"Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығына өзг

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19142 болып тіркелді

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11975 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мынадай:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Ең төмен зейнетақы мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.;

      көрсетілген бұйрыққа 1, 3, 4, 5, 6, 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрыққа 2, 8, 9-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 387 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
1-қосымша

"Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      3) Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

      4) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек қызметкері қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшерін айқындайды.

      4. "Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Айлық жалақының ең төмен
мөлшері" ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

"Айлық жалақының ең төмен мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Айлық жалақының ең төмен мөлшері

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

1. Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Айлық жалақының мөлшері ең жоғары мөлшермен шектелмейді.
2. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 387 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
3-қосымша

"Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарты күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақытын айқындайды.

      4. "Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Күнделікті жұмыстың
(жұмыс ауысымының)
ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша

"Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабының 1-тармағы және 71 бабының 4-тармақтары

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

Күнделікті жұмыстың ұзақтығы 8 сағаттан аспайды.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.

2


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 73-бабы

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және ауысымдық кесте бойынша жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

Жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелеріне сәйкес

3


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы

он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер

он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын;
он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

4


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлер

өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.

5


Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 69-бабы

Бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлер

Аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс. Бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскердің күнделік жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 7 сағаттан аспауға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 387 бұйрығына 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
4-қосымша

"Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі - Еңбек кодексі);

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарты жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысының ұзақтығын айқындайды.

      4. "Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Жыл сайынғы негізгі
ақылы еңбек демалысы"
ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

"Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 88-бабы

Жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болатын және жұмысты тікелей жеке еңбек шарты бойынша орындайтын жеке тұлғалар

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 387 бұйрығына 4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
5-қосымша

"Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен элеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарты жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды:

      1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;

      2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады.

      4. "Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Ең төмен күнкөріс
деңгейінің шамасы"
ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

"Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы (бұдан әрі - ЕТДШ)

"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы

Жеке тұлғалар

ЕТДШ жыл сайын инфляцияның болжамдық деңгейі ескеріле отырып айқындалатын және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің нормативін қамтиды және мыналарды:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін;
2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды белгілеу үшін негіз болып табылады.
ЕТДШ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган азық-түлік себетінің құны (бұдан әрі - АСҚ) мен азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстарын (бұдан әрі - АЕТҚ) қосып мынадай формула бойынша есептейді:
ЕТКД = АСҚ + АЕТҚ.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 387 бұйрығына 5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
6-қосымша

"Ең төмен зейнетақы мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң);

      3) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы;

      4) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Ең төмен зейнетақының мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерін айқындайды.

      4. "Ең төмен зейнетақының мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Ең төмен зейнетақының
мөлшері" ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

"Ең төмен зейнетақының мөлшері" ең төмен әлеуметтік стандарты

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Ең төмен зейнетақының мөлшері

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар

Ең төмен зейнетақының мөлшері жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 387 бұйрығына 6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 631 бұйрығына
7-қосымша

"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі:

      1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

      2) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемін айқындайды.

      4. "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартына қосымшада көрсетілген.

  "Арнаулы әлеуметтік
көрсетілетін қызметтердің
кепілдік берілген көлемі"
ең төмен әлеуметтік
стандартына
қосымша

"Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі" ең төмен әлеуметтік стандарты

Норманың/нормативтің атауы

Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары

Норманың/ нормативтің мөлшері

1

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі

"Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 21 бабы

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы)

1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қызмет алушылардың мынадай:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға;
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар;
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар;
7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесі "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы №330 қаулысымен айқындалған және
1) әлеуметтік-тұрмыстық;
2) әлеуметтік-медициналық;
3) әлеуметтік-психологиялық;
4) әлеуметтік-педагогикалық;
5) әлеуметтік-еңбек;
6) әлеуметтік-мәдени;
7) әлеуметтік-экономикалық;
8) әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.