"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 сәуірде № 20435 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
Инфрақұрылымдық даму
министрінің
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№ 208 бұйрығымен
бекітілген

"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметің көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға заңды тұлғалардың құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ресми тану мақсатында жүргізіледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғалардың не уәкілетті өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтінішімен www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес баяндалған.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
      5. Алынып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесін жолдайды.

      Сараптама қорытындысы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшада көзделген талаптарды қамтиды. Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады немесе құжаттардың көшірмелері тігіледі және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдау туралы мәртебесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін корсете отырып көрсетіледі.

      Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет нәтижесін берудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 15.04.2025 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7. Жауапты орындаушы екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-мен қол қойылған дәлелді бас тартуды дайындайды және оны портал арқылы электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшасында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-мен қол қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7-1. Алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 15.04.2025 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде түседі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі - оператор) sd@nitec.kz электрондық пошта бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНжК) немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде ұсына отырып, авторландыру сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып хабардар етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алынып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қауіпті өндірістік
объектілерде, қауіпті
техникалық құрылғыларда
қолданылатын технологияларды
қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
  нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологияларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын

-

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz "Цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал)

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін беру нысаны

Электрондық (ішінара цифрландырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру немесе дәлелді бас тарту

7

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жинау тәсілдері

Тегін

8

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;
2) сараптама қорытындысының электрондық көшірмесі
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
4) көрсетілетін қызметті тұтынушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса, оның негізінде көрсетілетін қызметті тұтынушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) қызмет көрсетушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz. порталында.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: "1414", +7 (800) 080 7777.

  "Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын
технологияларды, қауіпті
техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі
талаптар тізбесіне
Қосымша

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы

1. Технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды қамтиды:
1) сараптама қорытындысының атауын;
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;
3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
4) ұйым туралы деректерді;
5) сараптама мақсатын;
6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған құжаттар (жобалық, конструкторлық, пайдалану, жөндеу), сәйкестендіру үшін қажетті шығарылған жылы, дайындаушы мен елі, маркасы, моделі, типі, зауыт (сәйкестендіру) нөмірі немесе басқа да ақпаратты көрсете отырып, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы мәліметтерді;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;
8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
9) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
10) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлігін;
11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, жүргізілген сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс-оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;
13) сараптама нәтижесінде алынған деректердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
2. Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды қамтиды:
1) осы технология бойынша технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік факторлар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;
2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;
3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
3. Қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша қамтылады:
1) қауіпті техникалық құрылғының жұмысы кезінде туындайтын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;
2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін конструктивті шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
4. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
Сараптама қорытындысына сараптама ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.

  "Қауіпті өндірістік объектілерде
  қолданылатын технологияларды, қауіпті
  техникалық құрылғыларды
  қолдануға рұқсаттар беру"
  мемлекеттік көрсетілетін қызмет
  стандартына
  қосымша

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы

      Ескерту. Қосымша алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


  "Қауіпті өндірістік
объектілерде, қауіпті
техникалық құрылғыларда
қолданылатын технологияларды
қолдануға рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша
  нысан

      [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  Басшысына
  [Мемлекеттік органның атауы]

      Өтініш нөмірі: [нөмір]

      Өтініш күні: [күні]

Қауіпті өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын технологияларды қолдануға рұқсат беруге
ӨТІНІШ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 157 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабын басшылыққа

      ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және қауіпті

      өндірістік объектілерде, қауіпті техникалық құрылғыларда қолданылатын

      технологияларды қолдануға рұқсат беруді сұрайды:

      _________________________________________________________________

      (технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың атауы)

      Қысқаша сипаттама:

      _________________________________________________________________

      (технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және оларды

      қолдану саласы туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі)

      Қосымша: [мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]

      Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар

      етемін.

      _________________________________________________________________

      [Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]



  "Қауіпті өндірістік
объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық
құрылғыларды, материалдарды,
қауіпті техникалық
құрылғыларды қолдануға рұқсат
беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қауіпті өндірістік объектілерде
қолданылатын
технологияларды, қауіпті
техникалық құрылғыларды
қолдануға рұқсаттар беру"
мемлекеттік қызметің көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Күні: [Берілген күні]


[Жеке немесе заңды тұлғаның атауы]




Нөмірі: [Құжат нөмірі]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Өтініш күні] жылғы № [Өтініштің нөмірі] өтінішіңізді және [Сараптамалық қорытындының күні] жылғы № [Сараптамалық қорытындының нөмірі] [Сараптамалық қорытындыны берген ұйымның атауы] сараптамалық қорытындыны қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негізі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), электрондық
цифрлық қолтаңбасы]

 

  "Қауіпті өндірістік объектілерде
  қолданылатын технологияларды,
  қауіпті техникалық құрылғыларды
  қолдануға рұқсаттар беру"
  мемлекеттік қызметін
  көрсету қағидаларына
  5-қосымша
  нысан

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Нөмір: [Құжат нөмірі]


[Заңды тұлғаның атауы]




Өтініш нөмірі: [Нөмір]


[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны және басқалар)]




Беру күні: [Күні]



 
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға РҰҚСАТ [қажеттігін анықтау]
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес [Сараптама қорытындысының күні] № [Сараптама қорытындысының нөмірі] [Сараптама қорытындысын берген ұйымның атауы] оң сараптама қорытындысын ескере отырып, қауіпті өндірістік объектілерде мынадай технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді:
[Технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың тізбесі]
Әзірлеушінің техникалық құжаттамасы нормаларын, Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша заңнама және өзге де нормативтік актілер талаптарын міндетті сақтау кезінде рұқсаттың күші бар.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), электронды цифрлы қолтаңба]