Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту тур

Қазақстан Респуликасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 523 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 238 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 ақпанда № 10214 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 29 қазандағы № 104 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 1055 бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.

      Ескерту. Бірлескен бұйрығы және қаулысының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.10.2020 № 104 және ҚР Қаржы министрінің 30.10.2020 № 1055 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен қаулысы мен бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері:

      1) осы бұйрық пен қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік үш айдан кешіктірмей ішкі құжаттамасын осы бұйрыққа және қаулыға сәйкес келтірсін;

      2) осы бұйрық пен қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей осы бұйрыққа және қаулыға сәйкес автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пысықтау және қазіргі клиенттерінің тәуекел деңгейін айқындау жөніндегі іс-шараларды жүргізсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті (Тәжіяқов Б.Ш.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық және қаулы 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
______________Қ. Келімбетов


      2014 жылғы "___" ________ 2014 жылғы "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 523 бұйрығымен және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 238 қаулысымен бекітілген

Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.09.2017 № 561 және ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.12.2017 № 244 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы және қаулысымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері үшін Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы заң), Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы Заңда көрсетілген мағынамен пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті зерделенуге жататын операция (мәміле);

      2) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) тәуекелдері – КЖ/ТҚ процесстеріне немесе өзге қылмыстық іс-әрекетке сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру брокерін қасақана немесе қасақана емес тарту мүмкіндігі;

      3) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингі, сондай-ақ оларды азайту жөнінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру брокері қабылдайтын шаралардың жиынтығы (өнімдерге/қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      4) шекті операция – КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес қаржы мониторингі жүргізілуге жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция;

      5) іскерлік қатынастар – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентке ұйымның сақтандыру қызметіне және (немесе) сақтандыру брокерінің брокерлік қызметіне қатысты қызмет көрсету (өнім ұсыну) бойынша қатынастар.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) мақсатындағы ішкі бақылауды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері:

      1) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды және (немесе) сақтандыру брокерін, оның лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартпау мақсатында жүзеге асырады.

      4. КЖ/ТҚҚ мақсатында ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның ішкі аудит қызметінің (сақтандыру брокерінің ішкі аудит жүргізуге уәкілетті органының) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптар кіретін ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, оларды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері Талаптарға сәйкес әзірлейді және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі нормативтік құжаты не осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.

2-бөлім. КЖ/ТҚҚ ішкі жүйесін ұйымдастыру және КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы

      5. Ұйымның басқару органы (сақтандыру брокерінің уәкілетті органы) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ішкі бақылау қағидаларының сақталуына мониторингті жүзеге асыруға жауапты қызметкерді (бұдан әрі – жауапты қызметкер) тағайындайды, сондай-ақ құзыретіне КЖ/ТҚҚ мәселелері кіретін ұйымның бөлімшесін (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше) айқындайды.

      6._Мыналар жауапты қызметкерге қойылатын талаптар болып табылады:

      1) жоғары білімінің болуы;

      2) ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде (техникалық немесе қосалқы қызметкер лауазымда істеген жұмыс өтілін қоспағанда) істеген кемінде бір жыл жұмыс өтілінің не КЖ/ТҚҚ саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілінің не қаржылық қызметтерді ұсыну және (немесе) реттеу саласында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы;

      3) Сақтандыру қызметі туралы Заңға сәйкес мінсіз іскерлік беделінің болуы.

      7. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше функцияларының сипаттамасы, оның ішінде КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ жауапты қызметкер функцияларының, өкілеттіктерінің сипаттамасын, жауапты қызметкердің ұйымның басқару органымен және атқарушы органымен (сақтандыру брокерінің уәкілетті органы) өзара іс-қимылының рәсімін;

      2) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру және КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және КЖ/ТҚҚ бойынша өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган) хабарларды беру үшін пайдаланылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер, оның ішінде оларды әзірлеушілер туралы мәліметтерді;

      3) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттарды және ақпаратты сақтау рәсімін;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлерінің, оның ішінде жауапты қызметкердің ұйымның (сақтандыру брокерінің уәкілетті органының) басқару органын және атқарушы органын КЖ/ТҚҚ туралы заңның, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларының ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлері жол берген, өздеріне белгілі болған бұзылу фактілері туралы хабарлау рәсімін;

      5) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері кіретін сақтандыру тобының КЖ/ТҚҚ жөніндегі талаптарының сипатын;

      6) ұйымның (сақтандыру брокерінің ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті органының) ішкі аудит қызметінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқару есептілігін дайындау және ұйымның басқару органы мен атқарушы органына (сақтандыру брокерінің уәкілетті органына) ұсыну рәсімін.

      8. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функцияларына мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың) болуын, сондай-ақ ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде олардың сақталу мониторингін қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарлар ұсынуды және олардың ұсынылуына бақылауды ұйымдастыруды;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға хабарларды жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдауды;

      4) КЖ/ТҚҚ туралы Заңда және (немесе) клиенттермен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуін тоқтата тұру не жүргізуден бас тарту туралы шешімдер қабылдауды не ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару және (немесе) атқарушы органымен келісуді;

      5) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару және (немесе) атқарушы органын анықталған ішкі бақылау қағидаларының бұзылғандығы туралы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабардар етуді;

      6) ұйымның басқару органына (сақтандыру брокерінің уәкілетті органына) есептерді қалыптастыру үшін КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөнінде ұсынылатын шаралар туралы ақпаратты дайындауды және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің уәкілетті органдарымен келісуді.

      9. Жүктелген функцияларды орындау үшін жауапты қызметкер және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлері:

      1) банктің уәкілетті органына КЖ/ТҚҚ туралы Заңда және банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда және тәртіппен клиенттермен іскерлік қатынастарды орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешім қабылдау үшін сұратулар жіберуді;

      2) өз функцияларын толық көлемде және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шекте ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің барлық үй-жайларына, ақпараттық жүйелеріне, телекоммуникация құралдарына, құжаттары мен файлдарына рұқсат алуды;

      3) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелеріне операцияны жүргізуге қатысты нұсқаулар беруді;

      4) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді;

      5) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелерінен алынатын құжаттар мен файлдардың сақталуын қамтамасыз етуді жүзеге асыруға құқылы.

      10. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің филиалдарында Талаптардың 8_және 9-тармақтарында көзделген функциялар мен өкілеттіктер толық немесе ішінара жүктелген қызметкерлер болған жағдайда мұндай қызметкерлердің қызметін жауапты қызметкер үйлестіреді.

      11._Талаптардың 8-тармағында көзделген функциялар жүктелген жауапты қызметкердің, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлерінің функциялары ішкі аудит қызметінің функцияларымен, сондай-ақ ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің операциялық (ағымдағы) қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функциялармен үйлеспейді.

      Сақтандыру брокерінің бірінші басшысы сақтандыру брокерінің жауапты қызметкері болып тағайындалмайды.

      12. Ұйым КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау мәселелері бойынша процесстерді автоматтандыру үшін Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланады.

3-бөлім. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы

      13. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      14. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің құрылымдық бөлімшелерін бойынша КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру рәсімін;

      2) КЖ/ТҚ үшін клиенттердің тәуекелдерін (қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде) және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметін пайдалану тәуекелдерін бағалау ерекшеліктерін ескере отырып, клиенттерге қызмет көрсету барысында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметінің барлық бағыттары бойынша қызметкерлердің құрылымын және функционалдық міндеттерін анықтауды (тәуекелге бағытталған тәсіл);

      3) мыналарға қатысты:

      клиент тәуекелінің деңгейін;

      ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау деңгейіне қатысты тәуекелдердің негізгі санаттарын (клиенттің түрі, елдер бойынша тәуекел және қызметтің/өнімнің тәуекелі бойынша) ескере отырып, КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесін;

      4) ескерту іс-шараларының (тиісті іс-шаралардың) тізбесі, оларды жүзгізу тәртібі мен мерзімдері, қабылданған шараларға сәйкес нәтижелерді бақылау көзделетін, клиенттердің тәуекелдеріне және ұйым және (немесе) сақтандыру брокері өнімдерінің (қызметтерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау деңгейіне мониторинг жүргізуді, талдауды және бақылауды жүзеге асыру рәсімін;

      5) клиенттердің тәуекелдері деңгейлерін қайта қарау үшін иемдену рәсімін, мерзімдерін және негіздемесін;

      6) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басшылығы шешімдер қабылдау кезінде (дамыту стратегияларын анықтау, жаңа өнімдерді (қызметтерді) енгізу, қызметкерлерді оқыту, тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шешімдерді іс жүзінде іске асыру кезінде КЖ/ТҚ тәуекелдерін барынша азайту бойынша іс-шаралар) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау деңгейі бөлігінде КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін тіркеу және есепке алу рәсімін;

      7) КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін ішкі аудит бөлімшесі (сақтандыру брокерінің ішкі аудитті жүргізуге уәкілетті органы) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген КЖ/ТҚ мәселелері бойынша ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің тексерулері нәтижелерін КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерімен салыстыру арқылы тексеру рәсімін (жылына кемдегенде 1 рет).

      15. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жыл сайынғы негізде ең кем дегенде тәуекелдердің мынадай арнайы санаттарын ескере отырып, ұйымның және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалауды жүзеге асырады: клиенттердің типіне қарай тәуекел, ел (географиялық) тәуекелі, көрсетілетін қызметтің (өнімнің) және (немесе) оны көрсету тәсілінің тәуекелі.

      Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалау клиенттердің операцияларын сәйкестендіру рәсімдерін және мониторингін өзгертуді, сол немесе өзге операцияларды жүргізуге лимиттер белгілеуді, қызмет көрсету (өнімдер) талаптарын өзгертуді, қызмет көрсетуден (өнімдерден) бас тартуды қоса алғанда, анықталған тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған ықтимал іс-шараларын сипаттаумен қатар жүреді.

      16. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚҚ тәуекелінен асып түсетін клиенттер типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) шетелдік жария лауазымды адамдар, олардың отбасы мүшелері және жақын туыстары;

      2) егер қайта сақтандыру бойынша мәміле сақтандыру брокерінің қатысуынсыз жасалса және мұндай шетелдік қайта сақтанушылардың (цеденттердің) қаржылық сенімділік рейтингі немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы уәкілетті орган мақұлдаған, рейтингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингі болмаған жағдайда шетелдік қайта сақтанушылар (цеденттер);

      3) шетелдік сақтандыру брокерлері (сақтандыру брокерлік қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар және КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын Қазақстан Республикасында еншілес ұйымы барын қоспағанда);

      4) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржы ұйымдары;

      ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметті (қаржы қызметінен басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілгендер);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс онлайн-казино қызметтерін көрсетушілер не осы қызметтен табыс алушылар;

      туристік қызметтерді көрсетуші тұлғалар;

      5) инвестициялық портфельді басқарушы брокерлер-дилерлер (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      6) қаржы лизингі бойынша қызмет көрсетуші тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      7) кредиттік серіктестіктер;

      8) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      9) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды шығарумен және (немесе) саудасымен байланысты тұлғалар;

      10) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен байланысты тұлғалар;

      11) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      12) Талаптардың 18-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде және (немесе) ішкі аумақтарда орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ осындай тұлғалардың Қазақстан Республикасында орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;

      13) клиент ұсынған мәліметтердің дұрыстығына күмән болған жағдайда;

      14) КЖ/ТҚҚ туралы Заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттерді клиенттің жасауы.

      17. Мәртебелері және (немесе) қызметтері КЖ/ТҚ тәуекелін төмендететін клиенттердің типтерін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ заңды тұлғалар мен оларға бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      2) мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдинг не заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларының жүз пайызы (қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі;

      3) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – Қазақстан Республикасының резиденттері;

      4)_уәкілетті органның лицензиясы бар сақтандыру брокерлері – резиденттері уәкілетті органның лицензиясы бар Қазақстан Республикасында еншілес ұйымы бар резидент емес сақтандыру брокерлері;

      5) акциялары қор биржасының және (немесе) шет мемлекет қор биржасының ресми тізіміне енгізілген ұйымдар;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан не қатысушысы Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық ұйымдар;

      7) қаржылық сенімділік не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен мақұлданған рейтингтік агенттік берген кредиттік рейтингі бар шетелдік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары;

      8) бағалы қағаздары (акциялары және (немесе) облигациялары) халықаралық қор биржаларында немесе Қазақстан қор биржасында белгіленген не уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен мақұлданған рейтингтік агенттік берген кредиттік рейтингі бар заңды тұлғалар;

      9) олар туралы ақпарат Мемлекеттік кредиттік бюроның деректер базасында бар осы ұйымның тиісті тексеруінен өткен сақтанушылар.

      18. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осы тармақта көрсетілген шет мемлекеттерде қызметті жүргізумен, осындай шет мемлекеттер клиенттеріне қызметтерді (өнімдерді) көрсетумен, осындай шет мемлекеттердің қатысуымен операцияларды жүзеге асырумен байланысты елдік (географиялық) тәуекелді басқаруды жүзеге асырады.

      Операциялары КЖ/ТҚ тәуекелін жоғарылататын шет мемлекеттер мыналар болып табылады:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржы мониторингі бойынша уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      2) Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі – БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен қабылданған халықаралық санкциялар (эмбарго) оларға қатысты қолданылатын шет мемлекеттер (аумақтар);

      3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген) бекітілген "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін Оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);

      4) басқа факторлардың (сыбайлас жемқорлық, есірткілердің заңсыз өндірілуі, айналымы және (немесе) транзит деңгейі туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер) негізінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ жоғары тәуекелін көрсетуші ретінде анықтаған шет мемлекеттер (аумақтар) болып табылады.

      БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың деректері бойынша мұндай мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне сілтемелер уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

      19. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ жоғары тәуекеліне ұшыраған қызметтері, сондай-ақ оларды көрсету тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау қағидаларында айқындалған жаңа және дамып келе жатқан технологиялар сияқты жаңа, сондай-ақ іс жүзінде бар өнімдерге жаңа механизмдер беруді қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені;

      2) ерікті жинақтаушы сақтандыру қызметтерін;

      3)_ерікті жинақтамайтын сақтандыру шарттары бойынша 5 000 000 теңгеден асатын сомаға не шетел валютасында баламасы 5 000 000 теңге сомаға сақтандыру төлемдерін қолма-қол ақшамен жүзеге асыруды;

      4) айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ ақшамен және (немесе) өзге де мүлік пен операцияны.

      20. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ жоғары тәуекеліне ұшыраған қызметтері (азық-түлік, операциялар), сондай-ақ оларды көрсету тәсілдері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) міндетті сақтандыру шарттарын жасауды;

      2) зейнетақы аннуитеті шарттарын жасауды.

      21. Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметінің (өнімдерінің) Талаптардың 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген санаттарға және тәуекел факторларына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін бағалаған кезде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мыналарды қоса алғанда, тәуекелдің қорытынды деңгейіне ықпал ететін қосымша мәліметтерді ескере отырып, мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жіберген клиенттердің күдікті операциялары туралы хабарлар санын;

      2) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жіберген клиенттердің шекті операциялары туралы хабарлар санын.

      22. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері Талаптардың 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері белгілейтін өзге де санаттар мен тәуекелдер факторларын ескере отырып, клиенттерді жіктеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      Клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін ұйымдағы және (немесе) сақтандыру брокеріндегі клиент (клиенттер) туралы мәліметтерді және ақпаратты талдау нәтижелері бойынша ұйым және (немесе) сақтандыру брокері белгілейді және тәуекел деңгейін айқындаудың кемінде екі деңгейден тұратын шкаласы бойынша бағаланады.

      Талаптардың 16, 17, 18, 19 және 20-тармақтарында көрсетілген санаттар мен тәуекелдер факторларын пайдалана, отырып тәуекелді бағалау операциялардың (іскерлік қатынастардың) мониторингі нәтижелері бойынша клиенттерге (клиенттер тобына) қатысты жүргізіледі.

      Клиенттің (клиентер тобының) тәуекел деңгейін қайта қарауды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент (клиенттер тобы) туралы мәліметтердің және операциялардың (іскерлік қатынастардың) мониторингі нәтижелерінің жаңартылуына қарай жүзеге асырады.

4-бөлім. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы

      23. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптарын іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің сақтанушы (оның өкілі және (немесе) сақтандыру брокері), сақтандырылушы, пайда алушы (оның өкілі) туралы мәліметтерді тіркеу, бенефициарлық меншік иесін анықтау және ол туралы мәліметтерді тіркеу, іскерлік қатынастардың болжанатын мақсатын белгілеу және тіркеу, сондай-ақ Талаптарда көзделген сақтанушы (оның өкілі және (немесе) сақтандыру брокері), сақтандырылушы, пайда алушы (оның өкілі) туралы КЖ/ТҚҚ туралы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді алу және тіркеу бойынша іс-шараларды жүргізуі болып табылады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды сақтанушыға қатысты, ал ерікті жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сондай-ақ пайда алушыға қатысты жүргізеді.

      Клиенттің тәуекел деңгейіне қарай ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жүргізетін іс-шаралардың деңгейі КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған немесе күшейтілген шараларын қолданудан көрінеді.

      24. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 6-бабының талаптарын ескере отырып ұйымжәне (немесе) сақтандыру брокері, клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне іскерлік қатынастар орнатқанға дейін сәйкестендіру жүргізеді.

      25. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қажеттігіне қарай клиент тәуекелі деңгейін есепке ала отырып, қажеттігіне қарайжасалған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді алуды және тіркеуді қоса алғанда, сондай-ақ клиент туралы алынған мәліметтердің дұрыстығына мына жағдайларда тексеру жүргізеді:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасағанда;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасағанда (әрекет жасауды);

      3) клиент ерекше операция (мәміле) жасағанда;

      4) клиент типологияларға, схемаларға және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға сәйкес келетін сипаттамасы бар операция (мәміле) жасағанда.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операция (мәміле) жасаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген, сондай-ақ бұрын алғандарын жаңарту не клиент тәуекелінің деңгейіне және талаптарға сәйкес жаңарту қажеттігі жағдайларын қоспағанда, егер ол мұндай іскерлік қатынастар орнату кезінде жүргізілсе клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне сәйкестендіру жүргізілмейді.

      Клиент туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру тиісті құжаттардың тұпнұсқаларының деректерімен салыстыру арқылы немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерімен не қолжетімді көздерден алынған деректермен салыстыру арқылы, мәліметтерді тексеру клиенттің (оның өкілін) жеке басын анықтауға және куәландыруға, мекенжайына шығуды қоса алғанда, мүмкіндік беретін басқа тәсілдермен жүзеге асырылады.

      Қолжетімді көздерден алынған деректерді растайтын құжаттардың көшірмелерімен салыстыру жолымен мәліметтердің дұрыстығына тексеру жүргізген кезде оның ішінде ақпарат, қолжетімді көздердің мәліметтерінен тұратын деректер базасынан үзінді-көшірмелер болып табылады.

      26. Клиентті, оның өкілін және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасы мыналарды қамтиды:

      1) іскерлік қатынастар белгілеуге және (немесе) операция жүргізуге, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтатуға арналған рәсімін және негіздемелерді қоса алғанда, қызмет көрсетуге клиенттер қабылдау рәсімін;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін, оның ішінде жеңілдетілген және тереңдетілген сәйкестендіру рәсімдерінің ерекшеліктерін;

      3) шетелдік қайта сақтандырушылармен (цеденттермен) іскерлік қатынастар орнату (тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдау) кезінде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктерін;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылдайтын жеке тұлғалардың, сондай-ақ шетелдік жария лауазымды тұлғалардың арасында анықтауға бағытталған шараларының сипаттамасын;

      5) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес алынған терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) болуын тексеру рәсімін;

      6)_іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктерін;

      7)_сақтандыру тобының КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды (бар болған кезде) орындау шеңберінде клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру барысында алынған мәліметтерді алмасу ерекшеліктерін;

      8)_клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін;

      9)_клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру мақсатында қосымша ақпарат көздерінің, оның ішінде мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттың сипаттамасын;

      10) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің шынайы болуын тексеру рәсімін;

      11) клиенттің досье жүргізу, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартуды, нысанына, мазмұнына және тәртібіне қойылатын талаптарды;

      12) ұйым және (немесе) сақтандыру брокер қызметкерлерінің сәйкестендіруді жүргізу кезінде алынған ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету рәсімін;

      13) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау рәсімі, осындай тәуекелді бағалау негіздерін.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бойынша қосымша шаралар бағдарламасына енгізуіне рұқсат етіледі.

      Егер ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды субъект клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокелерінің шарт жасау рәсімін сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті банктің лауазымды тұлғаларының тізімін;

      сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру өткізу кезінде алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің беру мерзімі мен рәсімін;

      сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокерге беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру өткізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды оның ішінде алынған мәліметтерді сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокердің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бастарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйым және (немесе) сақтандыру брокері лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сәйкестендіру жүргізу тапсырған тұлғалардың олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды алынған мәліметтерді ұйымға және (немесе) сақтандыру брокеріне берудің рәсімін, мерзімін және толықтығын қоса сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ереже;

      сәйкестендіру бойынша талаптарды орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі жөнінде сәйкестендіру өткізу тапсырылған ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің өзара іс-қимыл рәсімін.

      Ұйым тапсырма шартын жасаған сақтандыру агентімен клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Өзара іс-қимыл қағидаларына ұйымның (немесе) сақтандыру брокерінің қосымша шарттар енгізуіне рұқсат етіледі.

      27. Клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру шеңберінде Талаптардың 23 және 24-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтер құжатпен тіркеледі және банк клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кем дегенде бес жыл банкте сақталады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті тиісінше тексеру шараларына сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінің деректер базасынан үзінді-көшірмелер жатады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі құжаттарға сәйкес досьелер жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ шектелмейді:

      1) жеке тұлғаларды;

      2) заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қайта сақтанушыларды (цеденттер).

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент досьесін ол туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі бақылау қағидаларына сәйкес оған ұйым және (немесе) сақтандыру брокері берген тәуекел деңгейіне қарай қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі бекітіледі.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 5-тармағында көзделген мәліметтер жатады (салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер).

      28. Клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде болуына тексеру жүргізеді.

      Шетелдіктерге, шет мемлекеті азаматтығының болуы туралы мәліметтер ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде болған өзге де тұлғаларға қатысты, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) шетелдік жария лауазымды тұлғаға жататынын тексереді.

      Көші-қон карточкалары туралы мәліметтерді Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты алу талап етілмейді.

      Клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде болуын (Тізбеге қосылуын) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге өзгерістер енгізілуіне (Тізбенің жаңартылуына) қарай жүзеге асырылады.

      29. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы қосымша мәліметтерді жаңартудың мерзімділігін және (немесе) алу қажеттігін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің өнімдерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін ескере отырып белгілейді.

      Тәуекел деңгейі жоғары клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді жаңарту жылына кемінде бір рет жүзеге асырылады.

5-бөлім. Клиенттер операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасы

      30. КЖ/ТҚҚ туралы Заңның клиентті тиісінше тексеру бойынша, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды анықтау және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жіберу жөніндегі талаптарды іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттер операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасын әзірлейді.

      31. Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері дербес әзірлеген қаржылық мониторингілеуге жататын операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тиісті типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар клиент операциясын анықтау рәсімін;

      3) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) пен бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу бойынша міндеттерді бөлуді;

      4)_ұйым және (немесе) сақтандыру брокері бөлімшелері (қызметкерлері) арасында қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру бойынша міндеттерді бөлуді;

      5) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері бөлімшелерінің қаржы мониторингіне жататын операцияларды анықтауы кезінде өзара әрекет жасау механизмін сипаттауды;

      6) жауапты қызметкерінің клиент операциясының деңгейі туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздемесін және мерзімін;

      7) бөлімшелердің (қызметкерлердің) клиент операциясын жүргізуден бас тарту туралы (клиенттің, бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде тұруына байланысты бас тартуды қоспағанда), сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдауы бойынша өзара әрекет ету рәсімін;

      8) _ұйым және (немесе) сақтандыру брокері бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) Тізбедегі клиенттер мен бенефициарлық меншік иелерін анықтау бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, осындай клиенттердің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларын дереу тоқтату бойынша іс-қимыл жасау рәсімін;

      9) ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері туралы мәліметтерді, сондай-ақ қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді тіркеу (оның ішінде тіркеу тәсілдері) және сақтау рәсімін;

      10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы хабарламаларды ұсыну рәсімін;

      11) ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің уәкілетті органдарына қаржы мониторингіне жататын операциялардың анықталғаны туралы хабардар ету (қажеттілігіне қарай) рәсімін;

      12) клиент ерекше және (немесе) күдікті операцияларды немесе қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес сипаттамалары бар операцияларды жүйелі және (немесе) айтарлықтай көлемде жүзеге асырған жағдайда, клиент пен оның операциясына қатысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қабылдайтын шараларды және сипаттауды қабылдау рәсімін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді.

      32. Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасы шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері барлық шекті, ерекше, күдікті операциялардың және қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операциялардың мақсатын және негіздерін белгілеуге бағытталған іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің нәтижелерін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттер операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 27-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңінде кемінде бес жыл бойы сақтайды.

      33. Клиент операцияларын зерделеу жиілігін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент (клиенттер тобы) тәуекелінің деңгейін және (немесе) клиент пайдаланатын ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметтерінің (өнімдерінің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесін, клиенттің қаржы мониторингіне жататын операциялар (операция) жасауын (жасау әрекетін) ескере отырып, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде бар типологияларын, схемаларын және тәсілдерін ескере отырып айқындайды.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда, сондай-ақ клиент күдікті операция жасаған жағдайда ұйым және (немесе) сақтандыру брокері белгілі бір уақыт кезеңінде жүргізетін (жүргізген) операциялардың барлығын зерделейді.

      34. Шекті операция біліктілігінің заңдылығы бөлігінде күмән туындаған кезде, сондай-ақ әдеттегіден тыс күдікті операцияны немесе қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландырудың типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны анықтаған кезде көрсетілген операцияны анықтаған ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкері осындай операция туралы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен, нысанда және мерзімде жауапты қызметкерге (КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімшеге) хабарлама жібереді.

      Бір хабарламада бірнеше операциялар туралы ақпараттың болуына рұқсат етіледі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операциялар туралы хабарламаны, сондай-ақ оларды зерттеудің нәтижелерін операциялар аяқталғаннан кейін кемінде бес жыл сақтайды.

6-бөлім. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы

      35. Ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманың, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ саласындағы ішкі бақылау қағидаларының және ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің өзге де ішкі құжаттарының талаптарын орындау үшін қажетті білім алуы және дағдыларды қалыптастыруы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасының (бұдан әрі – Оқыту бағдарламасы) мақсаты болып табылады.

      36. Оқыту бағдарламасына:

      1) оқытудың тақырыптарын, өткізудің әдістерін, мерзімдерін және оқытуды өткізуге жауапты бөлімшені қамтитын қызметкерлерді оқыту рәсімі;

      2) қызметкерлері оқытудан өтетін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері бөлімшелерінің тізбесі;

      3) оқыту нәтижелерін сақтау рәсімі мен нысандары;

      4) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің қызметкерлерін КЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша білімдерін тексеру рәсімі мен нысандары енгізіледі.

      37. КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган бекіткен талаптарды ескере отырып, оқытуды өткізудің нысандары мен мерзімділігін белгілейді.