"Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсанд

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 448 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 80 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қарашада № 17798 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 835 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 721 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12779 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту мен пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында жобаларға экологиялық сараптама бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиялары бар субъектілерге қатысты тексеру парағы бекітілсін.";

      бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_________ Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№80 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№448
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 835 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 721 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу мақсатында әзірленген.

      2. Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) болмашы бұзушылықтар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудырмайтын, бірақ қызметін жүзеге асыру барысында табиғат пайдаланушыларға орындалуы міндетті болып табылатын талаптарды бұзу;

      2) елеулі бұзушылықтар - қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудыратын бұзушылықтар;

      3) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану саласындағы тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;

      4) өрескел бұзушылықтар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, заңнаманың тыйым салатын нормасын сақтамауына байланысты бұзушылықтар (тыйым салынады, жол берілмейді, рұқсат берілмейді);

      5) тәуекелді бағалау жүйесі –бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) –белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі жүргізілетін талдау және субъективті өлшемдер бойынша алынатын мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

      4. Мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 (оныншы) желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 (оныншы) мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдері бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жиынтық тізімін қалыптастыру үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектінің) бару арқылы профилактикалық бақылау субъектілерінің тізімі субъективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекелдік дәрежесі бар бақылау субъектісінің басымдықтарын ескере отырып жасалады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      7. Объективті өлшемшарттарды анықтау мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

      1) тәуекелді анықтау;

      2) Бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша топтастыру және бөлу (жоғары және жоғарыға жатқызылмаған).

      8. Бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығына байланысты жүзеге асырылады.

      Тәуекелді бағалаудың жоғары дәрежесіне:

      1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 40-бабына сәйкес белгіленген шаруашылық қызметтің 1, 2 санаттағы субъектілері (объектілері);

      2) Кодекстің 40-бабына сәйкес шаруашылық қызметтің 3, 4-санаттағы субъектілері (объектілері) қоршаған ортаға әсер ету сипаты мен дәрежесі бойынша:

      машина жасау объектілері;

      құрылыс өнеркәсібі;

      минералды отынды жағу кезінде электр және жылу энергиясын өндіру (отын ретінде көмір, мазут, табиғи газды пайдаланатын);

      өндіріс және тұтыну қалдықтарын қабылдауды, жинауды, тасымалдауды, кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді, орналастыруды жүзеге асыратын субъектілер;

      мұнай өнімдерін қабылдауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын субъектілер;

      коммуналдық шаруашылық субъектілері (оның ішінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру объектілері), сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ететін стратегиялық маңызы бар субъектілер (су электр станциялары, жинақтаушылар, су қоймалары);

      көлік құралдарын шығаруды және тасымалдау (жүк, жеңіл, темір жол, әуе, су, автобус) саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілер;

      ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобаларға экологиялық сараптама жүргізетін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар субъектілер;

      Объективті өлшемшарттар бойынша талдау жасалғаннан кейін осы тармақтың 1), 2) тармақшаларына кірмеген субъектілер (объектілер) объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатпайтын субъектілерге жатқызылады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) бұдан әрі субъективті өлшемдер бойынша бағалауға жатады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      8. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

      10. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы;

      2) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      3) бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы;

      4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      5) экологиялық аудит нәтижелері;

      6) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      7) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын, "бұзушылар" рейтингі болған жағдайда, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тізбесін талдау;

      8) уәкілетті органдар, ұйымдар және өзге де тұлғалар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      11. Бақылау субъектісінде жұмсартатын индикаторлардың бірі болған кезде бақылау субъектісі бақылау субъектілеріне (объектілеріне) барумен мынадай профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      Жұмсартқыш индикаторларға жатады:

      1) онлайн-режимде деректерді бере отырып, аудио және (немесе) бейне бекітудің болуы;

      2) мемлекеттік органдар жүйесіне деректерді беру жөніндегі датчиктер мен басқа да тіркейтін құрылғылардың (су датчиктері, атмосфераға шығарындыларды тіркеу датчиктері) болуы;

      12. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде субъективтік өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.

      Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші белгіленеді және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіштерінің қосынды мәні есептеледі.

      Елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұндағы:

      SРз– елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2– анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      Болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұндағы:

      SРн– болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1-болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      SР2– анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және көрсеткіштерді қосу арқылы келесі формула бойынша анықталады:

      SР = SРз + SРн,

      мұндағы:

      SР–тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз– елеулі дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші;

      SРн– болмашы дәрежедегі бұзушылықтар көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға Қосымшада келтірілген.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға жатқызылады:

      1) жоғары тәуекел дәрежесі – 61-ден 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) жоғары дәрежеге жатпайтын тәуекел дәрежесі – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

      13. Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемдердің деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

      Алынатын мәліметтерді талдау және көрсеткіштер бойынша бағалау жылына екі рет есепті жылдың 1 (бірінші) мамырына дейін және 1 (бірінші) желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын барумен профилактикалық бақылау жүргізілмеген жағдайда, талданатын кезең есепті жылдың 1 (бірінші) мамырынан және (немесе) 1 (бірінші) желтоқсанынан бастап талап қою мерзіміне (үш жыл) тең кезең болып табылады.

      Егер бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілген жағдайда, есепті жылдың 1 (бірінші) мамырына және (немесе) 1 (бірінші) желтоқсанына дейін бару арқылы соңғы профилактикалық бақылау аяқталған күннен кейінгі кезең талданатын кезең болып табылады.

  Қоршаған ортаны қорғау,
табиғи ресурстарды молайту
және пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылықтар
дәрежесі

Мониторингтік есептердің нәтижелері және бақылау субъектісі ұсынатын ақпарат, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерінің қорытындысы

1.

Өндірістік экологиялық бақылаудың есебін ұсынбау.

Өрескел

2.

Өндірістік экологиялық бақылау, соның ішінде автоматтандырылған мониторинг арқылы нормативтерден асып түсетін фактілерді анықтау

Өрескел

3.

Өндірістік экологиялық бақылаудың сенімді емес және толық емес деректерін ұсыну

Елеулі

4.

Табиғат қорғау іс-шараларын орындамау немесе ішінара орындалуы

Елеулі

5.

Қалдықтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу үшін деректерді ұсынбау

Елеулі

6.

Құрамында полихлорлы дифенил бар жабдықтардың жыл сайынғы жаңартылған тізілімінің болмауы

Елеулі

7.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға белгіленген мерзімдерді бұза отырып, есептілікті тапсыру

Болмашы

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылаудың және алдыңғы тексерулердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі келесі талаптарды сақтамаумен анықталады)

1.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының болуы

Өрескел

2.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу

Өрескел

3.

Ішкі тексеру жүргізу және экологиялық рұқсаттардың шарттарымен өндірістік экологиялық бақылаудың нәтижелерін салыстыру

Елеулі

4.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындау, оның ішінде барлық көздері бойынша эмиссия нормативтері

Өрескел

5.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалау құжаттамада шығарындылардың түгендеуінде көрсетілген параметрлері мен олардың көздеріне нақты параметрлердің сәйкестігі

Өрескел

6.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде шараларды орындау

Өрескел

7.

Өз қызметі барысында өндірілген, жиналған, тасымалданатын, қайта өңделген немесе жойылған қалдықтардың тұрақты есебінің (түрі, көлемі, қасиеттері) болуы

Елеулі

8.

Қалдықтарды түгендеу бойынша жылдық есептің болуы

Елеулі

9.

Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің болуы

Елеулі

10.

Парниктік газдарды түгендеу бойынша есептің болуы

Елеулі

11.

І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты ұсыну

Елеулі

12.

Полихлорланған дифенилдерден тұратын жабдықты полихлорланған дифенилдер бар қалдықтар санатына ауыстыру рәсімін орындау

Елеулі

13.

Қоршаған орта сапасының стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін қауіпті қалдықтарды, шығарындыларды, төгінділерді тазалау, кәдеге жарату және кәдеге жарату үшін қондырғылар мен жабдықтардың болуы және оларды пайдалану

Елеулі

14.

Өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастырушы, бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты қызметкердің немесе арнайы бөлімнің немесе жауапты қызметкерге бұйрықтың болуы

Болмашы

15.

өндірістік экологиялық мониторингін аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалармен жүзеге асыруы

Өрескел

16.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды қоршаған ортаны ластағаны туралы анықталған сәттен бастап екі сағат ішінде, сондай-ақ өндірістік экологиялық бақылау процесінде анықталған бұзушылықтар туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар ету.

Елеулі

17.

Экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуы.

Өрескел

18.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың болуы

Өрескел

19.

Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін көлік құралдарына және басқа көлік құралдарына рұқсат етілген шығарындылар нормаларын сақтау

Елеулі

20.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемін анықтау үшін бастапқы құжаттаманың болуы (стационарлық ластану көздерін есепке алу журналдары және олардың сипаттамалары, газ тазарту және шаңды тазарту қондырғыларының жұмыстарының журналдары, сондай-ақ қондырғының паспорты)

Елеулі

21.

Табиғи апаттар мен дүлей зілзалалардың бұзылуынан туындаған төтенше жағдайларды болдырмау немесе жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы

Болмашы

22.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша міндетті экологиялық аудиттерді жүргізу

Елеулі

23.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоса алғандағы материалдармен кезеңдер бойынша қоршаған ортаға әсер ететін жоспарланатын қызметтің жобалау алдындағы және жобалық құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы және ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысының болуы және талаптарының сақталуы

Өрескел

24.

Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының болуы және талаптарының сақталуы.

Өрескел

25.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалатын көршілес мемлекеттермен қоршаған ортаға әсерін тигізуі мүмкін немесе оларды жүзеге асыру үшін көрші мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалануды талап ететін немесе көрші мемлекеттердің, соның ішінде "Байқоңыр" кешенінің мүддесін қозғайтын шаруашылық қызметтің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларының болуы және талаптарының сақталуы

Өрескел

26.

Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi

Елеулі

27.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен,санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен анықталған жерлерде қалдықтарды орналастыру және жою

Елеулі

28.

Табиғи объектілерге улы заттарды қондыруды жоюға арналған технологиялық алаңдарды гидрооқшаумен жер қойнауын пайдалануға арналған қалдықтарды жинау және сақтаудың инженерлік жүйесін болуы және пайдалануы

Елеулі

29.

Жер қойнауын пайдалану және жабдықтарды бөлшектеу операциялары аяқталғаннан кейін жобалау шешімдеріне сәйкес жерді қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша жұмыстар жүргізу

Елеулі

30.

Жер қойнауын пайдалану операциялары кезінде қоршаған ортаға қайтару, бұрғылау процесінде қайта пайдалану үшін пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін, бұрғылау, карьерлерді және шахталардың ағынды суларын бейтараптандыру және шламды кәдеге жарату

Елеулі

31.

Жеке және заңды тұлғалардың жер асты суларының жағдайына зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда су объектілерінің ластануын және сарқылуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау

Елеулі

32.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, тоқтату, кен орнын игеру объектілерін сақтау және жою тәртібінің сақталуы

Елеулі

33.

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың оң қорытындыларының болуы

Өрескел

34.

Табиғатты пайдаланушылардың ағынды суларды табиғи биологиялық тазалауға, олардың қоршаған ортаға әсерін болдырмауға арналған, сондай-ақ олардың жұмысын тоқтатқаннан кейін жерді қалпына келтіруді жүзеге асыруға арналған ағынды суларды сақтау цистерналары және (немесе) жасанды су объектілері бар қажетті шараларды қабылдау

Елеулі

35.

Суды есепке алу аспаптарын пайдалану және суды ағызатын су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинағыштарына, суды ағызатын табиғат пайдаланушылардың суды тұтыну және сарқынды сулардың есеп журналын жүргізу

Елеулі

36.

Нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.

Елеулі

37.

Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ сумен суыту үшін пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың тұйықталған (айналымды) жүйесінде орналасқан жинақтауыштарға ағызуды қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне және сарқынды су жинақтауыштарға ағызуға тыйым салынады.

Елеулі

38.

Мұнай операцияларын жүргізу кезінде апаттық төгілулердің алдын алу, шектеу және жою жөніндегішараларды қамтамасыз етуі

Елеулі

39.

Сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлерде және арнаулы ыдыстардың болуы және қолдануы

Елеулі

40.

Теңіздегі кемелерге жанармай құю кезінде жанармай мен жанар-жағармай материалдарының төгілуін және ағып кетуін болдырмайтын жүйелердің болуы және пайдаланылуы

Елеулі

41.

Кемелер кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, су айдындарына ластанған сарқынды сулардың ағуына жол бермейтін жабдықпен жарақталуы және пайдалануы

Елеулі

42.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіз ортасына келеңсіз әсерді болдырмау мақсатында, мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаның жыл сайынғы өндірістік мониторингін (климаттық маусымдар бойынша) жүргізу

Елеулі

43.

Апаттық жағдай туындаған кезде қоршаған ортаның апаттық ластану салдарын бақылауды ұйымдастыру

Елеулі

44.

Қалдықтарды қауіпсіз жою және залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату

Өрескел

45.

Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады

Өрескел

46.

І және ІІ санаттағы объектілері бар тұлғаларда және қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда қалдықтарды басқару бағдарламасының болуы

Елеулі

47.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын қауіпті қалдықтар паспортының болуы

Елеулі

48.

Қалдықтарды уақытша сақтау орындары оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін (алты айдан аспайтын) мерзімде қалдықтарды қауіпсіз жинау мерзімін және шарттарын сақтау

Елеулі

49.

Қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналған қалдықтарды сақтау орындарының болуы

Елеулі

50.

Қалдықтарды орналастыру объектілерді пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды және бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізуі

Елеулі

51.

Қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасында таңбалардың болуы

Елеулі

52.

Полигонның иесінде қабылданған қалдықтардың әр партиясын алғаны туралы жазбаша растамасының болуы және осы құжаттаманы бес жылға сақтауы

Елеулі

53.

Қалдықтардың түрін, оның қауіптілік дәрежесін және қауіпті қалдықтардағы жерлерде көму күнін көрсететін анық көрінетін айырым белгілерінің болуы

Елеулі

54.

Қауіпті қалдықтарды жинайтын, тастайтын, тасымалдайтын және қоқысқа тастайтын кəсіпорындар үшін төтенше жəне апатты жағдайлар кезінде іс-қимыл жоспарларының болуы

Елеулі

55.

Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарының болуы

Елеулі

56.

Қалдықтарды көму үшін арнайы жабдықталған полигондардың болуы

Елеулі

57.

Әрбір полигонда олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесінің болуы

Елеулі

58.

Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспарының болуы

Елеулі

59.

Полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорының болуы

Елеулі

60.

Көмуге қабылданған қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімдерін растайтын құжаттардың болуы полигонның иесімен белгіленеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі

Елеулі

61.

Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін – жиырма жыл бойы, 3-сынып полигондары үшін бес жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізу және бүлінген жерлерге рекультивация жасау

Елеулі

62.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз етуі

Елеулі

63.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақысын мақсатты пайдалануы, өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауы , өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерін пайдалануы

Елеулі

64.

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттың болуы

Елеулі

65.

Қондырғы операторларының мынадай шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асатын мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында, құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындыларына квоталардың болуы

Өрескел

66.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың сақталуы

Өрескел

67.

Шикі газдың жағылу себептерін және жағылған шикі газдың көлемі туралы ақпарат көрсететін хабарламаның болуы

Өрескел

68.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен келісілгеннен мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері бекітілген және бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жіберілген объектілік жоспарлардың болуы

Елеулі

69.

Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар бойынша тыйымды сақтау

Елеулі

70.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қарастыру мерзімдерін сақтау

Өрескел

71.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қарастыру кезінде құзыреттілікті сақтау

Өрескел

72.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қарастыру кезінде бастапқы құжаттарының толықтығын сақтау

Өрескел

73.

Жеке тұлғада профилі бойынша тиісті жоғары білімі болуы және заңды тұлғалар үшін өтініш иесі басшысының жоғары білімі болуы

Елеулі

74.

Жеке тұлғаның қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл оның ішінде, экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл болуы және заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, профилі бойынша тиісті жоғары білімі кем дегенде екі маманның болуы, осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін экологиялық аудит бойынша қызмет үшін кемінде екі экологиялық аудитор болуы қажет

Өрескел

75.

Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт болуы

Өрескел

76.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешенінің болуы

Өрескел

Бақылау субъектісінің кінәсінен туындайтын қолайсыз оқиғалардың болуы

1.

Қоршаған ортаға зиян келтірген қолайсыз оқиғалар, авариялар мен өрттердің болуы

Өрескел

Расталған шағымдар мен арыздардың болуы және саны

1.

Расталған үш және одан да көп өтініш пен шағымның болуы

Өрескел

2.

Расталған екі өтініш пен шағымның болуы

Елеулі

3.

Расталған бір өтініш немесе шағымның болуы

Болмашы

Экологиялық аудиттің нәтижелері

1.

Міндетті экологиялық аудитті жүргізбеу

Өрескел

2.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша берілген ұсыныстарды орындамау

Елеулі

3.

Субъектіге (объектіге) зиян келтіргені үшін қызметiн тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгiнуге мүмкіндік беретін міндетті және бастамашыл экологиялық аудитті бағалау нәтижелері

Өрескел

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармастан профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органның зертханалық-аналитикалық бақылау және "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының деректері бойынша санитарлық-қорғаныш аймағының шекарасында ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануынан асып түсуі

Өрескел

2.

Экологиялық заңнаманың бұзылуын көрсететін ғарыштық мониторинг деректері

Өрескел

3.

Автоматтандырылған мониторинг арқылы нормативтердің шектен тыс шығу фактілерін анықтау

Өрескел

4.

Іс-шараларды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою туралы ақпараттық хат ұсынбау

Өрескел

Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын, бар болған жағдайда, "бұзушылар" рейтингісінің, зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың тізбесін талдау

1.

Бұқаралық ақпарат құралдарында экологиялық заңнаманың бұзылуы туралы жарияланымдары

Елеулі

Уәкілетті органдармен, ұйымдармен және басқа адамдармен ұсынылатын мәліметтердің талдау нәтижелері

1.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін салық төлеу бойынша міндеттемелердің орындалмауы, сондай-ақ төлемдерден жалтару

Өрескел

2.

Құқық қорғау органдарының экологиялық заңнаманы бұзу туралы фактілер

Өрескел

3.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторынан түскен экологиялық заңнаманы бұзу туралы фактілер

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№80 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№448
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 835 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 721 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану

      саласында/аясында _____________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 –бабына сәйкес

      табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды

      жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға___________________ қатысты

      бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт _________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы_________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының болуы

2.

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу

3.

Ішкі бақылау жүргізу және экологиялық рұқсаттардың шарттарымен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін салыстыру

4.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетілген шарттарды орындау, оның ішінде барлық көздері бойынша эмиссия нормативтері

5.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалау құжаттамада шығарындылардың түгендеуінде көрсетілген параметрлері мен олардың көздеріне нақты параметрлердің сәйкестігі

6.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде шараларды орындау

7.

Өз қызметі барысында өндірілген, жиналған, тасымалданатын, қайта өңделген немесе жойылған қалдықтардың тұрақты есебінің (түрі, көлемі, қасиеттері) болуы

8.

Қалдықтарды түгендеу бойынша жылдық есептің болуы

9.

Қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастрлық істің болуы және оны жүргізу

10.

Парниктік газдарды түгендеу бойынша есептің болуы

11.

І санаттағы объектілері бар табиғат пайдаланушылар ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты ұсыну

12.

Полихлорланған дифенилдерден тұратын жабдықты полихлорланған дифенилдер бар қалдықтар санатына ауыстыру рәсімін орындау

13.

Қоршаған орта сапасының стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін қауіпті қалдықтарды, шығарындыларды, төгінділерді тазалау, кәдеге жарату және кәдеге жарату үшін қондырғылар мен жабдықтардың болуы және оларды пайдалану

14.

Өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастырушы, бақылау органдарымен өзара іс-қимыл жасау үшін жауапты қызметкердің немесе арнайы бөлімнің немесе жауапты қызметкерге бұйрықтың болуы

15.

Өндірістік экологиялық мониторингін аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалармен жүзеге асыруы

16.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды қоршаған ортаны ластағаны туралы анықталған сәттен бастап екі сағат ішінде, сондай-ақ өндірістік экологиялық бақылау процесінде анықталған бұзушылықтар туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар ету.

17.

Экологиялық қауіпті шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуы.

18.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың болуы

19.

Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін көлік құралдарына және басқа көлік құралдарына рұқсат етілген шығарындылар нормаларын сақтау

20.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемін анықтау үшін бастапқы құжаттаманың болуы (стационарлық ластану көздерін есепке алу журналдары және олардың сипаттамалары, газ тазарту және шаңды тазарту қондырғыларының жұмыстарының журналдары, сондай-ақ қондырғының паспорты)

21.

Табиғи апаттар мен дүлей зілзалалардың бұзылуынан туындаған төтенше жағдайларды болдырмау немесе жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы

22.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша міндетті экологиялық аудиттерді жүргізу

23.

Қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоса алғандағы материалдармен кезеңдер бойынша қоршаған ортаға әсер ететін жоспарланатын қызметтің жобалау алдындағы және жобалық құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптаманы қорытындысы және кешенді ведомстволық сараптама қорытындысының болуы және талаптарының сақталуы

24.

Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының болуы және талаптарының сақталуы.

25.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалатын көршілес мемлекеттермен қоршаған ортаға әсерін тигізуі мүмкін немесе оларды жүзеге асыру үшін көрші мемлекеттермен ортақ табиғи объектілерді пайдалануды талап ететін немесе көрші мемлекеттердің, соның ішінде "Байқоңыр" кешенінің мүддесін қозғайтын шаруашылық қызметтің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларының болуы және талаптарының сақталуы

26.

Топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi

27.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен,санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен анықталған жерлерде қалдықтарды орналастыру және жою

28.

Табиғи объектілерге улы заттарды қондыруды жоюға арналған технологиялық алаңдарды гидрооқшаумен жер қойнауын пайдалануға арналған қалдықтарды жинау және сақтаудың инженерлік жүйесін болуы және пайдалануы

29.

Жер қойнауын пайдалану және жабдықтарды бөлшектеу операциялары аяқталғаннан кейін жобалау шешімдеріне сәйкес жерді қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша жұмыстар жүргізу

30.

Жер қойнауын пайдалану операциялары кезінде қоршаған ортаға қайтару, бұрғылау процесінде қайта пайдалану үшін пайдаланылған бұрғылау ерітіндісін, бұрғылау, карьерлерді және шахталардың ағынды суларын бейтараптандыру және шламды кәдеге жарату

31.

Жеке және заңды тұлғалардың жер асты суларының жағдайына зиянды әсер етуі мүмкін болған жағдайда су объектілерінің ластануын және сарқылуын болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау

32.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, тоқтату, кен орнын игеру объектілерін сақтау және жою тәртібінің сақталуы

33.

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың оң қорытындыларының болуы

34.

Табиғатты пайдаланушылардың ағынды суларды табиғи биологиялық тазалауға, олардың қоршаған ортаға әсерін болдырмауға арналған, сондай-ақ олардың жұмысын тоқтатқаннан кейін жерді қалпына келтіруді жүзеге асыруға арналған ағынды суларды сақтау цистерналары және (немесе) жасанды су объектілері бар қажетті шараларды қабылдау

35.

Суды есепке алу аспаптарын пайдалану және суды ағызатын су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды су жинағыштарына, суды ағызатын табиғат пайдаланушылардың суды тұтыну және сарқынды суларды басқару тізілімін жүргізуі

36.

Нормативтiк көрсеткiштерге дейін тазартылмаған сарқынды суларды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады.

37.

Тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының шахта және карьер суларын жинақтауыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ сумен суыту үшін пайдаланылатын суларды сумен жабдықтаудың тұйықталған (айналымды) жүйесінде орналасқан жинақтауыштарға ағызуды қоспағанда, сарқынды суларды алдын ала тазартусыз су объектілеріне, жергілікті жердің рельефіне және сарқынды су жинақтауыштарға ағызуға тыйым салынады.

38.

Мұнай операциялары кезінде апаттық төгілулердің алдын алу, шектеу және жою жөніндегішараларды қамтамасыз етуі

39.

Сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау олардың қоршаған ортаға жайылуын болдырмайтын жабық контейнерлерде және арнаулы ыдыстардың болуы және қолдануы

40.

Теңіздегі кемелерге жанармай құю кезінде жанармай мен жанар-жағармай материалдарының төгілуін және ағып кетуін болдырмайтын жүйелердің болуы және пайдаланылуы

41.

Кемелер кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, су айдындарына ластанған сарқынды сулардың ағуына жол бермейтін жабдықпен жарақталуы және пайдалануы .

42.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы теңіз ортасына келеңсіз әсерді болдырмау мақсатында, мұзбен жабылған теңіз акваториясында қысқы кезеңдегі мониторингті қоспағанда, барлық келісімшарт аумағы бойынша қоршаған ортаның жыл сайынғы өндірістік мониторингін (климаттық маусымдар бойынша) жүргізу

43.

Авариялық жағдай туындаған кезде қоршаған ортаның авариялық ластану салдарын бақылауды ұйымдастыру

44.

Қалдықтарды қауіпсіз жою және залалсыздандыру, қайта өңдеу, кәдеге жарату

45.

Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау процесінде оларды өзара араластыруға тыйым салынады

46.

І және ІІ санаттағы объектілері бар тұлғаларда және қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда қалдықтарды басқару бағдарламасының болуы

47.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылатын қауіпті қалдықтар паспортының болуы

48.

Қалдықтарды уақытша сақтау орындары оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін алты айдан аспайтын мерзімде қалдықтарды қауіпсіз жинау мерзімін және шарттарын орындау

49.

Қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналған қалдықтарды сақтау орындарының болуы

50.

Қалдықтарды орналастыру объектілерді пайдалану аяқталғаннан кейін олардың жай-күйі мен қоршаған ортаға әсерін бақылауды және бүлінген жерлерде рекультивациялау жөнінде жұмыстар жүргізуі

51.

Қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтардың бумасында таңбалардың болуы

52.

Полигонның иесінде қабылданған қалдықтардың әр партиясын алғаны туралы жазбаша растамасының болуы және осы құжаттаманы бес жылға сақтауы

53.

Қалдықтардың түрін, оның қауіптілік дәрежесін және қауіпті қалдықтардағы жерлерде көму күнін көрсететін анық көрінетін айырымбелгілерінің болуы

54.

Қауіпті қалдықтарды жинайтын, тастайтын, тасымалдайтын және қоқысқа тастайтын кəсіпорындар үшін төтенше жəне төтенше жағдайлар жоспарларының болуы

55.

Жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар қалдықтарды сақтау пункттері жойылуы қиын органикалық ластауыштардың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін болғызбауды қамтамасыз ететін қорғаныс құралдарының болуы

56.

Қалдықтарды көму үшін арнайы жабдықталған полигондардың болуы

57.

Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесінің болуы

58.

Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі жоспарының болуы

59.

Полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату қорынының болуы

60.

Көмуге қабылданған қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімдерін растайтын құжаттардың болмауы полигонның иесімен белгіленеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

61.

Полигон (полигонның бөлігі) жабылғаннан кейін полигонның иесі аумақты рекультивациялауды жүзеге асырады және 1-сыныптағы полигондар үшін - отыз жыл бойы, 2-сынып полигондары үшін – жиырма жыл бойы, 3-сынып полигондары үшін бес жыл бойы қоқыс газдың және сүзінді судың шығарындыларына мониторинг жүргізу және бүлінген жерлерге рекультивация жасау

62.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) тізбесіне сәйкес өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз етуі

63.

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақысын мақсатты пайдалануы, өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындауы , өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерін пайдалануы

64.

Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеу, монтаждау, оған қызмет көрсету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттың болуы

65.

Қондырғы операторларының мынадай шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тонна баламасынан асатын мынадай: мұнай-газ, электр энергетикасы, тау-кен өндірісі, металлургия, химия, өңдеу сияқты реттелетін қызмет салаларында, құрылыс материалдарын: цемент, әк, гипс және кірпіш өндіру бөлігінде парниктік газдар шығарындыларына квоталардың болуы

66.

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар сақтауы

67.

Шикі газдың жағылу себептерін және жағылған шикі газдың көлемі туралы ақпарат көрсететін хабарламаның болуы

68.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен келісілгеннен мұнайдың төгілу қаупі бар объектілердің меншік иелері бекітілген және бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жіберілген объектілік жоспарлардың болуы

69.

Полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар бойынша тыйымды сақтау

      Лауазымды адам (адамдар):

      _______________________ __________________ ______________________________________

      (лауазымы)                  (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _______________________ __________________ ______________________________________

      (лауазымы)                  (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектінің басшысы:

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№80 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№448
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 835 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 721 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Тексеру парағы

      Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану

      саласында/аясында _______________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 –бабына сәйкес

      ведомстводан тыс кешенді сараптаманың құрамында жобаларға экологиялық

      сараптама бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілерге __қатысты

      бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________

      ______________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт ____________________________________________________________

                                                №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________

      _______________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қарастыру мерзімдерін сақтау

2.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қарастыру кезінде құзыреттілікті сақтау

3.

Ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамаға ұсынылған материалдарды қарастыру кезінде бастапқы құжаттарының толықтығын сақтау

      Лауазымды адам (адамдар):

      ___________________ ____________ ________________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ___________________ ____________ ________________________________________________

      (лауазымы)            (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектінің басшысы:

      ________________________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№80 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№448
бірлескен бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 835 және
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 721 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Тексеру парағы

      Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молайту және пайдалану

      саласында/аясында _______________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 –бабына сәйкес

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызмет

      көрсетуге лицензиялары бар субъектілерге __ қатысты

      бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________

      _______________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау

      туралы акт ______________________________________________________

                                                №, күні

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________

      _______________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы __________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Жеке тұлғада профилі бойынша тиісті жоғары білімі болуы және заңды тұлғалар үшін өтініш иесі басшысының жоғары білімі болуы

2.

Жеке тұлғаның қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл оның ішінде, экологиялық аудит жөніндегі қызмет үшін табиғатты қорғауды жобалау, нормалау саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде бір жыл болуы және заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, профилі бойынша тиісті жоғары білімі кем дегенде екі маманның болуы, осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін экологиялық аудит бойынша қызмет үшін кемінде екі экологиялық аудитор болуы қажет

3.

Аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт болуы

4.

Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық
кешенінің болуы