Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.06.2021 № 277 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2009 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтамаға 3-қосымша алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама Қазақстан Республикасы Қазақстанның Елтаңбасы Анықтама
___________________________________________________________________ берілді.
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Ол 20___жылғы "___"___________ 20____ жылғы "___"_____________ дейін
________________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы, орналасқан жері,
________________________________________________________________________________
мамандығы, оқу түрі)
________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________ оқыды.
_______________________________________________________________ білім алған кезінде
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
мынадай пәндерді (оқу пәндері) оқыды, сынақтар мен емтихандар тапсырды, төменде
көрсетілген 1, 2- сәйкес:
1 - орта білім;
2 - техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім жылдық (қорытынды) бағалар
алды.
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
М.О.
Тіркеу нөмірі ________ Берілген күні 20____ ж. "____" ___________