"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз
ету, дайындау және оларды тарту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту тәртібін белгілейді.
2. Азаматтық қорғау құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар құрған және азаматтық қорғау күштерінің құрамында бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған құрылымдар болып табылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Азаматтық қорғау құралымдары:
мақсаты бойынша – негізгі және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ететін;
бағыныстылығы бойынша – аумақтық және объектілік болып бөлінеді.
4. Негізгі құралымдарға: барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өртке қарсы, авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғау жатады. Қалған азаматтық қорғау құралымдары авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз етушілерге жатады.
5. Азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, қалаларда, аудандарда құрылады, әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Аумақтық құралымдардың құру базасы ұйымдар болып табылады.
6. Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары ұйымдарда құрылады және олардың мүддесінде пайдаланылады.
7. Азаматтық қорғау құралымдарының есебін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2 тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын құру
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Азаматтық қорғаудың құралымдары орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылады.
9. Азаматтық қорғау аумақтық құралымдарының жеке құрамының жалпы саны:
жер сілкінісіне бейім өңірлер үшін зардап шеккен халықтың он адамына құралымның бір мүшесі есебінен;
басқа өңірлер үшін зардап шеккен халықтың жиырма адамына құралымның бір мүшесі есебінен есептеледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Азаматтық қорғау құралымдарындағы қажеттілік есептерін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес:
орталық атқарушы органға тікелей бағынатын, салалық кіші жүйедегі азаматтық қорғаудың құралымдары үшін – орталық атқарушы органның азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелері әзірлейді және тиісті орталық атқарушы орган бекітеді;
азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдары (медициналықтан басқа) үшін – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері әзірлейді және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бекітеді;
азаматтық қорғаудың медициналық құралымдары үшін - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді;
азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұйымдар әзірлейді және олардың бірінші басшылары бекітеді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2019 № 1064 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.11. Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын ұйымдар құрады, олар мына талаптардың біреуіне сәйкес келеді:
1) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 3-тармағына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатады;
2) жұмылдыру тапсырмалары бар және (немесе) соғыс уақытында жұмысты жалғастырады;
3) ықтимал қауіпті химиялық залалдану және (немесе) ықтимал қауіпті радиоактивтік ластану және (немесе) ықтимал апаттық су басу аймағында орналасады.
12. 50-ден кем адам саны бар орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдары құрылады: әрқайсысы 2 адамнан өртке қарсы, медициналық көмек, байланысты ұйымдастыру.
13. Азаматтық қорғау құралымдарының құрамын және жарақтау нормаларын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарды жүргізуінің бағдарлық мүмкіндіктері негізінде ұйымдар басшысы бекітеді.
Азаматтық қорғау құралымдары жергілікті жағдайлар мен өндірістің ерекшеліктеріне, қызмет түріне, жұмыс істейтіндердің санына, базасында азаматтық қорғау құралымдары құрылған ұйымдардың қызметін айқындайтын мүліктің, техника мен көлік құралдарының болуына қарай құрылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Жергілікті жағдайына байланысты және материалдық-техникалық базасы болған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының шешімімен басқа да азаматтық қорғаудың құралымдары құрылады.
15. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, объектілік құралымдарының санынан жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жиынтық жасақтары құрылады.
16. Жедел ден қою жиынтық жасақтары азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарының санатына жатады. Жедел ден қою жиынтық жасағының құрамы және командирі азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 21.01.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Әзірлікке келтіруге берілетін уақыт: азаматтық қорғаудың негізгі құралымдары, оның ішінде шұғыл ден қою жиынтық жасағының құрамына кіретін құралымдар үшін – төрт сағаттан аспау керек; авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды қамтамасыз ететін құралымдар үшін – алты сағаттан аспау керек.
18. Азаматтық қорғау құралымдарына бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, жүкті әйелдерді, сегіз жасқа дейінгі жастағы балалары бар әйелдерді және соғыс уақытында – жұмылдыру нұсқаулары бар әскери міндеттілерді қоспағанда, еңбекке қабілетті еркектер мен әйелдер қабылданады.
Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құралымдарға жұмылдыру ұйғарымы бар әскери міндеттілер кіргізіледі. Соғыс уақытында жұмылдыру ұйғарымы бар адамдар азаматтық қорғау құралымдары құрамынан шығарылады (мұндай жағдайда оларды ауыстыратын дублерлер дайындалады).
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.08.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын ұстау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Азаматтық қорғау құралымдары жұмылдыру жариялау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қоюға арналмаған автомобильмен, инженерлік (арнайы) және басқа да техникамен жарақталады.
20. Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету осы бұйрыққа 5-қосымшада көрсетілген материалдық-техникалық қамтамасыз етуге сәйкес өз қызметін қамтамасыз ету үшін ұйымда бар техника, құрал-жабдықтар, жабдықтар, құралдар мен материалдар есебінен жүзеге асырылады
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 01.07.2023 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Саны елу адамнан аспайтын ұйымдарда, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету басшының шешімі бойынша жүзеге асырылады және оған: құрылатын бір азаматтық қорғау құралымына (жасақ, команда, буын, бекет) екі өрт сөндіргіш, бір медициналық дәрі қобдишасы және екі бірлік тасымалданатын радиостанция кіреді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен азаматтық қорғау құралымдарын құратын ұйымдар мен орталық атқарушы органдар есебінен азаматтық қорғау құралымдарының әрбір мүшесі қамтамасыз етіледі.
23. Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайлары жою жөніндегі күш пен құралдар құрамына кіретін, азаматтық қорғау құралымдары төтенше жағдай аймақтарында және зақымдану ошақтарында он төрт тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайын болуы тиіс.
4-тарау. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау және тарту
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Азаматтық қорғау құралымдарын даярлау мыналарды қамтиды:
1) үш жылда бір рет азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде құралымдардың (жасақтардың, командалардың, звенолардың және бекеттердің) басшыларын оқыту;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын дайындау бағдарламасы бойынша жеке құрамды оқыту;
3) азаматтық қорғау құралымдарының азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар мен машықтануларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою іс-шараларына қатысуы.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын жыл сайын оқытуды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде немесе ұйымдарында және оқу орындарында үш жылда бір рет оқудан өткен және тиісті сертификаттары бар азаматтық қорғау жөніндегі сабақтар топтарының басшылары және азаматтық қорғау құралымдарының командирлері жүргізеді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау оқу-жаттығу қалашықтарында, жергілікті жерлердің немесе ұйым аумағының учаскелерінде жүзеге асырылады.
27. Азаматтық қорғаудың құралымдары оқу-жаттығуларға және машықтануларға арнайы техниканың, жабдықтардың, жарақтардың, аспаптар мен материалдардың қажетті санымен толық құрамда қатысады.
28. Азаматтық қорғау құралымдарын дайындау кезінде авариялық-құтқару аспабын, электр қондырғыларын, компрессорларды қауіпсіз пайдалануға және оларға күтім жасауға, тыныс алу және тері ағзаларын қорғау құралдарымен жұмыс істеуге, сондай-ақ басқа да технологиялар мен арнайы жарақтарды (альпинистік, сүңгуір) қолдануға ерекше назар аударылады.
28-1. Азаматтық қорғаудың әрбір құралымы үшін әзірлікке келтіру жоспары әзірленеді, онда мыналар көзделеді:
1) жеке құрамды жұмыс және жұмыстан тыс уақытта құлақтандыру және жинау тәртібі;
2) мүлікті, азық-түлікті беру орны, тәртібі, мерзімі;
3) жиын кезеңінде құралымды басқару, оны әзірлікке келтіру және шоғырлану ауданына жылжыту немесе авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау мәселелері;
4) материалдық-техникалық қамтамасыз ету тәртібі;
5) техника мен құралдарды жеке құрамға бекіту;
6) әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде жұмыстар жүргізу учаскелері (объектілері).
Ескерту. 28-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Азаматтық қорғаудың аумақтық және объектілік құралымдарын тартуды әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою басшысы белгілейді.
30. Ұйымдарға төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін солар құрған азаматтық қорғау құрылымдарын тартқаны үшін шығындардың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтық қорғау құрылымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қаматасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 1-қосымша |
Азаматтық қорғаудың құралымдарындағы қажеттілік есебі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 22.02.2022 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Құралымдарың атауы | Құралымдар жеке құрамының саны | Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана | Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қала | Қалалық аудандар | Селолық аудандар |
1 | Шұғыл ден қою жиынтық жасағы | - | 1 | 1 | 1 | 1 |
2 | Адамдарды іздеу және құтқару командасы | 10-70 | 1 | 1 | - | 1 |
3 | Әуе барлау буыны | 5 | 1 | 1 | - | - |
4 | Өзен (теңіз) барлау буыны | 5 | Өзен (теңіз) бағытына 2 буын құрылады | |||
5 | Теміржол барлау буыны | 5 | Темір жол бағытына 2 буын құрылады | |||
6 | Құтқару командасы | 10-50 | Тиісті аумақтық-әкімшілік бірлік әкімінің шешімі бойынша | |||
7 | Алғашқы медициналық көмек көрсету жасағы | 10-150 | Бейбіт уақытта аурухана желісіне 500 төсек-орын 1 жасақ құрылады | |||
8 | Жұқпалы ауру жылжымалы госпиталі | 10-60 | Жұмылдыру резерві есебінен жұмылдыру тапсырманың негізінде құрылады | |||
9 | Хирургиялық жылжымалы госпиталь | 10-60 | ||||
10 | Токсикологиялық-терапевтік жылжымалы госпиталь | 10-60 | ||||
11 | Медициналық қызметтің эпидемияға қарсы жылжымалы жасағы | 10-60 | ||||
12 | Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы | 5 | Республикалық, облыстық, көпбейінді, қалалық емдеу мекемелері (ауруханалар) құрады | |||
13 | Инженерлік команда | 10-37 | Ықтимал жағдайға байланысты | |||
14 | Жол-көпір командасы | 10-55 | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес |
15 | Инженерлік барлау буыны | 3 | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес |
16 | Электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда | 10-45 | Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты | |||
17 | Газ желілері бойынша авариялық-техникалық команда | 10-35 | Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты | |||
18 | Су өткізу желілері бойынша авариялық-техникалық команда | 10-43 | Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты | |||
19 | Кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда | 10-43 | Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты | |||
20 | Жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда | 10-37 | Ықтимал төтенше жағдайларға байланысты | |||
21 | Байланыс авариялық-қалпына келтіру командасы | 10-24 | 1 | 1 | 1 | 1 |
22 | Тамақтандыру жылжымалы пункті | 10-18 | Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының 1500 адамын ыстық тамақпен қамтамасыз ету есебінен құрылады | |||
23 | Азық-түлікпен жабдықтаудың жылжымалы пункті | 9 | Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамына 4000 құрғақ азық беру есебінен құрылады | |||
24 | Заттай жабдықтаудың жылжымалы пункті | 10-19 | Бір рейсте жеткізу және 1400 жиынтық беру есебінен құрылады | |||
25 | Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы | 3 | Азаматтық қорғау құрылымдарының әр 400-500 техникасына біреу | |||
26 | Жөндеу-қалпына келтіру жылжымалы пункті | 10-20 | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес |
27 | Су тасу буыны | 7 | Зардап шеккен халықтың және азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының 7,5 мың адамын ауыз сумен қамтамасыз ету есебінен құрылады | |||
28 | Халықты тасымалдау автоколоннасы | 10-36 | Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша | |||
29 | Жүктерді тасымалдау автоколоннасы | 10-20 | ||||
30 | Автосанитариялық жасақ | 10-190 | ||||
31 | Эвакосанитариялық пойыз | 10-94 | ||||
32 | Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы | - | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес |
33 | Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы | - | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес |
34 | Өртке қарсы команда | - | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес |
35 | Радиациялық және химиялық қорғау командасы | - | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес | 1-ден кем емес |
36 | Басқа жасақтар, командалар, буындар | - | Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы ықтимал жағдайларға байланысты тиісті азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша |
Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 2-қосымша |
Азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарындағы қажеттілік есебі
Азаматтық қорғау құралымдарының атауы <*> | Ұсынылатын жеке құрам саны, адам |
Құтқару командасы | 103 |
Жиынтық топ | 44 |
Құтқару тобы | 35 |
Барлау тобы | 16 |
Ветеринариялық бақылау тобы | 4 |
Фитопатологиялық бақылау тобы | 4 |
Байланыс тобы | 15 |
Байланыс буыны | 7 |
Қоғамдық тәртіпті сақтау командасы | 44 |
Қоғамдық тәртіпті сақтау тобы | 16 |
Өртке қарсы команда | 25 |
Өртке қарсы буын | 6 |
Авариялық-техникалық команда | 44 |
Санитариялық жасақ | 23 |
Санитариялық бекет | 4 |
Радиациялық, химиялық және биологиялық байқау бекеті | 3 |
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау командасы <**> | 108 |
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау тобы <**> | 44 |
Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау тобы <**> | 15 |
Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы | 5 |
Эвакуациялау тобы (техникалық) | 12 |
Су тасу буыны | 6 |
Паналайтын жерлер мен жасырын паналарға қызмет көрсету жөніндегі топ, буын | <***> |
<*> Объектілік құралымдар объектілерде ұйым басшысының шешімі бойынша бейбіт уақытта және соғыс уақытында ықтимал жағдайға байланысты құрылады.
<**> Күшті әсер ететін улы заттарды өндіретін немесе пайдаланатын химиялық қауіпті объектілерде құрылады.
<***> Бейбіт уақытта. Қорғаныш құрылыстарын өрістету кезінде сыйымдылығы 150 адамға дейін – 10 адам, 150-ден 600 адамға дейін – 21 адам, 600 адамнан астам – 36 адам.
Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 3-қосымша |
Азаматтық қорғау құралымдарының жұмыстарды жүргізуін бағдарлық мүмкіндіктері
Р/с № | Құралымдар атауы | Жұмыс жүргізудің бағдарлық мүмкіндіктер |
1 | Әуе барлауы буыны | 1 сағат ішінде бір бағыттағы барлау: 220 шақырым (ұшақпен), 120 шақырым (тікұшақпен) |
2 | Өзен (теңіз) барлауы буыны | Ұзындығы 50 шықырым дейінгі бір бағыттағы барлау |
3 | Темір жол барлауы буыны | Ұзындығы 50 шақырымға дейінгі бір сағат ішіндегі бір бағыттағы барлау |
4 | Алғашқы медициналық көмек жасағы | 500 жарақаттанушыға дәрігерлік көмек көрсету |
5 | Мамандандырылған медициналық көмек бригадасы | Шамамен 8-10 жарақаттанушыларға мамандандырылған көмек көрсету |
6 | Инженерлік команда | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: қаланың, елді мекеннің, объектінің - 0,03 шаршы шақырым; құрылыстың қирау деңгейін, үйінділер сипатын барлау - 0,015 шаршы шақырым; паналау орындарының, ПРУ жағдайын бағалау-25 құрылыс; үйінділер бойынша жүру жолдары құрылыстарының ені 3-4 метрден 1 шақырымға дейін; үйінділерді жаппай жинау - 50-200 м; көміліп қалған паналау орындарын, ПРУ, 4-5 құрылыстардың қазу және ашу. |
7 | Жол-көпір командасы |
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктер: елді мекендердегі үйінділерде өту жолдарын (жүру жолдарын) тазарту: а) ғимараттың биіктігі 3-4 қабат болған кезде ені 8-10 метр көшелерде - 0,65- 4,0 шақырым, ғимараттың биіктігі 5-6 қабат болса - 0,20-0,35 шақырым; б) ені 12-15 м көшелерде ғимараттың биіктігі 5-6 қабатты болса - 0,5-1 шақырым жүру жолдарын тазарту. |
8 | Инженерлік барлау буыны | 10 сағат жұмыс уақыты ішінде бағдарлық мүмкіндіктері: ұзындығы 75-100 шақырым 2-3 бағытты барлау; - ауданы 1 шақырым зақымдау ошағын барлау, 20-30 дана көміліп қалған паналау орындарын барлау. |
9 |
Электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда |
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: |
10 | Газ желілері бойынша авариялық - техникалық команда | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: үйінділерді ашып, үй ішіндегі газбен қамтамасыз ету желісінің зақымдаған учаскісін ажырату: біиктігі 1 метр – 45 учаскеге дейін, 2 метр – 20 учаскеге дейін; қирамаған құдықтарды ашу және газбен қамтамасыз ету желісін үй ішіне кірер жерден жабу – құдықтар саны 150-ге дейін; жер төленін сау қалған кезде басқыш алаңында үйінділерді ашып, газбен қамтамасыз ету желісінің үй ішіндегі тарату сымды ажырату зақымдаған учаскесін ажырату - (ажырату) - 20 |
11 | Су өткізу желілері бойынша авариялық-техникалық команда |
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: |
12 | Кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда |
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: |
13 | Жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда |
10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: |
14 | Тамақтандыру жылжымалы пункті | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: қоректену пункті 1500 адамға дейін тамақтандыра алады. |
15 | Азық-түлікпен жабдықтау жылжымалы пункті | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Пункт 4000 құрғақ азықты жинақтай алады және бере алады. |
16 | Жылжымалы жабдықтау пункті | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Пункт зардап шеккендерге (зақымдалғандарға) 1400 жинаққа дейін ауыстыратын киім-кешектер мен аяқ киімдерді жеткізе алады және бере алады. |
17 | Автомобильге жанармай құю жылжымалы станциясы | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: Станция 400-500 бірлік техникаға ЖЖМ құюды қамтамасыз ету станциясы |
18 | Жылжымалы жөндеу-қалпына келтіру командасы | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: ағымдағы 5 жөндеу жұмыстары |
19 | Су тасу буыны | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: нормасы 1 адамға тәулігіне 10 литр су болған кезде 75 мың литр суды әкеліп 7,5 мың адамды қамтамасыз ете алады. |
20 | Халықты тасымалдау автоколоннасы | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері (60 шақырымға тасымалдау кезінде): Колоннаның жолаушылар сыйымдылығы – тасымалданғандардың саны. Колонна үшін: 880-1200/2200-3000 адамдар автобуспен, жүкті автокөліктер 440-600/1100-1500 адамдар, жүкті өзі көтеретін 330-460/825-1125 адам, жеңіл көліктер 80-120/200-300 адам. |
21 | Жүктерді тасымалдау автоколоннасы | 10 сағат жұмыс уақыты ішіндегі бағдарлық мүмкіндіктері: жүк көтергіш 38-45 тонна тасымалдайды, 95-120 тоннаға дейін 237-275 тіркеме жүкті. |
Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 4-қосымша |
Азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын дайындау
бағдарламасы
Р/с № | Тақырыптар атауы | Сабақтар түрі | Өткізу уақыттары, сағатпен |
Жалпы тақырып | |||
1 | "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы. Азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік құқықтық актілері | дәріс | 1 |
2 | Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары | дәріс | 1 |
3 | Төтенше жағдайлар сыныптамасы. Ұйымдар аумағындағы ықтимал төтенше жағдайлар | дәріс | 1 |
4 | Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметі. Ұйымдардағы құлақтандыру және байланыс тәртібі | сыныптық-топтық | 1 |
5 | Азаматтық қорғау саласындағы шартты белгі таңбаларын, олардың мақсатын және олар бойынша әрекет ету | сыныптық-топтық | 1 |
6 | Азаматтық қорғаныс жоспары және объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимыл жоспары | дәріс | 2 |
7 | Азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстыру | дәріс | 1 |
8 | Соғыс қақтығыстарын жүргізу кезінде жұмыскерлер мен объектілерді қорғау жөніндегі азаматтық қорғаныс іс-шаралары | сыныптық-топтық | 1 |
9 | Дүлей зілзалалар, авариялар, апаттар кезінде ұйымдастырудағы ықтимал ахуалдарды бағалау | сыныптық-топтық | 1 |
10 | Жергілікті жерлердің радиоактивті зақымдануы. Сәулелену дозасы туралы негізгі түсінік. Әртүрлі сыртқы қабат пен объектілердің зақымдануының жол берілетін деңгейі | сыныптық-топтық | 1 |
11 | Дозиметриялық және химиялық бақылау | сыныптық-топтық | 1 |
12 | Химиялық, радиациялық, жарылыс және өрт қауіпті кәсіпорындарда өндірістік персоналдар мен материалдық-техникалық құралдарды қорғауды ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
13 | Радиоактивті заттармен, бактериялық құралдармен және күшті әсер ететін улы заттармен зақымдану кезінде азаматтық қорғау құралымдарының жеке құрамын арнайы тазартудан өткізуді ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 2 |
14 | Дүлей зілзалалардың, авариялардың және апаттардың салдарларын жою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу | сыныптық-топтық | 1 |
15 | Жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын эвакуациялау. Шұғыл эвакуациялауды жүргізу тәртібі. Эвакуцияланған халықты қауіпсіз аймаққа қабылдау және орналастыру | сыныптық-топтық | 1 |
16 | Ұйымдардың қорғау құрылыстары | сыныптық-топтық | 1 |
17 | Жеке қорғау құралдарын жинау тәртібі, оларды сақтау және беру қағидалары | сыныптық-топтық | 1 |
18 | Азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары. Азаматтық қорғау қызметтері | сыныптық-топтық | 1 |
19 | Төтенше жағдайлар туындау кезінде мақсаты бойынша іс-қимылға авариялық-құтқару қызметтері құралымдарын даярлауды ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
20 | Авариялық-құтқару қызметтері құралымдары іс-қимылдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру | сыныптық-топтық | 1 |
21 | Азаматтық қорғау құралымдарын әзірлікке келтіру кезіндегі жеке құрамның іс-қимылдары | практикалық | 2 |
22 | Төтенше жағдайлар кезіндегі азаматтық қорғау құралымдары жеке құрамының іс-қимылдары | практикалық | 2 |
23 | Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
24 | Террористік акті қаупі және оның туындауы кезіндегі басшы құрамның іс-қимылы | сыныптық-топтық | 1 |
25 | Террористік акті қаупі және туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
26 | Өрт туындауы кезіндегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
27 | Радиациялық қауіпті кәсіпорындарда авария болған кездегі халықтың іс-қимылы | практикалық | 1 |
28 | Су басу кезіндегі қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу | сыныптық-топтық | 1 |
29 | Жеке қорғану құралдарын беру пункттерінде халықтың іс-қимыл тәртібі. Тыныс алу органдарын және теріні қорғау құралдарын пайдалануға дайындау | практикалық | 1 |
30 | Төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары | сыныптық-топтық | 2 |
31 | Электр энергиясын, газды өндірісте және тұрмыста қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары | сыныптық-топтық | 1 |
32 | Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу барысында жарақаттану, күю, ұзақ уақыт жаншылып, қысылу синдромы кезінде өзіне-өзі және өзара көмек көрсету | практикалық | 2 |
33 | Жеке қорғанудың медициналық құралдары. Оларды беру, сақтау және қолдану тәртібі | сыныптық-топтық | 1 |
Ескертпе: сабақтың тақырыптарын оқыту құралымның мақсатын есепке ала отырып айқындалады.
Азаматтық қорғау құрылымдардын құру, ұстау, материалдық-техниқалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларына 5 қосымша |
Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету
1-тарау. Құтқару командасы (құтқару командасы, адамдарды іздеу және құтқару командасы)
Ескерту.Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 01.07.2023 № 357 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Атауы | Саны |
1 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
2 | Авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтар жиынтығы | 1 |
3 | Резеңке етік | * |
4 | Жеке дәрі қобдишасы | * |
5 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
6 | Қорғаныс көзілдірігі | * |
7 | Карабині бар құтқару белдігі | * |
8 | Компас | * |
9 | Қол шамы | * |
10 | Қорғаныс шлемі | * |
11 | Қолғап | * |
12 | Тасымалды радиостанция | * |
Техника | ||
13 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
14 | Жүк көлігі | |
15 | Жолаушылар автобусы |
2-тарау. Барлау құрылымдары (әуе барлау буыны, өзен (теңіз) барлау буыны, теміржол барлау буыны)
№ | Атауы | Саны |
16 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
17 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
18 | Резеңке етік | * |
19 | Кенеп қолғап | * |
20 | Тасымалды радиостанция | * |
21 | Электромегафон | 1 |
22 | Жеке дәрі қобдишасы | * |
23 | Санитарлық сөмке | * |
24 | Таңу пакеті | * |
25 | Қорғаныс көзілдірігі | * |
26 | Компас | * |
27 | Дүрбі | * |
28 | Батареялы шам | * |
Техника | ||
29 | Әуе барлау буыны үшін: ұшақ (тікұшақ) | 1-ден кем емес |
30 | Теміржол барлау буыны үшін: дрезина (тепловоз) | |
31 | Өзен (теңіз) барлау буыны үшін: катер (қайық) |
3-тарау. Медициналық құрылымдар (алғашқы медициналық көмек жасағы, инфекциялық жылжымалы госпиталь, хирургиялық жылжымалы госпиталь, токсикалық - терапиялық жылжымалы госпиталь, медициналық қызметтің жылжымалы эпидемияға қарсы жасағы, мамандандырылған медициналық көмек бригадасы эвакосанитарлық пойыз, автосанитарлық жасақ)
№ | Атауы | Саны |
32 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
33 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
34 | Медициналық халат | * |
35 | Таңу пакеті бар жеке күйікке қарсы жинақ | * |
36 | Жұмсақ қаңқасыз зембілдер | 5 |
37 | Қоршау белгісі | 2 |
38 | Резеңке етік | * |
39 | Жеке дәрі қобдишасы | * |
40 | Радиациялық, химиялық және биологиялық барлау аспабтарының жиынтығы | 1 |
41 | Қорғаныс көзілдірігі | * |
42 | Резеңке қолғап | * |
43 | Компас | * |
44 | Тасымалды радиостанция | * |
Техника | ||
45 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
46 | Жүк көлігі | 1-ден кем емес |
4-тарау. Инженерлік құрылымдар (инженерлік команда, жол-көпір командасы, инженерлік барлау буыны)
№ | Атауы | Саны |
47 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
48 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | әр көлікке |
49 | Газбен дәнекерлеу жинағы | 1 |
50 | Электр дәнекерлеу қондырғысы | 1 |
51 | Компрессорлық станция | 1 |
52 | Құралдар жинағы | 1 |
53 | Шынжырлы ара | 1 |
54 | Электромонтер жинағы | 1 |
55 | Қалта шамы | * |
56 | Сантехник жиынтығы | 1 |
57 | Газ жөндеуші жинағы | 1 |
58 | Компас | * |
59 | Комбенезон | * |
60 | Резеңке етік | * |
61 | Жеке дәрі қобдишасы | * |
62 | Кенеп қолғап | * |
63 | Таңу пакеті | * |
64 | Суды залалсыздандыру препараты | * |
65 | Тасымалды радиостанция | * |
Техника | ||
66 | Экскаватор | 1-ден кем емес |
67 | Автогрейдер | |
68 | Тиегіш автокөлік | |
69 | Жүк көлігі | |
70 | Бульдозер | |
71 | Автокран | |
72 | Тартқыш | |
73 | Самосвал |
5-тарау. Авариялық-техникалық құралымдар (электр желілері бойынша авариялық-техникалық команда, газ желілері бойынша авариялық-техникалық команда, су құбыры желілері бойынша авариялық-техникалық команда, жылу желілері бойынша авариялық-техникалық команда, кәріз желілері бойынша авариялық-техникалық команда, байланыстың авариялық-қалпына келтіру командасы)
№ | Атауы | Саны |
74 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
75 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
76 | Газбен дәнекерлеу аппараты (газ желілері бойынша команда үшін) | 1 |
77 | Газбен дәнекерлеуші жинағы | 1 |
78 | Сантехник жиынтығы | 1 |
79 | Сымдарды кесуге арналған қайшы | * |
80 | Қарасора арқан (Нейлон) метр | 150-200 метр |
81 | Портативті құбыр кескіш | 1 |
82 | Мотопомпа (сантехникалық желі командасы үшін) | 1 |
83 | Металды газды жалынмен кесу құралы | 1 |
84 | Компрессор | 1 |
85 | Батареялы шам | 1 |
86 | Қауіпсіздік белдігі (электр желілері командасы үшін) | * |
87 | Жүк көтергіш құралдар (лебедкалар, гидравликалық домкрат) | * |
88 | Электромонтер жинағы (электр желілері командасы үшін) | 1 |
89 | Газ индикаторы (үшін газ желілері командасы) | 1 |
90 | Таңғыш пакеті | 1 |
91 | Жеке алғашқы көмек жинағы | 1 |
92 | Мотобетонол | әр құрылатын құрылымдар үшін 1 бірлік |
93 | Санитарлық сөмке | * |
94 | Тасымалды радиостанция | * |
95 | Электромегафон | * |
96 | Жеке алғашқы көмек жинағы | * |
97 | Керзі етік | * |
98 | Брезент қолғаптары | * |
99 | Телефон кабелі (байланыс командасы үшін) | 150-200 метр |
Техника: | ||
100 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
101 | Жүк көлігі | |
102 | Автожөндеу машинасы | |
103 | Автокран | |
104 | Экскаватор | |
105 | Бульдозер |
6-тарау. Материалдық-техникалық жабдықтау құрылымдары 1-параграф. Жылжымалы тамақтану пункті
№ | Атауы | Саны |
106 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
107 | Қатты отынды құйылатын қайнатқыш | 2 |
108 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
109 | Суды қайнатуға арналған қазандық | 2 |
110 | Термос | 12 |
111 | Ет шабуға арналған балта | 2 |
112 | Кәстрөлдер мен қазандықтарды тазалауға арналған қырғыш | 4 |
113 | Резеңкеленген алжапқыш | 4 |
114 | Жылы іш киім, шалбар (суық мезгілде) | 18 |
115 | Керзі немесе резеңке етік | 18 |
116 | Брезент қолғаптары | 18 |
117 | Лагерь шатыры | 2 |
118 | Автокөлік жамылғысы немесе брезент | 4 |
119 | Полимерлі пленка | 20 |
120 | Шаруашылық арқан | 60 метр |
121 | Көлденең ара | 3 |
122 | Батареялы шам | 5 |
123 | Медициналық таңу пакеті | 18 |
124 | Жеке дәрі қобдишасы | 18 |
125 | Ас үй құралдары | * |
Техника | ||
126 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
127 | Ас үй тіркемесі | |
128 | Жүк көлігі | |
129 | Автоцистерна | |
130 | Авторефрижератор |
2-параграф. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің жылжымалы пункті
№ | Атауы | Саны |
131 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
132 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
133 | Өндірістік үстел | 6 |
134 | Нан тасымалдауға арналған ыдыс | 50 |
135 | Мүкәммалды тасымалдауға арналған ыдыс | 10 |
136 | Үстел таразы | 6 |
137 | Тауарлық таразы | 1 |
138 | Сөре | 2 |
139 | Ауыз суға арналған металл ыдыс | 2 |
140 | Резеңке етік (пар) | * |
141 | Брезент қолғаптары | * |
142 | Лагерь шатыры | 2 |
143 | Өнімдерді жабуға арналған шатырлы брезент | 4 |
144 | Батареялы шам | * |
145 | Медициналық таңу пакеті | * |
146 | Жеке дәрі қобдишасы | * |
Техника | ||
147 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
148 | Жүк көлігі | |
149 | Автоцистерна |
3-параграф. Жылжымалы жабдықтау пункті
№ | Атауы | Саны |
150 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
151 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
152 | Брезент өлшемі (5×5 м) | 4 |
153 | Шатыр | 4 |
154 | Төсек жабдықтары | 2 |
155 | Телогрейка және мақта шалбар (суық уақыт) | 4 |
156 | Кирз немесе резеңке етік | * |
157 | Брезент қолғаптары | * |
158 | Жеке медициналық дәрі қобдишасы | * |
159 | Медициналық таңу пакеті | * |
Техника | ||
160 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
161 | Жүк көлігі | |
162 | Автоцистерна |
4-параграф. Су тасымалдау буыны
№ | Атауы | Саны |
163 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
164 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
165 | Резеңке етік | * |
166 | Жылы қолғаптар (пар) | * |
167 | Жеке алғашқы көмек жинағы | * |
168 | Жұмсақ сүйреуіш | * |
169 | Қатты сүйреуіш | * |
170 | Батареялы шам | * |
Техника | ||
171 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
172 | Жүк көлігі | |
173 | Автоцистерна | |
174 | Мотопомпа |
7-тарау. Автокөлік құрылымдары
1-параграф. Халықты тасымалдауға арналған автомобиль колоннасы
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету | ||
№ | Атауы | Саны |
175 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
176 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
177 | Жылы қолғаптар (қолғаптар) | * |
178 | Тасымалды радиостанция | * |
179 | Электромегафон | 1 |
180 | Жұмсақ сүйреуіш | 16 |
181 | Қатты сүйреуіш | 3 |
182 | Жеке алғашқы көмек жинағы | * |
183 | Таңғыш пакеті | * |
184 | Санитарлық сөмке | 2 |
Техника | ||
185 | Автокөлік | 9 |
186 | Жолаушылар автобусы | 2 |
2-параграаф. Жүктерді тасымалдауға арналған автоколоннасы
№ | Атауы | Саны |
187 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
188 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
189 | Жылы қолғаптар (қолғаптар) | 15 |
190 | Тасымалды радиостанция | * |
191 | Жүргізуші құралдарының автокомплектісі | 1 |
192 | Электромегафон | 1 |
193 | Жұмсақ сүйреуіш | 3 |
194 | Қатты сүйреуіш | 3 |
195 | Жеке алғашқы көмек жинағы | * |
196 | Таңғыш пакеті | * |
197 | Санитарлық сөмке | * |
Техника | ||
198 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
199 | Трактор | |
200 | Жүк автокөлігі | |
201 | Автокөлік тіркемесі |
3-параграаф. Жылжымалы жанармай құю станциясы
№ | Атауы | Саны |
202 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
203 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
204 | Жылы қолғаптар (қолғаптар) | * |
205 | Тасымалды радиостанция | * |
206 | Жүргізуші құралдарының автокомплектісі | 1 |
207 | Электромегафон | 1 |
208 | Жұмсақ сүйреуіш | 1 |
209 | Қатты сүйреуіш | 1 |
210 | Жеке алғашқы көмек жинағы | * |
211 | Таңғыш пакеті | * |
212 | Санитарлық сөмке | * |
213 | Батареялы шам | * |
Техника | ||
214 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
215 | Жанармай құюшы | |
216 | Автокөлік тіркемесі |
4-параграаф. Жылжымалы жөндеу-қалпына келтіру командасы
№ | Атауы | Саны |
217 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
218 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
219 | Дәнекерлеу машинасы | 1 |
220 | Жылы қолғаптар (қолғаптар) | 1 |
221 | Тасымалды радиостанция | * |
222 | Жүргізуші құралдарының автокомплектісі | * |
223 | Электромегафон | 1 |
224 | Жұмсақ сүйреуіш | 1 |
225 | Қатты сүйреуіш | 2 |
226 | Жеке алғашқы көмек жинағы | 2 |
227 | Таңғыш пакеті | * |
228 | Санитарлық сөмке | * |
229 | Батареялы шам | * |
Техника | ||
230 | Жеңіл автокөлік | 1-ден кем емес |
231 | Жүк көлігі | |
232 | Жөндеу шеберханасы |
8-тарау. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау тобының схемасы
№ | Атауы | Саны |
233 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
234 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка–кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
235 | Резеңке етік (пар) | * |
236 | Қолғап | * |
237 | Медициналық халат | 40 |
238 | Қорғаныс көзілдірігі | 7 |
239 | Компас | 3 |
240 | Резеңке қолғап (пар) | 10 |
241 | Батареялы шам | |
Техника | ||
242 | Дезинфекциялық қондырғы | 1-ден кем емес |
243 | Автоқозғалтқыш | |
244 | Жүк көлігі | |
245 | Жеңіл автомобиль |
9 тарау. Өртке қарсы команданың сызбасы
№ | Атауы | Саны |
246 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
247 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
248 | Қарасора арқан (Нейлон) метр | 150-200 |
249 | Сымдарды кесуге арналған қайшы | 2 |
250 | Өрт сөндірушінің жабдықтары | * |
251 | Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі | * |
252 | Қорғаныс шлемі | * |
253 | Кенеп жадағай | * |
254 | Таңғыш пакеті | * |
255 | Көбіктендіргіш | (цистерналар схемасы бойынша) |
256 | Тасымалды радиостанция | * |
257 | Электромегафон | 1 |
258 | Батареялы шам | * |
259 | Жеке алғашқы көмек жинағы | 1 |
260 | Шабуылдауыш баспалдақ | әрбір өрт сөндіру бөлімшесіне 1 бірлік |
Техника | ||
261 | Өрт сөндіру автокөлігі (автоцистерна) | 2 |
10-тарау. Қоғамдық тәртіпті қорғау командасы (тобы)
№ | Атауы | Саны |
262 | Жеке қорғаныс құралдары | 1 |
263 | Қорғаныс көзілдірігі | 1 |
264 | Резеңке қолғап | 50 |
265 | Резеңке етік | 6 |
266 | Компас | 6 |
267 | Жұмсақ буксир | 6 |
268 | Электромегафон | 6 |
269 | Тасымалды радиостанция | 6 |
270 | Қол шамы | 6 |
271 | Арнайы құралдар | |
272 | Атыс (табельдік) қару | |
Техника | ||
273 | Жүк көлігі | 1 |
274 | Жеңіл автомобиль | 1 |
11-тарау. Радиациялық және химиялық қорғау командасы (тобы)
№ | Атауы | Саны |
275 | Тыныс алу органдары мен теріні жеке қорғау құралдары | * |
276 | Шанц аспаптарының жиынтығы (шанышқы және қалақ күрегі, лом, балға, кирка –кетке, ағаш ұстасының балтасы, көлденең ара) | 1 |
277 | Радиациялық және химиялық барлау аспаптары | 1 |
278 | Автомобиль техникасын арнайы өңдеу жинағы | 1 |
279 | Санитарлық өңдеу жиынтығы | * |
280 | Қоршау белгісі | * |
281 | Резеңке етік | * |
282 | Жеке дәрі қобдишасы | * |
283 | Қорғаныс көзілдірігі | * |
284 | Резеңке қолғап | * |
285 | Компас | * |
286 | Батареялы шам | * |
Техника | ||
287 | Жеңіл автокөлік | 1 |
288 | Жүк көлігі | 1 |
Ескертпе: * - азаматтық қорғау құралымдарын құру, күтіп-ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және тарту қағидаларына 1-қосымшада көрсетілген азаматтық қорғау құрылымдарының жеке құрамының санына сәйкес.