БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
|
Б. Атамкулов
|
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, иновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 315 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Біліктілік комиссиялары туралы ережені, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кәсіби дипломды немесе кәсіби дипломның телнұсқасың алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметі" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiмі туралы құжатты (дипломды);
жүзу өтiлiн растайтын құжатты;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысын ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 086/е нысандағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама);
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосуретті;
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосуретті;
2) порталға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмесін;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
083/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесін;
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосуретті (көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күні ұсынылады);
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
электрондық құжат түріндегі 3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосуретті жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы немесе кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметі" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:
1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті;
кәсіби дипломның электрондық көшірмесін;
083/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесін;
2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:
жоғалу немесе бүліну мән-жайлары мен себептері көрсетілген осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) жазылған.";
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.";
3-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
1) Мемлекеттік корпорацияға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжат (диплом);
жүзу өтiлiн растайтын құжат;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 086/е нысандағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі екі фотосурет;
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3,5х4,5 сантиметр өлшемдегі бір фотосурет;
2) порталға:
кәсіби дипломды алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жоғары немесе орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың (дипломның) электрондық көшірмесі;
жүзу өтiлiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
083/е нысандағы медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге емтихан тапсырған күні ұсынылады);
кәсіби дипломның телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
электрондық құжат түріндегі 3,5х4,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет.
|
";
7-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
1) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы алу үшін:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кәсіби дипломның электрондық көшірмесі;
кемедегi жұмысқа жарамдылығы туралы медициналық комиссияның қорытындысы ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген, 083/е нысандағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
2) кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасын алу үшін:
жоғалу немесе бүліну мән-жайлары мен себептері көрсетілген осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
|
".
2. "Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11528 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларында:
47 – тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына берілуі мүмкін.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2–тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
1-1–қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Мемлекеттік корпорацияға:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы диплом не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәлік (анықтама)*.
ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ашқан және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепте тұрған ұйымдар берген шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктер (анықтамалар) қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін жарамды болып табылады;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 083/е нысаны бойынша медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама);
2,5х3,5 сантиметр өлшемiндегi екi фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі).
2) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік;
№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет;
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
порталға:
4) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын аяқталған туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтаманың) электрондық көшірмесі;
№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі ;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі фотосурет (емтиханды сәтті тапсырған жағдайда Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
5) өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын алу үшін:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі бір фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады);
6) бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлікті алу үшін:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы электрондық өтініш;
бұрын берілген өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде түпнұсқа Мемлекеттік корпорацияға ұсынылады);
№ 083/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;
2,5х3,5 сантиметр өлшеміндегі екі түрлі-түсті фотосурет (Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды порталға жіберген күні ұсынылады).
|
".
3. "Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген |
Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
р/с
№
|
Рұқсат беру талаптары
|
Құжаттар
|
Ескертпе
|
1.
|
1. Су түбін тазарту және су түбін тереңдету снарядтарындағы жұмыс үшін кеме механиктері, электр-механиктер мен олардың көмекшілері кәсіби дипломдарын алу үшін диплом беру өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін су түбін тазарту және су түбін тереңдету снарядтарындағы командалық лауазымда осы Талаптардың 4-12-тармақтарында көрсетілген тиісті жүзу өтілі болған кезде жүзеге асырылады.
2. Диплом беру мақсаты үшін өздігінен жүретін кемелер олардың қозғалысын қамтамасыз ететін қозғалтқыштардың тиімді қуатына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) 1-топқа дейін – 55-тен 110 кВт дейін (75 – 149 ат күші);
2) 1-топ – 110-нан 330 кВт дейін (150-450 ат күші);
3) 2-топ – 331-ден 550 кВт дейін (451-750 ат күші);
4) 3-топ – 551-ден 850 кВт дейін (751-1150 ат күші);
5) 4-топ – 581-ден 1620 кВт дейін (1151-2200 ат күші);
6) 5-топ – 1621-ден және одан астам кВт (2201 және одан астам ат күші).
3. Су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары олардың өнімділігіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) 1-топ – өнімділігі сағатына 100 м3 дейін;
2) 2-топ – сағатына 101-ден 250 м3 дейін;
3) 3-топ – сағатына 251-ден 500 м3 дейін;
4) 4-топ – сағатына 501-ден 700 м3 дейін;
5) 5-топ – сағатына 701 м3 және жоғары.
35 км/сағ және одан астам жылдамдықты өрлете алатын су асты қанаттардағы, глиссирленген және әуе жастығындағы кемелер жүрдектерге жатады.
4. Кеме жүргізу, кеме механигі және электр-механик мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарын аяқтаған адамдарға мынадай мамандықтар бойынша диплом беріледі:
1) кемелер капитанының көмекшісі (екінші штурман), электр-механиктің екінші көмекшісі, 4-топты қоса алғанда (кемінде үш ай кемелерді басқару бойынша практикалық дағдысының болуын ескере отырып) су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитандары мен олардың көмекшілері кемелер капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі капитандары мен олардың көмекшілері барлық топтардың су түбін және тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының;
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, барлық топтардың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі, 2-топтың су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитаны, механигі және электр-механигі, 1 – 3-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының кемелердің командирлері мен олардың көмекшілеріне және барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының, капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механиктің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымдарда 24 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитаны, механигі, электр-механигі, 1 – 4-топтағы су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері (жолаушылар кемелерінен басқа);
6) командалық лауазымдарда 30 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – кемелер капитаны, механигі және электр-механигі, барлық топтағы су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының командирлері мен олардың көмекшілері.
5. Ішкі су көлігі қызметкерлеріне диплом беру кезінде табиғи жағдайлар бойынша навигациялық кезеңнің ұзақтығы кемінде алты айды құрайтын өзен бассейндерінде жүзу өтілі алты айға теңестіріледі. Толық навигацияны атқармаған адамдарға өтілге нақты жүзу уақыты есептеледі.
6. Орта кәсіптік оқу орындарының кеме жүргізу, кеме механикалық және электр-механикалық бөлімшелерін және су жолдары мен қатынастары бөлімшелерін аяқтаған адамдарға мынадай мамандықтар бойынша диплом беріледі:
1) 1 – 2-топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі және барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі (кемені басқару бойынша кемінде үш ай практикалық дағдысының болуы);
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 4-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі, барлық топтағы кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигтің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымдарда 24 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі; барлық топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), капитанының және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
6) командалық лауазымдарда 30 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа);
7) командалық лауазымдарда 36 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 4-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі, электр-механигі (жолаушылар кемелерінің капитандарынан басқа);
8) командалық лауазымдарда 42 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – барлық топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі дипломын алады.
7. Кеме жүргізуші, кеме механикалық (электр-механикалық) мамандықтары бойынша орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар мынадай:
1) 1 – 3-топтарды қоса алғанда, кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман) және механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі (кемелерді басқару бойынша кемінде үш ай практикалық дағдысын ескере отырып);
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде – 1 – 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі және 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 1 – 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, ал капитанының, механиктің және электр-механигінің лауазымы бойынша бір ай ішінде тағылымдамадан өткен – 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
5) командалық лауазымдарда 24 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі және электр-механигі лауазымына диплом алады.
8. Ішкі суда жүзетін кемелердің командалық құрамын даярлау бойынша (қайта даярлау) курстарды аяқтаған адамдар (кемелерді басқару бойынша кемінде 6 ай практикалық дағдысын ескере отырып) мынадай:
1) 3-топты қоса алғанда (сүйреу және жүк флоты) кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман), механиктің және электр-механигінің үшінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
2) командалық лауазымдарда 6 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының (жолаушылар кемелерінен басқа) капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі;
3) командалық лауазымдарда 12 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 3-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің және электр-механигінің екінші көмекшісі;
4) командалық лауазымдарда 18 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (бірінші штурман), механиктің және электр-механигінің бірінші көмекшісі, 1-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитаны, механигі мен электр-механигі;
5) командалық лауазымдарда 36 ай ішінде жүзу өтілі болған кезде 2-топтағы кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының (жолаушылар кемесінің капитанынан басқа) капитаны, механигі мен электр-механигі лауазымына диплом алады.
9. Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын аяқтаған адамдар 1-топтағы кемелердің (жолаушылар кемелері мен транзиттен басқа) капитаны, механигі және электр-механигі лауазымына осы лауазымдарда кемінде үш ай капитанның немесе механиктің қолдаухат-мінездемесімен расталған тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін диплом алуға жіберіледі. Командалық құрамды даярлау бойынша курсты аяқтаған адамдар 225 Квт (300 ат күші) дейінгі қуаты бар кемелерге сол шарттарда және сол лауазымдарға диплом алады.
10. Рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар және жоғарғы оқу орындарында 4-курстан және орта кәсіптік оқу орындарында 3-курстан төмен емес курстарда сәтті оқып жатқан қатардағы құрам адамдары тиісті мамандықтар бойынша 3-топты қоса алғанда кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары механигінің және электр-механигінің үшінші көмекшісі дипломын алады, ал орта кәсіптік оқу орындарын сондай шарттарда бұрын аяқтаған адамдар кемелердің, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының капитанының көмекшісі (үшінші штурман) лауазымын атқаруға диплом алады.
11. Кеме жүргізушісі, кеме механикалық және электр-механикалық мамандығы мен "су жолдары және қатынастары" мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымында 4-курстан кейін кемінде 6 ай жүзу өтілі болған кезде 4-топқа дейін қоса алғанда, кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарының механигі мен электр-механиктің көмекшісі лауазымына диплом беріледі.
12. Орта кәсіптік оқу орындарында кеме жүргізу, кеме механикалық пен электр-механикалық және "су жолдары және қатынастары" мамандықтары бойынша курсанттар мен білім алушыларға 3 курсты аяқтағаннан кейін рульдік моторшы, электрик, шығыршы лауазымдарына 6 ай жүзу өтілі болған кезде 2-топқа дейін қоса алғанда кемелердің және су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтары механигі мен электр-механигі үшінші көмекшісі лауазымына диплом беріледі.
13. Жүрдек кемелерде командалық лауазымдарды атқаруға диплом беруге ішкі суда жүзу кемелерінде командалық лауазымда жұмыс тәжірибесі жоқ, бірақ мынадай лауазымдарда:
1) капитанының көмекшісі (үшінші штурман) – механиктің үшінші көмекшісі - қызметінде 6 ай бойы – вахтада дербес тұруға құқығы жоқ капитанының көмекшісі (екінші штурман) механиктің екінші көмекшісі қызметіне;
2) капитанының көмекшісі (екінші штурман) – механиктің екінші көмекшісі 18 айдың 6 айы ішінде – үш ай мерзімге дейінгі тікелей рейстерде тағылымдамадан өткенге және сынақ тапсырғаннан кейін капитанының көмекшісі тиісті топтағы механиктің бірінші көмекшісі қызметіне;
3) капитанының көмекшісі (бірінші штурман) – тиісті топта механигінің бірінші көмекшісі лауазымына 30 айдың 12 айы ішінде капитан-механик қызметіне жүрдек кемелерде жүзу өтілі бар жоғарғы немесе орта кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
14. Жүрдек кемелерде командалық лауазымды атқаруға диплом беруге жоғарғы немесе орта кәсіптік білімі, ішкі суда жүзу кемелерінде командалық лауазымда жұмыс тәжірибесі бар, тиісті кемеде бір айдан кем емес мерзімде тікелей рейсте тағылымдамадан өткен және осы кемені басқару бойынша капитан-тәлімгерге практикалық сынақ тапсырған адамдар мынадай дипломы болған кезде:
1) 2-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелері капитанының көмекшісі (бірінші штурман) және осы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар – 3-топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман);
2) 3-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелері капитанының көмекшісі (бірінші штурман) және осы лауазымында кемінде 6 ай жүзу өтілі бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитанының көмекшісі (бірінші штурман);
3) 1-топтағы ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны және осы лауазымында кемінде 18 ай жүзу өтілі бар – капитанының көмекшісі (бірінші штурман), ал 24 ай жүзу өтілі бар болса – 3-топтағы жүрдек кемелердің капитаны;
4) осы лауазымында кемінде 12 ай жүзу өтілі бар және 2-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны – 3-топтағы жүрдек кемелер капитаны;
5) 3-топтан төмен емес ішкі суда жүзу кемелерінің капитаны және осы лауазымында кемінде 6 ай жүзу өтілі бар – барлық топтағы жүрдек кемелер капитаны бола алады.
15. Жүрдек кемелердің командалық құрамына лауазымын жоғарылатпай жоғары топтағы жүрдек кемелерге ауысу үшін диплом беруге алдындағы топтағы кемелерде осы лауазымда кемінде 6 ай жүзу өтілі бар адамдар жіберіледі.
16. Осы Талаптарының 13-тармағына сәйкес жүрдек кемелердің командалық құрамының кәсіби дипломын алған адамдарға өз тобындағы ішкі суда жүзу кемелері капитанының көмекшісі (екінші штурман), механиктің екінші көмекшісі лауазымына диплом беріледі.
Жүрдек кемелердің капитанының көмекшісінің (бірінші штурманының), механигінің бірінші көмекшісінің, капитанының, механиктің кәсібі дипломдары бар адамдарға кейіннен диплом беру әрбір лауазымда кемінде 6 ай жүзу өтілі болған кезде жүргізіледі.
|
1) жоғары немесе ортадан кейінгі білімі туралы құжат (диплом);
2) жүзу өтілін растайтын құжат;
3) кемеде жұмысқа жарамдылығы туралы тиісті медициналық комиссияның қорытындысы ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 086/е нысандағы медициналық анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – 083/е нысандағы медициналық анықтама).
|
|
2.
|
1. Өздігінен жүретін кемелердегі капитан, ауысым капитандары мен олардың көмекшілері, су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы командирлер мен олардың көмекшілері, сондай-ақ капитан, капитанының көмекшілері, командирлер мен олардың көмекшілері лауазымын қоса атқаратын су түбін тереңдету және су түбін тазарту снарядтарындағы механиктер мен олардың көмекшілері лауазымын атқаратын барлық адамдар аттестаттаудан өтуге тиіс.
|
1) кәсіби диплом;
2) 083/е нысанды медициналық анықтама.
|
|