"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 70-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-полковнигі | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 510 бұйрығымен бекітілді |
Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 70-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Азаматтық қорғаныс мүлкiне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлiк бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу
3. Азаматтық қорғаныс мүліктері бейбіт уақытта және соғыс уақытында қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының әсерінен және қауіпті заттардың шағарылуына байланысты төтенше жағдайлардан халықты қорғау үшін сатып алынады.
4. Азаматтық қорғаныс мүліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алынады.
3. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру
5. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру азаматтық қорғаныс жоспарларында көрсетілген қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданудың ықтимал жағдайын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты аумақта төтенше жағдайлардың туындауына байланысты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынымдарын есепке алып айқындалады.
6. Азаматтық қорғаныс мүлкін құру (өзгерту) туралы ақпарат азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне беріледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Азаматтық қорғаныс мүлкін пайдалану
7. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін қолданылатын азаматтық қорғаныс мүлк, тікелей мақсаты бойынша қолданылады.
8. Азаматтық қорғаныс мүлкін бейбіт уақытта және соғыс уақытында пайдалану азаматтық қорғаныс жоспарларымен белгілінеді.
9. Азаматтық қорғаныс жоспарларында Азаматтық қорғаныс мүлкін беру пунктері, мерзімдері, саны және объектілер бойынша бөліп беру кезектілігі, қоймалардан алуға және беру пунктеріне жеткізуге жауапты адамдар, азаматтық қорғаныс мүлкін беруді, өлшеміне келтіру және тексеруді ұйымдатыру, тасымалдау үшін көлікпен қамтамасыз ету тәртібі айқындалады.