Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 936 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 қаңтарда № 18248 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 936 бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6988 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 6 жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысаны осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 479 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 7200 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазанда "Заң газеті" басылымында № 149 (2139) жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын осы Тізбеге 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      3. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 № 1424 (01.04.2019 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2011 жылғы
19 мамырда № 256 бұйрығымен
бекітілген
нысан

Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" __________                                     № _____

      __________________________________________________________________

                              (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Биоотын өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы"

      2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң)

      сәйкес Сізге ___________________________________________________ ___________

      ____________________________________________ хабарлайды.

      (биоотын нарығының қатысушысының Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы)

      ЖСН (БСН) _______________________________________________________________

      биоотын айналымы саласында 20___жылғы "___"_____________ анықталған бұзушылықтар туралы ___________________________________ хабарлайды.

      (бұзушылықтың мазмұны)

      Заңның 22-бабына сәйкес биоотын нарығының қатысушысы, осы хабарламаны

      берілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде орындауға

      міндетті. Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік кірістер

      органының басшысы

      (Басшысының орынбасары)___________________________ ____________________

                                    (Т.А.Ә. (ол бар болса))                   (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым

      _________________________________________________________________________

      (биоотын нарығының қатысушысының Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      Хабарлама тапсырылды

      _________________________________________________________________________

      (биоотын нарығының қатысушысының Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      ___________________________________________________ ____________________

                        (мемлекеттік кірістер органының                   (қолы, күні)

      лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (ол бар болса))

      Хабарлама биоотын нарығының қатысушысына жіберілді

      Мекен-жай: ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                        (жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2011 жылғы
  19 қыркүйектегі
№ 479 бұйрығына
қосымша
  нысан

Мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

      20__ жылғы "___" __________                                     № ________

      _________________________________________________________________________

                              (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын

      мемлекеттік реттеу туралы" 2011 жылдағы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының

      Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Сізге ________________________________________

      ________________________________________________________хабарлайды.

      (мұнай өнімдерін өндіретін және (немесе) сататын тұлғаның Т.А.Ә. (ол бар болса)

      немесе атауы)

      ЖСН (БСН) _______________________________________________________________

      мұнай өнімдері айналымы саласындағы камералдық бақылау қортындысы бойынша

      20___жылғы "___"___________ анықталған бұзушылықтар туралы

      ________________________________________________________хабарлайды.

                              (бұзушылықтың мазмұны)

      Заңның 16-бабына сәйкес мұнай өнімдерін өндіру және (немесе) өткізуді жүзеге

      асыратын тұлға, осы хабарламаны берілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап

      30 күнтізбелік күн ішінде орындауға міндетті.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.

      Мемлекеттік кірістер

      органының басшысы

      (Басшысының орынбасары)___________________________ ____________________

                                          (Т.А.Ә. (ол бар болса))             (қолы)

      Мөр орны

      Хабарламаны алдым

      _________________________________________________________________________

      (мұнай өнімдерін өндіретін және сататын тұлғаның немесе

      оның өкілінің Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      Хабарлама тапсырылды

      _________________________________________________________________________

      (мұнай өнімдерін өндіретін және сататын тұлғаның немесе

      оның өкілінің Т.А.Ә. (ол бар болса) немесе атауы, қолы, күні)

      ___________________________________________________ ____________________

                  (мемлекеттік кірістер органының                         (қолы, күні)

      лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (ол бар болса))

      Хабарлама мұнай өнімдерін өндіретін және сататын тұлғаның немесе

      оның өкіліне жіберілді

      Мекен-жай: ______________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

                              (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)