Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 тамызда № 21060 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Б. Нурымбетов

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 4 тамыздағы
№ 286 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 328-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8599 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 тамызда № 197 (28136) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде ішкі қоныс аударушылар қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамызда № 198 (28137) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      3) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құжаттарды қараудың және оралман мәртебесін берудің жалпы мерзімі төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) болған жағдайда құжаттарды қарау және оралман мәртебесін беру жалпы мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтінішті "Оралман" ААЖ-да тіркеген кезде жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі - "Жеке тұлғалар" МДҚ) арқылы оның (олардың) ЖСН-дарының болуын тексереді.

      ЖСН бар екені анықталған жағдайда жаңа ЖСН генерациясы жүзеге асырылмайды, жергілікті атқарушы орган тіркеу кезінде қолда бар ЖСН-ді пайдаланады.

      "Жеке тұлғалар" МДҚ-да ЖСН болмаған кезде жергілікті атқарушы орган өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) деректерін өтініш беруші ұсынған құжаттардың негізінде қолмен енгізу жолымен "Оралман" ААЖ-ға енгізеді және ЖСН генерациялау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ІІМ "Көші-қон полициясы" АЖ) электрондық сұрау салу жібереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22.Оралман мәртебесін ұзарту үшін оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған этникалық қазақтар мемлекеттік корпорацияға не жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес бұдан бұрын берілген оралман мәртебесін ұзарту туралы өтініш береді.

      Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган алты айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.";

      2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларын және Уақытша орналастыру орталықтарының қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 330-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8601 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамызда № 260 (27534) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды.";

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері - оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;

      2) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын және оралмандарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге және олардың уақытша тұруына арналған заңды тұлға;

      3) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Орталық қызметінің тәртібі";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларын, сондай-ақ оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 331-ө-м бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8600 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 тамызда № 198 (28137) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында тұру мерзімдері мен қағидаларында:

      1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Өтініш беру";

      "3-тарау. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта тұру тәртібі мен мерзімдері";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Бейімдеу және ықпалдастыру орталығында бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері - оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;

      2) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібі".

      5. "Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығында ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 24 ақпанда № 13047 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасына оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Үлгілік қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      2) өтініш беруші - оралман мәртебесін алған этникалық қазақ;

      3) төлем жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейлі банктер немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк оперецияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар;

      4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырушы, ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Біржолғы жәрдемақыны төлеу тәртібі".

      6. "Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13054 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда № 191 (28919) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) өтініш беруші - шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін өтініш білдіретін Қазақстан Республикасының азаматы;

      2) туыстар - үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық қатынастағы адамдар;

      3) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландырудың тәртібі мен мерзімі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өтініш беруші шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Бұл ретте аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарыда отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Өтінішке:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыру;

      2) шақырушы адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.".

      7. "Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13054 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 наурыздағы № 47 (28775) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері - Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері;

      3) оралман - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айықындаған өңірлердің жергілікті атқарушы органдары құрған оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі тиісті комиссиялар;

      5) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Заңның 8-бабы 5) тармашасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      7) жергiлiктi атқарушы орган - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басшылығымен өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзiн-өзi басқаруды басшылыққа алатын алқалы атқарушы орган;

      8) этникалық қазақ-ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.".

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерін оралман мәртебесін алғанға дейін олардың қалауы бойынша уақытша орналастыру орталықтарына алғашқы қоныстандыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн уақытша орналастыру орталықтарында бастапқы қоныстандыру тәртiбiн және болу мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) уақытша орналастыру орталығы (бұдан әрі - Орталық) - этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын үй.

      3) этникалық қазақ - ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2-тарау. Этникалық қазақтар және қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін Орталықта алғашқы қоныстандыру тәртібі және олардың болу мерзімі

      3. Орталыққа алғашқы қоныстандыру үшін этникалық қазақ немесе қоныс аударушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

      Халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган өтінішті берген күні қарайды.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш Уақытша орналастыру орталығында этникалық қазақты немесе қоныс аударушыны, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін алғашқы қоныстандыруды тiркеу журналына тiркеледi.

      5. Өтінішті қарағаннан кейін халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолдама береді және ол этникалық қазақтарды немесе қоныс аударушыларды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiн Орталықта алғашқы қоныстандыруды тіркеу журналына тіркеледі.

      6. Этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері жолдаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні iшiнде Орталыққа орналастырылады.

      7. Орталыққа қоныстандыру мерзімі сақталмаған жағдайда, этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері қоныстану құқығын жоғалтады. Бұл ретте олардың Орталыққа алғашқы қоныстандыруға қайта өтініш беру құқығы сақталады.

      8. Орталықта бос төсек-орын болмаған кезде өтініш қабылдаудан және оны тіркеуден бас тартылмайды.

      Бұл жағдайда этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері жолдама бермей өтініш беру кезектілігі тәртiбiнде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган құратын резервке қабылданады.

      9. Орталықта төсек-орын босаған кезде халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы орган кезектiлiк тәртiбiмен Орталыққа қоныстандыру үшін этникалық қазақ немесе қоныс аударушы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне жолдама бередi.

      10. Орталыққа этникалық қазақтан немесе қоныс аударушыдан, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.

      11. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері Орталықта оралман мәртебесін алғанға, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шарты жасалғанға дейін, күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзім тұра алады.

      12. Этникалық қазақ пен оның отбасы мүшелері оларға оралман мәртебесiн берген немесе оралман мәртебесін беруден бас тартылған күннен бастап, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шартын жасаған күннен бастап немесе жұмыс берушімен шарт жасаудан бас тартқан жағдайда өздеріне Орталықтан берілген үй-жайды бес жұмыс күні iшiнде босатады.

  Этникалық қазақтарды және
олардың отбасы мүшелерін
оралман мәртебесін алғанға
дейін олардың қалауы бойынша
уақытша орналастыру
орталықтарына алғашқы
қоныстандыру қағидалары мен
мерзімдеріне 1-қосымша
  Нысан
  басшыға ___________________
(халықтың көші-қоны
саласындағы жергілікті
атқарушы органның атауы)
  ___________________________
(этникалық қазақтың немесе
қоныс аударушының тегі, аты
және болған жағдайда әкесінің
аты)

Өтініш

      Сiзден мені және _____ адамнан тұратын менің отбасымның мүшелерін Уақытша орналастыру орталығына оралман мәртебесін алғанға немесе жұмыс берушімен еңбек шартын жасағанға дейін қоныстандыруды сұраймын, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімге бір рет қоныстандыруды сұраймын (қажетінің астын сызу қажет).

      _____________            ______________

      (күні)                        (қолы)

  Этникалық қазақтарды және
олардың отбасы мүшелерін
оралман мәртебесін алғанға
дейін олардың қалауы бойынша
уақытша орналастыру
орталықтарына алғашқы
қоныстандыру қағидалары мен
мерзімдеріне 2-қосымша
  Нысан

Уақытша орналастыру орталығына этникалық қазақтар мен қоныс аударушыларды, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін бастапқы қоныстандыруды тiркеу ЖУРНАЛЫ

Р/с

Кіріс өтініштерінің түскен күні

Өтiнiш беруші этникалық қазақтың немес қоныс аударушының тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты

Туған жерi және күнi

Шыққан елi немесе өңірі

Жолдаманың нөмiрi және берiлген күнi













      ________________ басталды

      _______________ аяқталды

  Этникалық қазақтарды және
олардың отбасы мүшелерін
оралман мәртебесін алғанға
дейін олардың қалауы бойынша
уақытша орналастыру
орталықтарына алғашқы
қоныстандыру қағидалары мен
мерзімдеріне 3-қосымша
  Нысан

№_______ЖОЛДАМА

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, этникалық қазақтың немесе қоныс аударушының туған күнi)

      20___жылғы "___" _______ мерзімге дейін Уақытша орналастыру орталығына қоныстандыру үшiн жолданады.

      Отбасы мүшелерi:

      1.________________________________________________________________________

      (Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)

      2.________________________________________________________________________

      (Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)

      3.________________________________________________________________________

      (Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)

      4.________________________________________________________________________

      (Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)

      5.________________________________________________________________________

      (Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)

      6.________________________________________________________________________

      (Тегі, аты және болған жағдайда әкесінің аты, туған күнi, туыстық дәрежесi)

      …….

      ______________ облысының,

      республикалық маңызы бар қала мен

      астананың халықтың көші-қон саласындағы

      жергілікті атқарушы органның басшысы __________________________________М.О.

      (Тегі, аты болған жағдайда әкесінің аты

      ________________ (берілген күні)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Оралман мәртебесін беру немесе
ұзарту қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

"Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру жергілікті атқарушы орган не Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі - 4 жұмыс күні ішінде.
Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және оралман мәртебесін беру 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 15 минут;
көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: оралман мәртебесін беру кезінде - оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзартқан жағдайда - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің сұрауы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған оралман куәлігін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен жүктеп береді не өтініш беруші оралман куәлігін электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше алады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде - www.​enbek.​gov.​kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе этникалық қазақтардың шыққан елдерінің арнайы органдарының басқа да ресми құжаттары 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы оралман мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімін алған өтініш берушілер өтінішке бұрын берілген оралман мәртебесін беруге келісім туралы шешімнің көшірмесін қоса береді.
Өтініш берушілер оралман мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген оралман мәртебесінің көшірмесін береді.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Оралман мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және өтінішті жергілікті атқарушы орган тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Жергілікті атқарушы орган:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы
2) тармақшасына сәйкес келмеген;
2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері (бар болса) осы Қағидалардың 2-тармағы
3) тармақшасына сәйкес келмеген;
3) ұсынылған құжаттардың дәйексіздігі фактісі анықталған кезде оралман мәртебесін беруден бас тартады.
Сонымен қатар, "Оралман" ААЖ арқылы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын растау, Қағидалардың 24-тармағында көзделген өтініш беру мерзімінің өтуі оралман мәртебесін ұзартудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша

Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уақытша орналастыру орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қоныс аударушы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

      2) уақытша орналастыру орталығы - этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын жай;

      3) этникалық қазақ - шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

      3. Орталық қызметінің негізгі міндеті этникалық қазақтар немесе қоныс аударушылар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруын қамтамасыз ету болып табылады.

      4. Орталықты қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Орталық қызметінің тәртібі

      5. Орталықта уақытша негізде тұру үшін этникалық қазақтар және қоныс аударушылар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері (этникалық қазақ және оның отбасы мүшелері оралман мәртебесін алғанға, қоныс аударушы және оның отбасы мүшелері жұмыс берушімен еңбек шартын жасағанға дейін, бірақ күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзім) Орталыққа бір рет тегін орналастырылады.

      6. Орталықта этникалық қазақтар мен қоныс аударушылардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалады.

      7. Орталыққа орналастыру және ол жерде этникалық қазақтарды және қоныс аударушыларды ұстау Қазақстан Республикасының медициналық қамсыздандыру, санитарлық саулық, сәулеттік реттеу, құрылыс саласы, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық салаларының талаптарына сай болуға тиіс.