"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 мамырда № 22700 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 4-бабына сәйкес әзірленді.

      Ереже жеке практикамен айналысатын нотариус (бұдан әрі-жекеше нотариус);

      мемлекеттік нотариаттық кеңсесінің мемлекеттік нотариустарының (бұдан әрі-мемлекеттік нотариус) нотариаттық іс жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ереже:

      1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;

      2) істер номенклатурасын жасау;

      3) істерді қалыптастыру;

      4) істерді ресімдеу, істер тізімдемесін жасау;

      5) құжаттарды сақтау;

      6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

      7) істерді жою;

      8) консультация беруді тіркеу;

      9) шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;

      10) мөрді, мөртабандарды және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану;

      11) мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу тәртібін анықтайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

      Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палата осы Ережеде көзделген тәртіппен, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолданады.

      Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап отыз күн ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолданады.

      Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда, нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап отыз күн ішінде, аумақтық әділет органы нотариаттық палатамен бірлесе аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық мұрағатқа қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.

      Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шығарылған кезде аумақтық нотариаттық палата нотариаттық палатадан шығару туралы тәртіптік комиссияның шешімі күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық архивке қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.

      Нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатылған, нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда нотариустың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе (бұдан әрі-БНАЖ) кабинеті аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа, сондай-ақ жекеше нотариаттық мұрағатқа беріледі.";

      6, 7, 8 және 9-тармақтар алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Құжаттарды есепке алу және олардың орындалуын бақылау үшін: осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да кіріс құжаттарын тіркеу журналы;

      осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БНАЖ-да шығыс құжаттарды тіркеу журналы жүргізіледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Құжаттар адресаттарға пошта арқылы (белгілі электрондық адреске көшірмесін жолдай отырып) немесе қолма-қол жіберіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Істер номенклатурасына барлық құжатталатын қызметті көрсететін істердің атаулары (тақырыптары) енгізіледі. Электрондық құжаттар мен дерекқорлар істер номенклатурасына жалпы негіздерде енгізіледі. Істер номенклатурасында құжаттың нысаны тіркеледі – ақпарат жеткізгіші көрсетілген электрондық немесе қағаз түрінде.

      Істер номенклатурасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес үлгілік істер номенклатурасы негізінде жасалады. Үлгілік істер номенклатурасы істер номенклатурасын дайындаған кезде, оларды мұрағатқа өткізу немесе жоюға беру үшін іріктеген жағдайда сақтау мерзімін айқындаған кезде негізгі құжат ретінде пайдалануға арналған.

      Істер номенклатурасын жасаған кезде үлгілік істер номенклатурасында белгіленген сақтау мерзімін кемітуге жол берілмейді.

      Номенклатураның әрбір бөлімінде істер номенклатурасында көзделмеген, алайда күнтізбелік жыл ішінде қалыптастырылған істер тақырыбына енгізу үшін резервтік индекс қарастырылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Нотариус жүргізетін журналдар оларға бірінші жазба енгізілгенге дейін тігіледі, олардың парақтары нөмірленеді. Нөмірленген және тігілген парақтардың саны журналдың соңғы парағының сыртқы бетінде көрсетіледі.";

      43-44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Жекеше нотариус тұрақты, уақытша (жетпіс бес жыл) сақтау мерзіміндегі аяқталған және ресімделген істерді:

      жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарттарды;

      тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен шығару туралы шарттарды (олардың негізінде куәландырылған құжаттар);

      аяқталған мұрагерлік істерді;

      ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктерді (егер мұндай куәлік нотариаттық кеңседе жасалған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі) жекеше нотариаттық мұрағатқа береді.

      Нотариаттық куәландырылған өсиет, оның ішінде құпия өсиеттер, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік іс жекеше нотариаттық мұрағатқа тапсырылмайды.

      44. Жекеше нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатылған, жекеше нотариус аумақтық нотариаттық палатаның мүшелерінен шыққан немесе шығарылған жағдайда, нотариаттық куәландырылған өсиеттер, оның ішінде құпия өсиеттер, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік істер он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.

      Жекеше нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттар он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.

      Құжаттарды беру туралы осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады.";

      46-1, 46-2 және 46-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "46-1. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау туралы мәліметтер және Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс және белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге тиіс.

      46-2. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды уақытша сақтауды, есепке алу мен пайдалануды қамтамасыз ететін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрамдас бойынша нотариаттық электрондық репозиторий болып табылады.

      46-3. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алу мен пайдалануға арналған орталықтандырылған ақпараттық жүйе нотариаттық электрондық архив болып табылады.";

      9-тарау алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:

      "9-1 тарау. Консультация беруді есепке алу журналын жүргізу. Консультация беруді тіркеу.";

      "59-1. Заңның 17-1-бабына сәйкес жүзеге асырылатын, нотариаттық іс-әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу нысанында нотариус ұсынатын консультация беру; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер, өтініштер және басқа да құжаттар жобаларын жасау есепке алуға жатады.

      59-2. Консультацияны есепке алуды нотариус БНАЖ-дағы консультацияларды есепке алу журналында осы Ереженің 26-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      59-3. Мәліметтер консультацияға жүгінген күні консультацияларды есепке алу тізіліміне енгізілуге жатады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Мөр құжаттың бос орнына куәландыру жазбасының астына оның мәтінін және жекеше немесе мемлекеттік нотариустың қолтаңбасына жеткізбей қойылады.

      Куәландыру жазбасының мәтіні (оның ішінде нотариаттық іс-әрекеттердің электрондық тізілімінің нөмірі, өндіріп алынған мемлекеттік баж сомасы немесе нотариусқа төленген сома) техникалық құралдармен (жазу машинкасымен, дербес компьютермен) басылады.";

      11-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Нотариустың мөрі, мөртабандары және электрондық цифрлық қолтаңбасы";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Мөр:

      жекеше нотариуспен лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы бұйрықпен танысқан кезден бастап оның лицензиясының күші тоқтатыла тұрған кезеңде;

      жекеше нотариус нотариаттық палатадан мүшеліктен шығарылған жағдайда;

      мемлекеттік нотариус бұйрықпен танысқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде демалыста (оның ішінде бала күтімі бойынша) болған кезеңде аумақтық әділет органына сақтауға тапсырылады.

      Мемлекеттік немесе жекеше нотариустың мөрі нотариустың қатысуымен конвертке салынады, нотариустың, лауазымды адамның қолдары қойылады және аумақтық әділет органының мөрімен бекітіледі.

      Мөрі бар конвертті ашу нотариустың қатысуымен жүргізіледі.";

      "74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Жекеше нотариус пен мемлекеттік нотариустың "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбасы болады.

      Нотариус электрондық құжаттармен нотариаттық іс-әрекеттер жасауды және БНАЖ-ға мәліметтер енгізуді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.";

      75-78 –тармақтар алып тасталсын;

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Нотариаттық құжаттар А4 форматындағы қағаздың стандартты парақтарында жасалады.

      БНАЖ әрбір нотариаттық іс-әрекет бойынша бірегей нөмір береді, ал құжаттың қағаз нұсқасында көрсетіледі.";

      80-84-тармақтар алып тасталсын;

      86-87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Мөрлер, куәландыру жазбаларының мөртабандары жекеше нотариустың үй-жайында немесе мемлекеттік нотариат кеңсесінде сейфтерде немесе мөрленетін жанбайтын металл шкафтарда сақталады.

      87. Мөрді, куәландыру жазбаларының мөртабандарын пайдалануды, сақтауды және есепке алуды жекеше және мемлекеттік нотариус жүргізеді.

      Мемлекеттік нотариаттық кеңседе аумақтық әділет органы басшысының бұйрығымен айқындалған мемлекеттік нотариустардың бірі.";

      "90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Мұрагерлік іс бойынша іс жүргізуді бастауға негіз болған құжат БНАЖ мұрагерлік істер тізілімінде тіркеледі.";

      91-92-тармақтар алып тасталсын;

      "93- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Мұрадан бас тарту немесе мұраны қабылдау туралы не мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы, шығындарды мұрагерлік мүлік есебінен төлеу туралы өтініштердің негізінде мұрагерлік іс жүргізіледі және реттік нөмір беріледі."

      Барлық өтініштерде олардың келіп түскен күні, бірінші келіп түскен өтінішке берілген мұрагерлік істің нөмірі көрсетіледі.

      Мұрагерлік іс жеке номенклатуралық іс болып табылады. Істің мұқабасында номенклатуралық индекске таяқша арқылы мұрагерлік істің нөмірі қойылады (№ 2-8/27/2021 іс).

      Мұрагерлік іске мұрагерлер ұсынған, олардың негізінде мұраға құқық туралы куәлік берілген барлық құжаттар тігіледі.

      Егер мұрагерлік іс ағымдағы жылдың іс жүргізуінде аяқталмаған болса, ол келесі жылға сол нөмірмен өтеді және қайта тіркелуге жатпайды.";

      95-тармақ алып тасталсын;

      98, 99-100- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Аумақтық нотариаттық палатада өсиетхаттарды куәландыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалардан алынған, нотариаттық куәландырылғанға теңестірілген өсиетхаттарды есепке алу тізілімі Қазақстан Республмикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Заңының 4-2-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу ережесіннің 4-қосымшасына сәйкес нысанда жүргізіледі.

      Куәландырылған өсиет туралы мәліметтер БНАЖ электрондық тізіліміне жазба енгізілгеннен кейін БНАЖ өсиеттерді есепке алу тізіліміне түседі.

      99. Аяқталған мұрагерлік іс мұраға құқығы туралы қосымша куәлік берілгенде немесе бұрын берілген мұраға құқығы туралы куәліктің күші жойылғанда мұраға құқығы туралы жаңа куәлік берілген жағдайда қайта басталады. Бұл ретте, Мұрагерлік істерді есепке алу тізілімінде мұрагерлік істің қайта басталуына негіздеме болған өтініш тіркеледі. Жаңа құжаттар мұрагерлік істің соңына орналастырылады, істің мұқабасына, ішкі тізімдемесіне, куәландырушы парағына тиісті өзгерістер енгізіледі.

      Мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті бұрын мұраға құқығы туралы куәлікті берген нотариус береді.

      Нотариус лицензиясының күші тоқтатыла тұрған жағдайда мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті құжаттар тапсырылған нотариус береді.

      Бұрын мұраға құқығы туралы куәлікті берген нотариустың лицезиясының күші тоқтатылғанда, нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан немесе шығарылған жағдайда және мұрағатқа істерді сақтауға тапсырылған кезде мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті мүдделі тұлға жүгінген нотариус береді. Бұл ретте, нотариус мұрағаттан мұрагерлік істің көшірмесін сұратады және аталған құжаттардың негізінде мұраға құқығы туралы қосымша куәлікті береді.

      100. Аяқталған мұрагерлік істі сақтауға дайындаған кезде құжаттар осы Ереженің 39-тармағына сәйкес мынадай тәртіппен:

      мұраға құқығы туралы куәлік;

      мұраны қабылдау туралы, мұраға құқығы туралы куәлікті беру туралы немесе мұрадан бас тарту туралы өтініштер;

      мұра берушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі не БНАЖ арқылы "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде алынған қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      БНАЖ арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорынан мұра берушінің тіркелген орны туралы мәліметтер;

      мұрагерлер мен мұра берушінің туысқандық қатынастарын растайтын құжаттарының көшірмелері, мұраға негіздеме (өсиет, туысқандық деңгейі туралы, бала асырап алу туралы, мұра берушінің асырауында тұрғаны туралы құжаттар);

      мұрагерлердің шеңберін анықтау үшін жасалған нотариустың сұрау салулары және оларға жауаптар;

      БНАЖ-да мұрагерлік істің бар-жоқ екендігі туралы анықтама;

      мұраның мұра берушіге тиістілігін растайтын құжаттары (құқығын белгілеуші құжаттары);

      мұрагерлік іске қоса берілген өзге де құжаттар тігіледі.";

      103-алып тасталсын;

      106- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Нотариус "Құпия өсиет" жеке ісін қалыптастырады. "Құпия өсиет" жеке ісінің нөмірі араб сандарымен белгіленеді және БНАЖ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеудің электрондық тізілімінде құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы тіркелген нөмірден және жеке іс жүргізілген жылдан тұрады: "20/2021, мұндағы 20 – құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы БНАЖ электрондық тізілімінде тіркелген нөмір, 2021-жеке іс жүргізілген жыл";

      Ережеге 5 - қосымша, осы бұйрықтың 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      26, 27, 28 - қосымшалармен, осы бұйрықтың 2, 3, 4- қосымшаларына сәйкес толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың елу екінші - елу бесінші абзацтарын, сондай-ақ 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың жетпіс төртінші – сексен алтыншы абзацтарын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      Келісілді

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      _______________________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі № 358
Бұйрығына 1-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
5-қосымша
  "Бекітемін"
(облыстың немесе қаланың
атауы)
  Әділет департаментінің бастығы
немесе нотариустың аты-жөні,
лицензияны берген күні, нөмірі,
___________ тегі, аты-жөні қолы
20__ жылғы "__" ___________
___________ № _____________
(күні) (индексі)
_____ жылғы

Үлгілік істер номенклатурасы

1. Іс жүргізу, әкімшілік-шаруашылық мәселелер

Істің индексі

Істің (томның, бөліктің) тақырыбы

Істің (томның, бөліктің) саны

Істі (томды, бөлікті) сақтау мерзімі және тізбесі бойынша тармақ нөмірі

Ескертпе

1-1

Статистикалық есептер


үнемі


1-2

Нотариаттық кеңсенің жұмысын тексерудің нәтижелері туралы анықтамалар мен актілер


5 жыл


1-3

Жеке құрамы бойынша бұйрықтар мен басқа да құжаттар


75 жыл


1-4

Әдіжыл органдарымен және нотариаттық палатамен хат алмасу


5 жыл


1-5

Мекемелермен, ұйымдармен және азаматтармен хат алмасу


5 жыл


1-6

Нотариаттық кеңсенің қаржылық және шаруашылық қызметінің құжаттары


5 жыл

Қаржылық шаруашылық қызметті құжаттық тексеру аяқталған жағдайда, даулар, әртүрлі келісулер пайда болған жағдайда, тергеу және сот істері түпкілікті шешім шығарылғанға дейін сақталады.

1-7

Нотариаттық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі өтініштер және ұсыныстар және оларға жауаптар


5 жыл ЭПК


1-8

Нотариаттық кеңсенің істер номенклатурасы


үнемі


1-9

Мұрағатқа тапсырылған құжаттамалық материалдардың тізбесі


үнемі


1-10

Кіріс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-11

Шығыс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-12

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу


5 жыл


2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау

2-1

Жер учаскелерін иеліктен айыру туралы шарттар


75 жыл


2-2

Тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен айыру және кепілі туралы шарттар (негізінде олар куәландырылған құжаттар)


75 жыл


2-3

Өзге де шарттар


25 жыл


2-4

Нотариаттық куәландырылған өсиетхаттар


75 жыл


2-5

Құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік


75 жыл


2-6

Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік


75 жыл


2-7

Құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы


75 жыл


2-8

Мұрагерлік істер


75 жыл


2-9

Сенімхаттар


олардың ескіру (қолдану) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл


2-10

Келісімдер


25 жыл


2-11

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік (егер ондай куәлік нотариаттық кеңседе ашылған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі)


75 жыл


2-12

Адамның тірі екендігін және белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру туралы, құжатты сақтауға қабылдау туралы


3 жыл


2-13

Құжаттардың көрсетілген уақытын куәландыру жөніндегі құжаттар


3 жыл


2-14

Азаматтардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың өтініштерін басқа азаматтарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға табыстау


3 жыл


2-15

Депозиттік операциялар жасау жөніндегі құжаттар


10 жыл


2-16

Теңіз наразылығы туралы акт


3 жыл


2-17

Дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар


5 жыл


2-18

Заңды тұлғалардың істері (жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, хаттамалардың, бұйрықтардың көшірмелері)


10 жыл


2-19

Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулылар


5 жыл


2-20

Құжаттарды сараптамаға жіберу туралы қаулы


3 жыл


2-21

Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер


үнемі

электрондық тасығышта

2-22

Мұралық істерді есепке алу кітабы


75 жыл

электрондық тасығышта

2-23

Өсиеттерді есепке алу кітабы


75 жыл

электрондық тасығышта

2-24

Атқарушылық жазба


3 жыл


2-25





      Ескертпе:

      Парақтардың саны аумақтық әділет органының немесе аумақтық нотариаттық палата қызметкерінің қолтаңбасымен куәландырылады.

      Басшы қызметінің атауы __________________________ Нотариус қолтаңбасының таратып жазылуы күні

Келісілді

Келісілді

(облыс немесе қала атауы) Әділет департаменті СТК (СК) хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

Жекеше нотариаттық мұрағаттың СКО хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

  Бұйрығына 2-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
26-қосымша

Консультация беруді тіркеу журналы

      ______________________________________________________

      (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

№ п/п

Нақты өткізілген күні

Өткізілген уақыты

Консультацияға жүгінген адамның ЖСН

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні

Консультация түрі

бағасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Бұйрығына 3-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
27-қосымша

Кіріс құжаттарын тіркеу журналы

Түскен күні

Кіріс құжатының күні және индексі

Корреспондент

Құжаттың түрі, кіріс құжатының атауы және қысқаша мәтіні

Құжаттың орындалғаны туралы белгі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








  Бұйрығына 4-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
28-қосымша

Шығыс құжаттарын тіркеу журналы

Шығыс (ішкі) құжатының күні

Шығыс (ішкі) құжатының индексі

Корреспондент

Құжаттың тақырыбы немесе қысқаша мазмұны

Құжаттың орындалғаны туралы және іске жіберілгені туралы белгі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7