Кейбір бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың, сонда-ақ кейбір бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 қазандағы № 104 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 1055 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21582 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық және қаулы 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы бірлескен бұйрыққа және қаулыға қосымшаға сәйкес кейбір бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың, сондай-ақ кейбір бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
__________М. Абылкасымова


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 30 қазаны
№ 1055 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2020 жылғы 29 қазаны
№ 104 Бірлескен бұйрығы
мен қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын кейбір бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың, сондай-ақ кейбір бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында қор биржасы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 519 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылы 24 желтоқсандағы № 237 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10207 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 520 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 239 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10216 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 522 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылы 24 желтоқсандағы № 240 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10213 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бірлескен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 523 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10214 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 643 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 225 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13033 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы кейбір қаулыларының тізбесінің 2, 3, 5 және 6-тармақтары.

      6. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және орталық депозитарий үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 522 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 240 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бірлеcкен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 531 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15842 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" бірлескен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 561 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 244 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16213 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы.