"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 100 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 22018 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 42/қе бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 23.02.2024 № 42/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 30 қарашадағы № 504 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9070 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (27668) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы;

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды әуе (авиациялық) өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Адамдар, жүктер мен тауарлар Қазақстан Республикасына әуе кемесімен келген кездегі бақылаушы органдар мен авиация қызметтерінің іс-қимылдары";

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Жолаушыға Қазақстан Республикасына рұқсат берілмеген жағдайда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 10-тармағында және "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында көзделген негіздерде шекаралық наряд жетекшісі әуежайдың жолаушылар тасымалын ұйымдастыру қызметінің (бұдан әрі - ЖТҰҚ) агентіне немесе авиакомпанияның өкіліне ақпарат береді.

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әуе кемелері экипаждарының мүшелері Қазақстан Республикасына кіру құқығына арналған құжаттар бойынша, сондай-ақ авиакомпанияның өкілі (ЖТҰҚ агенті) шекаралық наряд жетекшісі алдын ала ұсынатын ұшу тапсырмасына (бас декларацияға) сәйкес мемлекеттік шекара арқылы өткізіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Шекаралық бақылау бөлімшелері жүктер мен тауарлардың тексеріп қарауды Мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау және ұстау мақсатында өткізеді. Жүктер мен тауарларды тексеріп қарау оларды түсіру кезінде әуе кемесінің тұрағында немесе Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында белгіленген орындарда кедендік бақылау бөлімшелерімен бірлесе отырып, жүзеге асырылады.

      "Мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде (кедендік бақылау заңнамада көзделмеген әуе кемелерін ресімдеу кезінде), сонымен қатар радиациялық бақылау шекаралық бақылау бөлімшесі кедендік бақылау бөлімшелерінің радиациялық бақылаудың стационарлық техникалық құралдарын пайдалануымен өткізіледі.";

      16-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      6) шетелге бара жатқан жолаушыларды тіркеу шетелге бара жатқан әуе кемелерін ресімдеудің белгіленген регламентіне сәйкес әуе кемесі ұшып шыққанға дейін алдын ала басталады. Жолаушыларды тіркеудің басталуымен кедендік бақылау тіректері мен паспорттық бақылау кабиналарының жұмысы басталады. Бір мезгілде жұмыс істейтін кедендік бақылау тіректері мен паспорттық бақылау кабиналарының саны жолаушылар ағынының қарқындылығына сәйкес келуі және кезектер жасамауы тиіс.

      "Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру, жаңғырту және олардың жұмысын ұйымдастыру, сервистік инфрақұрылым жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысының Қағидаларымен белгіленген мемлекеттік бақылаудың түрлері (бұдан әрі - мемлекеттік бақылаудың түрлері) тіркеудің аяқталу уақытына кешіккен адамдарға қатысты мемлекеттік бақылаудың түрлері жүргізілмейді.".

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасынан әуе кемесінде адамдар, жүктер мен тауарлар кеткен кездегі бақылаушы органдар мен авиация қызметтерінің іс-қимылдары.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және мен тауарларды теміржол өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылаушы органдардың бөлімшелері шекаралық, кедендік, санитариялық-карантиндік, карантиндік фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және (немесе) қадағалауды (бұдан әрі – бақылаушы органдар) жүзеге асырған кезде өткізуді ұйымдастыру схемасын, сондай-ақ теміржол өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (бұдан әрі – өткізу пункттерін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) кесіп өтетін адамдарға, теміржол көлік құралдарына, жүктерге және тауарларға қатысты теміржол теміржол станциялары әкімшілерінің іс-қимылдарын анықтайды";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жолаушылар поездарының поездық бригадасының қызметкерлері поезд өткізу пунктіне келгенге дейін бақылау үшін дайындалған құжаттармен, қол жүгімен және кедендік саласы қолданыстағы заңнамаға сәйкес толтырылған кедендік декларациялармен жолаушылардың өз орындарында болуын қамтамасыз етеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жүк және жолаушылар поездарының Мемлекеттік шекара арқылы өтулері кезінде кедендік бақылау бөлімшесі автоматтық немесе қол режимінде радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, радиациялық бақылауды жүргізеді.

      Мемлекеттік кірістер органдары (кедендік бақылау бөлімшелері) жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылауды, оның ішінде радиациялық бақылаудың стационарлық және алып жүретін техникалық құралдары арқылы шекаралық бақылау бөлімшесі жүргізеді.

      Қазақстан Республикасынан шығуға және/немесе Қазақстан Республикасына кіруге қатысты жүк және жолаушылар поездарының өтулері кезінде радиоактивтік материалдардың болуына қатысты радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелері іске қосылған жағдайда кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғасы жылжымалы құрамды тоқтату, қайта тексеру жүргізу, ал расталған жағдайда – радиотехникалық бақылаудың тасымалданатын (алып жүретін) жүйелерін пайдалана отырып, иондаушы сәулелену көздерін оқшауландыру және сәйкестендіру үшін кедендік (шекаралық) бақылау бөлімшесі мен теміржол қызметінің басшылығына хабарлайды.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Инспекциялық тексеріп қарау кешендерін (бұдан әрі - ИТҚК) пайдаланумен өткізу пункттерінде теміржол көлігін тексеріп қарау Қазақстан Республикасының теміржол қызметтері ұсынатын теміржол құрамдары, жеке тұлғалардың саны, оның ішінде жүктерді алып жүретін адамдардың саны туралы ақпаратқа сәйкес шекаралық бақылау бөлімшесімен келісе отырып, кедендік бақылау бөлімшесі жүргізеді.

      Шекаралық бақылау бөлімшесі инспекциялық тексеріп қарау кешендерін пайдалана отырып, жүргізген кедендік бақылау бөлімшелерінің тексеріп қарау нәтижелерін мойындайды және олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.".

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әрбір теміржол өткізу пунктінде оның ерекшеліктеріне (санаттау, сыныптау, инфрақұрылымды және техникалық жарақтандыруды дамыту, мемлекеттік шекара сызығынан алшақтығы, жыл уақыты) қарай Үлгілік схема негізінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру схемалары (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемалары) әзірленеді және бақылаушы органдар мен теміржол ұйымдары басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі.

      Теміржол өткізу пункттерінде кеден және өзге де бақылаушы органдар болмаған кезде өткізуді ұйымдастыру схемаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі аумақтық бөлімшесінің бастығы және теміржол ұйымының басшысы бекітеді.

      Өткізуді ұйымдастыру схемаларында жолаушылар поездарының қозғалысы мен тұрақтарының кестесіне сәйкес бақылау операцияларын жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Халықаралық қатынастағы поездар Қазақстан Республикасының өткізу пункттерінің аумағына келген кездегі бақылаушы органдардың іс-қимылы";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Жүк поездарын шекаралық бақылау локомотив бригадасы мүшелерінің және жүктерді алып жүретін адамдардың құжаттарын тексеруден, бір мезгілде құрамды қарап тексеруден басталады. Кедендік бақылау бөлімшесі тексеруді шекаралық бақылау бөлімшесімен бірлесіп жүзеге асырады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекара учаскелеріндегі теміржол өткізу пункттерінде тек шекаралық бақылау жүзеге асырылады.

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген теңіз (өзен) өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі - Үлгілік схема) шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, карантиндік фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және (немесе) қадағалауды бақылаушы органдар (бұдан әрі – бақылаушы органдар) бөлімшелерінің жүзеге асыру дәйектілігін, сондай-ақ теңіз (өзен) порттары әкімшіліктерінің (бұдан әрі – порт әкімшілігі) теңіз (өзен) өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (бұдан әрі - өткізу пункттері) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарға, теңіз (өзен) кемелеріне, жүктер мен тауарларға қатысты іс-қимылын анықтайды.

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына келген кездегі бақылаушы органдардың іс-қимылы";

      24-тармақтың 3-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) кемеге, сондай-ақ кемемен тасымалданатын және кеме азық-түлігі ретінде пайдаланылатын тауарларға және экипаж мүшелерінің жеке заттарына қатысты кедендік бақылау:

      кедендік бақылау бөлімшесіне мәлімделген құжаттардағы мәліметтердің нақтылығын тексеру және Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемеге, тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүзеге асыру;

      кеме келген кезде қойылған кедендік сәйкестендіру құралдарын (пломбалар және мөрлер) тексеру;

      кеменің келген кезінде жарияланған және кеменің портта тұрағы кезінде қолданылған кеме керек-жарақтарының, кеме азық-түліктері және кеме қосалқы бөлшектерінің болуын және олардың декларациядағы кеме азық-түліктері, материалдық есепке алу журналдарындағы және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабында белгіленген кеме құжаттарындағы (бұдан әрі- кеме құжаттары) жазбаларға сәйкестігін тексеру;

      материалдық есепке алу журналдарында басқа да кеме құжаттарында жарияланған тиелген кеме керек-жарақтарының, кеме азық-түліктері және кеме қосалқы бөлшектерінің нақты санының сәйкестігін тексеру;

      радиациялық бақылау.

      Мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде (кедендік бақылау заңнамамен көзделмеген теңіз кемелерін ресімдеу кезінде), радиациялық бақылауды шекаралық бақылау бөлімшесі кедендік бақылау бөлімшесінің стационарлық радиациялық бақылау техникалық құралдарын пайдалану арқылы өткізеді.".

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Кеме капитаны (кеме иесі немесе ол уәкілеттік берген адам) Еуразиялық экономикалық одақ және Қазақстан Республикасы заңнамасының өткізу пункттерінде бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру мәселелерін реттейтін талаптарын сақтамаған жағдайда бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының осы Үлгілік схеманың 3-тарауда көрсетілген іс-әрекеттері (бұдан әрі-іс-әрекеттері) тоқтатылады, бұл туралы порт әкімшілігіне (порт капитаны) хабарланады.

      Кемедегі бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне кедергі келтіретін себептерді жойғаннан кейін кеме капитаны (кеме иесі немесе ол уәкілеттік берген адам) порт әкімшілігіне кеменің кетуіне арналған өтінімді қайта береді.

      Бір тәулікте бір кемеде бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетін бір ауысудан асырмай ауыстыруға жол беріледі.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі кезіндегі бақылаушы органдардың іс-қимылдары".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (Д.А. Ділманов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Масимов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 100 қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 504 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды автомобиль өткізу пункттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда өткізуді ұйымдастырудың үлгілік схемасы (бұдан әрі – Үлгілік схема) бақылаушы органдар бөлімшелерінің (бұдан әрі – бақылаушы органдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) автомобильлдік өткізу пункттерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда (бұдан әрі – өткізу пункттері) кесіп өтетін адамдарға, көлік құралдарына, жүктер мен тауарларға қатысты шекаралық, кедендік, санитарлық-карантиндік, карантиндік фитосанитарлық, мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және/немесе қадағалауды жүзеге асыруы кезінде өткізуді ұйымдастыру схемасын айқындайды.

      2. Өткізу пункттеріндегі шекаралық, кедендік, экспорттық, санитариялық-карантиндік, карантиндік фитосанитариялық, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және (немесе) қадағалау бақылаушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.

      3. Бақылаушы органдар қызметті үйлестіру жолымен бақылау жүргізу уақытын барынша азайту және бақылау операцияларын жүргізуге бөлінген уақытты негізсіз созуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      4. Көлік құралдарын тексеріп қарауды өткізу пунктінің тексеріп қарау алаңында шекаралық бақылау бөлімшесі Мемлекеттік шекараны бұзушыларды табу және ұстау мақсатында жүргізеді.

      5. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар (қылмыстар) фактілерін анықтау, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеріп қарауды жүргізу уақытын қысқарту үшін инспекциялық-тексеріп қарау кешендері пайдаланылады.

      Кедендік бақылау бөлімшелері пайдаланатын инспекциялық-тексеріп қарау кешендерімен жарақтандырылған өткізу пункттерінде шекаралық бақылау бөлімшелері тексеріп қарау нәтижелерін оларды қолдана отырып таниды. Кедендік бақылау бөлімшелері мен шекаралық бақылау бөлімшелері олардың баланстық тиесілігіне қарай инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін пайдалана отырып, тексеріп қарау нәтижелеріне өзара рұқсат беруді қамтамасыз етеді.

      Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеріп қарауды шекаралық және кедендік бақылау бөлімшелері бірлесіп жүзеге асырады.

      6. Әрбір өткізу пунктінде оның ерекшеліктеріне қарай (санаттарға бөлу, сыныптау, инфрақұрылымды және техникалық жарақтандыруды дамыту, мемлекеттік шекара сызығынан қашықтығы, жыл уақыты) үлгілік схема негізінде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды мемлекеттік шекара арқылы өткізуді ұйымдастыру схемалары (бұдан әрі – өткізуді ұйымдастыру схемасы) әзірленеді және бақылаушы органдар басшыларының бірлескен шешімімен бекітіледі.

      Өткізуді ұйымдастыру схемаларында тиісті өткізу пунктіндегі жергілікті жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік бақылаудың барлық түрлерін жүзеге асыру ұзақтығы белгіленеді.

      Кеден және басқа да бақылаушы органдары жоқ өткізу пункттерінде өткізуді ұйымдастыру схемаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесінің бастығы бекітеді.

      7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды, сондай-ақ өткізу пункттерінде кезекті электрондық броньдау жүйелерінің жұмыс істеуін қоспағанда, мемлекеттік бақылау түрлері алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз адамдардың, көлік құралдарының келу кезегі тәртібімен өткізу пункттерінің жұмыс режиміне сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты қосарланған және әскери мақсаттағы тауарлардың өткізілуін, сондай-ақ тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын бақылауды өткізу пункттерінде экспорттық бақылау бекеттерін қою арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер органдары (бұдан әрі – Мемлекеттік кірістер органдары) жүзеге асырады.

      9. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс режимі тәулік бойы болмайтын өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жиналуын болдырмау мақсатында шекаралық бақылау бөлімшесінің келісімі бойынша өткізу пункттерінің аумағында орналасқан автокөлік құралдарына қатысты кедендік операцияларды жүргізуге мемлекеттік шекара арқылы өткізу тоқтатылғаннан кейін жол беріледі.

2-тарау. Адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізу пунктінің аумағына келген кездегі бақылаушы органдардың іс-қимылы.

      10. Қазақстан Республикасының аумағына кіретін автокөлік құралдарының өткізу пунктіне, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келуі кезінде бақылаушы органдар мынадай негізгі бақылау операцияларын жүзеге асырады:

      1) шекаралық бақылау бөлімшесі:

      өткізу пунктіне, кіру кезінде автокөлік құралдарын тіркеу;

      автокөлік құралдарымен баратын адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне құқық беретін құжаттарын тексереді және шекаралық бақылау нәтижелерін ақпараттық жүйеге енгізу;

      автокөлік құралдарын кедендік бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарау;

      адамдарға және көлік құралдарына одан әрі жүру құқығын беру туралы шешім қабылдау;

      мемлекеттік кіріс органдары (кедендік бақылау бөлімшелері) жоқ өткізу пункттерінде радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және/немесе тасымалды радиациялық бақылаудың техникалық құралдары арқылы радиациялық бақылауды жүзеге асыру

      2) кедендік бақылау бөлімшесі:

      автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдана отырып, автокөлік құралдарының кіруін тіркеу;

      радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін және/немесе радиациялық бақылаудың ауыспалы техникалық құралдарын қолдана отырып, радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

      көлік құралдары мен тауарларды кедендік бақылауды және кедендік декларациялауды жүзеге асыру;

      автокөлік құралдарын шекарлық бақылау бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бірлесіп тексеріп қарау;

      көліктік бақылауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарының бар болуы мен қолданылуын тексеру, автомобильдік көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін қолда бар бақылау жүйесімен анықтау арқылы жүзеге асыру;

      мемлекеттік карантиндік фитосанитарлық бақылау мен мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды зертханалық бақылау мен зертханалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен сәйкес келмейтін Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде экспорттық бақылауды жүзеге асыру: тауарларға ілеспе құжаттарды тексеру және сканерлеу; мемлекеттік кірістер органынның электрондық жүйесіне тауарларға ілеспе құжаттарды енгізу; тауардың Мемлекеттік шекара арқылы одан әрі тасымалдануы туралы шешім қабылдау.

      Барлық белгіленген бақылау түрлерін жүргізгеннен кейін шекаралық наряд өткізу пунктінің, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынның аумағынан көлік құралдарын шығаруды жүзеге асырады.

      11. Адамдар мен көлік құралдарының шығуы, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасынан әкету кезіндегі бақылаушы органдардың іс-қимылдарының дәйектілігі кері реттілікпен белгіленеді.

      12. Мемлекеттік шекара арқылы жаяу жүретін адамдарға, автобустар мен жүк көлік құралдарына қатысты бақылауды жүзеге асыру бойынша бақылаушы органдардың іс-қимылдарының дәйектілігі оның ерекшелігіне байланысты әрбір өткізу пункті үшін нақты айқындалады.

      13. Бақылаудың мемлекеттік түрлері өткізу пункттерінде ауыр науқасты тасымалдауға, жолаушыларды тұрақты тасымалдауды орындайтын автобустарға, сондай-ақ жануарларды, жылдам бұзылатын және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде өткізу пункттерінде бақылаудың белгіленген түрлері Қазақстан Республикасымен ратификацияланған үкіметаралық келісімдердің және 2003 жылғы 4 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының "Автомобильдік көлік туралы" Заңының негізінде басымдылық тәртіпте жүзеге асырылады.