"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикас

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 наурызда № 20096 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 15 наурыздағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 15.03.2021 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10924 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 28 ақпандағы
№ 70 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 12 наурыздағы
№ 17-1/207 бұйрығымен
бекітілген

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) (бұдан әрі – ЖАО) интернет-ресурсына орналастыру тәртібі мен мерзімдерін анықтайды.

2-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру тәртібі мен мерзімдері

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттелген дайындаушы ұйымдар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) қосылуы тиіс.

      Аккредиттелген дайындаушы ұйым аккредителген сәтінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізбеге қосылады.

      3. Тізбе ЖАО-ның интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады.

      4. ЖАО интернет-ресурсында жаңартылған Тізбені орналастыру күні мен уақыты туралы мәліметтер қамтылады. Бұл ретте, бұрын орналастырылған Тізбе бес жыл бойы сақталады.

      5. ЖАО "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес интернет-ресурста орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық (техникалық-бағдарламалық) шараларын қабылдайды.

      6. Тізбені ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастыру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13262 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.

      7. ЖАО-ның құрылымдық бөлімшесі ЖАО-ның интернет-ресурсын техникалық сүйемелдеуді, интернет-ресурстың үздіксіз жұмыс істеуін және пайдаланушылардың интернет желісіндегі ЖАО-ның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін, ресми интернет-ресурстың жұмысында ақаулар және істен шығулар туындаған жағдайда оны жою шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді.