Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 643 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 225 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 ақпанда № 13033 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 маусымдағы № 25 және Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 53 бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 10.06.2022 № 25 және Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.2022 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы бұйрыққа және осы қаулыға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті (Тәжіяқов Б.Ш.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішнде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

____________ Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
__________ Д. Ақышев


      20 ___ жылғы "__" ______ 20 ___ жылғы "__" ______

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 643 бұйрығына және
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 225 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы кейбір
қаулыларының тізбесі

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақша аударымының банкаралық жүйесінің операторын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 518 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10215 тіркелген, 2015 жылғы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ақша аударымының банкаралық жүйесінің операторын қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және микроқаржы ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген) бекітілген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);";

      1-қосымшада:

      Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға түсіндірмелер мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер алу Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді.";

      2-қосымшада:

      Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптарға түсіндірмелер мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Көші-қон карточкалары туралы мәліметтер алу Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты талап етілмейді.

      5. Коммерциялық ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтер жоғары органның құрамына кіретін және коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына не орналастырылған акцияларына қатысу үлестерінің жиырма бес және одан көп пайызын иеленген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алынады. Жоғары органның құрамына кіретін және коммерциялық ұйымның жарғылық капиталына не орналастырылған акцияларына қатысу үлестерінің жиырма бестен кем пайызын иеленген жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты коммерциялық ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтерді алуға жол беріледі.

      Коммерциялық емес ұйымның жоғары органының дербес құрамы туралы мәліметтер жоғары органның құрамына кіретін не жоғары орган мүшелерінің саны не коммерциялық емес ұйымдар құрылтайшыларының саны бес жеке және (немесе) заңды тұлғалардан асқан жағдайларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғаларға қатысты алынады.".

     
      2. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.
      4. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 75 және ҚР Қаржы министрінің 01.09.2020 № 799 бірлескен қаулысы мен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.
      6. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
кейбір бұйрықтарының және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір
қаулыларының тізбесіне
1-қосымша

Клиент досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
кейбір бұйрықтарының және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір
қаулыларының тізбесіне
2-қосымша

Респондент шетелдік қаржы ұйымы досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 75 және ҚР Қаржы министрінің 01.09.2020 № 799 бірлескен қаулысы мен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
кейбір бұйрықтарының және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір
қаулыларының тізбесіне
3-қосымша

Шетелдік қаржы ұйымы досьесінің мазмұнына қойылатын
талаптар

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
кейбір бұйрықтарының және Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір
қаулыларының тізбесіне
4-қосымша

Шетелдік қайта сақтанушы (цедент) досьесінің мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.