"Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 7 маусымдағы № 277 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 маусымда № 22950 болып тіркелді

      "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізетін Хатшылық болып табылады.";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент үйлестірушісі (келісім бойынша);" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы (келісу бойынша);".

      Премьер-Министр А. Мамин