Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы |
Е. Біртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.03.2021 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің үлгілік тәртібін айқындайды.
2. Осы Үлгілік қағидалардың негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері (бұдан әрі – ЖАО) Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыларды төлеудің қағидаларын және шарттарын әзірлейді.
3. Осы Үлгілік қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
2) өтініш беруші - қандас мәртебесін алған этникалық қазақ;
3) төлем жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейлі банктер немесе қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк оперецияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар;
4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырушы, ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі.
4. Осы Үлгілік қағидалар мақсаттары үшін ЖАО қандастар Қазақстан Республикасына қандастарды қоныстандырудың өңірлік квотасынан тыс қоныстанған жағдайда қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне (бұдан әрі – алушылар) жәрдемақыны ақшалай нысанда береді.
5. Жәрдемақы бір рет беріледі және тұрғылықты жерге жол жүру мен жүк тасымалдауға жұмсалған шығындарды өтеуді қамтиды.
2-тарау. Біржолғы жәрдемақыны төлеу тәртібі
6. Жәрдемақыны тағайындау мен төлеуге жүгіну қандас мәртебесін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
7. Жәрдемақыны тағайындау мен төлеу үшін қандастың отбасы отағасы тұрғылықты жері бойынша ЖАО-ға осы Үлгілік қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашылған жеке шотын көрсете отырып, отбасы атынан өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) қандастың және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) қандас куәлігінің көшірмесі;
3) әр отбасы мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат қоса беріледі.
8. Осы Үлгілік қағидалардың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
9. Жүгінген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, осы Үлгілік қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде ЖАО жәрдемақыны тағайындау не бас тартудың себептерін көрсете отырып, төлеуден бас тарту туралы шешім шығарады.
Жәрдемақыны тағайындау немесе төлеуден бас тарту туралы шешімге халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Жәрдемақы төлеуді тағайындау туралы шешім қабылданған жағдайда ЖАО үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді.
Жәрдемақы төлеуден бас тартылған жағдайда ЖАО үш жұмыс күні ішінде бас тартудың себептерін көрсете отырып өтініш берушіні хабардар етеді.
10. Жәрдемақыны тағайындау туралы шешімде қандас отбасының құрамы, оларға тиісті төлемдердің мөлшерлері мен қандастың отбасы отағасы төлем жөніндегі уәкілетті ұйымда ашқан жеке шот нөмірі көрсетіледі.
11. ЖАО жәрдемақыны тағайындау туралы шешім шығарылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті төлемдерді төлем жөніндегі уәкілетті ұйымда ашқан қандастың жеке шотына аударады.
12. Жәрдемақыны белгілеуден бас тарту мынадай:
1) жүгінген кезде қандас мәртебесі тоқтаған;
2) осы Үлгілік қағидалардың 7-тармағында көрсетілген дәйексіз құжаттар берілген жағдайларда жүзеге асырылады.
13. Жәрдемақыларды беруге шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінде көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
14. Жәрдемақыларды берудің мониторингі мен есебін "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын қолдану арқылы ЖАО жүргізеді.
Біржолғы жәрдемақы төлеу туралы өтініш
Маған және менің отбасымның мүшелеріне
___________________________________________________ орай
(Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетіледі) отбасы мүшелерінің мынадай құрамын:
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________ _______________
ескере отырып, жәрдемақы төлеуді сұраймын.
Бізге тиесілі соманы
_____________________________________________________________
(банк деректемелері, алушының жеке шотының нөмірі көрсетіледі)
аударуды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
___________________________________________________
___________________________________________________
20__жылғы "___"__________ _________________________
(отбасы отағасының қолы)