"Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 қыркүйекте № 21182 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 тамыздағы № 342-343 (26186) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес Ақпараттандыру объектілерін интеграциялауды іске асыру жөніндегі келісімді әзірлейді.

      Ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз жүзеге асырылатын өзара іс-қимылдар бойынша бірлескен актілер әзірленеді, оған орталық (немесе уәкілетті органның ведомстволары) немесе жергілікті атқарушы органдардың басшылары (не олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар) қол қояды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әкімшілік дереккөздер "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларына сәйкес әкімшілік деректер нысандарын, сондай–ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін әзірлейді, қайта қарайды, бекітеді.

      Әкімшілік деректер нысандары мынадай құрылымнан тұрады:

      1) титулдық бет;

      2) негізгі бөлік;

      3) толтыру жөніндегі түсіндірме;

      4) қосымша (қажет болған жағдайда).

      Осы Қағидараларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер нысандарының титулдық беті әзірленеді.

      Әкімшілік деректер нысанының негізгі бөлігін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік дереккөздер әзірлейді және көрсеткіштер тізбесі мен (немесе) әкімшілік деректерді жинау үшін сұрақтар және типтік мекенжай бөлігінен тұрады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме әзірленеді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әкімшілік дереккөздер сапалы көрсеткіштерді қамтитын әкімшілік деректер нысандары бойынша көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органның ведомствосына Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мәтін түрінде ұсынады.

      Сапалы көрсеткіштер зерттелетін объектілердің маңызды ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетеді. Еңбек өнімділігі, өзіндік құн, рентабельділік, экономикалық шамалардың үлесі немесе өзгерістерінің қарқындары сапалы көрсеткіштердің мысалы болып табылады.

      Көрсеткіштерді есептеу әдістемесі мыналардан тұрады:

      1) көрсеткіштерді қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері;

      2) ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер, басқа көздер);

      3) көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістерінің сипаттамасы;

      4) ұйғарынды ақпараттың орналасу орны.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын "Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерге сәйкестігі, әкімшілік деректер нысандарында көрсетілген көрсеткіштерге жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы қайталанатын көрсеткіштердің болуы мәніне түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы оларды әкімшілік деректердің нысандарынан немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарынан алып тастау мәселесін шешу үшін уәкілетті орган ведомствосының және әкімшілік дереккөздің лауазымды адамдарының қатарынан жұмыс кездесуіне бастамашылық етеді. Егер мәселенің шешілуі ұзақ қарауды қажет ететін болса, онда мерзімі тағы да отыз жұмыс күнге ұзартылады.";

      1, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық даму

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын

      реттеу және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      ҚазақстанРеспубликасының

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      ҚазақстанРеспубликасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 7 қыркүйегі
№ 33 бұйрығына
1-қосымша
  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Әкімшілік деректер нысанының титулдық беті

  ____________________________
20 __ жылғы "__" ______ № ___
бұйрығына /қаулыға __қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады:

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған:

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы:

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі):

      Кезеңділік:

      Есепті кезең:

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы:

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі

      ____________________________

      1Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 7 қыркүйегі
№ 33 бұйрыққа
2-қосымша
  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің құрылымы

Әкімшілік деректер нысанының атауы/Әкімшілік деректер нысанының индексі

Әкімшілік деректердің нысандары бекітілген/ әкімшілік деректердің нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құқықтық актінің атауы, күні және нөмірі

Әкімшілік деректердің нысандарын келісу күні

Әкімшілік деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/ Әкімшілік деректердің нысандары ұсынылатын орын

Әкімшілік деректерді жинау кезеңділігі/ Әкімшілік деректердің нысандарын тапсыру мерзімі

Әкімшілік деректер нысанының күші жойылған (тоқтатылған) күні

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      Уәкілетті орган ведомствосының тізілімді жүргізу жөніндегі түсіндірмесі:

      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;

      2-бағанда әкімшілік деректер нысанының атауы/әкімшілік деректер нысанының индексі көрсетіледі;

      3-бағанда әкімшілік деректер нысандары бекітілген/әкімшілік деректер нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құқықтық актінің атауы, күні және нөмірі көрсетіледі;

      4-бағанда әкімшілік деректер нысандарын келісу күні көрсетіледі;

      5-бағанда әкімшілік деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/әкімшілік деректер нысандары ұсынылатын орын көрсетіледі;

      6-бағанда әкімшілік деректерді жинау кезеңділігі/әкімшілік деректер нысандарын тапсыру мерзімі көрсетіледі;

      7-бағанда әкімшілік деректер нысанының күші жойылған (тоқтатылған) күні көрсетіледі.

      Тізілім дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерін жинауды көздейтін, есептіліктің бірыңғай есепке алу жүйесін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді білдіреді.

      Тізілімге енгізуге мыналар жатады:

      мемлекеттік органдардың құқықтық актілерімен бекітілген және оларды ресми жариялаған күннен бастап Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылған әкімшілік деректер нысандары бойынша деректер.

      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген әкімшілік деректердің нысандары бойынша деректер.

      Әкімшілік дереккөздердің "Ерекше маңызды", "Аса құпия", "Құпия" деген белгілері бар әкімшілік деректері тізілімге енгізуге жатпайды.

      Тізілім ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданысының жекелеген тоқтатылуларын тану арқылы өзекті жағдайда ұсталады.

      Тізілімді өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден бұдан бұрын тізілімге енгізілген актілердің мәртебесі (өзгергені, толықтырылғаны немесе уақытша тоқтатылғаны, күші жойылғаны туралы) туралы ақпарат сұратады.

      Уәкілетті органның ведомствосы тиісті ақпаратты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректер архивіндегі ақпараттың жинақталуын ескере отырып, тізілімді өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

      Тізілімнің деректерін пайдалану PDF форматындағы әкімшілік деректердің келісілген нысандары орналастырылған әкімшілік дереккөздің белсенді сілтемесіне өту арқылы жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 7 қыркүйегі
№ 33 бұйрыққа
3-қосымша
  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат ______________________________ (Әкімшілік дереккөздің атауы)

Әкімшілік деректер атауы

Қалыптастыру кезеңділігі

Жинау нысаны (қағаз жеткізгіште, электрондық түрде)

Ақпараттық жүйенің болуы

Ұлттық жіктеуіш коды және атауы

Ведомстволық жіктелімнің коды және атауы

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      Осы кестені толтыру жөніндегі түсіндірмелер:

      1-бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады.

      2-бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпаратының қысқаша сипаттамасы толтырылады. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жиналатын ақпарат қосылмайды.

      3-бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алу (жинау) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі - түсуіне қарай, - қажеттілігі бойынша, - күн сайын, - апта сайын, - ай сайын, - тоқсан сайын, - жарты жылда 1 рет, - жыл сайын);

      4-бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.

      Мынадай мәндерге рұқсат етіледі:

      "электрондық түрде" (егер әкімшілік деректерді жинау электрондық түрде жүзеге асырылатын болса);

      "қағаз жеткізгіштерде" (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын болса);

      Егер ақпарат жинау қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде жүргізілген жағдайда, екі мәннің бір уақытта қолданылуына рұқсат беріледі.

      5-бағанда әкімшілік деректерді алуға (жинауға) арналған ақпараттық жүйенің бар-жоқтығы көрсетіледі. "Иә" немесе "жоқ" деген мәндерге рұқсат етіледі;

      6-бағанда Жіктелімдер тізілімі ("КЛАСС" ақпараттық жүйесінде ретке келтіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде пайдаланылатын жіктеуіштердің атауы ("Стандарттау туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7) тармақшасында белгіленген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері көрсетіледі) атап көрсетіледі;

      7-бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде пайдаланылатын жіктелімдер атауы көрсетіледі (әкімшілік дереккөздер әзірлеген және бекіткен ведомстволық жіктеуіштер (министрліктер мен ведомстволардың белгілі бір саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура және анықтамалық) көрсетіледі).

      1. Салалық ведомстволық жіктелімдерді әзірлеу, бекіту, қолдану және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген) Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесінде айқындалған.