"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу тура

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 606 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қыркүйекте № 21160 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (мемлекеттік құқықтық нормативтік актілердің тіркеу тізіліміне № 12880 болып тіркелген, "Егеменді Қазақстан" газетіне 2016 жылғы 18 ақпанда № 32 (28158) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңмен белгіленген тәртіпте тиісті мәртебесін алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері";

      2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.";

      14-тармақтың 3-абзацының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде КҚП АЖ арналары арқылы есептік іс облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД КҚҚБ) Көші-қон қызметі басқармасына келісімге жолданады";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес қызмет көрсетуші рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын әрекеттерді жасаған кезде, Заңның 49-бабына сәйкес нысан бойынша бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы қорытынды шығарылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. қабылданған шешім туралы қызметті алушыға Осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшін жою туралы хабарлама жіберіледі.);

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде елімізден шығып кетуге міндетті."

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Рұқсаттың күшін жойған кезде, көрсетілетін қызмет алушыға елімізден шығып кетуді жүзеге асыру үшін қажетті мерзімде уақытша тұруға рұқсат беріледі.";

      "Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында;

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күн.

  ";

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Рұқсат беру туралы өтінішті қызмет көрсетуші немесе Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес;
2) Көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін) азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
бірлескен өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
3) оның азаматтығы бар немесе тұрақты тұратын мемлекетінің жазбаша келісімі, ол кету парағы не шетелге тұрақты тұруға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);
4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
5) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
7) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;
8) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;
9) мөлшері 35х45 мм -1 фотосурет;
10) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлға жүгінген кезде оның туғаны немесе басқа мемлекеттің аумағында тұрғаны анықталса);
4), 5), 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Өзге мемлекеттің азаматтығын, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік немесе консулдық мекеме арқылы рәсімдеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар қызмет алушы 1), 2), 5), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызмет алушы, егер оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, жанашыры) Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлға Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын болып табылған жағдайда 1), 2), 6) 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасынан шет елде тұратын екінші ата-анасынан нотариалдық расталған өтініш-келісім қағазын ұсынады.
Басқа мемлекеттің азаматтық мәртебесі жоқ Қазақстан Республикасына келген көрсетілетін қызметті алушы тұлғаға осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлға мәртебесін беру туралы қорытынды шығарылады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.
Бір тілден екінші тілге аударылғанын, Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландыруы қажет.
Шетел мемлекеті өкілеттерінің қатысуымен не болмаса сол өкімет тарапынан шыққан құжаттар мен актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 "Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы" Жарлығына сәйкес заңдастырылғанда ғана қаралуға қабылданады, егер басқа жағдай Қазақстан Республикасы заңнамаларымен не болмаса Қазақстан Республикасы Халықаралық келісімдермен ратификацияланған болмаса";

  .";

      9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:
1) заңсыз келгендерге, сонымен қатар жасалған қылмысы үшін, тумасы болып табылатын елдің заңнамасымен қудаланатын азаматтарға;
2) сотталғанға дейін тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;
5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
6) ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздыртқан;
7) іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталғандар;
8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырғандар;
9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы барлар;
10) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтініш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген сәтке бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберілген;
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқандар;
15) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
16) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
17) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
18) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;
19) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
20) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса.
Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға, немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 14) және 16) тармақшалары қолданылмайды.

  ";

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 1 қыркүйегі
№ 606 бұйрығына
1-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ – САУАЛНАМА _______________________________________________________________________ полиция органының атауы

      Фотосуреттің

      орны

      (35 x 45 мм)

      Маған және/немесе менің қамқорлығымдағы тұлғаға (қажет емесі сызылсын)

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруді сұраймын.

      Осы өтінішпен жүгінуге себеп болған уәждер ____________________________

      ________________________________________________________________________

      Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________

      ________________________________________________________________________

      (тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін,

      атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), өзгерту себебі мен күнін көрсетсін,

      жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және

      (латын алфавиттерінің әріптерімен жазылады)

      2. Туған күні, айы, жылы және жері __________________________________________

      3. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар (бұрын болды ма)

      ________________________________________________________________________

      (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)

      4. Жынысы ______________________________________________________________

                        (ер, әйел)

      5. Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________________

      ________________________________________________________________________

                  (құжаттың нөмірі және сериясы, кім және қашан берді)

      6. Ұлты _________________________________________________________________

                        (қалауы бойынша көрсетіледі)

      7. Діни нанымы __________________________________________________________

                        (қалауы бойынша көрсетіледі)

      8. Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз ба және КСРО азаматтығында

      тұрдыңыз ба немесе Қазақстан Республикасының аумағында тудыңыз (қажет емесі

      сызылсын) ______________________________________________________________

      (көрсетілген мәліметтерді растайтын құжат)

      9. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен

      жүгіндіңіз ба ____________________________________________________________

      егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды

      10. Отбасы жағдайы ______________________________________________________

      (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

      ________________________________________________________________________

      ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

      11. Кәмелеттік жасқа толмаған (оның ішінде асырап алынған, қамқорындағы,

      қарамағындағы) балаларын қоса алғанда:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын, оқитын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда

Жұмыс орны








      12. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Қабылданған және босатылған күні (айы және жылы)

Мекемені көрсете отырып, лауазымы

Жұмыс орнының мекенжайы




      13. Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса ________________________________

                              (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

      14. Сіз Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік елден шығаруға не болмаса

      бес жыл алдында елден қууға ұшырадыңыз ба ("Шетелдіктердің құқықтық жағдайы

      туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғандарға)

      ________________________________________________________________________

      егер ұшырасаңыз, неше рет және қашан

      15. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не болмаса қауіпті деп танылған

      қылмысты қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба

      ________________________________________________________________________

      егер сотталсаңыз, неше рет және қашан)

      16. Қазақстан Республикасының аумағында не болмаса одан тыс жерлерде ауыр немесе

      аса ауыр қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін өтелмеген немесе алынбаған

      соттылығыңыз бар ма ___________________________________________

      егер болса, неше рет және қашан

      17. Бір жылдан артығырақ уақыт ішінде Сіз, Шетелдіктердің Қазақстан

      Республикасында болу (тұру) режимін қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан

      Республикасының заңнамасын бұзғаныңыз үшін әкімшілік жауапкершілікке

      тартылдыңыз ба, _________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      егер тартылсаңыз, неше рет және қашан

      18. Сізде мынадай сырқаттар болды ма: нашақорлық, психикалық ауытқулар (сырқат);

      туберкулез; лепра (Гансеннің сырқаты); жыныс жолдарымен арқылы берілетін

      инфекциялар (ЖЖБИ) – мерез, мерез лимфогранулемасы (донованоз), шанкроид; жіті

      инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс

      органдарының жіті вирустық инфекциясынан) және грипптан басқа).

      ________________________________________________________________________

      егер иә, онда қандай түрімен

      19. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру туралы рұқсат алған кезде

      жазылатын/дербес рұқсат алатын бала туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған

      күні мен жері, азаматтығы) ________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Көрсетілген балалардың басқа ата-анасы/қамқоршысы туралы мәлімет (тегі, аты,

      әкесінің аты, туған күні азаматтығы, тұрғылықты жері) _________________________

      ________________________________________________________________________

      20. Уақытша тұратын жерінің мекенжайы, телефоны ___________________________

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын: ________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға "Халықтың көші-қоны туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда рұқсат беруден

      бас тартылуы не болмаса берілген тұруға ықтиярхаттың күші жойылуы мүмкін екені

      туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған

      мәліметтердің шынайылығын растаймын.

      20__ жылғы "___" _________________________.

      (өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы, лауазымды адам болған кезде қойылады)

      20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар- жоғын

      тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының

      түпнұсқалығын растаймын ________________________________________

      ________________________________________________________________________

      арнаулы атағы (егер бар болса),

      ________________________________________________________________________

      құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

      ________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.

      Сұрақтарға жауап жан-жақты болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны қойылады.

      Егер өтініш беруші заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкер болып табылса, онда тіркеу туралы туралы куәліктің нөмірі, тіркеген органның атауы және берілген орны көрсетіледі.

      Егер өтініш берушіге зейнетақы тағайындалса, зейнетақы түрі, зейнетақы куәлігіні нөмірі, оны кім және қашан бергені көрсетіледі.