"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 25 маусымдағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 маусымда № 34587 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі;

      2) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі-өтінішхат) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы құжаттарды электрондық түрде, оның ішінде DOCX және PDF форматында қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес жүгінеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтінішхатқа қоса берілген құаттардың толықтығын Кодекстің 204-бабына сәйкес тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында он бес жұмыс күні ішінде:

      1) егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды; не сабақтас тауар нарықтарындағы тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;

      2) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу;

      3) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы қызметтері нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;

      4) бәсекелестiктi шектеу белгілері анықталған кезде, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі кезінде қаржы нарығында бәсекелестікті шектеу көрсеткiштерiн есептеу жүргізеді.

      "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігінің
2024 жылғы 25 маусымдағы
№ 5 бұйрығына
қосымша
"Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
қосымша
Нысан

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды;
экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиiс;
көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады, ол туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабарлайды;
қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді;
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн автоматты түрде қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етеді;
көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім кемінде бес жұмыс күнін құрайды; көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қараудың тоқтатылғаны туралы актісі шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы;
Егер сатып алғанға дейін тұлға (тұлғалар тобы) нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) елу немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік етуге құқық алатын мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы.
Порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішхаттың қарауға қабылданғаны туралы хабарлама түрінде немесе тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішхатты қарауға қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:
қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
бекiтiлген жарғы немесе оның жобасы;
құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті берудің мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
тікелей қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы, тұрғылықты жері туралы мәліметтер және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайыздан астамына билік ету құқығына ие болады:
мәміле жасалғанын растайтын шарттың (өзге де құжаттың) нысанасы, тараптар, мәміле жасау үшін негізгі шарттар, сондай-ақ мәміленің құны (бағасы) туралы сатып алушы немесе сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған еркін нысандағы хат түрінде ұсынылатын мәліметтер;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi және оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндіруді, өткізуді, экспорттауды және Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi, сондай-ақ оның тікелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектілері өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мынадай іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн, өткiзетiн, экспорттайтын және импорттайтын сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 18-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар.