесіп, әртүрлі көлік түрлерін пайдалануға байланысты жүкті қалай да берген кезде қаптамадағы, көлік құралындағы, бөліктегі немесе жүк контейнеріндегі құлыптар мен пломбалардың бүтін болуын тексереді.
371. Жүк жөнелтуші жүк алушымен бірлесіп, көлік құралының орналасқан жері мен оның физикалық қауіпсіздігінің жай-күйіне үздіксіз мониторинг жүргізуді, сондай-ақ шабуыл жасаған жағдайда ден қою күштеріне хабарлауды және екі жақты байланыстың түрлі физикалық қағидаттарына негізделген кем дегенде екі тәсілмен жүкті алып жүрумен және ден қою күштерімен қолдауды қамтамасыз етеді.
Осы мониторингке жауапты персоналдың тиісті біліктілігі және құпия ақпаратқа рұқсаты болады.
372. Ядролық материалдарды тасымалдауды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы бар тасымалдаушы жүзеге асырады.
373. Тасымалдаушы ядролық материалдарды тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
1) техникалық жарамды және арнайы жабдықталған көлік құралдарын беруді;
2) көлік құралдарын инженерлік және техникалық физикалық қорғау құралдарымен жабдықтауды;
3) арнайы дайындықтан өткен және жұмысқа тиісті рұқсаты бар жоғары білікті жүргізушілердің, экипаждардың немесе бригадалардың көлік құралдарын жүргізуін қамтамасыз етеді.
374. Ядролық материалдарды тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушының жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалған жүкті тасымалдау шартына сәйкес ядролық материалдарды көлік құралдарына тиеген сәттен бастап ядролық материалдарды көлік құралдарынан түсірген сәтке дейін туындайды.
375. Тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз етуге тартылған көлік құралдарының жүргізушілері, экипаждардың немесе бригадалардың мүшелері, сондай-ақ күзет персоналы және бірге жүретін адамдар әрбір рейстің алдында көліктің тиісті түрлері үшін нұсқама мен медициналық қарап тексеруден өтеді.
376. I және II санаттардағы ядролық материалдарды тасымалдау кезінде күзетуді күзет және ден қою күштері жүзеге асырады.
377. Ядролық материалдарды тасымалдайтын және күзетілетін көлік құралдарының жүк бөліктерінде пломбалар сақталған және пломбалардағы таңбалар жүк тасымалдау кезеңіндегі пломбалардың үлгілеріне сәйкес келген кезде, олар ашылмайды.
378. І және ІІ санаттардағы ядролық материалдарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде оның барлық жүру жолында жүкті үздіксіз күзету және Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатарынан ілесіп жүру ұйымдастырылады.
379. І немесе ІІ санаттағы ядролық материалдарды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде физикалық қорғау арнайы вагондарда жүзеге асырылады.
І немесе ІІ санаттағы ядролық материалдарды тасымалдау кезінде ілесіп жүретін персонал мен күзет және ден қою күштері жүктен оқшауланған қызметтік үй-жайларда немесе осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған жеке вагондарда орналастырылады.
380. І немесе ІІ санаттағы ядролық материалдарды әуе көлігімен тасымалдау кезінде физикалық қорғау тек жүк тасымалдауға ғана арналған әуе кемесінің бортында, құлыпталған және пломбаланған қауіпсіз бөлікте немесе контейнерде жүзеге асырылады.
Жүкті тек қана жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемесінде тасымалдау керек, бұл әуе кемесінде ядролық материал жалғыз жүк болады.
381. І немесе ІІ санаттағы ядролық материалдарды теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдау кезінде физикалық қорғау мамандандырылған көлік кемесінде жүзеге асырылады.
Ядролық материалдар құлыпталған және пломбаланған қауіпсіз бөлікте немесе контейнерде орналастырылады.
382. Ядролық материалдарды халықаралық қатынаста тасымалдау жөнелтуші мемлекет және алушы мемлекет, сондай-ақ аумағы бойынша тасымалдау жүзеге асырылатын өзге де мемлекеттер Конвенцияда көзделген талаптарды орындаған кезде жүзеге асырылады.
Ядролық материалдарды халықаралық қатынаста тасымалдау кезінде физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін тасымалдауға қатысушы мемлекеттер заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Барлық тасымалдауға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдары тарапынан олардың мемлекеттерінің аумағы арқылы тасымалдау кезінде ядролық материалдар Конвенцияда айқындалған деңгейден төмен емес деңгейде физикалық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетіні туралы міндеттемелер болған кезде ғана, ядролық материалдарды халықаралық қатынаста тасымалдау жүзеге асырылады.
383. Физикалық қорғауға жауапты тараптар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық қатынаста ядролық материалдарды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тиісті шаралар қабылдау үшін тасымалдау кезіндегі рұқсатсыз іс-әрекеттер жасағаны немесе мұндай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға талпыныстары туралы төтенше жағдайларда ден қою жоспарына сәйкес уәкілетті органды, сондай-ақ осы Қағидалардың 35-тармағының 2) тармақшасына сәйкес басқа да мемлекеттік органдарды хабардар етеді.
384. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде ядролық материалдарға қатысты кедендік операциялар және оларды кедендік бақылау "Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларына 1-қосымша |
Ядролық материалдардың санаттары
Материал | Нысан | Санаттар бойынша бөлу | ||
I | II | III | ||
Плутонийа | Сәулеленбегенб | 2 килограмм немесе одан көп | 2 килограммнан аз, бірақ 500 граммнан көп | 500 грамм немесе одан аз, бірақ 15 граммнан көп |
Уран -235 |
Сәулеленбеген | 5 килограмм немесе одан көп |
5 килограммнан аз, бірақ 1 килограммнан көп |
1 килограмм немесе одан аз, бірақ 15 граммнан көп |
Уран - 233 | Сәулеленбеген | 2 килограмм немесе одан көп | 2 килограммнан аз, бірақ 500 граммнан көп | 500 грамм немесе одан аз, бірақ 15 граммнан көп |
Сәулеленген отын (кестеде келтірілген сәулеленген отынды санаттау халықаралық тасымал (тасымалдау) талаптарын ескереді). | Қарапайымдандырылған немесе табиғи уран, торий немесе төмен байытылған отын (құрамында 10%-дан аз бөлінетін изотоптар бар)г,д |
Ескерту:
1) плутоний-238 бойынша изотоптық концентрациясы 80% –дан асатын плутонийді қоспағанда, бүкіл плутоний;
2) реакторда сәулеленбеген материал, немесе реакторда сәулеленген, бірақ сәулелену деңгейі қорғанышсыз (биологиялық) 1 метр қашықтықта 1 Грей/сағат (100 Рад/сағат) тең немесе одан аз материал;
3) қорғаудың осы деңгейі ұсынылғанмен, нақты мән-жайды бағалауға сүйене отырып, физикалық қорғаудың басқа санатын қолдануға болады;
4) бөлінетін изотоптардың өзінің бастапқы құрамы бойынша сәулеленгенге дейін I немесе II санат бойынша жіктелетін басқа отын, егер отынның сәулелену деңгейі қорғаныссыз (биологиялық) бір метр қашықтықта 1 Грей/сағат (100 Рад/сағат) асып кетсе, бір санатқа төмендетілуі мүмкін.
Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларына 2-қосымша |
Атом энергиясын пайдаланушы объектілер әзірлейтін құжаттама тізбесі
Р/с № | Құжат атауы |
1 | Ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспары |
2 | Төтенше жағдайларда ден қою жоспары |
3 | Ядролық физикалық қауіпсіздік мәдениеті жөніндегі регламент |
4 | Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау шараларын қамтамасыз ету жөніндегі регламент |
5 | Ядролық материалдарға, ядролық қондырғыларға және ядролық материалдарды сақтау пункттеріне, физикалық қорғау жүйесінің жұмыс істеуі туралы ақпаратқа қол жетімділік пен кірудің рұқсат беру жүйесі жөніндегі регламент |
6 | Күзетті ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның актісі |
7 | Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау сапасын қамтамасыз ету бағдарламасы |
8 | Тараптардың өзара міндеттемелері туралы шарт |
9 | Өткізу режимі жөніндегі регламент |
10 | Объектішілік режим регламенті |
11 | Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау бөлімшесінің (қауіпсіздік қызметі) регламенті |
12 | Ведомстволық күзет бөлімшесінің регламенті (ол болған жағдайда) |
13 | Объектіні күзету және қорғаныс жоспары |
14 | Физикалық қорғау жүйелерінің инженерлік-техникалық құралдары кешенін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі регламенті |
15 | Физикалық қорғау жүйелерінің инженерлік-техникалық құралдары кешенін жобалауды ұйымдастыру жөніндегі регламенті |
16 | Физикалық қорғау жүйелерінің инженерлік-техникалық құралдарының техникалық жағдайын және жұмысқа қабілеттілігін тексеру жоспары |
17 | Персоналдың сенімділігін тексеруді қамтамасыз ету бағдарламасы |
Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды физикалық қорғау қағидаларына 3-қосымша |
Ядролық материалдардың санаттары бойынша ядролық материалды халықаралық тасымалдау кезінде қолданылатын физикалық қорғау деңгейлері
1. Ядролық материалды халықаралық тасымалдауға байланысты сақтау процесінде ядролық материалды физикалық қорғау деңгейлері:
1) ІІІ санаттағы материалдар үшін – оған кіру бақыланатын аймақ шегінде сақтауды;
2) ІІ санаттағы материалдар үшін – күзеттің немесе тиісті бақылау кезінде кіретін саны шектеулі нүктелері бар физикалық кедергімен қоршалған электрондық аспаптардың тұрақты қадағалауында болатын аймақ шегіндегі немесе физикалық қорғаудың осындай деңгейі бар кез келген аймақ шегіндегі сақтауды;
3) І санаттағы материалдар үшін – ІІ санаттағы материалдар үшін осы тарамақтың 2) тармақшасына сәйкес, оған кіру, бұдан басқа, сенімділігі анықталған және қарсы әрекет етуші күштермен тұрақты түрде тығыз байланыста болатын адамдарға ғана кіруге рұқсат етілген қорғалатын аймақ шегіндегі сақтауды қамтиды. Осындай жағдайда қолданылатын нақты шаралардың мақсаты кез келген шабуылды, рұқсат етілмеген қол жеткізуді немесе материалды рұқсатсыз алып қоюды анықтау және болдырмау болып табылады.
2. Халықаралық тасымалдау кезінде ядролық материалды физикалық қорғау деңгейі:
1) ІІ және ІІІ санаттағы материалдар үшін – тасымалдау сақтықтың арнайы шараларын сақтай отырып жүзеге асырылады, оған жүк жөнелтушінің, жүк алушының және жүк тасымалдаушының арасындағы алдын ала уағдаластық және тасымалдау кезіндегі жауапкершілікті жүктеу үшін уақытын, орынды және рәсімді айқындайтын экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттердің құқықтық құзырындағы және солардың нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алатын жеке немесе заңды тұлғалардың арасындағы алдын ала уағдаластық жатады;
2) І санаттағы материалдар үшін – тасымалдау ІІ және ІІІ санаттағы материалдарды тасымалдау үшін осы тарамақтың 1) тармақшасына сәйкес, сақтықтың арнайы шараларын сақтай отырып және бұдан басқа, күзетудің тұрақты бақылауымен және қарсы әрекет етуші тиісті күштермен тығыз байланысты қамтамасыз ететін жағдайларда жүзеге асырылады;
3) кен немесе кен қалдықтары нысанынан айырмашылығы бар нысандағы табиғи уран үшін 500 килограмнан асатын мөлшерді тасымалдауды қорғау тасымалдау туралы алдын ала хабарлауды қамтиды, онда көлік түрі, келудің болжамды уақыты және жүкті алғаны туралы растау көрсетіледі.