Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 189 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қарашада № 19643 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 271 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17752 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 82 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18823 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2019 жылғы 12 қарашадағы
№ 189 қаулысымен
бекітілді

Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алқалы орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) уәжді пайымдауды қабылдайтын органы, оның құрамы мен қызмет тәртібін уәкілетті органның Басқармасы бекітеді;

      2) қадағалау бөлімшесі - уәкілетті органның қаржы ұйымдарының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын және уәкілетті органның уәжді пайымдауының жобасын қалыптастыратын бөлімшесі;

      3) уәжді пайымдау - уәкілетті органның алқалы органның негізделген кәсіби пікірі, ол Заңда және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) заңдарда көзделген жағдайларда қадағалап ден қою шараларын қолдану және шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.

      3. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға қатысты, қаржы ұйымдары депозиторларының, кредиторларының, сақтанушыларының, клиенттерінің, инвесторларының және корреспонденттерінің заңды мүдделерін қорғау, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, қаржылық жағдайының нашарлауына және олардың қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ ерте араласу және уақтылы қадағалау әрекеттерін қабылдау мақсатында қалыптастырады және пайдаланады.

      Осы Қағидалардың ережелерін қолдану кезінде:

      Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалар деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары түсініледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының меншікті капиталы деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтері түсініледі.

      Уәжді пайымдауды пайдалану кезінде Заңның 13-5-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген қағидаттар сақталады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Уәкілетті орган уәжді пайымдауды Заңның 13-5-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда пайдаланады.

2-тарау. Уәжді пайымдауды қалыптастыру тәртібі

      5. Уәжді пайымдаудың жобасын әзірлеуді қадағалау бөлімшесі жүзеге асырады.

      6. Уәжді пайымдаудың жобасы Заңның 13-5-бабы 3-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа негізделеді.

      Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдаудың жобасын әзірлеу кезінде орынды және сенімді ақпаратты пайдаланады. Бұл ретте ауызша ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.

      Егер ақпаратта уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін мәні бар жағдайлардың болуы туралы тұжырымдар расталатын, жоққа шығарылатын не күмән келтірілетін фактілер туралы мәліметтер болса, ол орынды болып табылады.

      Егер қадағалау органы ақпаратты заңды тәсілмен түрлі көздерден алса және негізінде қадағалау органы уәжді пайымдауды қалыптастыру үшін мәні бар жағдайлардың болуын немесе болмауын белгілейтін фактілер туралы мәліметтерді білдірсе, сондай-ақ құжаттама түрінде расталса ол сенімді болып табылады.

      7. Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдаудың жобасын әзірлеу кезінде қадағалап ден қою шараларын қолдану үшін Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың түсіндірмелерін олар болған кезде назарға алады. Көрсетілген түсіндірмелерді алу үшін қадағалау бөлімшесі тиісті сұрату жібереді. Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның түсіндірмелерді уәкілетті орган белгілеген және сұрату алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне аз болатын мерзімде ұсынбауы олардың болмауы болып саналады.

      8. Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдаудың жобасын Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаға жібереді, ол оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қадағалау бөлімшесіне уәжді пайымдаудың жобасымен келісетіні не келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынады.

      Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның белгіленген мерзімде уәжді жауап ұсынбауы осы тұлғаның уәжді пайымдаудың жобасымен келісуі деп саналады.

      9. Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлға уәжді пайымдаудың жобасымен келіспейтіні туралы уәжді жауапты ұсынған жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдау жобасын алқалы органының қарауына шығару қажеттігін айқындайды.

      Қадағалау бөлімшесі уәжді пайымдау жобасын алқалы органының қарауына шығарған кезде, оған Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның уәжді пайымдау жобасымен келісетіні немесе келіспейтіні туралы уәжді жауабын (ол болса) қоса алғанда, материалдар (құжаттар) қоса беріледі.

      10. Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның өтінішхаты бойынша алқалы орган алқалы органның отырысына Заңның 13-5-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаның өкілдерін және (немесе) уәкілетті орган аккредиттелген, қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерін шақырады.

      11. Уәжді пайымдаудың жобасын және оған қоса берілген материалдарды (құжаттарды) қарау нәтижелері бойынша алқалы орган төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) уәжді пайымдау;

      2) уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану үшін негіздердің болмауы немесе жеткіліксіз болуы туралы шешім.

3-тарау. Уәжді пайымдауды пайдалану тәртібі

      12. Іскерлік беделді бағалау бойынша уәжді пайымдау алқалы органның:

      1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк холдингінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкер лауазымымен айналысуға кандидатта;

      2) банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы, сақтандыру холдингі құратын, иеленетін еншілес ұйымның басшы қызметкерінде (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылған кандидатта);

      3) банк, банк холдингі, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы, сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысуды иеленетін ұйымның басшы қызметкерінде (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылған кандидатта);

      4) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін өтініш берушіде (жеке тұлға үшін) не өтініш берушінің басшы қызметкерінде (заңды тұлға үшін) мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның іскерлік беделін бағалау кезінде мынадай жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар қаралады:

      1) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарысы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы;

      2) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жеке тұлғаның жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарысы сыбайлас жемқорлық және өзге қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты қылмыстық процеске айыпталушы, сотталушы ретінде қатысуы;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасының не өзге мемлекет заңнамасының Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға айналысқан (айналысатын) кәсіби қызмет реттелетін талаптарының бұзылуы;

      4) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның Қазақстан Республикасында қолданылатын халықаралық кәсіби стандарттардың әдеп, мүдделер қақтығысын алдын алу бөлігіндегі талаптарын орындаудан жалтаруы;

      5) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлға заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі қызметі және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесінде болған кезеңде немесе оның осы заңды тұлғаның лауазымды тұлғасы ретіндегі өкілеттіктері тоқтатылғаннан және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) мәртебесі жойылғаннан кейін 2 (екі) жыл ішінде осы тұлға лауазымды тұлғасы және (немесе) ірі акционері (ірі қатысушысы) болып табылған заңды тұлғаның төлем жасауға қабілетсіз деп танылуы;

      6) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғамен жасасқан еңбек шартының теріс себептер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы;

      7) Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тұлғаның өзіне (өзінің жеке басына, кәсіби қызметіне, олармен үлестес тұлғаларға) немесе өзінің мүлкіне қатысты дәйексіз ақпаратты ұсынуы не осындай ақпаратты ұсынудан жалтаруы.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері сондай-ақ шет мемлекеттердің аумағында орын алатын (орын алған) жағдайларға, фактілерге және (немесе) жағдаяттарға қолданылады.

      14. Қаржылық жағдайды бағалау бойынша уәжді пайымдау алқалы органның банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленген өтініш берушіде орнықсыз қаржылық жағдайының болуы не болмауы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.

      15. Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың қаржылық жағдайын бағалау кезінде мынадай жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар қаралады:

      1) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғаға қатысты Заңның 13-5-бабы 2-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген рұқсат ету құжаттарын беруге арналған өтініш беру күні немесе оны қарау кезеңінде орындалмаған борышты өндіріп алу туралы соттың шешімі бар болса не Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғаның мерзімі өткен немесе мерзімдерін бұза отырып орындалған 100 000 000 (бір жүз) миллион теңгеден астам мөлшерде міндеттемелері бар болса;

      2) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген заңды тұлға қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты кредиторлар алдындағы өздерінің міндеттемелеріне қайта құрылымдау жүргізген;

      3) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген заңды тұлғаға қатысты жедел оңалту рәсімі, оңалту рәсімі немесе төлемге қабілетсіздікті реттеу рәсімі қолданылған;

      4) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жеке тұлға экономикалық қызмет саласында жеке басқа қарсы, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік басқарудың мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық процесте айыпталған не сотталушы ретінде танылған болса;

      5) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлға Банктер туралы заңның 47-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 53-4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 72-3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген уәкілетті органның талаптарына сәйкес олардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушыны қосымша капиталдандыруды қамтамасыз етуге жеткілікті мүлікке және (немесе) ақшаға ие болмаса;

      6) Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген заңды тұлғаның міндеттемелерінің меншікті капиталға қатынасы 5-тен (бестен) астам, қаржы ұйымы үшін - 10-нан (оннан) астам болса.

      16. Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға ретінде тұлғаларды тану туралы уәжді пайымдау мынадай жағдайларда алқалы органның банкпен ерекше қатынастар арқылы тиісті тұлғаның байланыс белгілерінің болуы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады:

      1) банк, банктің ірі қатысушысы, банк конгломератының қатысушысы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес заңды тұлғаны бақылайтын болса;

      2) жеке және заңды тұлғаның ақшалай ағындары және (немесе) негізгі міндеттемелері банкпен және (немесе) банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әкелетін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәмілелер нәтижесінде туындайтын болса;

      3) банктік қарызды алу және (немесе) оны пайдалану мақсаты шаруашылық қызметтің сипатына және (немесе) қарыз алушы жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінің және (немесе) осындай тұлғаның бизнес-жоспарына қарай олардың қажеттілігіне сәйкес келмесе;

      4) қарыз алушы заңды тұлға меншігінің құрылымы туралы ақпаратты қарыз алушы заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (акциялар номиналдық ұстауда болатын жағдайларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің 10 (он) пайызынан асатын барлық соңғы бенефициарларды және (немесе) қатысушыларды анықтау мүмкін емес болса;

      5) жеке немесе заңды тұлғаның қамтамасыз етуді есептегендегі күтілетін ақшалай ағындары банктік қарызды беру туралы шешім қабылданған күні (банк активтерінің сапасын жақсарту мақсатында банк шаралар қабылдайтын жағдайларды қоспағанда) ол бойынша міндеттемелерді өтеу үшін жеткіліксіз болса;

      6) өкілеттіктеріне активтерді иеліктен шығару, кепіл нысанасын өзгерту және кепілді тоқтату туралы шешімдер, банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беру туралы шешімдер қабылдау кіретін банктің тиісті органының қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғамен мәміле бойынша шешімі (банк алдында кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерін өтеу, банктің кепілді өндіріп алуы, кепіл нысанасын соған тең кепілге ауыстыру жағдайларын қоспағанда) банктің ішкі құжаттарында көзделген жасалатын мәмілелерге банктің қоятын талаптары айтарлықтай бұзыла отырып қабылданса, банк үшін айтарлықтай тәуекелдерге әкелетін болса немесе әкелсе;

      7) қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптары қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарын орындау жөніндегі жауапкершілігін шектеудің іскерлік айналым дәстүрлеріне сәйкес келмеуін болжаса, басталуы қарыз алушы жеке немесе заңды тұлғаның міндеттемелерінің толық немесе бір бөлігін тоқтататын оқиғаларды көздесе және банк үшін айтарлықтай тәуекелдерге әкелетін болса немесе әкелсе;

      8) банктің жеке немесе заңды тұлғамен жасайтын мәмілесінің талаптары Банктер туралы заңның 40-бабының 2-тармағында, Қағидалардың 21-тармағында көзделген жеңілдік талаптарымен мәмілелерді тануға арналған өлшемшарттарға және Банктер туралы заңның 40-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жеңілдік талаптарымен қосымша өлшемшарттарға сәйкес келетін мәмілелердің талаптары.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларды, егер мәміленің мөлшері, оның ішінде сол бір тұлғамен бірнеше мәміле мөлшері:

      меншікті капиталының мөлшері қоса алғанда 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеге дейінгі банктер үшін - банктің шешім қабылданған күнгі меншікті капиталының 2 (екі) пайызынан асатын;

      меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін - банктің шешім қабылданған күнгі меншікті капиталының 1 (бір) пайызынан асатын болса, қадағалау бөлімшесі қарастырады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар мәмілелердің көрсетілген мөлшерінен жалтаруды көздейтін мәмілені (мәмілелерді) жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды.

      Банкте және (немесе) тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тұлғамен жасасқан мәмілелерден тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың барабар және тиімді жүйесі болған кезде, мұндай тұлға банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып танылмайды.

      17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға ретінде тұлғаларды тану туралы уәжді пайымдау мынадай жағдайларда алқалы органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы тиісті тұлғаның байланыс белгілерінің болуы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру тобының қатысушысы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес заңды тұлғаны бақылайтын болса;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді иеліктен шығару туралы шешімдер өкілеттігіне кіретін тиісті органының шешімін, жеке және заңды тұлғамен мәмілелер жасау, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәмілелер жасау туралы шешімдерді сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі құжаттарында көзделген жасалынған мәмілелерге талаптарын айтарлықтай бұза отырып қабылдаса және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін айтарлықтай тәуекелдерге әкелетін болса немесе әкелсе;

      3) тұлғамен жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты сақтандыру жағдайының басталғандығын және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды алып тастайтын талаптарды қамтитын болса;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеке немесе заңды тұлғамен Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-1-бабы 2-тармағында, Қағидалардың 21-тармағында көзделген жеңілдік талаптарымен мәмілелерді тануға арналған өлшемшарттарға және Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жеңілдік талаптарымен қосымша өлшемшарттарға сәйкес келетін мәмілелердің талаптары.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында және (немесе) тұлғада осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда тұлғамен жасасқан мәмілелерден тәуекелдерді барынша азайтуға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың барабар және тиімді жүйесі болған кезде, мұндай тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып танылмайды.

      18. Қағидалардың 16-тармағының 1) тармақшасында және 17-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда тұлғаны банкпен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға ретінде тану туралы уәжді пайымдауды қалыптастыру кезінде уәкілетті орган болса, тәуелсіз сарапшының, оның ішінде банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тартқан сарапшының пікірін қарайды.

      19. Қағидалардың 16 және 18-тармақтарында белгіленген ережелер Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарына, банк холдингтеріне (банк холдингі немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын және Банктер туралы заңның 40-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында белгіленген талаптар, сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын және Сақтандыру қызметі туралы заңның 15-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін және банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтары болып табылатын сақтандыру холдингтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне қолданылады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдік талаптарын беру фактісін белгілеу туралы, сондай-ақ банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған мәмілелерді жеңілдік талаптары бар мәмілелерге жатқызу туралы уәжді пайымдау мәміле мөлшері банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы экономикалық талдауға жатпайтын мәмілелердің осындай түрі үшін белгілеген ішкі лимиттен асып кеткен жағдайда алқалы органның ерекше қатынастар арқылы тұлғаларға банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жеңілдік талаптарын беруді көрсететін белгілерінің болуы туралы негізделген кәсіби пікірі болып табылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Банктегі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын бағалау бойынша уәжді пайымдау банктегі тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасы туралы алқалы органның негізді кәсіби пікірі болып табылады және:

      1) таңдап алынған бизнес-модель мен даму стратегиясының сәйкестігіне қатысты банктің тәуекел профилі мен тәуекел дәрежесі (тәуекелдің рұқсат етілген мөлшерінің);

      2) банк бюджетінің банктің стратегиясында, бизнес моделінде айқындалған экономикалық мақсаттарға және банк қабылдаған тәуекелдерге сәйкестігіне қатысты стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды;

      3) банктің негізгі қаржы көрсеткіштерін:

      бюджетті қалыптастыру кезінде пайдаланылатын жорамалдардың (активтердің, міндеттемелердің, капиталдың (пайда мен зиянның) жоспарлы көлемін арттыру немесе төмендету) барабарлығына;

      бюджеттің нақты көрсеткіштерге сәйкестігін талдаудың болуына қатысты болжау сапасын;

      4) банктің тәуекел-тәбеті дәрежесінің біріктірілген деңгейін (деңгейлерін) және тәуекелдің әр түрі бойынша тәуекел-тәбеті дәрежесінің деңгейін:

      тәуекел-тәбеті дәрежесінің белгіленген деңгейін (деңгейлерін) өтеу үшін меншікті капитал мен өтімділіктің қажетті деңгейінің болуына;

      лимиттердің көп деңгейлі жүйесі шеңберінде тәуекелдердің әр түріне сандық және сапа лимиттердің шекті мәнінің барабарлығына қатысты айқындау әдістемесін;

      5) банктің корпоративтік басқару жүйесінің:

      корпоративтік басқарудағы мүдделер қақтығысын реттеу бойынша шаралардың болуына және сақталуына;

      тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын банктің бөлімшелері дайындаған олар туралы жазбаша ақпарат бар, айтарлықтай тәуекелдер болған кезде мәмілелер жасау немесе операциялар жүргізу туралы шешімдер қабылдау фактілерінің болуына қатысты сапасын бағалау үшін пайдаланылады. Осы абзацтың ережелері мөлшері:

      меншікті капиталының мөлшері қоса алғанда 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеге дейінгі банктер үшін - шешім қабылданған күнгі банктің меншікті капиталынан 1 (бір) пайыздан асатын;

      меншікті капиталының мөлшері 100 000 000 000 (бір жүз миллиард) теңгеден асатын банктер үшін - шешім қабылданған күнгі банктің меншікті капиталынан 2 (екі) пайыздан асатын мәмілеге немесе мәмілелер жиынтығына қолданылады;

      6) банктің қызметіне тән тәуекелдерді өтеу үшін:

      тәуекелдерді бағалау сапасына;

      меншікті капиталдың жеткіліктілігін бағалауда стресс-тестілеу нәтижелерінің болуына;

      меншікті капиталдың жеткіліктілігін айқындау процесінде тиісті тәуекел профильді қолдануға;

      стрестік жағдайларда клиенттердің әлеуетті кетуін бағалау кезіндегі жорамалдардың барабарлығына және өтімді активтердің оларды өтеу мақсатында қажеті деңгейін бағалаудың барабарлығына қатысты меншікті капитал мен өтімділіктің жеткіліктілігін айқындаудың ішкі рәсімдерін;

      7) банктің қызметіне тән ішкі саясаттарды, сол сияқты тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдерді:

      регламенттелген рәсімдерді сақтауға;

      жасалатын мәмілелер бойынша ішкі саясатты сақтауға, оның ішінде ерекшеліктердің болуына, банк бекіткен рәсімдер мен саясаттарға сәйкес келмейтін мәмілелерді жасасу туралы директорлар кеңесін хабардар ете отырып, осындай ерекшеліктерді құжаттамалауға қатысты іске асыруды;

      8) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды:

      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер үшін, оларға жеңілдік талаптарын беруге тыйым салуды қоса алғанда, тиісті шектеулердің болуына және сақталуына;

      мәмілелерді жеңілдік талаптармен жасасуға және кредиттік тәуекелінің шоғырлануын ұлғайтуға жол бермеу мақсатында, қажетті ақпарат болған кезде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларды анықтауға;

      банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер туралы ақпаратты жария етуге қатысты айқындау бойынша рәсімдерді;

      9) банк кепілге қабылдаған мүлікті:

      кепілдің нарықтық құнын айқындау әдістемесінің дұрыстығына, даулы жағдайлар болған кезде тәуелсіз бағалауды қолдануды ескере отырып, банктік қарыз берген және резервтерді (провизияларды) қалыптастырған кезде есепке алынатын нарықтық құнның дұрыстығына;

      кепіл мәнін өндіріп алу бойынша мерзімдерді сақтауға;

      кепіл шартының қолданыс мерзімінің қарыз алушының (қоса қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілгердің) қаржылық жай-күйін ескере отырып берілетін қаржыландырудың құрылымына сәйкестігіне;

      кепіл мәнін өндіріп алу құқығын іске асыру мүмкіндігіне қатысты талдау бойынша рәсімдерді;

      10) банктің кредиттік тәуекелін:

      кредиттеудің ішкі саясаттарының және рәсімдерінің болуына және сақталуына;

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері бар активтерді анықтау бойынша, оның ішінде банктің директорлар кеңесіне көрсетілген активтер бойынша ақпаратты беру, оларды басқару бойынша шаралар қабылдау бойынша рәсімдердің болуына және сақталуына;

      қарыз алушылардың бизнес-жоспарларын бағалау үшін пайдаланылатын жорамалдардың барабарлығына;

      жеке банктік қарыздарға мониторингтің кезеңділігіне;

      қаржылық жай-күйінің нашарлау белгілері бар қарыз алушыларға мониторинг жүргізудің жиілігі мен толықтығының жеткіліктілігіне;

      кредитті басқару рәсімдерінің болуына және оны банктің сақтауына;

      шетел валютасында банктік қарыз алған қарыз алушының қарыз валютасы бағамының өзгеруіне барабар ден қою мүмкіндігінің болуына қатысты басқарудың тиімділігін;

      11) банктің қарыз алушыларын:

      банктің қарыз алушыларын рейтингтік бағалаудың (скорингтің) пайдаланылатын модельдерінің барабарлығына;

      олардың өзекті болуын қолдау мақсатында, оның ішінде берілетін үлестер, баллдар бойынша банктің қарыз алушыларын рейтингтік бағалаудың (скорингтің) пайдаланылатын модельдеріне өзгерістер енгізудің уақтылығына;

      банктің қарыз алушыларын рейтингтік бағалау (скорингтің) модельдерін кезеңдік валидациялауды жүзеге асыруға қатысты ішкі рейтингтік бағалау (скорингтің) сапасын;

      12) қалыптастырылған провизиялар (резервтер) мөлшерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкестігін;

      13) қаржы құралдарының әділ құнын олардың құнын барабар көрсетуге қатысты айқындау әдістемесін;

      14) банктің қорландыру стратегиясының:

      түрлері, валюталар, мерзімдері бойынша қорландыру көздерін әртараптандырудың жеткіліктілігі мен қажеттілігіне;

      қорландырудың құрылымында жоғары шоғырландырудың болуына;

      қорландырудың балама көздерінің болуына;

      мерзімдері мен валюта бойынша активтер мен пассивтер арасындағы бақыланбайтын айтарлықтай айырмалардың болуына қатысты тиімділігін;

      15) банктің өтімділігін:

      көзделмеген әкетулерді ескере отырып өтімді құралдарға деген күнделікті қажеттілікті қоса алғанда, төлемдер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау үшін өтімді активтер деңгейінің жеткіліктілігіне;

      өтімді активтер құрамына ағымдағы нарықтық жағдайда қысқа мерзімде іске асыру үшін қолжетімді құралдарды қосудың негізділігіне;

      қорландырудың әкетілуін жоспарлаудың дұрыстығына қатысты басқару рәсімдерін;

      16) банктің тәуекелдердің ішкі және (немесе) сыртқы индикаторларының өзгеруіне уақтылы ден қоюға бағытталған:

      ертерек ескерту жүйесі көрсеткіштерінің, оның ішінде тәуекелдер деңгейінің ұлғаюына әлеуетті ықпал ететін банкке қолжетімді ақпаратты есепке алудың дұрыстығына;

      ертерек ескерту жүйесі шеңберінде анықталған тәуекел артқан кезде банктің іс-әрекетінің барабарлығына;

      ертерек ескерту жүйесінің белгіленген деңгейлерінен асқан кезде бекітілген іс-шаралардың уақтылығына және тиімділігіне қатысты ертерек ескерту жүйесі жұмысының тиімділігін;

      17) банкті:

      жоспарда банктің қызметіне тән тәуекелдерді іске асыру кезінде меншікті капиталдың өтімділігі мен жеткіліктілігін қалпына келтіру бойынша тиімді және негізді шаралар тізбесінің болуына;

      стрестік сценарийлерді, алдын ала болжанбаған жағдайларды іске асырудың расталған ықтималдығына;

      банк қызметін қалпына келтіру үшін қажетті ресурстарды, олардың барабарлығын айқындауға қатысты алдын ала болжанбаған жағдайларда қаржыландыру және қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын;

      18) банктің операциялық тәуекелін:

      бизнестің негізгі бағыттары, көрсетілетін қызметтер, процестер және ақпараттық жүйелер бойынша операциялық тәуекелді бағалау рәсімдерінің болуына және сақталуына;

      жаңа қаржылық қызметтерді және өнімдерді енгізу кезінде операциялық тәуекелді бағалау рәсімдерінің болуына және сақталуына;

      операциялық тәуекелді тиімді анықтау мақсатында қажетті құралдардың және оны басқару жөніндегі шаралардың болуына;

      операциялық тәуекелді іске асыру және оларды азайту жөніндегі шараларды іске асыру салдарынан болған ірі зиян фактілерін құжаттамалауға қатысты басқару рәсімдерінің тиімділігін;

      19) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында банктің:

      қаржы ұйымының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыру тәуекеліне ұшырағыштығына;

      клиентті (оның өкілін) және меншік иесінің бенефициарын сәйкестендіру рәсімінің барабарлығына, клиент типі бойынша қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелін бағалау барабарлығына;

      қаржы мониторингі жүргізілуі тиіс операцияларды анықтауға;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бөлімшелердің өзара іс-қимылының тиімділігіне;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін барынша азайту үшін банктердің қабылдаған шараларының барабарлығы және жеткіліктілігіне;

      ұсынылатын қызметтердің, сондай-ақ оларды ұсыну тәсілдерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекеліне ұшырағыштығына қатысты тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін;

      20) банкте:

      қолданылатын сценарийлердің толықтығы, дұрыстығы және негізділігіне;

      сценарийлер шеңберіндегі сыртқы және ішкі көрсеткіштердің болжамды өзгеруінің өзектілігіне;

      стресс-тестілеу жүргізу модельдері мен өткізу рәсімдерінің барабарлығына;

      стресс-тестілеу нәтижелерін банктің тәуекелдерді басқару жүйесінде және басқарушылық шешімдер қабылдауда (қажет болғанда) қолдануына;

      тәуекел-факторлардың өзгеруінің банктің активтері мен пассивтерінің құрылымымен өзара байланысы (ара қатыстылығы) болуына қатысты стресс-тестілеуді;

      21) банктің қызметіне тән тәуекелдер бойынша басқарушылық ақпарат жүйесінің банктің алқалы органы ұсынатын ақпаратының шынайылығы, толықтығы, уақтылығы, сондай-ақ көрсетілген ақпаратта басқарушылық шешімдер қабылдау үшін тәуекелдердің толық көрсетілуіне қатысты сапасын;

      22) үш қорғау желісінің:

      екінші және үшінші қорғау желілері бөлімшелерінің тәуелсіздігі және қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігіне;

      үш қорғау желісі қатысушыларының арасында мүдделер қақтығысын реттеу бойынша шаралардың болуы және сақталуына және (немесе) оның қатысушыларының функционалдық міндеттерді қоса атқаруына қатысты жұмыс істеу тиімділігін;

      23) ішкі бақылау рәсімдерінің:

      банктің ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасының банктік заңнама талаптарына сәйкес келуіне және (немесе) банктің ішкі құжаттарын Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына уақытында сәйкестендірмеуге;

      банктің белгіленген ішкі рәсімдерін сақтамай жасалған мәмілелердің ауқымды көлемінің болуына қатысты сапасын бағалау;

      24) банктің ішкі аудит бөлімшесінің:

      ішкі аудит бөлімшесінің қызметті жоспарлау кезінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдануына;

      аудиторлық тексерулер нәтижелері бойынша тәуекелдері басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдарды ұсынуына;

      ішкі аудит бөлімшесі берген ұсынымдардың орындалуы мониторингі рәсімінің болуына қатысты тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу кезіндегі қызметінің тиімділігін бағалау үшін қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ережелер Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 6), 16), 17) және 21) тармақшаларында көзделген ережелер банк конгломератына қолданылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалында, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысында (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасын бағалау бойынша уәжді пайымдау сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысында (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің сапасы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады және Қағидалардың 21-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 13), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларында (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысы үшін) және 1), 2), 3), 6), 16), 17) және 21) тармақшаларында (сақтандыру тобы үшін) көзделген жағдайларда қолданылады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) провизияларының (резервтерінің) барабарлығын бағалау бойынша уәжді пайымдау банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) қалыптастырған провизияларының (резервтерінің) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, провизияларды (резервтерді) қалыптастыру бойынша әдістемеге, оның ішінде оларды қалыптастыру бойынша әдістемелердің банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бағалы қағаздардың кәсіби қатысушысының тәуекелдеріне сәйкестігі және оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы туралы алқалы органның негізделген кәсіби пікірі болып табылады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарий қалыптастырған сақтандыру резервтерінің (бұдан әрі - сақтандыру резервтері) барабарлығын бағалау бойынша уәжді пайымдау сақтандыру резервтерінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, оның құрылымындағы сақтандыру резервтерін есептеу әдістемелеріне, оның ішінде оларды қалыптастыру бойынша әдістемелердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тәуекелдеріне сәйкестігі және оларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын ақпараттың шынайылығы туралы алқалы органың негізделген кәсіби пікірі болып табылады.

      Сақтандыру резервтерінің барабарлығын бағалау бойынша уәжді пайымдау мынадай (бірақ онымен шектелмей):

      оның нәтижесінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысымен (бұдан әрі - № 304 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 222331 болып тіркелген "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 17 ақпандаға № 32 қаулысымен (бұдан әрі - № 32 қаулы) бекітілген пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер көрсеткіштерінің жақсаруы болатын сақтандыру резервтерін есептеу кезінде қолданылатын сақтандыру резервтерін не өлшемшарттарын есептеу әдістемесінің негізсіз өзгерген.

      жасалатын қайта сақтандыру шартының талаптарында қайта сақтанушы үшін экономикалық пайда (мақсатқа лайықтылық) болмаған кезде қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру резервтерінде қайта сақтанушының үлесі қалыптастырылған;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының төлем қабілеттілігінің төмендеуіне (немесе төмендеу ықтималдығы бар) және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының № 304 және № 32 қаулыларымен бекітілген пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуына әкелген сақтандыру резервтерін есептеу кезінде толық емес және (немесе) жалған ақпарат қолданылған жағдайларда қолданылады.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Алқалы орган уәжді пайымдау қабылдаған жағдайда қадағалау бөлімшесі қадағалап ден қою шараларының жобасын немесе Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда шешім дайындайды.