Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 тамызда № 21087 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 12 тамызы
№ 188 бұйрыққа
1-қосымша

"Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілген қызметті берушіге қарауға жолдайды.

      Құжаттар портал арқылы келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      6. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет берілген материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) белгіленген талаптарға және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келіседі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сонда сақталады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер енгізілуін қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызметін көрсету
  қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (уәкілетті органның толық атауы)
  ____________________________
  (заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның
  ___________________________
  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  ____________________________
  (мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
  ____________________________
  (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке
  сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      ____________________________________________келісім беруіңізді сұраймын.

      ___________________________________________________________________

      Су тарту құрылысының түрі___________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қысқаша сипаттамасы)

      Балық қорғау құрылғысының түрі ____________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қысқаша сипаттамасы)

      Су объектісінің атауы және орналасқан жері (су айдыны, облыс, аудан, кент, ауыл):

      ______________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Су айдынының атауы________________________________________________

      Балық қорғау құрылғысын орнатуды жүргізу күні/мерзімі: ________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер берілгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Өтініш беру күні 20 __ жылғы "___" ____________. ____________________________________________________________________

      ЭЦҚ порталы арқылы берілген жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөр орны, жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

      Өтініш қарауға 20___ жылғы "___" ______________ қабылданды.

      ____________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы.

  "Су тарту құрылыстарының
балық қорғау құрылғыларын
орнатуды келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу не дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібімен, кәмелетке толмаған адамның тұрғылықты жері бойынша, жедел қызмет көрсетусіз, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31мамырдағы №221 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелген) белгіленген талаптарға және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті Порталы арқылы ЭЦҚ болған жағдайда электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдың "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу" мемлекеттік қызметін көрсету
  қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  Қазақстан Республикасының
  Экология, геология және табиғи
  ресурстар министрінің
  2020 жылғы 12 тамызы
  № 188 бұйрыққа
  2-қосымша

"Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастау туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажет құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілген қызметті берушіге қарауға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілген қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      5. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-3-тармағында белгіленген талаптарға және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды және ауланған балықтың шығу тегі туралы анықтама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту дайындайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сонда сақталады.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

      6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Ауланған жері туралы анықтама беру"
  мемлекеттік қызметін көрсету
  қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
  (уәкілетті органның толық атауы)
  ____________________________
  (заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның
  ___________________________
  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  ____________________________
  (мекенжайы, телефон және факс нөмірі)
  ____________________________
  (бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке
  сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беруіңізді сұраймын. Ауланған балық немесе басқа су жануарлары туралы ақпарат: Мелиоративтік аулау шеңберінде табиғи мекендеу ортасынан алынған/жасанды жағдайларда өсірілген/ балық/басқа су жануарлары үшін (қажеттісінің асты сызылсын)

Ауланған жердің (су айдыныныңучаскенің) атауы

Балықтар-дың немесе басқа да су жануарла-рының түрлері

20__ жылғы 1 шілдеден
20__ жылғы 1 шілдеге дейін белгілен-ген кво-та/лимит (тонна) (табиғи мекендеу ортасы-нан алынған балық және (немесе) басқа су жануар-лары үшін)

Жасанды жолмен өсірумен айналыса-тын ұйымның жобалық қуаты (тонна)

Мелио-ративтік аулау шеңбе-рінде (тонна)

20__ жылғы "__"____ жағдай бойынша өтініш берген күні аулаудың мәлімдел-ген көлемі (тонна)

20__ жылғы "__"___ жағдай бойын-ша қалдық (тонна)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың нөмірі мен күні _________

      Көлік жүкқұжатының нөмірі және күні:

      №________ __________жылғы "__" __________

      Сатып алу-сату шартының нөмірі мен күні: №______ _______жылғы "__" _______

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дәйексіз мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылық жайында хабардармын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш беру күні 20___жылғы "___" ____________

      _____________________________________________________________

      ЭЦҚ порталы арқылы берілген жағдайда (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

  "Ауланған жері туралы
анықтама беру"мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.10.2021 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ауланған жері туралы анықтама не дәлелді бас тарту Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республи-касының заңнамасын-да көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан "әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліс сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Кодекске және Заңның 5-бабына сәйкес жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттардың тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. Жасанды жағдайда өсірілген балық және басқа да су жануарлары үшін жасанды жолмен өсіру туралы растайтын құжаттар және ұйымның жобалық қуатын растайтын құжаттар ұсынылады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректер (мәліметтер) дәйексіздігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-3-тармағында белгіленген талаптарға және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда Портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдың "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.