"Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қаңтарда № 19943 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жануарларға, жануарлардың жыныс және соматикалық жасушаларына қойылатын талаптар "Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен (бұдан әрі – Бірыңғай ветеринариялық талаптар) белгіленді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін ветеринария саласындағы техникалық регламенттермен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 67 шешімімен бекітілген "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 9 қазандағы № 68 шешімімен бекітілген "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентімен және Бірыңғай ветеринариялық талаптармен белгіленеді.";

      15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымның (Халықаралық эпизоотиялық бюро) (бұдан әрі – ХЭБ) тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны анықталған немесе күдік тудырған немесе аурулардан өлген жануарлар арасында болған жануарларды;";

      18-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеріп қарау үшін кедергісіз беруді;";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Ветеринариялық есеп пен есептілік Заңның 8-бабының 44) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарына және Заңның 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларына сәйкес жүргізіледі және ұсынылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Аурулардың профилактикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ауески ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған кезде жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерге немесе ветеринария саласындағы маманға дереу хабарлайды және ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды:

      1) ауырған жануарларды оқшаулайды, еметін торайлар ауырғанда саламатсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулайды;

      2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді және тасымалдайтын жәшіктерді механикалық тазартуды және дезинфекциялауды, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында және (немесе) Евразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде дезинфекциялық құралдармен дезинфекциялауды жүргізеді;

      3) тіркелген саламатсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағына және қора-жайларына бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді, саламатты фермалары бар осы шаруашылық жүргізуші субъектімен (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, питомник) шаруашылық байланыстарды тоқтатады;

      4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне апарып тастайды немесе оларды ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор келгенге дейін суық жерде жабық жәшікте сақтайды.

      47. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер немесе ветеринария саласындағы маман жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өлексесін немесе патологиялық материалды жібереді;

      2) аурудың шығуының ықтимал себептерін, аурудың көзін және таралу жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жай-күйін нақтылайды және осы Қағидаларға сәйкес аурудың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Везикулярлық стоматит ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Жануарлар төлдерінің колибактериозы ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Пастереллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Салмонеллез ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Трихофития (дерматомикоз, бұзау таз) ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Риккетсиоздар ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Жануарлар мен құстардың туберкулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Жануарлардың туберкулезбен ауыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) қолында жануарлар бар болғанда немесе жаңадан сатып алғанда жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын хабардар етеді;

      2) жануарларды сатуды, союға тапсыруды, өріске шығаруды, жайылымдарға орналастыруды және басқа да барлық тасымалдау мен қайта топтастыруды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізат өткізуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімімен жүргізеді;

      3) оларға ауру жұқтырмау мақсатында мал азығын дайындауда қауіпсіздік шараларын сақтайды;

      4) жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық тазалау жүргізу үшін карантиндеу жүргізеді;

      5) туберкулезге күмәнді жануарлар ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке хабарлайды;

      6) ветеринария саласындағы мамандардың талабы бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мәліметтерді береді және оларға тексеріп-қарау, зерттеу мен тазалау жүргізу үшін жағдайлар жасайды;

      7) жануарларды тасымалдағанда, күтіп бағу және азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы объектілерін салу кезінде санитариялық-эпидемиялогиялық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұйғарымы бойынша ауру жануарларды уақытында тапсыруды немесе барлық саламатсыз мал бастарын толығымен жоюды жүзеге асырады;

      9) жануарлардың туберкулезбен ауруының алдын алу бойынша, сондай-ақ ауру шыққан жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.";

      108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Туберкулезбен ауырған жануарларды сою объектілерінде (сою пункттері, ет өңдейтін кәсіпорындар) союды ветеринария саласындағы маманның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік санитариялық-ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жеке профилактика шараларын сақтай отырып және инфекция қоздырғышының таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін талаптарды орындай отырып жұмысшылар жүргізеді.";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Аусыл ауруы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібі";

      122-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. ХЭБ-нің Жерүсті жануарларының санитариялық кодексінің ұсынымдарына сәйкес табиғи жағдайларда аусыл вирусының эпизоотиялық штаммын жұқтырған жануарлар мен вакциналанған жануарларды саралау мақсатында аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарына қарсы денелерді анықтау бойынша серомониторингтік зерттеулер жүргізіледі.

      Аусыл вирусының эпизоотиялық штаммын жұқтырған жануарлардан вакциналанған жануарларды саралау аусыл диагностикасы бойынша ХЭБ ұсынған әдістермен жүзеге асырылады.

      Аусылға қарсы вакциналанбаған жануарлардың арасынан аусыл вирусының эпизоотиялық штаммының әр түрлі типті құрылымдық емес ақуыздарына реакция берген жануарлар анықталған жағдайда, ХЭБ ұсынымдарына сәйкес, мұндай жануарлар санитариялық союға жатады.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшілері) ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша буферлік зонада және саламатсыз пункттерде жануарлардың аусыл ауруына қарсы күрес жөнінде жоспар жасайды, ол мынаны көздейді:

      1) облыс және аудан орталықтарында ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын тарта отырып, аусылға қарсы барлық іс-шараларды басқаруға және үйлестіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/676 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11727 болып тіркелген) сәйкес жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты топтарды құру;

      2) ветеринариялық қызметтің, ішкі істер органдары, кеден және шекара қызметтерінің аумақтық құрылымдарының олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретін ескере отырып, аусылға қарсы күрес бойынша жедел және келісілген іс-әрекеттері;

      3) жануарлардың аусыл ауруымен күрес жөніндегі іс-шараларда адами және материалдық ресурстарды, оның ішінде аусылдың басқа облыстардан таралуын болдырмау үшін бар ресурстарды тарта отырып, шоғырландыру;

      4) шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен басқа да бақылауға жататын жүктерді заңсыз орын ауыстырудағы негізгі бағыттарды анықтай отырып, аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жедел бағалау;

      5) биоматериалдардың сынамаларын алу және одан әрі молекулярлық деңгейде вирустардың сипатын анықтай отырып, зертханалық зерттеулер жүргізу;

      6) саламатсыз облыстарда және тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды тасымалдауды және көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан мал сою пункттері (сою пункттері, сою алаңдары (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдары), ет өңдеу кәсіпорындары) мен сауда объектілерінің жұмысын тоқтату;

      7) аусылдың таралуының әлеуетті ауқымын және аусыл өршуінің ықтимал салдарларын бағалау үшін ақпарат жинақтау;

      8) жеке аулаларға, шаруашылықтарға, жануарларды өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілеріне, өңдеу кәсіпорындарына, сою объектілеріне инспекция жасау жолымен аусыл бойынша тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда белсенді бақылауды жүзеге асыру;

      9) аусылдың таралуын азайту мақсатында карантиндік режимді енгізу және жануарларды тасымалдауды шектеу;

      10) Республикалық бюджеттен өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды алып қою және жою;

      11) аусыл ошағына дезактивация жүргізу және ауру қоздырғыштарының механикалық жолмен берілу тәуекелін жою;

      12) аусылдың қауіптілігі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру және аусылды тану бойынша ақпараттық материалдар (буклеттер, плакаттар және кітапшалар) тарату, ауруды тапқан кезде жануарлар иелерінің әрекеттері және жануарларды қорғау шаралары жөнінде жұмыстар жүргізу;

      13) ЖАЖ-технологияның бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, аурудың шығуын модельдеу, деректерді картаға түсіру және аусыл бойынша молекулярлық зерттеулер жүргізу;

      14) аусылдың шығу себептерін, ауру таралуының болжамды ауқымын және клиникалық белгілерін белсенді түрде іздеу арқылы вирустардың айналымын анықтау мақсатында аумақтарда, шаруашылықтарда, мал базарларында және жеке аулаларда эпизоотологиялық тексеру жүргізу;

      15) аусыл бойынша қолда бар ақпараттың негізінде шектеу аймағын, бақылау аймағын және қорғау аймағын картаға түсіру және анықтау;

      16) шектеу, бақылау және қорғау аймақтарында аусылға сезімтал жануарлардың барлық түріне күнделікті клиникалық тексеру жүргізу және аурудың кез келген жағдайы және күдігі туралы хабарлау;

      17) профилактикалық вакциналауды жүргізу үшін шектес мемлекеттермен шекаралас тәуекел дәрежесі жоғары аудандарды айқындау;

      18) Заңның 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринариялық зертханаға биоматериалдардың сынамаларын беру;

      19) залалданған қора-жайларды, әкімшілік аудандар мен табиғи шекаралар (өзен, көл, тау) шегінде шектеу аймақтарын, залалданған аумақтың айналасындағы диаметрі 3 километр бақылау аумағын және диаметрі 10 километр қорғау аймағын анықтау;

      20) өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды бағалау;

      21) тәуекелді бағалауға сәйкес залалданған қора-жайлардағы ауру жануарларды сою және жою;

      22) мал сойылған қора-жайлар мен аумақтарды тазарту және дезинфекциялау;

      23) аусылдың клиникалық белгілерін анықтау үшін шаруашылық субъектілерін инспекциялау;

      24) қорғау аймағындағы жануарларды вакцинаның қолданылуына және ауруды түбегейлі жою стратегиясына сәйкес вакциналау;

      25) аусыл кезінде мынадай шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантинді алып тастау:

      1) басқа облыстардың саламатсыз аймақтарымен ветеринариялық-санитариялық бекеттерді ұйымдастыруды көздейтін

      Қазақстан Республикасының шекарасын күзету жөніндегі іс-шаралар;

      1) қол жүгін физикалық бақылауды қоса алғанда, адамдар мен автокөлік құралдарының көрші облыстардан сауда-экономикалық және тұрмыстық байланыстар жөніндегі өткізу пункттері арқылы өтуіне;

      2) ауру немесе ауырып қалған жануарларды қолайсыз аудандардан облыс ішіндегі қолайлы аудандарға бақылаусыз орын ауыстыруын қадағалауға

      бақылауды күшейту жөніндегі бірлескен іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеу және бекіту.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Аусыл бойынша саламатсыз пункттерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі мемлекеттік ветеринариялық ұйыммен (бұдан әрі – РҚО) бірлесіп мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:

      1) пункттен апаратын барлық жолдарды (соқпақтарды) жабады және тәулік бойы кезекшілігі бар күзет-карантиндік бекеттердің қажетті санын қояды, сондай-ақ "Жүруге тыйым салынады", "Айналып өту", "Аялдау міндетті", "Аялдауға тыйым салынады" деген тиісті көрсеткіштерді (жол белгілерін) орнатады;

      2) күзет-карантиндік бекеттерде кезекшілік атқару үшін қажетті адамдар санын бөледі және олардың міндеттерін айқындайды. Күзет-карантиндік бекеттер бойынша кезекшіге арнайы куәліктер мен қолға байлайтын таңғыштар беріледі. Бекеттер шлагбаумдармен, дезинфекциялық тосқауылдармен және кезекшілерге арналған будкалармен жабдықталады, мүмкіндігінше байланыс орнатады;

      3) барлық жануарларды қорада ұстауға немесе арнайы бөлінген оқшауланған жайылым учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, саламатсыз пункттегі аусылға бейім барлық жануарларды есепке алады;

      4) саламатсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларды алдыңғы егу мерзіміне қарамай аусылға қарсы міндетті түрде вакциналайды;

      5) үй құсын саламатсыз пункттің аумағында жабық үй-жайларда, ал иттерді байлап ұстайды;

      6) мал шаруашылығы үй-жайлары мен өндірістік аумақтарға күнделікті дезинфекция жүргізуді, арнайы киімді, күтім заттарын, көлік құралдарын өңдеуді қамтамасыз етеді;

      7) жануарларға арналған үй-жайларға немесе қораларға, жануарлар иелерінің аулаларына кірген кезде, сондай-ақ жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), өңдеуді, өндіруді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде аяқ киім мен көлікті өңдеуге арналған дезинфекциялық кедергілер орнатады.";

      137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жануарлардың аусыл ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады.";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Ірі қара малдың вирустық диареясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      156-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ірі қара малдың кеміктәріздес энцефалопатиясына кез келген күдіктену туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық мекемелерге, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлау;";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Кампилобактериоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Ірі қара малдың жұқпалы алаөкпесі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Ірі қара малдың нодулярлық дерматиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      212-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "212. Жануарлардың нодулярлық дерматит ауруының алдын алу бойынша:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;

      2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны;

      бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайларда және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдау;

      3) ветеринария саласындағы мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер жүргізу және вакциналау жүргізу үшін жануарларды беру қажет.";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Ірі қара малдың парагрипп-3 ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Ірі қара малдың паратуберкулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Ірі қара малдың обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Жеке және заңды тұлғалар жайылымдарда ірі қара малдың обасына сезімтал үй немесе жабайы жануарлардың өлекселері тапқан жағдайда Заңға сәйкес бұл туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына патологиялық материалдарды алу (диагностикалық зерттеулерге) және өлекселерді көмуді ұйымдастыру үшін хабарлайды.";

      239 және 240-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "239. Шекара аймағында қараусыз қалған малдың пайда болғаны туралы ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына хабарлайды. Мұндай малды дереу ұстайды және оның кімге тиесілі екендігі анықтағанға дейін және ветеринариялық тексергенге дейін оқшаулап ұстайды.

      240. Жануарларды бір шаруашылық жүргізуші субъектіден басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге, сондай-ақ шекаралық аймақтан тыс жерге ауыстыруға клиникалық тексеруден кейін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімімен ғана жол беріледі.";

      22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-тарау. Қарасан ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      263-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "263. Карантин шарттары бойынша мыналарға:

      1) ірі қара мал мен қойларды карантин белгіленген аумақтан тыс әкетуге;

      2) ірі қара мал мен қойлардың карантин белгіленген аймаққа әкелуге және оларды осы аумақ арқылы айдауға;

      3) ірі қара мал мен қойларды сатуға, айырбастауға және шаруашылықішілік қайта топтастыруға;

      4) карантин белгіленген аумақта жиналған шөп пен басқа да азықтарды шығаруға. Мұндай азықтарды карантин белгіленген пункттің ішінде жылқыларды және иммундалған қара малды азықтандыру үшін оларды вакциналағаннан кейін кемінде күнтізбелік 14 күн өткен соң пайдаланады;

      5) ауру малдардан алынған сүтті тамаққа пайдалануға;

      6) ауру жануарларды етке союға;

      7) өлекселерді ашып қарауға және өлген жануарлардың терісін алуға;

      8) саламатсыз шаруашылық жүргізуші субъектіге бөгде адамдардың кіруіне және осы шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсетуге қатысы жоқ көліктің кіруіне;

      9) тоғандар мен басқа да су айдындарынан жануарларды жалпы суаруға;

      10) егілген және асқынуы бар малдардан алынған сүтті тамаққа пайдалануға жол берілмейді.

      Шаруашылық жүргізуші субъектіні қарасан бойынша саламатты деп жариялайды және одан карантин жануардың қарасаннан сауыққан немесе өлген соңғы оқиғасынан бастап және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 14 күннен соң алынады.";

      23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-тарау. Қой мен ешкінің секіртпесі (брадзот) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      264-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;

      бірнеше жануардың өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;";

      24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-тарау. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактия ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-тарау. Қойлар мен ешкілердің инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      282-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;

      бірнеше жануардың өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;";

      26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-тарау. Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы ("көк тіл", блютанг) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-тарау. Қойлардың инфекциялық маститі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-тарау. Қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасы (контагиозды пустулезді стоматиты және дерматиты) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      305-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;

      бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;";

      29-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-тарау. Қойлар мен ешкілер тұяқтарының шіруі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      30-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-тарау. Қойлардың баяу инфекциялары (скрепи, висна-маеди, аденоматоз) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      328-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;

      бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;";

      330-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ЖАО бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

      жаңадан сатып алынған (сатып алынған) жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны және сатылғаны туралы;

      бірнеше жануарлар өлген, бір мезгілде ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез-құлқы туралы жағдайлар және ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейін ауруға күдікті болған жануарларды оқшаулап ұстау шараларын қабылдағаны туралы хабарлайды;";

      31-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-тарау. Қойлардың күл ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      32-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-тарау. Ірі қара малдар, қойлар мен ешкілердің энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      33-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-тарау. Жылқы тұмауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      34-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-тарау. Жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      35-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-тарау. Жылқылардың сақауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      36-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-тарау. Жылқы ринопневмониясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      37-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-тарау. Жылқылардың маңқасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      38-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-тарау. Жылқылардың эпизоотиялық лимфангиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      39-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-тарау. Шошқаның атрофиялық риниті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      40-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-тарау. Шошқаның африкалық обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      426 және 427-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "426. Мемлекеттерден (шошқаның африкалық обасы бойынша саламатсыз) келетін жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиесілі жүктерді, қол жүгін, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтілімдерін тиісті шаралар қабылдау үшін ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тексеріп қарайды.

      427. Қазақстан Республикасына ауру вирусының әкеліну қаупі төнген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошақтары туындаған жағдайда, облыстардың, аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгіленген тәртіппен шошқаның африкалық обасына қарсы күрес жөніндегі арнайы комиссияларды құрады. Комиссия құрамына тиісінше жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді, олардың қатысуы шошқаның африкалық обасының алдын алу және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажет.";

      433-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "433. Карантин шарттары бойынша:

      1) жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына әкелуге, одан тысқары жерлерге әкетуге;

      2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты оларда дайындауға және олардың аумағынан шығаруға;

      3) өсімдік шаруашылығы өнімдерін олардың аумағынан әкетуге;

      4) шаруашылық жүргізуші субъектіге бөгде адамдардың кіруіне, оның аумағына көлік құралдарының кіруіне және шаруашылық жүргізуші субъектіде шошқа басын қайта топтастыруға;

      5) базарларда және басқа да сауда орындарында жануарлармен, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатпен сауда жасауға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерді (аукциондарды) және адамдар мен жануарлар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.";

      41-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "41-тарау. Шошқаның везикулярлық ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      469 және 470-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "469. Шошқаның везикулярлық ауруына күдіктенген жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы және шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринария саласындағы маман бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық дәрігеріне, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды, ауру және ауруға күдікті жануарларды оқшаулауды ұйымдастырады, оларға жеке қызмет көрсетуші персоналды бекітіп береді.

      470. Шошқаның везикулярлық ауруына күдік туралы хабарлама алған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және мемлекеттік ветеринариялық дәрігері дереу сол жерге келіп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, диагнозын анықтау және аурудың таралуына жол бермеу үшін шаралар қолдану қажет.";

      474-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "474. Карантин шарттары бойынша:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына шошқаларды әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге (жануарларды өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне әкетуді қоспағанда);

      2) саламасыз пункттен ет комбинаттарына немесе қайта өңдеуге арналған сою пункттеріне, сондай-ақ азықтарды, жабдықтар мен мүкәммалды қоспағанда, шикі шошқа етін және басқа да зарарсыздандырылмаған шошқаларды сою өнімдерін шығаруға;

      3) ветеринария саласындағы мамандардың келісімінсіз шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде шошқаларды сою және қайта топтастыруға;

      4) көлік құралдарын шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерлерге дезинфекциялық дауалаусыз шығаруға;

      5) санитариялық дауалаусыз аурудың эпизоотиялық ошағынан қызмет көрсететін персоналдың шығуына;

      6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа қора-жайларына кіруіне.

      7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ шикі түрдегі сою өнімдерін (ет, май, ливер) сатуға жол берілмейді.";

      42-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42-тарау. Шошқа дизентериясы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      43-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43-тарау. Шошқаның классикалық обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      44-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-тарау. Шошқа тілмесі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      45-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "45-тарау. Шошқалардың трансмиссивті гастроэнтериті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      46-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-тарау. Шошқалардың энцефаломиелиті (Тешен ауруы) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      532-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "532. Карантин шарттары бойынша:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына шошқаларды әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге (жануарларды өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне әкетуді қоспағанда);

      2) өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне өңдеуге шығарылатындарды қоспағанда, саламатсыз пункттен шикі шошқа етін және басқа да зарарсыздандырылмаған шошқаларды сою өнімдерін, сондай-ақ азықтарды, жабдықтар мен мүкәммалды шығаруға;

      3) ветеринария саласындағы мамандардың келісімінсіз шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде шошқаларды союға және топтастыруға;

      4) шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерлерге дезинфекциялық дауалаусыз көлікті шығаруға;

      5) санитариялық дауалаусыз аурудың эпизоотиялық ошағынан қызмет көрсетуші персоналдың шығуына;

      6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа шаруашылығы үй-жайларына кіруіне;

      7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ шикі түрдегі сойылған өнімдерді (ет, май, ливер және басқалар) сатуға;

      8) ауруға бейім жануарлар жиналатын жәрмеңкелер мен басқа да іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.";

      47-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-тарау. Дикроцелиоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      48-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-тарау. Ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің диктиокаулезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      560-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "560. Жануарларды дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар мен олардың дәрілік нысандары қолданылады.";

      49-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-тарау. Ірі қара малдың, қойлар мен ешкілердің мониезиозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      581-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "581. Жануарларды дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар мен дәрі түрлері қолданылады.";

      50-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "50-тарау. Пироплазмоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      51-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-тарау. Саркоптоидоз және демодекоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      52-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-тарау. Жануарлардың токсоплазмозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      53-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-тарау. Фасциолез бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      54-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "54-тарау. Анаплазмоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      55-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-тарау. Ірі қара малдың гиподерматозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      56-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-тарау. Ірі қара малдың тейлериозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      57-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "57-тарау. Ірі қара малдың телязиозы бойынша іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      58-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "58-тарау. Ірі қара малдың трихомонозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      59-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-тарау. Жануарлардың эймериозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      60-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "60-тарау. Псороптоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      61-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-тарау. Қой ценурозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      62-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "62-тарау. Цистицеркоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      63-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-тарау. Эхинококкоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      64-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-тарау. Жылқылардың нутталлиозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      65-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "65-тарау. Жылқылардың параскариозы (параскаридозы) бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      66-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "66-тарау. Жылқылардың күйек ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      67-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "67-тарау. Жылкының инфекциялық энцефаломиелиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      68-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "68-тарау. Жылқының африкалық обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      739 және 740-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "739. Карантин қойылған шаруашылық субъектілеріне кіретін және олардан шығатын автокөліктер мұқият дезинфекциядан өтуі тиіс. Олардағы жүктер де дезинфекцияланады.

      740. Карантин қойылған пунктте мынадай шаралар өткізіледі:

      1) бос жүрген иттерді жою;

      2) африкалық обадан өлген мал өлекселерді өртеу, жою;

      3) жылқының африкалык обасын жұқтыру күдігі бар тақтұяқтыларды басқа малдардан жеке ұстау;

      4) иттер және тақтұяқтылар, мүмкін болған кезде барлық малдар, құстарды қоса алғанда жүйелі түрде инсектициттермен өңдеу;

      5) күнделікті қора-жайлардағы ауру жануарлардың қиларын, азық қалдықтарын және төсеніштерін жинау және өртеу;

      6) гематофагтардың жиналған және қалқып шығуы мүмкін жерлерді (бұлақтардың, кішкене өзендердің, арықтардың батпақ жағалаулары, ағаштардың қуыстары, көлшіктер және басқалары) жүйелі түрде инсектицидтермен өңдеу.";

      69-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "69-тарау. Стронгилятоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      70-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-тарау. Түйелердің су-ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      71-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "71-тарау. Шошқалардың аскаридозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      72-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "72-тарау. Трихинеллез бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      73-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "73-тарау. Құстың аспергиллезі бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      74-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "74-тарау. Құстардың Марек ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      75-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-тарау. Құстардың бурсалдық ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      76-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-тарау. Үйректердің вирустық гепатиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      77-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "77-тарау. Жоғары патогенді құс тұмауы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      78-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "78-тарау. Тауықтардың жұқпалы бронхиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      79-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "79-тарау. Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      80-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "80-тарау. Құстардың кокцидиозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      81-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "81-тарау. Құстың респираторлық микоплазмозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      82-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "82-тарау. Құстардың Ньюкасл ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      887-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "887. Ньюкасл ауруына карантин қойылған құс шаруашылықтарында және елді мекендерде:

      1) құс қораларынан Ньюкасл ауруына шалдыққан құстарды шығаруға;

      2) құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарды бөгде адамдардың аралауына;

      3) құстармен және құс өнімдерімен сауда жасауға, құстарды және құс өнімдерін (тұтас ұшалар, жұмыртқалар, эмбриондар, мамықтар, қауырсындар) дайындауға, шаруашылыққа әкелуге немесе одан әкетуге жол берілмейді.";

      83-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "83-тарау. Құстар орнитозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      84-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "84-тарау. Құстардың күл ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      85-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "85-тарау. Күзеннің Алеут ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      86-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "86-тарау. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      87-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "87-тарау. Күзеннің вирустық энтериті бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      88-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "88-тарау. Қоянның миксоматозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      89-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "89-тарау. Етқоректілердің токсокарозы және токсаскаридозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      90-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "90-тарау. Етқоректі жануарлардың обасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      91-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "91-тарау. Балықтардың анизакидозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      92-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "92-тарау. Тұқы тұқымдас балықтардың аэромонозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      93-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "93-тарау. Балықтардың торсылдағының қабынуы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      94-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "94-тарау. Балықтың дифиллоботриозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      95-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "95-тарау. Тұқы тұқымдас балықтың қызамығы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      96-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "96-тарау. Балықтардың лигулезі және диграммозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      97-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "97-тарау. Описторхоз бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      98-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "98-тарау. Аралардың аурулары, ара ұясының зиянкестері бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      1090-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1090. Жануарлардың жекелеген түрлерін диагностикалық зерттеу үшін бруцеллездің мынадай диагностикалау әдістері қолданылады:

      ірі қара мал, ұсақ мал, жылқылар, түйелер – агглютинация реакциясы (бұдан әрі – АР), КБР, Роз-бенгал сынамасы (бұдан әрі – РБС);

      тұқымдық қошқар/текенің инфекциялық эпидидимитіне – КҰБР;

      шошқалар – РБС, КБР;

      маралдар – РБС;

      иттер, мысықтар, терісі бағалы аңдар – АР, КБР.

      Табынның саламаттылық мәртебесін растау үшін ПТР тәсілін қолдана отырып, биологиялық материал, түсік (іш тастау жағдайында) зерттеледі.

      Тәуекелдерді бағалау және талдау нәтижелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі бойынша табынның саламаттылық мәртебесін растау үшін биосынама қоя отырып, бактериялогиялық әдіс қолдану арқылы биологиялық материалды, түсікті (іш тастау жағдайында) зерттеуге жол беріледі.";

      1092, 1093 және 1093-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1092. Алғашқы диагностикалық зерттеулердің қорытындылары бойынша күмәнді нәтиже анықталған жағдайда, берілген сараптама актілеріне (сынақ хаттамаларына) сәйкес саламатты пункттерде (эпизоотологиялық бірліктерде):

      1) күнтізбелік 15-20 күнтізбелік күннен кейін күмәнді әсер берген жануарларды осы Қағидалардың 1090-тармағында көрсетілген әдістерді қолдана отырып, диагностикалық зерттеулер кешенімен қайта тексеру жолымен диагнозды нақтылауды;

      2) Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібіне сәйкес берілген нұсқама бойынша диагноз толық нақтыланғанға дейін барлық күмәнді әсер берген жануарларды қалған жануарлардан оқшаулауды жүргізеді.

      1093. Осы Қағидалардың 1091 және 1092-тармақтарына сәйкес диагностикалық зерттеулердің оң нәтижелері алынған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы:

      1) 3 (үш) жұмыс күні ішінде бруцеллезге оң әсер беретін жануарлар иелерін диагностикалық зерттеулер нәтижелерімен таныстырады;

      2) сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде жануарлар иелеріне барлық оң әсер беретін жануарларды қалған жануарлардан оқшаулау жөніндегі шарттарды сипаттай отырып, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама (бұдан әрі – оқшаулау туралы нұсқама) береді.

      Диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін осы Қағидалардың 1090-тармағында көрсетілген әдістерді қолдана отырып, ветеринариялық зертханадағы сол жануарлар қандарының бақылау сынамаларын қайта диагностикалық зерттеу жолымен:

      1) жануарлардың иелері оқшаулау туралы нұсқаманы алған және алғашқы диагностикалық зерттеулердің немесе оқшаулау туралы нұсқаманың "Ерекше белгілер" бағанында көрсетілген болса, осы Қағидалардың 1092-тармағына сәйкес зерттеудің нәтижелерімен танысқан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Қайталанатын диагностикалық зерттеулер алғашқы диагностикалық зерттеулер жүргізген ветеринариялық зертханада бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі;

      2) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесінің шешімі бойынша тәуекелдерді бағалау және талдау нәтижелері бойынша алғашқы диагностикалық зерттеулердің немесе осы Қағидалардың 1092-тармағына сәйкес диагностикалық зерттеудің нәтижелерімен танысқан сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Қайталанатын диагностикалық зерттеулер Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құрылған ветеринариялық зертханада бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Қайталанатын диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін жануарлар қалған жануарлардан оқшауланып ұсталады.

      1094. Егер, осы Қағидалардың 1093-тармағында көрсетілген мерзімдерде диагностикалық зерттеулердің нәтижелері дауланбаса немесе осы Қағидалардың 1093-тармағына сәйкес қайталанатын диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша бруцеллезге оң әсер беретін жануарлар анықталған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы сараптама актісі (сынақ хаттамасы) негізінде:

      1) жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді;

      2) күнтізбелік 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) (бұдан әрі – сою объектісі) жібереді.";

      1100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1100. Осы Қағидалардың 1097-тармағында көрсетілген әдістер бойынша теріс нәтиже алынған кезде мемлекеттік ветеринариялық-санитарялық инспектор:

      1) жануарлар иелеріне мал шаруашылығы қора-жайлары мен олардың аумақтарына санитариялық тазарту (механикалық тазарту), дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізу туралы нұсқама береді;

      2) күнтізбелік 15-20 күннен кейін жануарларға қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады.

      Қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ветеринариялық зертханаға қан сынамалары жіберіледі. Ветеринариялық зертханада қан сынамаларын диагностикалық зерттеу РА, КБР, РБС әдістері қолданыла отырып жүргізіледі. Қосымша диагностикалық зерттеудің нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жануарлар бруцеллезін қосымша диагностикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес ресімделеді.

      Мемлекеттік ветеринариялық дәрігер қосымша диагностикалық зерттеулер нәтижелері бойынша оң әсер беретін жануарларды анықтаған жағдайда:

      оң әсер беретін жануарлар бойынша осы Қағидалардың 1094, 1097-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар жүргізіледі;

      теріс әсер беретін жануарлар бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар жүргізіледі.

      Егер, қатарынан екі диагностикалық зерттеу жүргізу қорытындылары бойынша оң әсер беретін жануарлар анықталса, онда осы Қағидалардың 1098 және 1099-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар жүргізіледі.";

      100-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100-тарау. Ірі қара малдың лейкозы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу тәртібі";

      1195-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1195. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлар иелері ірі қара малдың лейкозының пайда болуына, таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамаларын орындайды, жануарларды клиникалық тексеру және диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін береді.";

      1196 және 1197-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1196. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі ветеринариялық іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісім бойынша ЖАО бөлімшесінің басшысы бекіткен іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      1197. Лейкозға диагноз қою үшін серологиялық, гематологиялық, клиникалық-гематологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық әдістер мен ПТР қолдануға жол беріледі.";

      1199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1199. Ірі қара малдар арасында РИД зерттеу бойынша оң нәтиже анықталған жағдайда, ИФА бойынша реакцияны ауыстыру арқылы диагнозды нақтылау жүргізіледі. Ірі қара малдың арасында ИФТ бойынша зерттеулердің оң нәтижесі анықталған жағдайда диагнозды гематологиялық әдістермен ауыстыру арқылы нақтылау жүргізіледі.";

      1202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1202. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы сараптама актісінің (сынақ хаттамасының) нәтижелері бойынша жануарлардың иелеріне оң нәтиже берген жануарларды қалған жануарлардан оқшаулау туралы нұсқама береді және 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде оларды тиісті аумақта орналасқан сою объектілеріне санитариялық сою үшін жібереді.";

      101-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "101-тарау. Сойылатын жануарларды сояр алдындағы ветеринариялық тексеріп қарау және сойылғаннан кейін ұшалары мен ішкі ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау, оларды санитариялық бағалау тәртібі";

      102-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "102-тарау. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібі";

      1382 және 1383-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1382. Жануарларды сою кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама сою алдындағы ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама және осы Қағидалардың 101-тарауында белгіленген сойылған жануарларды сою алдындағы ветеринариялық тексеру және сойғаннан кейінгі ұшалар мен органдарды ветеринариялық-санитариялық сараптау және оларды санитариялық бағалау тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

      1383. Сойылғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 102-тарауына сәйкес ұшалар мен мүшелерді таңбалау жүргізіледі.";

      1396, 1397 және 1398-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1396. ЖАО бөлімшесінің, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің басшысы ет таңбалауды жүзеге асыратын ветеринариялық дәрігерлерге жеке нөмір бере отырып, олардың тізімін қалыптастырады.

      1397. Белгіленген нысандардағы және өлшемдердегі ветеринариялық таңбалар мен мөртабандар ет бетінде анық таңбалануы үшін белгіленген тәртіппен ЖАО бөлімшесі басшысының жазбаша келісімімен, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесі басшысының жазбаша келісімімен терең ойылған жиекті цифрлардан және әріптерден жасалады.

      1398. Ветеринариялық таңбалар етті таңбалауға құқық алған ветеринариялық дәрігерде олардың заңсыз пайдаланылуын мүлдем болдырмайтын жағдайларда сақталады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі