Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7519 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

      2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Ірі қатысушы белгісін иеленетін тұлғаларға, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы"

      2008 жылғы 28 қарашадағы № 193 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5473 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 32 қаулысымен
бекітілген

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерін жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі - Сақтандыру туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына, банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңінде уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің әрекеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қаржы ұйымы – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы;

      2) қаржы ұйымының акциялары – банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы не банк холдингi белгілеріне ие тұлғаға тиесілі банк акциялары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысына, сақтандыру холдингiне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы, сақтандыру холдингi белгілеріне ие тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары, iрi қатысушыға не инвестициялық портфельді басқарушының iрi қатысушысы белгілеріне ие инвестициялық портфельді басқарушының акциялары;

      3) сенімгерлік басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) немесе ұлттық басқарушы холдинг.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару Банктер туралы заңның 47-1-бабының 3-тармағында, Сақтандыру туралы заңның 53-4-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Кодекс) 44-тарауының және Қағидалардың талаптарын ескере отырып, Ұлттық Банктің шешімі негізінде тағайындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ұлттық Банктің қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімінде мыналар:

      1) сенімгерлік басқаруды тағайындау негізі;

      2) сенімгерлік басқарушының атауы;

      3) сенімгерлік басқаруға берілетін қаржы ұйымы акцияларының саны мен түрі;

      4) сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім;

      5) сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқарушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша барлық мекемелер мен ұйымдарда оның мүдделерін білдіруге, сенімгерлік басқарушының мүдделері үшін барлық қажетті іс-әрекеттер жасауға (қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырған жағдайда) уәкілетті еткен тұлғаның (тұлғалардың) тегі (тектері), аты (аттары), бар болса – әкесінің аты (әкелерінің аттары), жеке басын (бастарын) куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері, жұмыс орны және атқаратын қызметі(қызметтері) көрсетіледі.

      4. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешім қабылданған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және:

      1) қаржы ұйымының;

      2) сенімгерлік басқару тағайындалатын қаржы ұйымы акцияларының меншік иесінің;

      3) Ұлттық Банк қаржы ұйымының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда ұлттық басқарушы холдингтің;

      4) сенімгерлік басқару тағайындалатын орталық депозитарийдің және (немесе) қаржы ұйымының акцияларын номиналды ұстаушының;

      5) қор биржасының (сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) атына жазбаша хабарлама жіберу жолымен жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей (ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарушы болып табылған жағдайда - қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей) қаржы ұйымының акцияларын ұстаушылар тізілімдерін жүргізу жүйесіне (номиналды ұстау жүйесіне) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу операциясын тіркеу үшін орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға) құжаттар береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Орталық депозитарий (номиналды ұстаушы) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (алып тастау) операциясын Ұлттық Банктің қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы шешімі және сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны қаржы ұйымы акцияларының меншік иесінің жеке шотына (шоттарына (шоттарынан)) енгізу (алып тастау) туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде осы акциялардың меншік иесі жасауы мүмкін іс-әрекеттерді жасайды және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      Сенімгерлік басқарушы үшінші тұлғаларға ақпарат ашуды Кодекстің 830-бабына, Банктер туралы заңның 50-бабына, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқару кезеңінде, бірақ сенімгерлік басқару мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акциялары меншік иесінің өзіне тиесілі қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген барлық акцияларын сату туралы өтінішхатын (бұдан әрі – өтінішхат) ұсынуға жол беріледі.

      Өтінішхатта қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын сатып алуға ниет білдірген тұлға (тұлғалар) туралы және осы тұлға (осы тұлғалар) сатып алуға ниет білдірген акциялардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Өтінішхат Ұлттық Банкке мыналар:

      1) Банктер туралы заңның 17-1-бабының, Сақтандыру туралы заңның 26-бабының және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабының талаптарына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі не сақтандыру холдингі) мәртебесін алуы үшін қажетті құжаттар;

      2) Банктер туралы заңның 47-1-бабының 2-тармағына, Сақтандыру туралы заңның 53-4-бабының 2-тармағына және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабының 2-тармағына сәйкес өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) уәкілетті органның талаптарын орындағанын растайтын құжаттар;

      3) қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларының меншік иесі мен өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) арасында жасалған, өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда оның күшіне енетіні көзделген сатып алу - сату шарты қоса беріліп ұсынылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      10. Ұлттық Банк өтінішхатта көрсетілген акцияларды иеленушілер Банктер туралы заңның 47-1-бабы 2-тармағының, Сақтандыру туралы заңның 53-4-бабы 2-тармағының және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-3-бабы 2-тармағының талаптарын орындаған жағдайда өтінішхатты қанағаттандырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Өтінішхат қанағаттандырылған жағдайда және өтінішхатта көрсетілген тұлға (тұлғалар) Ұлттық Банктің қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін алғаннан кейін өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта қаржы ұйымының акцияларын сату жүзеге асырылады.

      Қаржы ұйымының акцияларына ақы төлеу өтінішхатта көрсетілген тұлғаға (тұлғаларға) Банктер туралы заңның 17-1-бабында, Сақтандыру туралы заңның 26-бабында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 72-1-бабында көзделген жағдайларда уәкілетті органның қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк немесе сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат жіберілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Сенімгерлік басқарушы өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқарушы қаржы ұйымының сенімгерлік басқаруға берілген акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару туралы бұйрықты (бұйрықтарды) орталық депозитарийге (номиналды ұстаушыға) береді.

      Егер өтінішхатта көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) акцияларға ақы төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғаннан кейін ұсынылған жағдайда, қаржы ұйымының акцияларын олардың меншік иесінің шотынан есептен шығару және көрсетілген тұлғаның (тұлғалардың) шотына (шоттарына) аудару Ұлттық Банктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің бұйрығы (бұйрықтары) негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 246 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      12. Қаржы ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруға беру негіздері сенімгерлік басқару тағайындалған мерзім аяқталғанға дейін жойылмаған, уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте өтінішхатты алмаған не қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда осы акцияларды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында ашық сауда-саттық әдісімен сату жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, дауыс беретін акциялардың жалпы санының 10 (он) және одан жоғары пайызы мөлшерде акцияларды сату кезінде сауда-саттыққа қаржы ұйымының iрi қатысушысы (банк не сақтандыру холдингі) мәртебесін алуға Ұлттық Банктің алдын ала келісімін алған тұлғалар қатысады.

      13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген қаржы ұйымының акцияларын сату мәмілесінің (мәмілелерінің) параметрлерін, сондай-ақ қызметтерін пайдалану арқылы акцияларды сату жүзеге асырылатын брокерді Ұлттық Банк немесе Ұлттық Банкпен келісе отырып, ұлттық басқарушы холдинг айқындайды.